Ұйымдастыру кезеңі (17
мин)
|
Оқушылармен амандасу
Оқушыларды сабаққа дайындау,
көңіл-күйін тексеру.
Көңіл-күйін көтеру үшін психологиялық жаттығу: «Күлкі
сыйла» ойыны (әр оқушы өз кезегінде бір адамды күлдіруге
тырысады).
Мұғалім сөзі:
Құрметті
оқушылар, бүгінгі тәрбие сағатымыздың тақырыбы —
"Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ". Бұл тақырып біздің әрқайсымыз
үшін өте маңызды, өйткені әрбір бала сүйіспеншілік, қамқорлық пен
түсіністікке лайық. Біз бүгін зорлық-зомбылықтың не екенін, оның
адам өміріне қандай әсер ететінін, сондай-ақ, зорлық-зомбылықтың
алдын алу үшін не істей алатынымызды талқылаймыз.Зорлық-зомбылық
тек физикалық күш қолдану ғана емес. Ол адамның жан дүниесіне,
эмоцияларына да әсер етуі мүмкін. Мысалы, психологиялық немесе
эмоционалды зорлық-зомбылық – бұл қорқыту, теріс сөздер, мазақ ету
немесе махаббат пен қамқорлықтың жоқтығы. Балалар үшін мұның бәрі
өте ауыр. Сондықтан біз бір-бірімізді құрметтеп, бір-бірімізге
сүйіспеншілікпен қарауымыз керек.
Оқушылардан «Зорлық-зомбылық
деген не?» деп сұрау. Бұл сұраққа әр оқушы жауап береді, кейін
мұғалім оқушылардың жауаптарына қосымша ақпарат қосады.
Зорлық-зомбылықтың түрлі
формалары мен оны болдырмау жолдарын түсіндіру.
|
Оқушылар мұғаліммен
сәлемдеседі.
Психологиялық ахуал қалыптастыру үшін «Күлкі
сыйла» жаттығуына қатысады: әр оқушы кезекпен бір адамды күлдіруге
тырысады.
Сабаққа толық дайындалып,
тыңдайды.
Мұғалімнің «Зорлық-зомбылық деген не?» деген
сұрағына жауап
береді.
Оқушылар өз пікірлерін ортаға салып, бір-бірінің
ойларымен бөліседі.
Бұл кезеңде әр оқушы зорлық-зомбылықтың қандай
түрлері бар екенін, оның салдары туралы өз ойларын
айтады.

|
Бейнемазмұн (зорлық-зомбылықтың түрлері мен
алдын алу туралы түсіндірмелі
видео).
Ақ қағаз, маркерлер.
|
Сабақ ортасы (10
мин)
|
Қауіпсіздік сабақ
«ДЕНСАУЛЫҚТЫ САҚТАЙТЫН ӘДЕТТЕР»
Сабақтың мақсаты: салауатты өмір салтының пайдасы туралы және
денсаулықты күтуді үйрету.
Сабақтың міндеті:
1)дұрыс тамақтану принциптерін дамыту;
2)қандай тағамдық қоспалардың зиянды екенін
анықтау;
3)балаларды топпен жұмыс істеуге
үйрету.
Құрал-жабдықтар: презентация, парақтар, қаламдар,
проектор, компьютер.
Сабақ барысы Кіріспе (2 минуты) Негізгі бөлім (6
минут)
Зерттеу жұмысын өткізу.
Сынып топтарға бөлінеді. Зерттеу жұмыстары
жүргізіледі. Әр топта денсаулыққа зиян келтіретін өнімдер жайлы
зерттеу жұмысын жүргізген оқушылар өздерінің зерттеу жұмыстарымен
бөліседі.
Қорытынды (2 минут)
Сабақты
қорытындылау
Денсаулыққа не зиян екенін есте сақтау керек және
денсаулықты сақтау ережелерін қайталау керек.
Пайдалы
сілтемелер: https://youtu.be/sXN8vhXzEz8?si=Vc_teoFhifClwsCc
https://www.youtube.com/watch?v=jWklhxwlxmA
|
1- топ: Бір қорап сүтті зерттедік. Құрамында
тағамдық қоспалар жоқ және жарамдылық мерзімі өткен жоқ. Бұл
пайдалы өнім.
2- топ: Шаян еті. Біз одан зиянды E120, E160c
бояғыштарын, E621, E631 хош иістендіргіштерін таптық. Олар теріге
зиянды және ішектің бұзылуын тудырады. Бұл қауіпті
өнім.
