2024-2025 оқу жылына арналған
Қысқа мерзімді сабақ жоспарларын жүктеп алғыңыз келеді ме?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен жасалған
Материалдар / Зоология - жануарларды зерттейтін ғылым.

Зоология - жануарларды зерттейтін ғылым.

Материал туралы қысқаша түсінік
Зоология – жануарлар дүниесі туралы ғылым ретінде білімін қалыптастыру. Оқушыларға оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін үйретіп, өз бетінше және топпен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастырып дамыту
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады

Сабақтың мақсаты:

Зоология – жануарлар дүниесі туралы ғылым ретінде білімін қалыптастыру. Оқушыларға оқытудың  жаңа  әдіс-тәсілдерін үйретіп, өз бетінше  және топпен  жұмыс  істеу дағдыларын қалыптастырып дамыту

Әдіс-тәсілдер:

Топтық жұмыс, миға шабуыл, сұрақ-жауап

Күтілетін нәтиже:

Оқушылар жануарлардың көптүрлілігі, олардың таралуы  туралы  оқып, білімдерін қалыптастырады

Уақыты

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Дереккөздер, көрнекіліктер

1

2 мин

Сәлемдесу, түгелдеу, карталар  таңдау арқылы  топқа  бөліп отырғызу, зейіндерін  сабаққа  аудару.

«Шаттық шеңбері»  

 

2

8 мин

Жаңа сабақтың ашылуы

І. Білу.

Зоология - (zoon-грек тілінен аударғанда жануар дегенді білдіреді, logos-ілім) – жануарлар организмдерінің құрылысын, жеке дамуын, жүйеленімін (систематикасын), Жер бетінде таралуын, басқа организмдермен қарым-қатынасын, тіршілік ортасымен байланысын анықтайтын және тарихи даму заңдылықтарын зерттейтін ғылым; биология ғылымының бір саласы.

Биологиялық диктант:

  Тірі табиғат дүниесі дегеніміз не?

  Тірі ағзаның негізгі қасиеттері ата?

  Өсімдіктер дүниесінің жануарлар дүниесінен айырмашылығын әңгімелеңдер

Тірі табиғат дүниесі дегеніміз – биологияда ағзалық әлемді жүйелеудің ең жоғары тобы. Дүние жүзіндегі ағзалық әлем, тірі ағзалар 5 дүниеге жіктеледі. Олар: бытыранықтар дүниесі, вирустар дүниесі, саңырауқұлақтар дүниесі, өсімдіктер дүниесі, жануарлар дүниесі.

Тірі ағзаның негізгі қасиеттері: зат алмасу; қоректену; тынысалу; қажетсіз заттарды бөлу (зәршығару); тітіркенгіштік; қозғалып жүре алу; көбею; өсу; даму және тіршілігін жою. Жануарлар дүниесіне жататын ағзаларда осы қасиеттердің барлығы байқалады.

Оқушылар сұрақтарға жазбаша жауап береді, топпен ауызша бірін бірі толықтырады:

 

 

Тест 1. Жануарларды зерттейтін ғылым саласы

А) ботаника в) зоология С) гельминтология Д) Анатомия

2. Жүйелеудің атасы деген атқа ие болған кім? А) Бленвиль в) Аристотель С) Линней Д) Ламарк

3. Жүйелеудің ең кіші өлшем бірлігі А) тұқымдас в) дүние С) класс Д) түр

4. Класс ұғымын енгізген кім? А) Бленвиль в) Турнефор С) Линней Д) Ламарк 5. Төменгі сатыдағы жануарларды тап. А) қандауырша в) құстар С) сүтқоректілер Д) балықтар 6. Омыртқасыз жануарларды тап А) жорғалаушы в) қосмекенділер С) бунақденелілер Д) қабықтылар

7. Ғаламшарымыздағы жануарлар саны А) 1млн в) 1,5млн С) 1,5мың Д) 1мың

8. Барлық жануарларды белгілі тәртіпке сәйкестендіріп, ретке келтіру қалай аталады? А) Жіктеу в) Жүйелеу С) топтау Д) Біріктіру

9. Жүйелеудегі ең жоғарғы өлшем бірлігі А) тұқымдас в) дүние С) класс Д) түр

10. Жануарларды аңдар, құстар, балықтар, киттер, бунақденелілер деп бөлген кім? А) Бленвиль в) Аристотель С) Линней Д) Ламарк V. Жұмбақ жануарлар

1. Аңыз бойынша бұл құстар періштелерді көргенде белгілі бір дыбыс шығарып, адамдарға белгі береді екен. (қораз)

2. Бұл үй жануары Библияда аты аталмаған жалғыз жануар, бірақ суретші Альбрехт Дюрер бұл үй жануарын Адам ата мен Хауа ананың аяқ жағында бейнелеген. Ресейде Мәскеу көпестері бұл жануарды семіртіп сайысқа қатыстырған. (Мысық)

3. Бұл құс Жаңа Зеландия символдарының бірі және дәл осылай аталатын өсімдік бар. Жемісін жеуге болады. (Киви)

4. Бұл таңғажайып секіруші аңға құйрығы денесін біркелкі ұстауға көмектеседі. (Кенгуру)

5. Бұл табиғатта маңызы зор біржасушалы жануар. Тұщы су қоймаларында мекендейді. (Кірпікшелі кебісше)

3

7 мин

ІІ.Түсіну          

Зоология зерттеу мақсатына байланысты бірнеше салаларға бөлінеді: жануарлар жүйеленімі, жануарлар морфологиясы, жануарлар анатомиясы, жануарлар эмбриологиясы, жануарлар гистологиясы, жануарлар физиологиясы, жануарлар генетикасы, жануарлар палеозоологиясы және зоогеография. Сондай-ақ зерттейтін объектілеріне қарай зоологияның: протозоология, энтомология болып бөлінеді

Оқушылар Зоология ғылымының салаларын талдайды

оқулық

4

10 мин

ІІІ. Қолдану

Оқушылар берілген тақырыптар бойынша топпен жұмыс жасайды.

Тақырыптық тапсырма:

1-топ. Тақырып бойынша  әңгіме құрастыру

2-топ. Тақырып бойынша  сурет салу.

3-топ. Өсімдіктер дүниесімен байланыстырып Венн диаграммасын құру

 

оқулық

5

2 мин

«Сергіту сәті»

 


Бейнеролик

6

8 мин

ІV. Талдау

«Серпілген сауал» әдісі

Тақырыптың түсіну деңгейін арттыруға және талқылау дағдыларын дамытуға қол жеткізу үшін сыныптағы оқушылардың арасында сұрақтарды лақтырылады.

Берілген сұраққа әр оқушы жеке жауап береді, уақытқа орындайды, бір-бірінін жауаптарын тыңдап, (кателерін) талдайды. Дәптерлеріне кесте сызып, оны толтырады.  

оқулық

7

3 мин

V. Жинақтау.

1.Зоология дегеніміз не?

2.Зоологияның ботаникадан ұқсастығы мен айырмашылығын атаңдар

3.Биология ғылымының қандай салалары бар?

4.Қазақстанда мекендейтін қандай жануарларды білесің?

Оқушылар жаңа тақырыпты қорытындылайды

 

8

3 мин

VІ. Бағалау.

Бағалау парақшасы арқылы бағаланады

Бір-бірін бағалайды

 

9

2 мин

Кері байланыс.

Білемін

Білдім

Білгім келеді










Үйге тапсырма:

§ 1 оқу


 

 





01 Ақпан 2023
405
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі