Материалдар / Зобалаң жылдар зардабы
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Зобалаң жылдар зардабы

Материал туралы қысқаша түсінік
1931-1933 жылдардағы ашаршылықтың ең ауыр зардабы халқымыздың мойнына түсті. Біздің халқымыз бұл ашаршылықта өз тарихында теңдесі жоқ қасіретке - демографиялық апатқа ұшырады. бұл қасіретті халқымыз «Ұлы нәубет» деп атады.Бұл жылдардағы нәубетте қазақ халқының тең жартысы қырылып, аш-жалаңаш,үй-күйсіз қалған халық жер ауды.Отыз екінің алапат аштығын өз басынан кешірген, ҰОС ардагері Қасымхан Алдабергенов атамыз қасіретті жылдар туралы оқиғалармен бөлісті.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
25 Тамыз 2022
828
2 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Зобалаң жылдар зардабы


1931-1933 жылдардағы ашаршылықтың ең ауыр зардабы халқымыздың мойнына түсті. Біздің халқымыз бұл ашаршылықта өз тарихында теңдесі жоқ қасіретке - демографиялық апатқа ұшырады. бұл қасіретті халқымыз «Ұлы нәубет» деп атады.Бұл жылдардағы нәубетте қазақ халқының тең жартысы қырылып, аш-жалаңаш,үй-күйсіз қалған халық жер ауды.Сол кезеңдегі қазақ халқының бастан кешкен қасіретті жылдары жайында жазылған шығармаларды оқыған сәтте жаның түршігеді.

«Қазақ қалай аштыққа ұшырады» ( Қасіретті жылдар хаттары) жинағындағы осы хатты оқи отырып халқымыздың қандай ауыр күйде болғанын аңғаруға болады.

...«Ісіп-кеуіп және ескі-құсқы киген аш адамдар,көбінесе қазақтар шамамен алғанда бір жарым айдан бері Павлодарға аудандардан ағылып келіп жатыр. Қала соларға толып кетті. Адам айтқысыз қайыршылық етек алды.Әр үйге күн сайын ондаған аш адамдар келіп-кетуде.Олардың арасынан әр түрлі жастардағы адамдарды: жастарды, кәрілерді, балаларды көруге болады. Қоқыс тастайтын жерлерде үйінділерден өздеріне қорек болатын тамақ тауып жеп жүрген аш адамдар қаптап кетті. Ашаршылықтың салдарынан жұқпалы аурулар тарады. Тіпті сүзекке қарсы күрес жөнінде төтенше үштік құрылды. Қала төңірегінде және қаланың өз ішінде үсіген, панасыз қалған және ашыққан адамдардың өліктерін әр кез көруге болатын еді. Қалалық шипаханада қабылдауға келген аурулардың көз алдында аштан өлу фактілері де болды. Біз бір үзім нан сұрап келген адамдардың өлім аузында құлап түскенін де көрдік. Жайдақ шанаға заттарын, жол бойы қайтыс болған баланың өлігін тиеген қазақтарды жиі кездестіруге болады. Мекемелерге үсікке ұрынған аш балаларды тастап кетушілерде кездесті. Олар,әдетте,былай деп жауап береді: «Әкеміз өлді, шешеміз өлді, үйіміз жоқ, бір тілім нан да жоқ»...

...Аштық пен індеттен өлгелі жатқандарды,үйдің ішінен, ауласынан табылған өліктерді егжей-тегжейлі сөз етіп жатпай-ақ, жалпылама айтар болсақ, бұл «баспанаға» орналастырылған балалар (әр түрлі жастардағы 40 шақты адам) күніне бір-ақ рет өте аз мөлшерде ботқа немесе сорпа мен бір үзім нан алады, көзге түртсе көргісіз қараңғы бөлмелерде алба-жұлба лас киімдерімен еденге, пештің үстіне жата кетеді, жылайды, ал кейбіреулері,тіпті,жылауға да шамасы келмей,ыңырсиды немесе қырылдайды. Пақырлар өле берді,ал олардың өліктері бұрынғысынша ұзақ уақыт бойы әкетілмеді.

Балалар болсын,ересек адамдар болсын, ашыққандардың негізгі көпшілігі бұрынғысынша қала кезіп, кез келген жерде түнеп шығатын еді.

Қайыршылық етек алып барады.Аштыққа душар болғандар аудандардан Павлодар қаласына қарай шұбыруда.Әлсіреген адамдар жол бойында қазаға ұшырауда.Үйді-үйді аралап,бір үзім нан сұрап жүрген аштардың айтуына қарағанда; бір ауылдар мен поселкелер қаңырап мүлде бос қалған,ал екінші бір елді мекендерде тек бірлі-жарым үйлерден ғана тіршіліктің нышаны байқалады...»

