Кілт сөздер: зерттеу, Lesson Study, мұғалім тәжірибесі, бірлескен жоспар
Зерттеу – білім сапасын арттырудың негізі
Lesson Study – мұғалім тәжірибесі саласындағы білімді жетілдіруге бағытталған, сабақтағы іс-әрекеттегі зерттеудің ерекше үлгісі болып табылатын педагогикалық тәсіл. Аталған тәсіл 1870 жылы Жапониядан бастау алған. Сабақты зерттеу әр пән мұғалімінің педагогикалық білімі мен тәжірибесін жетілдіруге арналған тиімді, маңызды құрал ретінде білім жүйесіне белсенді түрде енгізілді.Бұл зерттеудің ерекшелігі мұғалімдерді оқыту және олардың тәжірибесін жетілдірудегі бірлескен тәсіл ретінде қолданылуы. Сонымен қатар мұғалімдердің ынтымақтастықта оқу сапасын арттыру үшін жүргізетін белсенді әрекеттерінің жүйесінен тұрады. Аталған зерттеуді қазақ тілі мен қазақ әдебиеті сабақтарында қолдану пәннің сапасын ғана емес, мазмұнын, дағдыларды терең меңгеру жолдарына байланысты тың идеяларды, әрекеттерді жүйелейді.Сыныпқа бір мұғалім сабақ беретініне қарамастан, басқа әріптестердің де тұтастай жауапкершілік алып, зерттеуге қатысуы ұжымның да ынтымақтастығын арттырады. Пән мұғалімдері Lesson Study зерттеуінде төмендегідей ерекшеліктерді білуі тиіс:
Мұғалім тәжірибесінің білімді жетілдіруге бағытталған,
сабақтағы іс-әрекеттегі зерттеудің ерекше үлгісі болып табылатын педагогикалық тәсіл екендігін;
Шараны бірлесе жоспарлап, өткізетін, қадағалайтын, оқыту мен оқуды талдай отырып, өз қорытындыларын қағаз бетіне түсіретін мұғалімдер тобы қатысатындығын;
Бірлесіп жоспарлап, сабақты өткізу барысында зерттелетін үш
оқушыны үнемі назарға ала отырып, оқыту әдістемесін пайдаланып, және оның нәтижелерін мұқият зерттейтінін.
Осы ерекшеліктерді зерттеуде сақтай отырып, бірлескен тәжірибені жүргізу нәтижеге қол жеткізеді. Ендеше өз тәжірибемізден қткен зерттеуді ұсынайын.
1-қадам. Бірлестігімізбен ақылдаса келіп, Lesson Study зерттеу тобын құрдық. Тобымызда аталған зерттеу бағдарламасын меңгерген ұстаздар мен сынып жетекші, арнайы мамандар болды.
2-қадам. Зерттеуге алынатын сыныпты таңдауда пән мұғалімдерімен бірлесе отырып, 8-сыныпты алдық.
3-қадам. Аталған сыныптағы проблеманы анықтау мақсатында осы сыныпқа сабақ беретін негізгі пән мұғалімдерінің сабақтағы проблемаларын жазып, бірнеше проблема анықталды. Осыдан барып, сыныптағы ортақ проблема шықты. Ортақ негізгі проблеманы «Мәтінмен жұмыс арқылы оқушылардың оқу сауаттылықтарын қалыптастыру» деп алдық.
4-қадам. Зерттеуге алынған пән мұғалімдерімен бірлесе отырып, бақылауға алынатын оқушыларды анықтадық. Зерттелінетін «А оқушысы» – сабақты жақсы оқиды, бірақ өзіндегі ақпаратпен бөліспейді. «В оқушысы» – сабақта үлгерімі ортадан жоғары, мінезі тұйық, бірақ ұқыпты, белсенділік танытпайды, тек сұрағанда ғана жауап беретін оқушы. Ал «С оқушысы» – деңгейі төмен, сабаққа қызығушылығы жоқ, сылтау тауып сабақтан қалуға тырысып отыратын оқушы.
5-қадам. Оқушы үнін есепке алу мақсатында оқушылардан сауалнама алынды.
