Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Зияткерлік сайыс
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ
МИНИСТРЛІГІ
«БАЛДӘУРЕН» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ
ОҚУ – САУЫҚТЫРУ
ОРТАЛЫҒЫ ФИЛИАЛЫ
Білім кешені
_____________________________________________________________________________
«Жетістік формуласы» мамандықтар
жәрмеңкесітатты
2021 жылдың 15 ауысымында өткізілген
«Білім биржасы» атты зияткерлік сайыстың сайыстың
сценарийі
Жауаптылар:
Алиханов Ж.Ж.
Ергеш Р. П
Тұрғынбек Н. Н
Өткізілу орны: «Балдәурен» РОСО филиалы, акт залы
Өткізілу уақыты: 15.11.2021 ж. сағат 20.00
Ұзақтығы: 40 минут
Қатысушылар: ауысымның қатысушылары, қонақтар, мұғалімдер.
Мақсаты: Оқушылардың ойлау қабілетін,ой ұшқырын,қызығушылығын арттыру. Оқушылардың ізденімпаз,ұйымдастырушылық,есте сақтау қабылетін дамыту.Оқушыларды ұйымшылдыққа, жауапкершіліке өзін-өзі ұстауға тәрбиелеу,жан-жақты ойлауын, ізденуін, есте сақтау қабілетін, дүние танымын арттыру және кеңейту!
Міндеттері:
-
балалардың білімдерін, ойларын кеңейту;
-
жеке тұлғалық шығармашылық қабілеттерін дамыту;
-
білімге деген, жауапкершіліктерін арттыру.
Құрал-жабдықтар:
интерактивті
тақта, слайдтар, микрафон
Дайындық
жұмысы:
-
Әдебиетпен, ақпаратпен жұмыс.
-
Сценарий жазу.
-
Қажетті жабдықтарды дайындау.
Жүргізуші: Ермекбай Б. Е
Іс-шараның барысы:
«Балдәурен» гимні орындалады.
(фанфар ойналады, жүргізуші шығады)
Жүргізуші:
Жиналса әр ауданның өрендері,
Самал болып еседі өлең лебі.
Тек қана білімділер жиналатын,
Армысың, Балдәуреннің көрермені!
Қайырлы кеш, Қадірменді Балдәурендіктер мен ұлағатты ұстаздар және дарынды оқушылар!
«Білім биржасы» атты зияткерлік ойынына қош келдініздер! Бүгінгі жастар – халқымыздың болашағы, еліміздің ертеңі. Оқушылардың ой-өрісін кеңейтіп, есте сақтау қабілетін шыңдайтын, білімді жастарды анықтайтын, білімге қызығушылықтарын арттыратын «Білім биржасы» атты сайысымызды бастаймыз.
Жүргізуші:
Талап, білім өнегені дарытқан,
Жылы шырай күтеді әркез халықтан.
Тілмаш , тапқыр серісіндей жігіттің,
Көзін тауып кететіндей тірліктің-деп сахна төріне топтарымызды шақырып сіздермен таныстырып өтейік.
1.«Эверест» тобы
2.«Білім ленд» тобы
3. «Алаш» тобы
4.«Білімділер» тобы
5. «Жастар» тобы
Жүргізуші:
Шын жүйрік шабысынан танылады,
Нақты білім, терең ой сыналады
Баға берер әділ қазы ортамызда
Сіздерге құрметпен қол соғады, дей келе бүгінгі әділ-қазылар алқасымен таныс болыңыздар!
1. Білім кешенінің директоры - Умирзахов Есқали Калдыбекұлы
2. Әдістемелік бөлімнің жәнеде ауысым кураторы Аманжолова Айгул ханым
Жүргізуші: Сарапшыларымызбен таныс болсаңыздар ойынымызды бастаймыз.
Ойынның барысы:
Жүргізуші:
Ойын ережесі: Ойын 40 минутқа созылады. Сайысқа 5 топ қатысады. Негізгі жарыс 2 топ арасында болады. 2 топқада бірдей максимум 4 немесе 5 сұрақ оқылады. Қай топ 3 ұпай бірінші болып жинаса сол орнында қалады. Келесі топ келеді. Егер ешқайсысы ұпай жинай алмаса 2 топта шығып орнына келесі 2 топ келеді. Әр дұрыс жауапқа 1 ұпайдан беріліп отырады. Егер екі сұраққа қатарынан жауап болмаған жағдайда үшінші сұрақ автоматты түрде екі еселенеді, яғни бұл сұраққа 2 ұпай беріледі, кім жауап береді сол топ қалады. Жауап жоқ болса екі топта шығады.
Жүргізуші:
Ойын ережесі түсінікті болса ойынымызды бастаймыз.
