Материалдар / Зияткерлік сайыс
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Зияткерлік сайыс

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектеп оқушыларына арналған 7-9 сынып оқушылары үшін зияткерлік интелектуалдық ойын гуманитарлық бағытта арналған
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
05 Желтоқсан 2022
191
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ «БАЛДӘУРЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ

БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ ОҚУ – САУЫҚТЫРУ ОРТАЛЫҒЫ

МИНИСТРЛІГІ ФИЛИАЛЫ

Білім кешені

2021 жылдың «өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте!» лингвистикалық турнирі атты

12 ауысымында өткізілген «сен білесің бе?» атты зияткерлік ойынының сценариі.


Құрастырушылар: Физика пәнінің мұғалімі: Әжібаев Нұрғазы Шаймұратұлы

Математика пәнінің мұғалімі: Алиханов Жасулан Жанабекұлы



Мақсаты:

  • оқушыларды сергіте отырып ұшқыр ойлауға, шапшаңдылыққа үйрету, ой өрісінің артуына ықпал ету;

  • теориялық білім негіздерін қалыптастыра отырып үздік топты анықтау болып табылады.

Міндеттері:

  • балалардың білімдерін, ойларын кеңейту;

  • жеке тұлғалық қабілеттерін дамыту;

  • білімге деген жауапкершіліктерін арттыру;

Құрал жабдықтар: музыкалық сүйемелдеу, микрафон, интерактивті тақта, слайдтар;

Іс-шараның барысы:

(видео ролик көрсетіледі, фанфар ойналады, жүргізуші шығады)

Слайд№1

Жүргізуші:

Әлемде 365 миллион адамның компьютері бар, ал жер шарындағы адамдардың жартысы компьютер мен телефон ұстап көрмеген.

Қайырлы кеш, қадірменді Балдәурендіктер мен ұлағатты ұстаздар және дарынды оқушылар!

Бейсенбінің кешінде өткізгелі отырған «сен білесің бе?» атты зияткерік сайысымызға қош келдініздер!

Ойынымыздың мақсаты оқушыларды сергіте отырып ұшқыр ойлауға, шапшаңдылыққа үйрету, ой өрісінің артуына ықпал ету; теориялық білім негіздерін қалыптастыра отырып үздік топты анықтау болып табылады.

Олай болса топтарды сіздердің қошеметтеріңізбен ортаға шақырайық.

1.«Дарындылар» тобы

2.«Философтар» тобы

3. «Алғырлар» тобы

4.«Қырандар» тобы


Жүргізуші:

Достарменен бөлісетін шаттығын,

Білім, білік танытатын атты күн.

Дүбірлі бұл додадағы қайратпен,

Шын жүйрікті анықтайтын сәт бүгін, – деп отырған бүгінгі ойынымызды даралап саралайтын әділ-қазылар алқасымен таныстырып өтуге рұқсат етіңіздер.


  1. Блім кешенінің меңгерушісі – Умирзахов Есқали мырза

  2. Әдістемелік бөлімнің әдіскері – Аманжолова Айгүл ханым

  3. Физика пәнінің мұғалімі – Әжібаев Нұрғазы мырза





Жүргізуші: Топтар бүгінгі сайысқа дайын болсаңыздар ойын бөлімдерімен таныстырып өтейік.

Слайд№2

I бөлім: «Бәйге»

II бөлім: «Ойлан, тап»

III бөлім:« Сен білесің бе?»

IV бөлім: «Жорға»


Слайд№3

Жүргізуші:

Кесірткелер қоршаған ортаны, табиғатты екі түспен ғана көреді екен қызыл және сары.


Сонымен бірінші бөлімді бастаймыз.

І. «Бәйге» бөлімінің ережесі:

Алдарыңызда 4 ұяшық берілген, олар қазақ тілі, орыс тілі, тарих және ағылшын тілі. Әр ұяшықта мектеп бағдарламасы бойынша жеңілдетілген бес сұрақтан берілген. Әр топ бір ғана ұяшық таңдау мүмкіндігіне ие.