6-қадам. Зерттеуге алынған проблеманы шешу үшін «Оқушылардың оқылым дағдысын қалай қалыптастыруға болады?», «Оқу техникасын жетілдіру жолдары қандай?», « Оқу сауаттылығын арттыруға бағытталған қандай мәтіндерді таңдаймыз?», «Мәтінмен жұмыста қандай тиімді әдіс-тәсілдерді алуға болады?» – деген сұрақтар айналасында талқылау жасадық. Талқылаудағы ұсыныстарды және оқушы үнін ескере отырып, қазақ тілі пәнінің мұғалімдері зерттеу сабағының жоспарын жасадық.
7-қадам. Сабақ жоспары талқыланып, жоспарланған сабақ өтілді, оқушыларға бақылау жүргізілді.
8-қадам. Жүргізілген зерттеу сабағының оқушыларға әсерін білу үшін, бақыланған оқушылардан арнайы сұхбат алынды.
Аталған сабақта мәтінмен жұмыс түрлері қадам-қадаммен берілді. Оқылым дағдысына арналған мәтіннің стилін, жанрын, құрылымын, рәсіделуін ажырата отырып, мәтіндегі қосымша, нақты ақпараттарды табуға жұмыстар жасалынды. «Мәтінге құрылымдық талдау»тапсырмасында «А оқушысы» – нақты жауап берді, ал «В оқушысы» – түсінгенін жазып, мәтінді құрылымына талдауда қиналды. «С оқушысы» – мәтінді оқуда қиналып, құрылымын мүлдем ажырата алмады, мәтіндегі басты ойды да айта алмады.Оқылымнан кейінгі тапсырмада мәтіндегі ақпараттарды қосып, шағын мәтін жазуда «А оқушысы» – ақпараттарды іріктеп алып, аз уақытта мәтін құрады, ал «В оқушысы» – Мәтіндегі кейбір ақпараттарды қосып мәтін жаза алды, мәтін ойын анықтаған, грамматикалық қателер болды, «С оқушысы» – мәтіннің сөйлемдерін өзгертпей шағын мәтін жазды, бірақ өзінің қорытынды ойын қосқан.
Бірінші сабақтың қорытындысы:
Сыныптағы проблема нақты таңдалған. Зерттеуге алынған оқушылар дұрыс алынған. Сабақ жоспары, құрылымы, таңдалған әдіс-тәсілдер тиімді болды, себебі «С оқушысы» адыңғы сабақтарда оқылым мәтінімен жазба жұмысын мүлдем жазбайтын. Осы сабақта мәтін ақпаратын қолдану арқылы өзінің де құнды ойын жазған. Тапсырмаларға қойылған дескриптор анық, оқушыға түсінікті, оқушы білімін нақты бағалауға арналғанын түсіндік.
Сонымен қатар бірінші сабақтың өзінде:
Мұғалімдер арасында кәсіби диалогты қалыптасты;
Мұғалімдердің назарын оқушылардың білім қажеттіліктеріне аудара бастады (тіл пәндері)
Оқушылардың оқу техникасын көтеруге бағытталған тапсырмаларды жүйелі жүргізу керек екендігі анықталды.
Тапсырмалар мен әдістерді, дескрипторды нақты, түсінікті етіп қою керектігіне көздері жетті.
Осы қорытынды негізінде, алғашқы бақылау сабағындағы кемшіліктер мен туындаған проблемаларды талдай келе, сабақтың екінші жоспарын құруды қолға алдық. Мұғалімдер сыныптарды зерттеу арқылы өз тәжірибесіндегі проблемаларды анықтап, шығу жолдарын іздестірді. Аталған зерттеу мұғалімнің білімін, тәжірибесін, технологиясын түзетіп, тереңдету арқылы оқушының оқуын жақсарта алатынана сенімдіміз.
Пайдаланған әдебиеттер тізімі:
-
Мұғалімге арналған нұсқаулық. Екінші басылым, 2012 жыл.
-
Қазақстан Республикасы педагогикалық қызметкерлердің білімін көтеру курстарының бағдарламасы, 2012 жыл.
-
Lesson stady: нұсқаулық Пит Дадли
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз

шағым қалдыра аласыз