Сұрақтар:
-
Тарих. Ең алғашқы қазақ ханы кім?
Керей
-
Қазақ әдебиеті. Қазақтың ең алғашқы романын ата.
«Бақытсыз Жамал»
-
География. Сарыарқа тауының ең биік шыңы
Ақсораң
-
Спорт. Афина олимпиадасының күміс жүлдегері кім, кәсіпқой бокс шебері
Геннадий Головкин
-
Биология. Дене жасушасының бөлінуі қалай аталады?
Митоз
-
Информатика. Белгілі бір атпен сақталатын ақпараттар жиыны:
(файл)
-
География. Алғаш халық санағы қай жерлерде өткізілген?
Б.з.б. III мың жылдықта Ежелгі Қытай
-
Тарих. Абылайханның шын есімі
(Әбілмансұр)
-
Қазақ тілі Қазақ тілінде райдың неше түрі бар?
(4 түрі бар: ашық, бұйрық, қалау, шартты рай)
-
Математика. Екі нүктені қосатын түзу қалай аталады?
(Кесінді)
-
Биология. Қанның құрамындағы ерекше нәруыз
Гемоглобин
-
Тарих. Алаш партиясының көсемі кім болған
Ә. Бөкейханов
-
Орыс тілі. «АзиЯ» кітабының авторы
(О.Сүлейменов)
-
Физика. Денелер деформацияланғанда пайда болатын күш.
(Серпімділік күші)
-
Мұқағали. Мұқағали Мақатаевтың өмір сүрген жылдарын ата
(1931-1976 жж)
-
Қазақ тілі. Тұрлаулы мүшелердің екеуі де сан есімнен болғанда қойылатын тыныс белгісі қандай?
(сызықша)
-
Биология. Сыртқы және ішкі тітіркендіргіштерге орталық жүйке жүйесі арқылы ағзаның жауап қайтару реакциясы?
рефлекс
-
География. Аустралия материгі латын тілінен аударғанда қандай мағана береді?
(Оңтүстік)
-
Спорт. 2016 жылы Рио-де-Жанейро Олимпиадада суда жүзу спортынан алтын медаль алған кім?
Дмитрий Баландин
-
Қазақ әдебиеті. «Тар жол, тайғақ кешу» романының авторы
С. Сейфуллин
-
Информатика. Windows-та өшірілген файлдар қайда жіберіледі?
Себет (Корзина)
-
Орыс тілі. «Алтын балық туралы ертегінің» авторын атаңыз.
(А.С.Пушкин)
-
Тарих. Қазақ хандығы тарихында ең ұзақ ел басқарған хан
Хақназар
-
Қазақ тілі. Қазақ тілінде неше дауысты дыбыс бар?
(12)
-
Математика. Қиылыспайтын екі түзу қалай аталады?
(Параллель)
-
Физика. Табиғатта жылу берілудің неше түрі бар және түрлерін атаңыз?
(3 түрі бар: жылуөткізгіштік, сәуле шығару, конвекция)
-
Орыс тілі. Орыс тілі грамматикасында неше сөз табы бар?
(10)
-
Қазақ әдебиеті. «Шұғаның белгісі» повесінің авторы
Б. Майлин.
-
Физика. Денелер тікелей жанасқанда пайда болатын күш.
(Үйкеліс күші)
-
Мұқағали. Мұқағали Мақатаев қай жердің тумасы?
(Алматы облысы, Райымбек ауданы, Қарасаз ауылы)
-
Математика. Диоганалдары перпендикуляр әрі бұрыштың биссекриссасы болатын төртбұрыштар.
(Ромб, шаршы)
-
География. Гренландия аралы қай елге тиесілі?
(Дания )
-
Спорт. Зілтемірші, Олимпиада жүлдегері атанған тұңғыш қазақ қызы кім?
(Жазира Жаппарқұл)
-
Қазақ әдебиеті. «Маса» өлеңдер жинағының авторы
А.Байтұрсынұлы
-
Информатика. Ақпараттық процестерді зерттейтін ғылым:
(Информатика)
-
Мұқағали. М. Мақатаевтың «мемлекеттік сыйлыққа» ие болған кітабы.
(Аманат)
-
География. Шоқан Уәлихановтың азан шақырып қойған аты
(Мұхамедқанафия)
-
Қазақ тілі. Бір адамның өзгертілмей айтылған сөзі қалай аталады?
(төл сөз)
-
Математика. Бір нүктеден шыққан екі сәуле қалай аталады?
(Бұрыш)
-
География. Каспий теңізі жағалауы неше мемлекетпен шектеседі?
5
-
Орыс тілі. «Война и Мир» роман эпопеясының авторы кім?
