Абайдың қара сөздері
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
1 слайд
Орындады: 1-курс студенті
Иванова Альбина
Жетекшісі : қазақ тілі және
әдебиеті пәнінің мұғалімі
Жакенова А.С.
1 слайд
Орындады: 1-курс студенті Иванова Альбина Жетекшісі : қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі Жакенова А.С.
2 слайд
Мақсаты:
Абай Құнанбайұлының айтып өткен ақыл өсиеттерін
айта отырып, қазіргі жастардан адамгершілік және ар –
ұят мәселесін іздеу.
Міндеттері:
1. Зерттеу тақырыбына байланысты ғылыми
әдебиеттерді оқып, талдап, саралау.
2. Ұлы ойшылдың қара сөзіндегі ар – ұят, адамгершілік
туралы мәселені ашып көрсету.
3. Ойшылдың ойын жас ұрпаққа насихаттау.
2 слайд
Мақсаты: Абай Құнанбайұлының айтып өткен ақыл өсиеттерін айта отырып, қазіргі жастардан адамгершілік және ар – ұят мәселесін іздеу. Міндеттері: 1. Зерттеу тақырыбына байланысты ғылыми әдебиеттерді оқып, талдап, саралау. 2. Ұлы ойшылдың қара сөзіндегі ар – ұят, адамгершілік туралы мәселені ашып көрсету. 3. Ойшылдың ойын жас ұрпаққа насихаттау.
3 слайд
Гипотеза: Егер аға буын және отбасы жас буынның
тәрбиесіне жауапкершілікпен қараса, қазіргі
жастардың адамгершілік рухы жоғары болады.
Зерттеу әдістері: сауалнама жүргізу, жағдаяттарды
шешу және қорытынды шығару, ар – ұятты суреттеу,
ұят туралы ұрпақтар сабақтастығы.
Объектісі: Абайдың отыз алтыншы қара сөзі
Зерттеу пәні: Адамгершілік пен ар – ұят
Зерттеу мәселесі: Абай өз заманында жазып
қалдырған баға жетпес мұрасы бүгінгі және келес і
таңымыздағы жастарға ақыл - өсиет, тәлім – тәрбие
ретінде сабақ болады.
3 слайд
Гипотеза: Егер аға буын және отбасы жас буынның тәрбиесіне жауапкершілікпен қараса, қазіргі жастардың адамгершілік рухы жоғары болады. Зерттеу әдістері: сауалнама жүргізу, жағдаяттарды шешу және қорытынды шығару, ар – ұятты суреттеу, ұят туралы ұрпақтар сабақтастығы. Объектісі: Абайдың отыз алтыншы қара сөзі Зерттеу пәні: Адамгершілік пен ар – ұят Зерттеу мәселесі: Абай өз заманында жазып қалдырған баға жетпес мұрасы бүгінгі және келес і таңымыздағы жастарға ақыл - өсиет, тәлім – тәрбие ретінде сабақ болады.
4 слайд
Кіріспе
Абайдың адамгершілік идеалы, мұраты, принципі –
қысқаша ғана «Адам бол!» деген формула, тұжырым.
Адам болу – кісіліктің кісісі, шын мәнінде азамат болу,
қара бастың қамы, тіпті, бүкіл адамзаттың қамын
ойлайтын, «өзін - өзі зор тұтып», «надандарды
менсінбейтін», дүниеге әлем тұрғысынан қарайтын
Азамат адам болу. Абай қазақ жастарын желөкпе, әр
нәрсеге көрсеқызар болмай, өнерді үйренуге, табиғатты
тануға, ғылыми көзқарасқа негізделген тиянақты білім
алуға үндеді.
Жастардың мінез – құлық, адамгершілік тәрбиесіне
ерекше көңіл бөлген Абай: «Тез үйреніп, тез жайма,
Жас уақытта көңіл – гүл» деп жазған.
4 слайд
Кіріспе Абайдың адамгершілік идеалы, мұраты, принципі – қысқаша ғана «Адам бол!» деген формула, тұжырым. Адам болу – кісіліктің кісісі, шын мәнінде азамат болу, қара бастың қамы, тіпті, бүкіл адамзаттың қамын ойлайтын, «өзін - өзі зор тұтып», «надандарды менсінбейтін», дүниеге әлем тұрғысынан қарайтын Азамат адам болу. Абай қазақ жастарын желөкпе, әр нәрсеге көрсеқызар болмай, өнерді үйренуге, табиғатты тануға, ғылыми көзқарасқа негізделген тиянақты білім алуға үндеді. Жастардың мінез – құлық, адамгершілік тәрбиесіне ерекше көңіл бөлген Абай: «Тез үйреніп, тез жайма, Жас уақытта көңіл – гүл» деп жазған.