Дұрыс жауапқа 10 ұпай беріледі. Қарсылас командалар жауап бере алмайды.

Слайд№4

«Қазақ тілі» ұяшығы

1. Қазақ тілінде неше дауысты дыбыс бар?

12 (он екі)

2. Фонетика нені зерттейді?

тіл білімінің дыбыстық жағын

3. Сөйлем мүшелері нешеге бөлінеді?

екіге бөлінеді (тұрлаулы және тұрлаусыз)

4. «Маса» өлеңдер жинағының авторы кім?

А. Байтұрсынұлы

5. Тұрлаулы сөйлем мүшелерін атаңыз.

бастауыш, баяндауыш


«Орыс тілі» ұяшығы

1. Орыс тілі грамматикасында неше сөз табы бар?

10 (он)

2. Орыс тілі грамматикасындағы междометиенің қазақша атауы ?

Одағай

3. Орыс тілі грамматикасында қанша дауысты дыбыс бар?

10 (он)

4. Орыс тілі грамматикасындағы определение терминінің қазақша атауы?

Анықтауыш

5. «Война и Мир» роман эпопеясының авторы кім?

Л.Толстой


«Тарих» ұяшығы

1. Ең алғашқы қазақ ханы кім?

Керей

2. Алаш партиясының көсемі кім болған?

Ә. Бөкейханов

3. Тұңғыш қазақ ғарышкері кім?

Тоқтар Әубәкіров

4. Қазақстан БҰҰ-на қай жылы мүше болып қабылданды?

1992 жылы

5. Қазақ хандығының соңғы ханы

Кенесары

«Ағылшын тілі» ұяшығы

1. Ағылшын алфавитінде қанша әріп бар?

26 (Жиырма алты)

2. Ағылшын тілінде сан есім қалай аталады?

Numerals

3. Ағылшын тілінде қанша дауысты дыбыс бар?

6 (Алты)

4. Ағылшын тілінде етістік қалай аталады ?

Verb

5. To be етістігінің осы шақтағы көмекші етістіктері.

Am, is, are


(1-ші бөлім аяқталды. Ұпай санын екінші бөлімнен соң сұраймыз.)


Слайд№8

Жер бетінде мүлде тамшы тамбаған өлке бар, ол Чилидегі Атакама шөлі екен. Ал Әлемдегі ең жаңбырлы жер Гавай аралы. Ол жерде 350 күн бойы жаңбыр жауады екен.


Біз екінші бөлімді бастаймыз.

ІІ. «Ойлан тап» ережесі:

Бұл бөлімде 4 топқа 4 ұяшық беріледі. Ұяшық таңдау мүмкіндіктеріңіз бар. Ұяшықта суретер берілген. Сіздер сақынаға шығып топ басшыларыңызға суретті табу үшін мимика келтіресіздер. Топ басшы тапқан жағдайда сол сөздің орыс тілінде және ағылшын тілінде аударма жасайсыздар. Ұпай саны 15 балл, әр тілде 5 балдан алады.

Ескерту: осы бөлімнен соң ұпайы аз бір топ ойыннан шығады.

А ұяшық:

Б ұяшық:

С ұяшық:

Д ұяшық:


2-ші бөлім аяқталды.

Қазылар алқасы ұпай санын анықтағанша көрермендермен жұмыс.

1. Менің атым Медет Менің тәтемнің бір ғана інісі бар. Менің тәтемнің інісінің аты кім?

Жауабы: Медет

2. Үстел үстінде үш стакан шие тұр. Марат бір стакан шиені жеп қойды. Неше стакан қалды?

Жауабы: Үш стакан

3. Қай кезде біз 2 санына қарап, «он» деп айтамыз?

Жауабы: Сағатқа қараған кезде, он минут кеттіп тұрған жағдайда

4. Домбырада – жетеу, сырнайда – алтау, қобызда бесеу?