(Л.Толстой)
-
Физика. Екі нүктелік электр зарядтарының арасында пайда болатын күш
(Кулондық күш)
-
Мұқағали. М.Мақатаевтың әкесінің атын ата.
(Сүлеймен)
-
География. Жер шарындағы ең ірі материк?
(Еуразия)
-
Спорт. 2016 жылы Рио-де-Жанейро қаласында өткен Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері, дзюдошы
(Елдос Сметов)
-
Қазақ әдебиеті. «Қалқаман-Мамыр» поэмасының авторы
Ш.Құдайбердіұлы
-
Информатика. Компьютердің басты бөлігі, миы:
(Процессор)
-
Қазақ тілі. Өзі жалғанған сөзге екеу немесе одан артық екенін білдіретін қосымшаны табыңыз.
(көптік жалғау)
-
Тарих. Қазақ АКСР-ның тұңғыш астанасы болған қала
(Орынбор)
-
Қазақ тілі. «Қауқар» сөзінің мағынасын табыңыз.
(күш, қуат)
-
Математика. 180 градусқа тең бұрыштың түрі.
(Жазыңқы бұрыш)
-
Физика. Ішкі энергияны өзгертудің неше түрі бар және түрлерін атаңыз?
(2 түрі бар: жұмыс жасау және жылу беру арқылы)
-
Орыс тілі. Орыс тілі грамматикасында қанша дауысты дыбыс бар?
(10)
-
Физика. Өткізгіштің көлденең қимасы арқылы қандай да бір уақыт аралығында тасымалданатын электр зарядын білдіретін күш
(Ток күші)
-
Мұқағали. М.Мақатаевтың азан шақырылып қойған есімі:
(Мұхамметқали)
-
Математика. Қандай үшбұрышта бір ғана биіктік болады?
(Тікбұрышты үшбұрыш)
-
География. Қазақстандағы ағынды көлді ата?
Зайсан
-
Математика. Алгоритм атауы кімнің есімімен байланысты?
(Әл-Хорезми)
-
Қазақ тілі. Төрт түрлі етістікпен ғана жасалатын шақ түрін атаңыз.
(нақ осы шақ)
-
Тарих. Тұңғыш қазақ ғарышкері кім?
(Тоқтар Әубәкіров)
-
Қазақ тілі. «Көзді ашып-жұмғанша» тұрақты сөз тіркесінің мағынасы қандай?
(тез)
-
Математика. Бұрышты қақ ортасынан бөлетін кесінді қалай аталады?
(Биссектриса)
-
Физика. Механикалық энергияның неше түрі бар және түрлерін атаңыз?
(2 түрі бар: кинетикалық энергия, потенциалдық энергия)
-
Орыс тілі. Орыс тілі грамматикасындағы междометиенің қазақша атауы ?
(Одағай)
-
Физика. Денелердің жерге тартылуын білдіретін күш
(Ауырлық күші)
-
Мұқағали. М.Мақатаев пір тұтқан ақын кім?
(Т.Айбергенов ) -
География. Алғаш глобусты жасаған неміс картографы?
(М.Бехайм)
-
Қазақ әдебиеті. «Оян қазақ» өлеңдер жинағының авторы
М.Дулатұлы
-
Тарих. Қазақстан БҰҰ-на қай жылы мүше болып қабылданды?
(1992 жылы)
-
Спорт. 2019 жылы футболдан Қазақстан чемпионы атанған футболдық клуб
(Астана)
-
Информатика. Монитор мен адамның арақашықтығы неше см?
(60-70 см)
-
Физика. Ток күші кернеуге тура пропорционал, ал кедергіге кері пропорционал. Бұл қандай заң?
(Ом заңы)
-
Тарих. 2010 жылы Қазақстан төрағалық жасаған халықаралық ұйым
Еуропадағы Қауіпсіздік және Ынтымақтастық ұйымы
-
Қазақ тілі. Сөйлем мүшелері нешеге бөлінеді?
(екіге бөлінеді, тұрлаулы және тұрлаусыз)
-
Математика. Үшбұрыштың неше сыртқы бұрышы бар?
(Алты ( 6 ))
-
Тарих. «Қазақтардың қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған заманы» қай ханның тұсында болды?
Тәуке хан
-
Орыс тілі. А.С.Пушкинмен дуэлге шыққан кім?
(Дантес)
-
Физика. Екі дененің арасындағы гравитациялық тартылысты білдіретін күш
(Бүкіләлемдік тартылыс күші)
-
Мұқағали. М.Мақатаевтың дос болған ақын қызы
(Ф.Оңғарсынова)
-
Информатика. 0 мен 1 мәнінің біреуін ғана қабылдай алатын ақпарат өлшемінің ең кіші өлшем бірлігі?