5 слайд
Абай – дана, Абай – дара қазақта
Абай (Ибрагим) Құнанбайұлы 1845 жылы қазіргі Шығыс
Қазақстан облысы Абай ауданы Қарабұлақ жайлауында
дүниеге келген. 1904 жылы Балашақпақ жайлауында
қайтыс болған. Бейіті Жидебайда. Ол – ұлы ақын,
философ, ағартушы, композитор. Ақынның арғы бабасы –
Олжай батыр. Олжайдан Айдос, Айдостан Ырғызбай,
Ырғызбайдан Өскенбай тарайды, Өскенбайдың әйелі
Зереден Құнанбай дүниеге келеді. Құнанбайдың әйелі
Ұлжаннан Абай дүниеге келеді. Абайдың үш әйелі
болған. Бәйбішесі Ділдәдән – Ақылбай, Әбдірахман,
Күлбәдән, Әкімбай, Мағауия, Райхан; екінші әйелі
Әйгерімнен – Тұрағұл, Мекайыл, Ізкайыл, Кенже,
барлығы жеті ұл, үш қыз сүйген. Әмеңгерлік жолмен
үйленген әйелі Еркежаннан ұрпақ көрген жоқ.
5 слайд
Абай – дана, Абай – дара қазақта Абай (Ибрагим) Құнанбайұлы 1845 жылы қазіргі Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданы Қарабұлақ жайлауында дүниеге келген. 1904 жылы Балашақпақ жайлауында қайтыс болған. Бейіті Жидебайда. Ол – ұлы ақын, философ, ағартушы, композитор. Ақынның арғы бабасы – Олжай батыр. Олжайдан Айдос, Айдостан Ырғызбай, Ырғызбайдан Өскенбай тарайды, Өскенбайдың әйелі Зереден Құнанбай дүниеге келеді. Құнанбайдың әйелі Ұлжаннан Абай дүниеге келеді. Абайдың үш әйелі болған. Бәйбішесі Ділдәдән – Ақылбай, Әбдірахман, Күлбәдән, Әкімбай, Мағауия, Райхан; екінші әйелі Әйгерімнен – Тұрағұл, Мекайыл, Ізкайыл, Кенже, барлығы жеті ұл, үш қыз сүйген. Әмеңгерлік жолмен үйленген әйелі Еркежаннан ұрпақ көрген жоқ.
6 слайд
Көркемсө
з шеберіФилософ Көркем
әдебиетті
ң қазығыҰлы
ақын
Аударма
шы
Ғалым Композито
р
Күй
ші
6 слайд
Көркемсө з шеберіФилософ Көркем әдебиетті ң қазығыҰлы ақын Аударма шы Ғалым Композито р Күй ші
7 слайд
Білім алған жері және шығармашылығы
Абай Ескітам қонысында әкесі ашқан медреседе, оқып, ауыл молдасы
Ғабитханнан дәріс алған. Әкесі Абайды он жасқа толған соң, Семейдегі
Ахмет Риза медресесіне береді. Онда үш жыл оқиды. Медресенің үш
жылында Абай осы қаладағы «Приходская школаға» да қосымша түсіп, онда
үш ай орысша оқиды. Осы жылдары шығыс классиктері Низами, Сағди,
Қожа Хафиз, Жәми еңбектерін оқыса, екінші жағынан А. С. Пушкин, А. И.
Герцен, И. А. Крылов, Ф. М. Чернышевский мұраларын оқып таныс болған,
Батыс Еуропа әдебиетінен Гете, Дж. Байрон сияқты ақындарды оқып, түрлі
ғылым салалары бойынша зерттеулер жүргізді. Есейген шағында солардың
ішіндегі өзіне әсері болған кесек туындыларын қазақ тіліне аударады. Абай
өлең жазуды он жасында бастаған («Кім екен деп келіп ем түйе қуған...»)
