Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Зияткерлік сайыс
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ «БАЛДӘУРЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ
БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ ОҚУ – САУЫҚТЫРУ ОРТАЛЫҒЫ
МИНИСТРЛІГІ ФИЛИАЛЫ
Білім кешені
2022 жылдың «Top Leaders» республикалық белсенділердің жиыны
15 ауысымында өткізілген «Бәсеке» атты зияткерлік сайысының сценарийі
Құрастырушылар: Тарих пәнінің мұғалімі:Абуов Жалғас Абайұлы
Математика пәнінің мұғалімі: Алиханов Жасулан Жанабекұлы
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі: Ермекбай Бекжан Ерғалиұлы
Мақсаты:
-
Оқушылардың білім, білік дағдыларын байқау өздерін еркін ұстай білуге үйрету, шапшаң ойлау және бәсекеге қабілеттерін дамыту;
-
теориялық білім негіздерін қалыптастыра отырып үздік топты анықтау болып табылады.
Міндеттері:
-
балалардың білімдерін, ойларын кеңейту;
-
жеке тұлғалық қабілеттерін дамыту;
-
білімге деген жауапкершіліктерін арттыру;
Құрал жабдықтар: музыкалық сүйемелдеу, микрафон, интерактивті тақта, слайдтар;
Іс-шараның барысы:
Слайд№1
Жүргізуші: Қайырлы кеш, қадірменді Балдәурендіктер мен ұлағатты ұстаздар және дарынды оқушылар! Бүгінгі «Бәсеке» атты зияткерлік сайысымызға қош келдіңіздер! Ойынымыздың мақсаты оқушылардың білім, білік дағдыларын байқау өздерін еркін ұстай білуге үйрету, шапшаң ойлау және бәсекеге қабілеттерін дамыту, теориялық білім негіздерін қалыптастыра отырып үздік топты анықтау болып табылады.
Ойын толқын, айналған қатты ағысқа
Табылғандай таным да, жат дауыс та.
Біреу озып келеді қатарынан,
Біреу қалып жатады асығыста.
Ойын толқын, жатқандай асып-тасып,
Біреу мығым, біреулер шалыс басып.
Бұл ойыннан өтеді ғұлама ойлар,
Жеңсең де, жеңілсең де қалма жасып. Олай болса ойынға қатысатын топтарды сіздердің қошеметтеріңізбен ортаға шақырайық.
1.«Тұмар» тобы.
2. «Болашақ» тобы.
3. «Балдәурен» тобы.
4. «Leaders» тобы.
Жүргізуші:
Достарменен бөлісетін шаттығын,
Білім, білік танытатын атты күн.
Дүбірлі бұл додадағы қайратпен,
Шын жүйрікті анықтайтын сәт бүгін, – деп бүгінгі сайыскерлерімізге әділ баға беретін әділ қазылар алқасымен таныс болайық!
-
Білім кешенінің меңгерушісі – Божанова Гүлнар Абдыхалыққызы
-
Әдістемелік бөлімнің әдіскері – Аманжолова Айгүл Бахадырқызы
Жүргізуші: Ойыншылар, бүгінгі сайысқа дайын болсаңыздар ойын бөлімдерімен таныстырып өтейін.
I бөлім: «Өткел»
II бөлім: «Белес»
III бөлім: «Бәсеке»
IV бөлім: «Тәуекел»
Жүргізуші:
Қарап тұрмай өткелге қарай
келіңіз,
Шәкірттерге әділ шешім
беріңіз.
Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар
шығарар
Өткел , өткел, өткел тесттен өтіңіз,- дей
отырып бірінші бөлімді
бастаймыз.
I бөлім: «Өткел» тест бөлімінің ережесі:
Бұл бөлімде жалпы саны 12 сұрақ берілген. Сұрақтар аранайы Куизис бағдарламасында ұсынылады. Дұрыс және бұрыс жауаптарын, сонымен қатар жинаған ұпайларын бағдарлама өзі есептеп береді.
Ескерту: Барлық топтарға автоматты түрде 100 ұпай беріледі.
Жүргізуші:
Мәңгі бақи есте
қалар
Ғажайып бір сайыс
болсын
Білімдірек топ
озар
Қиынырақ сұрақ болсын, - деп біз енді
сайысымыздың келесі кезеңіне
келдік.
ІІ. Бөлім «Белес» бөлімінің ережесі:
Барлық топқа деңгейлестірілген 10 сұрақ кезең-кезңімен қойылатын болады. Шарты: Топтарға сұрақ беріледі. Жауапты айтпас бұрын топтар 10-20-30 ұпай аралығында бәс тігетін болады. Жауап дұрыс болған жағдайда тіккен бәстегі ұпайын иемденетін болады. Дұрыс болмаған жағдайда бәске тіккен ұпайы жалпы ұпай санынан шегерілетін болады.
