Майлыбекова Зауре Шымыркуловна
«Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығының география пәнінің мұғалімі
Балалық шақтың бекеті -«Балдәурен»
Бақытын- мен, бақытым деп біл мені,
Мені білсең, бақытыңды білгенін.
Ал мен үшін ең бақытты күндерім
Балам саған бақыт іздеп жүргенім.
Әр адамға өзінің балалық шағы өте ыстық. Балалық шақ дегеніміз — үлкен мұхиттай тұнық өмірдің шағын ғана бір бөлігі. Бірақ,осы шағын бөлік қанша тамаша сәттерге толы.
Баланың бақытты шағының бастысы ол - мектеп кезі . Мектеп баланың екінші үйі секілді. Мұнда ол өзінің достарын табады, ортасы қалыптасады. Көп нәрсені таниды.Осындай балалық шақтың бақытына айналған тамаша жер,ол - «Балдәурен » РОСО. Ол оқушылардың өміріндегі бақытты бекет іспеттес.
Мұнда жиырма күнге келген оқушылар Қазақстанның Алматы, Ақтөбе , Тараз Түркістан , Қызылорда және Батыс Қазақстан облыстарынан жиналады. Алғашқыда бірін- бірі танымайтын оқушылар жиырма күнде бауырлардай татуласып кетеді . Оған себеп орталық қызметкерлері және осында жиырма күн бойы өткізілетін іс- шаралар . Іс- шаралар спорттық, мәдени және зияткерлік ойындар болып бөлінеді. Спорттық ойындардың балаға берері өте мол. Волейбол, баскетбол, көңілді старт және «Олимпия» спорт мерекесін өткізу арқылы балалардың сергіп, денелерін шынықтырса , мәдени іс- шаралар сахна мәдениетіне бейімдеп, еркін өнер көрсетуге баулиды.Зияткерлік ойындар баланы жан- жақты ойлануға, ізденуге еркін сөйлеуге тәрбиелейді. Сондай іс-шараларымыз «Брейн- ринг», «Балдәурен көшбасшысы» , «Өнегелі оқушы», « Салт –дәстүрім – асыл қазынам» «Киелі Түркістан» атты зияткерлік ойындар. Осындай тәлім тәрбие беретін іс –шаралар арқылы тәрбиеге кенеліп өсетін , ержете келе жан жағына қарап бой түзейтін, дұрыс азамат болып өсуіне көмектеседі деп ойлаймын. Балдәурен балалардың өмірінде Балалық шақтарының бір бекетіне айналғанына мен сенімдімін.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Зияткерлік сайыс
Зияткерлік сайыс
Майлыбекова Зауре Шымыркуловна
«Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығының география пәнінің мұғалімі
Балалық шақтың бекеті -«Балдәурен»
Бақытын- мен, бақытым деп біл мені,
Мені білсең, бақытыңды білгенін.
Ал мен үшін ең бақытты күндерім
Балам саған бақыт іздеп жүргенім.
Әр адамға өзінің балалық шағы өте ыстық. Балалық шақ дегеніміз — үлкен мұхиттай тұнық өмірдің шағын ғана бір бөлігі. Бірақ,осы шағын бөлік қанша тамаша сәттерге толы.
Баланың бақытты шағының бастысы ол - мектеп кезі . Мектеп баланың екінші үйі секілді. Мұнда ол өзінің достарын табады, ортасы қалыптасады. Көп нәрсені таниды.Осындай балалық шақтың бақытына айналған тамаша жер,ол - «Балдәурен » РОСО. Ол оқушылардың өміріндегі бақытты бекет іспеттес.
Мұнда жиырма күнге келген оқушылар Қазақстанның Алматы, Ақтөбе , Тараз Түркістан , Қызылорда және Батыс Қазақстан облыстарынан жиналады. Алғашқыда бірін- бірі танымайтын оқушылар жиырма күнде бауырлардай татуласып кетеді . Оған себеп орталық қызметкерлері және осында жиырма күн бойы өткізілетін іс- шаралар . Іс- шаралар спорттық, мәдени және зияткерлік ойындар болып бөлінеді. Спорттық ойындардың балаға берері өте мол. Волейбол, баскетбол, көңілді старт және «Олимпия» спорт мерекесін өткізу арқылы балалардың сергіп, денелерін шынықтырса , мәдени іс- шаралар сахна мәдениетіне бейімдеп, еркін өнер көрсетуге баулиды.Зияткерлік ойындар баланы жан- жақты ойлануға, ізденуге еркін сөйлеуге тәрбиелейді. Сондай іс-шараларымыз «Брейн- ринг», «Балдәурен көшбасшысы» , «Өнегелі оқушы», « Салт –дәстүрім – асыл қазынам» «Киелі Түркістан» атты зияткерлік ойындар. Осындай тәлім тәрбие беретін іс –шаралар арқылы тәрбиеге кенеліп өсетін , ержете келе жан жағына қарап бой түзейтін, дұрыс азамат болып өсуіне көмектеседі деп ойлаймын. Балдәурен балалардың өмірінде Балалық шақтарының бір бекетіне айналғанына мен сенімдімін.
шағым қалдыра аласыз