3- топ: «Кириешки» крекер. Дәмді күшейткіштер
E627, E631 анықталды. Олар ішектің бұзылуын тудырады. Қауіпті өнім,
бірақ көптеген оқушылар оларды жиі пайдаланады. Бұл туралы ойлануға
тұрарлық.
4- топ: Газдалған сусын «Эстрагон». Бұл ең
қауіпті өнім. Оның құрамында қатерлі ісік тудыратын антиоксидант
E330, тәттілендіргіштер E954 - қатерлі ісік, E952 - тыйым салынған,
E102 бояуы қауіпті. Бұл өнімді жеуге
БОЛМАЙДЫ!
Денсаулықтың мықты болуы үшін дұрыстамақтануаса
маңызды!!!
|
|
Ортасы (15
мин)
|
Мағынаны тану:
Бүгін біз
сіздермен осы мәселе туралы сөйлесіп, зиянды әрекеттерді болдырмау
жолдарын табамыз. Әрқайсымызда зорлық-зомбылықтың алдын алуға
көмектесетін күш бар. Сонымен қатар, өз құқықтарымызды білу және
қорғау өте маңызды. Әр бала да өзіне қауіпсіз және әділ өмір сүруге
құқылы.Сабақ барысында біз зорлық-зомбылықтың түрлі түрлерін
қарастырамыз, оның салдарын талқылаймыз және осы мәселеге қарсы
тұру үшін не істей алатынымызды ойлап табамыз.Сіздердің ойларыңызды
тыңдауға қуаныштымын және бәріміз бірге зорлық-зомбылықсыз балалық
шақтың үлгісін қалай құра алатынымызды
анықтаймыз.
Зорлық-зомбылықтың түрлері:
Физикалық зорлық: соққы,
ұрып-соғу.
Психологиялық зорлық:
қорқыту, психологиялық қысым.
Эмоциялық зорлық: балаға
махаббат пен қамқорлықтың жоқтығы.
Зорлық-зомбылықтың балаларға ұзақ мерзімді әсері: өзін
төмен бағалау, сенімсіздік, депрессия және т.б.
Бейнемазмұн көрсету
(зорлық-зомбылықтың түрлері мен оның алдын алу туралы).
Тапсырма:
Оқушылар
топқа бөлініп, әр топ «Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» тақырыбында
шешімдер мен ұсыныстар дайындайды. Топтар өз ұсыныстарын сынып
алдында қорғап, талқылау жүргізіледі.
|
Мұғалімнің берген ақпараттарын тыңдайды,
бейнемазмұнды
қарайды.
Зорлық-зомбылықтың түрлерін (физикалық,
психологиялық, эмоционалды) және олардың балаларға тигізетін әсерін
талқылайды.
Оқушылар топқа бөлініп, зорлық-зомбылықтың алдын
алу жолдарын қарастырады.
Тапсырма кезеңі:
Топқа бөлініп, әр топ зорлық-зомбылықсыз
балалық шақ құру үшін ұсыныстар
дайындайды.
Топта жұмыс істеп, пікір алмасып, әрбір оқушы өз
пікірін білдіреді.
Топтың атынан бір оқушы өз ойларын сыныпқа
жариялайды.
. 
|
Бейнемазмұн
(зорлық-зомбылықтың түрлері мен алдын алу туралы түсіндірмелі
видео).
Ақ қағаз,
маркерлер.
|
Соңы
3
мин
|
Қорытынды:
Топтардың
жұмыстары тыңдалып, сыныппен бірге қорытынды шығарылады. Оқушылар
өздері қандай шараларды қолдану керектігін
айтады.
Үй тапсырмасы:
«Зорлық-зомбылықсыз балалық
шақ» тақырыбына эссе жазу.
|
Қорытынды кезеңі:
Оқушылар мұғалімнің қойған сұрақтарына жауап
береді: «Зорлық-зомбылықсыз балалық шақты қалай құра
аламыз?»
Топтардың ұсыныстарын тыңдап, сыныпта
талқылайды.
Оқушылар өздері ұсынған идеяларды қорытындылап,
өзара құрмет пен сыйластықтың маңыздылығын
түсінеді.
Үй тапсырмасы:
«Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» тақырыбына
эссе жазу үшін үй тапсырмасын
алады.
Әр оқушы эссесін жазуға дайындалады және өз
ойларын еркін білдіруге ұмтылады.
|
|