Ескерту: осы бөлімнен соң ұпайы аз бір топ ойыннан шығарылады.
1. Қазақтан шыққан тұңғыш математик кім?
Әлімхан Ермеков
2. Алғашқы көмекке пайдаланатын бейметалл?
Йод
3. Екіден көп бөлгіші бар сандарды қалай атаймыз?
Құрама сандар
4. «Bluetooth» сөзін ағылшын тілінен аударғанда қандай мағына білдіреді?
Көк тіс
5. Тарихта ең алғаш танкылар қолданылған шайқас
Сомма шайқасы
6. Неге аквариумға қайнатылған су құюға болмайды?
Оттегі болмайды
7. Заттың төртінші күйі.
Плазма
8. М.Мақатаевпен бірге отыз күнде отыз екі ән жазып шыққан композитор
Н.Тілендиев
9. Ортағасырларда «маңғыттар» деп кімдерді атаған?
Ноғай Ордасының халқын
10. Еліміздің шығысында марал мүйізінен алынатын дәрі
Пантокрин
(1-ші, 2- ші бөлім бойынша қазылар алқасынан ұпай санын сұрасақ.)
Жүргізуші:
ІІІ Бөлім. «Бәсеке» бөлімінің ережесі: Экранда әртүрлі ұяшықтар берілген. Бұл топтарға сұрақты көрмей жатып 20-30-40 ұпайлар арасында бәс тігеді. Бірінші мүмкіндік таңдаған топқа беріледі. Сұраққа дұрыс жауап берілген жағдайда тіккен ұпайларын иемденетін болады. Жауап бере алмаған жағдайда жүргізушінің «қарсыластар» деген пәрменінен соң топтарға мүмкіндік берілетін болады. Мүмкіндік алған топтарда бәс тігеді.
Ескерту: осы бөлімнен соң ұпайы аз 1 топ ойыннан шығады.
Еркін тақырып
Президенттің жолдауына сәйкес 2022 жыл Қазақстанда қандай жыл?
Жауабы: Балалар жылы
Тарих
2017жылы ел тарихындағы маңызды оқиға Халықаралық ЭКСПО2017 көрмесі жоғары деңгейде өтті, көрмеге 115 мемлекет қатысты, көрменің басты тақырыбын атаңыз?
Жауабы:
«Болашақтың энергиясы»
Физика
Пиза мұнарасын әлемге танытқан италяндық физик, математик, философ, механик және астроном кім?
Жауабы:
Галилео Галилей
(1564-1642 жж)
География
Уран өндіруден дүние жүзі бойынша бірінші орын иеленетін мемлекет?
Жауабы:
Қазақстан
Логика
Бір жанұяда бес ер бала және олардың әрқайсысының қарындастары бар. Жанұяда жалпы қанша бала бар?
Жауабы:
6 (алты)
Математика
Жаңа туған пілдің баласы 1 тоннаның 1/8 бөлігін тартады. Жаңа туылған пілдің баласы неше кг тартады?
Жауабы: 125 кг
Қазақ әдебиеті
Әдебиет зерттеушісі ретіндегі тума таланты ерекше бағаланып, есіміне ел «Мәшһүр» сөзін қосып ұлықтаған қаламгер кім?
Жауабы: Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы
Информатика
«WWW» қандай мағына береді?
Жауабы: Бүкіләлемдік желі
world wide web
Технология
Facebook әлеуметтік желісін
кім ойлап тапты?
Жауабы: Марк Цукерберг
Жүргізуші:
Барлық ойын тəуекелден тұрады,
Нар тəуекел! Адамдардың ұраны.
ІV. «Тәуекел» бөлімінің ережесі:
Шешуші кезеңге шыққан екі топқа ортақ бір сұрақ қойылады. Үш бөлімде жинаған ұпайын тәуекел етіп ең төменгі ұпай - 50, ең жоғарғы ұпай - бүкіл кезеңде жинаған ұпайын тігеді. Бір ерекшелігі дұрыс жауап берген жағдайда тіккенұпайы екі еселенетін болады.
Сұрақ:
«Жеті жарғы» заңына сәйкес ата-анасына тіл тигізген балаға қолданылған жаза?
А) Үш қара найзаны жерге қадап астына отырғызып бетіне түкіреді
Б) Ел алдында таспен ұрып масқаралап, ауылдан қуып жібереді
С) Сиырға теріс отырғызып, бүкіл елдің алдында масқаралайды
Д) Жон арқасына жас шыбықпен 100 дүре соғады
Жүргізуші: Іс-шараны қорытындылап, марапаттау жүргізу үшін қазылар алқасын сахна төріне шақырамыз.
Жүргізуші: Балдәуренде қалыптасқан дәстүр бойынша қонақтарымызды шығарып саламыз.