Материалдар / Зиятында ауытқуы бар оқушылардың қарапайым математикалық элементтерін қалыптастыру
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Зиятында ауытқуы бар оқушылардың қарапайым математикалық элементтерін қалыптастыру

Материал туралы қысқаша түсінік
Математика – көмекші мектептегі негізгі пәндердің бірі болғандықтан, осы мақсатқа жетуде айырықша орын алады. Ақыл-ойы кем оқушыларын қажырлыққа, байқампаздыққа, ықыластылыққа, логикалық ой-өрістің дамуына, ойды дәл жеткізуге дағдыландыратын математика сабағы болып табылады
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
23 Қараша 2018
536
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



Талдықорған қаласы

13 орта мектеп (арнаулы сыныптарымен)

Бірінші санатты бастауыш сынып мұғалімі

Дефектолог мұғалімі: Қыдырманова Алтын Нуретовна



Зиятында ауытқуы бар оқушылардың қарапайым математикалық
элементтерін қалыптастыру

Көмекші мектептің негізгі міндеті – ақыл-ойы кем балалардың таным процесіндегі және эмоцианальды ерік-жігер сферасындағы кемшіліктерді максимальді жеңу, оларды өндірістік еңбекке қатысуға, қазіргі қоғам жағдайына әлеуметтік тұрғыдан дайындау.
Математика – көмекші мектептегі негізгі пәндердің бірі болғандықтан, осы мақсатқа жетуде айырықша орын алады. Ақыл-ойы кем оқушыларын қажырлыққа, байқампаздыққа, ықыластылыққа, логикалық ой-өрістің дамуына, ойды дәл жеткізуге дағдыландыратын математика сабағы болып табылады.
Көмекші мектеп оқушылары барлық оқу жылы барысында математикадан келесі білім және практикалық іскерліктерді меңгерулері тиіс:
-Натурал сан қатары, қарапайым қосу және азайтуға арналған есептер туралы елестету;
-Негізгі өлшемдер (қиманың ұзындығы, баға, заттың салмағы немесе массасы, фигураның, ыдыстың ауданы, уақыттың көлемі), көлемді өлшеу бірліктері және олардың сәйкестігі туралы елестетулер;
-Қарапайым өлшеу құралдарды қолдана білу (сызғыш, өлшеу сауыты, таразы, сағат т.б.) іскерліктері;
-Қарапайым және құрамды арифметикалық есептерді шешу;
-Геометриялық фигуралар , оның пішіні және көлемі туралы елестету, оларды сызба құралдар арқылы (сызғыш, циркуль, транспортир, сызғыш бұрыш) құрау.
Олар білімді саналы меңгерулері тиіс. Математиканы оқыту процесінде алған білімді түрлі ауыспалы жағдайларда қолдану міндеті қойылады. Бұл міндет негізінде оқушылардың ойлауы дамиды.
Интеллектісі бұзылған балаларды оқытудағы маңызды арнайы міндет олардың таным әрекеттерінің және тұлғалық сапаларының кемшіліктерін жеңу.
Ақыл-ойы кем балаларда көрнекі және көрнекі-әрекеттік негізде сан, көлем, фигура туралы білімді қалыптастырумен қатар осы балалардың көрнекі-әрекеттік, көрнекі-бейнелік содан кейін абстрактілі ойлауын дамыту міндеттерін шешеді. Математика сабағында оқушылардың қарапайым математикалық ойлауы дамиды, салыстыру, анализ, синтез сияқты формалары психикалық функцияларды түзеуге жағдайлар құрылады.
Математикаға оқыту оқушыларды ұйымдастырады және тәрбиелейді, мынадай тұлғалық салаларды: ұқыптылық, бірбеткейлік, ерікті қалыптастыруға, еңбекке , еңбек етуге бастаған істі аяқтауға тәрбиелейді. Математика сабағында практикалық әрекеттерді (мүсіндеу, сызу, штрихтау, бояу, қию, жабсыру, құрау т.б.) орындау процесінде баланың моторикасы дамиды. Математика сабағында оқушылар заттың ұзын-қысқа, жуан-жіңішке, кең-тар, және т.б сияқты белгілермен танысып, нүкте, түзу сызық, қима, дөңгелек, төртбұрыш, тікбұрыш, шаршы, үшбұрыш сияқты геометриялық түсініктерін бекітеді, нақтылайды, оларды бейнелеуді үйренеді.
Көмекші мектепте математикаға оқыту 1-ші сыныптан басталады. Оқытудың міндеті баланы күнделікті бақылау,оның психологиялық-педагогикалық ерекшеліктерін анықтау.