Жауабы: Әріп

5. Теңізде қандай тас болмайды?

Жауабы: Құрғақ

6. Қай спорт түрінде ат үстінен ат секіріп өте алады?

Жауабы: Шахмат ойынында

7. Қолымызда 10 саусақ бар. 10 қолда неше саусақ бар?

Жауабы: 50 саусақ

8. Қаз, адам, қарақат! Осы үшеуін не байланыстырады?

Жауабы: А әрпі

9. Кешегі күн ертеңгі күн болғанда , бүгін сенбі болар еді, деген адам қай күні айтқан?

Жауабы: Дүйсенбі күні

10. Күні бойы бір сұрақ қойып, бірақ әр сұрағанда әр түрлі жауап алатын сұрағымыз қандай?

Жауабы: Сағат қанша болды?

(1-ші, 2- ші бөлім бойынша қазылар алқасынан ұпай санын сұрасақ.)

Слайд№17

Күнделікті өмірде өзіміз қолданып жүрген қағаз ақшалар негізінен қағаздан емес мақта мен зығыр сияқты заттардан жасалады екен.


ІІІ. «Сен білесің бе?»бөлімінің ережесі:

Бұл бөлім бойынша 3 топқада сұрақ бір мезгілде ұсынылады.Жалпы саны 15 сұрақ. Сұрақтардың жауаптары үш нұсқамен ұсынылады. Үш нұсқаның біреуі дұрыс жауап. Сұрақтың жауабын қолдарыңыздағы А, Б, С нұсқаларының ішінен дұрысын жүргізушінің «жауаптарыңыз» нұсқаулығынан соң үш топта бір мезетте көрсетулеріңіз тиіс. Ойлануға 15 секун уақыт беріледі. Әр табылған дұрыс жауап бойынша 20 ұпай алатын боласыздар. Ескерту: осы бөлімнен соң ұпайы аз бір топ ойыннан шығарылады.

  1. Елімізде тілдер мерекесі қашан атап өтіледі?

А) 5 қыркүйек

Б) 22 қыркүйек

С) 5 тамыз

  1. Желаяқ, Таусоғар, Саққұлақ атты кейіпкерлерден құралған ертегі.

А) «Керқұла атты Кендебай»

Б) «Алпамыс»

С) «Ер Төстік»

  1. «Жеті жарғы» бойынша ер адамның құны қанша?

А) 200 жылқы

Б) 1000 қой

С) 500 сиыр

  1. Міржақып Дулатұлы жазған қазақ әдебиетіндегі алғашқы роман.

А) «Қамар сұлу»

Б) «Бақытсыз Жамал»

С) «Ақбілек»

  1. Қазақстанда «EXPO» көрмесі қай жылы өтті?

А) 2017 жыл

Б) 2018 жыл

С) 2016 жыл

  1. «Қазақ хандығы» телехикаясы қай жазушы шығармасының желісі бойынша түсірілді?

А) Сәбит Мұқанов

Б) Ілияс Есенберлин

С) Әбдіжәміл Нұрпейісов

  1. Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойы қай жылы өткізілді?

А) 2018 жыл

Б) 2015 жыл

С) 2020 жыл

  1. Тарихи маңызы бар құжаттар сақталатын мемлекеттік арнаулы мекеме.

А) Атамұра

Б) Мұрағат

С) Мұражай

  1. 2009 жылы ашылған «Қазақ елі» монументінде қандай құс бейнеленген?

А) Самұрық

Б) Көгершін

С) Бүркіт

  1. Мұқағали Мақатаевпен бірге отыз күнде отыз екі ән жазып шыққан композитор.

А) Ескендір Хасанғалиев

Б) Нұрғиса Тілендиев

С) Әсет Бейсеуов

  1. 1915 жылы «ярыш» (жарыс) футбол командасында жартылай қорғаушы болған жазушы.

А) Бейімбет Майлин

770 ₸ - Сатып алу

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!