Бит
-
География. Қазақстан аумағындағы ең ұзын және суы мол өзен?
(Ертіс)
-
Спорт. Футболдан Қазақстан премьер лигасына қанша клуб қатысады?
(12)
-
Информатика. Электрондық поштаның ағылшынша қысқартылып жазылуы:
(E-mail)
-
Қазақ әдебиеті. Қаламгерлер арасында «Әңгіме жанрының шебері» атанған жазушы кім?
Бейімбет Майлин
-
Тарих. Абылай ханның өмірі мен ерлігін жырлаған жырау.
(Бұқар жырау)
-
Қазақ тілі. Тұрлаулы сөйлем мүшелерін атаңыз.
(бастауыш, баяндауыш)
-
Математика. Үшбұрыштың ішкі бұрыштарының қосындысы неше градусқа тең?
(180 градус)
-
Биология. Өсімдіктердегі қорға жинақталатын органикалық зат?
Көмірсу
-
Орыс тілі. Орыс тілі грамматикасындағы суффикс терминінің қазақша атауы?
(жұрнақ)
-
Физика. Линзаның фокустық қашықтығына кері тәуелді болатын күш.
(Линзаның оптикалық күші)
-
Мұқағали. М.Мақатаевтың аяқталмай қалған поэмасы.
(Қашқын)
-
Биология. Органикалық заттардың зат алмасу кезіндегі ыдырау процесі?
Катаболизм
-
География. Қазақстандағы ең лайлы өзен?
(Сырдария)
-
Спорт. 7-ші қысқы Азия ойындарында чемпион атанған мәнерлеп сырғанаушы кім?
(Денис Тен)
-
Мәтінмен жұмыс істеуге арналған Microsoft Office-тің құрамына кіретін программа: (MS Word)
-
Қазақ әдебиеті. Шығармашылығының көтерілісшіл сарыны арқылы қазақ поэзиясында «Дауылпаз ақын» атанған тұлға кім?
Махамбет Өтемісұлы
-
Тарих. Тәуке ханның «Жеті Жарғысын» жасауға қатысқан қазақ батыры кім?
(Бөгенбай батыр)
-
Қазақ тілі. Фонетика нені зерттейді?
(тіл білімінің дыбыстық жағын)
-
География. Жағалауын төрт мұхит шаятын материк
Еуразия
-
Математика. Дөңес төртбұрыштың ішкі бұрыштарының қосындысы неше градусқа тең?
(360 градус)
-
Биология. Органикалық заттардың ыдырауынан түзілетін энергетикалық күрделі зат? АТФ
-
Орыс тілі. Орыс тілі грамматикасындағы дополнение терминінің қазақша атауы?
(толықтауыш)
-
Физика. Денелердің жерге тартылуы салдарынан тірекке немесе аспаға әрекет ететін күші.
(Дененің салмағы)
-
Мұқағали. М.Мұқатаевқа «алтын қалам» сыйлаған кім?
(Ғ.Мүсірепов)
-
Биология. Ағзадан шығарылатын ең соңғы ыдырау өнімдері?
(Су және көмірқышқыл газы)
-
География. Топырақтану ғылымының негізін салған орыс ғалымы кім?
(В.В.Дакучаев)
-
Спорт. 2012 жылы жазғы Олимпиада ойындары қай қалада өткізілді?
(Лондон)
-
Информатика. Вирустың кері әсерін жоятын программа:
( Антивирус)
-
География. Қазақстан Республикасы жерінен көлемінен нешінші орында?
(9-орын)
-
Қазақ тілі. Орфография нені зерттейді?
(cөздердің дұрыс жазылуын)
-
Математика. Барлық қабырғасы тең параллелограмм қалай аталады?
(Ромб)
-
Қазақ әдебиеті. Шығармашылығын драматургиядан бастаған, «Абайтану» ғылымының негізін қалаған қаламгер кім?
Мұхтар Әуезов
-
Орыс тілі. Орыс тілі грамматикасындағы определение терминінің қазақша атауы? (Анықтауыш)
-
Физика. Магнит өрісінде токқа әсер ететін магниттік күш.
(Ампер күші)
-
Мұқағали. М.Мақатаевтың алғашқы жыр-жинағы қанша жасында шықты?
(33 жасында)
-
770 ₸ - Сатып алу
Материал ұнаса әріптестеріңізбен бөлісіңізАшық сабақ, ҚМЖ, көрнекілік, презентация жариялап табыс табыңыз!Материалдарыңызды сатып, ақша табыңыз. (kaspi Gold, Halyk bank)
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде пәніңізді белгілеп, керек материалды алып сабағыңызға қолдана аласыз
- Жүктелуде...
- Жүктелуде...
- Жүктелуде...
тақырыптармен дайындаймыз