Мұғалім жалпы білім алушылық іскерліктерін, сыныптағы тәртіп ережесін анықтайды және қалыптастырады. Оларға демонстрацияланған суреттер мен картинкаларды көру іскерліктері мұғалімнің талаптарын тыңдау, дұрыс түсіну және орындау, сұрақтарға жауап беру, сұрақ қою, мұғалімнің тапсырмасын қайталау, партада дұрыс отырып, тұру. 1-ші сыныпта оқушылар оқу құралдарын ажыратуды үйренеді. Кітап, дәптер, арнайы белгілері бойынша математика оқулығы мен дәптерін ажырату, үлестірмелі материалмен жұмыс істеуді, сан және әріптерді жазуға үйренеді. 1 сынып оқушылары санға дейінгі және сандық елестетулерін, кеңістік, уақыттық, заттың формасы, үлкендігі, көлемі туралы елестетулері, сонымен қатар санау, заттың санымен цифры туралы білімдерін, қосу және азайту әрекетерін орындау дағдыларын, қарапайым есептерді шығаруларын анықтау.
Кеңістікті елестетулерімен қатар заттардың мөлшерін үлкен-кіші, үлкендеу-кішілеу, үлкендігі жағынан бірдей, ұзын-қысқа, ұзынырақ-қысқарақ, ұзындығы жағынан бірдей, биік-аласа, жоғары-төмен, биіктігі жағынан бірдей, кең-тар, кеңірек- тарырақ белгілерінің түсінулерін анықтау қажет.
Геометриялық фигуралар туралы білімдерін анықтау қажет. Үлгі бойынша геометриялық фигураны табу, аталған фигураны мұғалімге көрсету. Үлгісіз фигураны сызу.
Оқушылардың білімі тақырып бойынша жүзеге асырылады.
Тақырыптар төменгідей болуы мүмкін:
1. Заттардың өлшемі және салмағы туралы елестетулер.
Үлкен-кіші, бірдей, ұзын-қысқа, бірдей, биік-аласа, теңдей; кең-тар, бірдей, ауыр-жеңіл.
2. Кеңістік және сандық елестетулер.
Алыс-жақын, үстінде-астында, алдында –артында, оңжақ-сол жақ, ортасында-жанында, көп-аз, көп емес, бірнешеу.
3.Сандарды білу.
1 –ден ары қарай санау, 5-тен кері санау, 3-тен ары қарай санау, 10-нан 5-ке дейін санау.
4.Нақты көптік элементтерін санау.
Мұнда қанша дөңгелек екенін сана. Қанша шырша салынған, сана. Қанша таяқша?
5. Цифрды білу.
Білетін цифрды көрсет және ата. Мен көрсеткен цифрларды ата (1,2,3,4,5,6,7,8,9) цифрларды жаз.
6.Көптік және сандар элементтерін салыстыру
Қай жерде көп? Қанша таяқша?(3) Өзіңе сонша санап ал. Өзіңе екеу артық санап ал. Өзіңе екеу кем санап ал.
7.Әрекеттерді орындау.
Сана және тексер, амалдар дұрыс орындалған ба? 3+2=5, 4-1=3.
Амалдарды орындау: 2+3= 5-2= Бірінші амал қайсысы? Екінші амал қайсысы?
8. Есептерді шығару.
Санды табу есептері. Қалдықты табу есептері.
9. Геометриялық фигуралар, денелер туралы білім.
Дәл осындай фигураны тап. (Шаршыны, дөңгелек, үшбұрыш, тікбұрыш, шар). Фигураны ата.
Сонымен қатар оқушының қол моторикасының даму деңгейін анықтау да маңызды. Моториканың жетілмеуі ақыл-ойы кем балаға тән қасиет. Бұл олардың жазуды меңгерулерінде, дидактикалық материалдармен, сызғышпен жұмыс жасағанда қиындық туғызады.
Пропедевтикалық кезеңдегі сабақтың
мақсаты оқушылардың заттардың формасы, мөлшері туралы, кеңістіктік елестеулерді туралы анықтау және дамыту, оқушылардың сөздік қорын жаңа терминологиямен молайту, пассивтік сөздігін белсендіру, тілін дамыту, олардың таным әрекеттерін белсендіру, жалпы оқулық дағды және іскерліктерін қалыптастыру.
1-ші сыныпта бірінші ондықтағы сандарды үйреткенде қолданылатын көрнекі құралдар
1.Заттық құралдар:
-Шындықты қоршаған заттар сыныптағы жиһаз, оқу құралдары, табиғи заттар, жеміс-жидектер, түймелер, оймақ, ойыншықтар (түймелер және басқа ұсақ заттар жіпке тізіліп картонға тігіледі)
-Санау үшін арнайы дайындалған заттар таяқшалар, сыныптық және жеке есеп шоттар. Тізбектік сымтемір, жіпке тізілген шариктер рамасы