(1 ақпан,1932ж.В.Иогансен,О.Селихова,П.Семенин-Ткаченко,Ю.Подбельский,А.Флегоновтардың Орталық Атқару Комитетінің Президиумына жазған хаттарынан).

Отыз екінің алапат аштығын өз басынан кешірген, ҰОС ардагері Қасымхан Алдабергенов атамыз қасіретті жылдар туралы былай дейді:

-«Әкем орта шаруа адамы болды. Ол кісі тәркілеуге ілінген жоқ,бірақ салық сала берді.Төрт ағайынды ортасындағы мал бітті. 1930 жылы әкемді салық төлемегені үшін,милиция алып кетті. Шешем - Салжан мен Патшагүл апам үшеуміз қалдық. Енді қалай күн көреміз? Бір ат арбамыз болды. Сонымен Талдыкөлден әріде Ақтөбе облысының Ырғыз ауданына қарасты Жабасақ, Жантай деген елдімекендер бар. Сол Жантай елінде ұлы нағашым - Жауһар деген кісі тұратын. Сол нағашымыздың қолында тұрдық. Олардың бір жақсы жері - егін салды. Жер ауып келген бізді Жантай бойындағы ел өз адамындай көріп, аштықтан өлтірмеді. Жантай өзені көктемде керемет тасиды да, жазға қарай суы қайтады. Табанында ойдым-ойдым шұңғыма қара су қалады. Әрбір қара судың басында бір-бір ауыл отырады. Бала кезімде аттың қылынан бау есіп, таяққа байлап, инеден қармақ жасап, өзен жағалап балық ауладым. Бірде өзімнің бойыммен бірдей шортан қармаққа ілікті. Сол бір жеті тамақ болды,- дейді Қасымхан ақсақал. - Адамдар қақпан құрып саршұнақ,тышқан,суыр аулады.Тұзақ құрып торғай аулады. Күзді күні Жантай бойын жағалап, кеусен сұрап, жинадым. Орта қаптай тары жиналды,біз сонымен қыстадық.1932 жылдың көктеміне қарай халық қайыр сұрап, шұбыра бастады. Нағыз қатты тиген жері халық қырылды. Наурыз айында Торғай жағынан Жантайға қарай жұрт шұбырып, есікке, үйге дамыл болмады. Бір уыс тары берсең, соны талғажау етті. Сызы жоқ күлге жатса, тұра алмай, халық өздігінен қырыла бастады. Көктемнің аяқ кезі жинап алған кеусен-тары бітті, біз де ашықтық. Содан Жантай бойында Жанділда деген Жағалбайлының үйі бар екен. Сиыры бұзаулапты. Бізге күніне орта кесе сүт беретін, сол қуат болды. Аштықтан аман қалдық. Шешем сүзектен қайтыс болды. Әкем босап шығып, бізді туған жеріміз Жітіқара ауданындағы Милютин кеңшарының Шілікті фермасына алып кетті. Ашаршылық қазақтың басына келген үлкен нәубет еді».

Арқалық қаласы Кейкі батыр атындағы №4 жалпы білім беретін мектебі тарих пәнінің мұғалімі Сұңғат Бекентаев ашаршылық нәубеті жайында атасынан естіген әңгімелерімен бөлісті: «Ертеде бала кезімде атам марқұм 1932 жылы ашаршылықты өз көзімен көргенін айтушы еді. Ол кезде атам милиция қызметкері болып жұмыс істеген көрінеді. Батпаққара мен Торғайдың екі ортасында өлген адамдарды ат арбаға тиеп жинап,үлкен орға көмгеніміз есімде деп айтушы еді».

Қазақстанның халық ақыны Нұрхан Ахметбеков «Күләндам» дастанында 1932-1933 жылдардағы қазақ даласын жайлаған алапат аштықты шынайы бейнелеген.

...Жалғыздап қадақ ел қалған,

Есіктері ашылып,

Ағаш тасы шашылып,

Қара қоныс көң қалған.

Түндіктері түріліп,

Уықтары бүгіліп,

Туырлығын құм басып,

Тігулі орда үй қалған...

...Айқаласаң үн бермей

Меңіреу мылқау қу дала.

Ит те кеткен күн көрмей,

Не болғаны бұл жалған?

...Көзге түскен жәндікті,

Қуып ұстап ,қуанып,

Жеп барады делбегей...

Ашаршылық – ел тарихындағы ең қасіретті оқиғалардың бірі болып саналады.Қаншама мәйіттер көмусіз қалды.Ашаршылық нәубеті қазақ халқына келген ең ауыр қасірет болды.


Сәнімгүл Жақсылық Сәкенқызы,

А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік

университеті Қазақ филологиясы факультетінің 3 курс

студенті.







Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!