-геометриялық фигуралар
- жемістердің, көкеністердің, саңырауқұлақтардың, жануарлардың, құстардың трафареттері,
2.Иллюстративтік құралдар
-жеміс-жидектердің, жануарлардың, ұшақ, машина бейнеленген заттық картиналар жиынтығы
-1-ден 10-ға дейінгі заттардың суреттері
- Цифрларды дұрыс белгілеу кестесі
Бірінші сабақта сан және цифр туралы түсінік беріледі. Бұл сабақтың мақсаты- оқушыларды сандардың пайда болуымен таныстыру (бір санға бір санды қосу арқылы) оның аталуы, цифрмен белгіленуі, цифрды жазуды үйрету, санның сандық қатардағы орнын көрсету, санды заттардың санымен сәйкестендіруді көрсету.
Екінші сабақта берілген санның сандық қатардағы орнын бекітеді, санның пайда болуының екінші тәсілімен танысады. Тура және кері санау жаттықтырылады. Заттардың санын салыстырады, заттар арасындағы теңдік жіне теңсіздік анықталады (көп, аз, тең).
Келесі сабақтарда осы сандар құрамымен және берілген сан көлемінде қосу және азайту амалдарын орындайды.
10 көлемінде қосу жіне азайтуға үйрету
Арифметикалық әрекетпен оқушылар 2 санын өткеннен кейін таныса бастайды. Алғашқы ондықтың әр санымен танысу (1 саннан басқа) осы сан көлемінде қосу және азайту әрекеттерін үйренумен анықталады. Қосу және азайту қатар оқытылады. Оқушылар қосу (+) азайту(-) және тең (=) белгілерімен танысады. Оқышылардың білім деңгейіне байланысты қосу және азайту амалдарын үйрету процесінде заттық-практикалық әрекеттер санаумен қатар жүреді. «Бір алмаға тағы бір алманы қос, барлығы қанша болды?» Ол былай жазылады: 1 + 1 =2. Оқушылар партада бір затқа тағы бір затты қосып нәтижені санайды.
Мысалды дәптерге және тақтаға жазады. Оқушылар мысалды оқуды үйренеді (бірге бірді қоссаң екі болады). Осы сабақта азайтуға есептер шығарып, оны жазумен танысады. Мысалды былай оқиды (екіден бірді алса болады бір).
3 санымен танысқаннан кейін оқушылар мына түрдегі есептерді шығарады: 2 + 1, 1 + 2, 3 – 1, 3 – 2 , 2 + 1 мысалын шығару үшін 2 затты санап алып (2қызыл дөңгелек) содан кейін тағы 1 затты алып (жасыл дөңгелек) оларды қосып санайды және жауабын санайды. Мұғалім оқушылардың назарын заттарды қосқан кезде көбейетініне аударады.
3 – 2 амалын орындағанда оқушы 3 затты алады да одан 2 затты санап алып тастайды және қалған заттарды санап, жауабын жазады. Мұғалім оқушылардың назарын алу амалын орындағанда сан азаятынына түсіндіреді. Сонымен қатар мұғалім қосу амалын орындағанда сандардың орны аусқанымен қосынды өзгермейтінін көрсетіп өтеді, бұдан қосылғыштардың орны ауысқанымен қосынды өзгермейтінін заттық әрекет ретінде көрсетіп өтеді.
Математиканың алғашқы сабағынан бастап зат және сандармен орындалатын әрекеттерді ауызша қосып, азайтуға үйрету керек.
Бірнеше санға бірнеше санды қосуды үйреткенде мынадай әрекеттер орындалады. Мысалы: 2 + 2 ? Мұғалім «Себеттегі алманы санайық. Оған тағы 2 қосу керек. Себетте барлығы қанша алма барын табайық. Былайша санаймыз екіге тағы бірді қосамыз болады 3 және 1 болады 4. Себетте 4 алма, яғни 2 + 2 = 4 себетте 4 алма екенін тексерейік, санайық».

Алғашқы ондықтағы әр санды таныстырғанда оқушылар санның құрамы туралы елестетулері меңгеріледі. Санның құрамын үйрену үшін оқушылар заттарды өзара біріктіру арқылы, сонымен қатар оларды екі топқа бөліп, әр топтағы заттар санын анықтауын меңгереді.
Бірінші ондықтытағы сандарды өту барысында әр түрлі заттарды қолданған қолайлы. Бұл сандар құрамын жылдам есте сақтауға көмектеседі. Оқушыларға мына түрдегі жаттығуларды орындау қолайлы болады: 4 = 3 + ? 4 = ? + 1 4 = ? + ?
Оқушылар сандар құрамын жүйелі қайталап отыру қажет. Мысалы: 8 кубикті санап аламыз және оларды бірнеше рет екі топқа бөлеміз, содан кейін жазамыз 8 = 4 + 4 8=5 + 3 8 =2 + 6
Оқу жылы аяғында оқушылар 10 көлеміндегі қосу және азайту кестесін жаттап алуы керек.
Интелектісі бұзылған оқушылар қосу және алудың арасындағы байланысты қиын түсінеді.
Бірінші сыныптан бастап оқушылар кез-келген санды кез-келген санға қосуға болатынын, ал тек көп саннан аз санды азайтуға болатынын түсінулері қажет.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!