«Сап, сап, көңілім», «Шәріпке», «Абыралыға», «Жақсылыққа», «Кең
жайлау» өлеңдері 1870 - 80 жылдар аралығында жазылған. Ақындық қуатын
танытқан үлкен шығармасы – «Қансонарда» 1882ж. жазылған.
7 слайд
Білім алған жері және шығармашылығы Абай Ескітам қонысында әкесі ашқан медреседе, оқып, ауыл молдасы Ғабитханнан дәріс алған. Әкесі Абайды он жасқа толған соң, Семейдегі Ахмет Риза медресесіне береді. Онда үш жыл оқиды. Медресенің үш жылында Абай осы қаладағы «Приходская школаға» да қосымша түсіп, онда үш ай орысша оқиды. Осы жылдары шығыс классиктері Низами, Сағди, Қожа Хафиз, Жәми еңбектерін оқыса, екінші жағынан А. С. Пушкин, А. И. Герцен, И. А. Крылов, Ф. М. Чернышевский мұраларын оқып таныс болған, Батыс Еуропа әдебиетінен Гете, Дж. Байрон сияқты ақындарды оқып, түрлі ғылым салалары бойынша зерттеулер жүргізді. Есейген шағында солардың ішіндегі өзіне әсері болған кесек туындыларын қазақ тіліне аударады. Абай өлең жазуды он жасында бастаған («Кім екен деп келіп ем түйе қуған...») «Сап, сап, көңілім», «Шәріпке», «Абыралыға», «Жақсылыққа», «Кең жайлау» өлеңдері 1870 - 80 жылдар аралығында жазылған. Ақындық қуатын танытқан үлкен шығармасы – «Қансонарда» 1882ж. жазылған.
8 слайд
Абай Құнанбаевтың қара сөзіндегі «Адам болу
мәселесі»
Абайдың қара сөздері
Абайдың философиялық, көркемдік, әлеуметтік
гуманистік және дінге көзқарастары терең білінген
еңбегі – қара сөздері.
Абайдың қара сөздері ұлы ақынның сөз өнеріндегі
көркемдік қуатын, философиядағы даналық
дүниетанымын даралап көрсететін классикалық
стильде жазылған прозалық шығармасы. Абайдың
толық жинағында 1890 жыл мен 1898 жыл
арасында жазылған бір алуан шығармалары бар.
Жалпы саны қырық бес бөлек шығарма.
8 слайд
Абай Құнанбаевтың қара сөзіндегі «Адам болу мәселесі» Абайдың қара сөздері Абайдың философиялық, көркемдік, әлеуметтік гуманистік және дінге көзқарастары терең білінген еңбегі – қара сөздері. Абайдың қара сөздері ұлы ақынның сөз өнеріндегі көркемдік қуатын, философиядағы даналық дүниетанымын даралап көрсететін классикалық стильде жазылған прозалық шығармасы. Абайдың толық жинағында 1890 жыл мен 1898 жыл арасында жазылған бір алуан шығармалары бар. Жалпы саны қырық бес бөлек шығарма.
9 слайд
Абай өзінің қара сөздерінде шығарманың ажарына
ғана назар аударып қоймай, оның тереңдігіне,
логикалық мәніне зер салған. Абайдың қара
сөздеріндегі гуманистік, ағартушылық, әлеуметтік
ойлары дін туралы пікірлермен бірігіп, тұтас бір
қазақ халқының философиялық пікірлерімен бірігіп,
философиялық тұжырымдамасын құрайды. Абай қара
сөздері көбінесе барлық жайлардан өзі сөз бастап, өзі
әңгіме дүкен құрып отырған болады. Абайдың қара
сөздері орыс, қытай, француз т. б. көптеген әлем
тілдеріне аударылды. «Қара сөздер» деген атау өлең
сөзден бөлек шығарма мағынасын білдіреді. Өлең
өнерін қазақ қара сөз демейді. Қара сөз «проза» деген
мағынада айтылған. Қара сөз еркін ой білдіру
формасы.
9 слайд
Абай өзінің қара сөздерінде шығарманың ажарына ғана назар аударып қоймай, оның тереңдігіне, логикалық мәніне зер салған. Абайдың қара сөздеріндегі гуманистік, ағартушылық, әлеуметтік ойлары дін туралы пікірлермен бірігіп, тұтас бір қазақ халқының философиялық пікірлерімен бірігіп, философиялық тұжырымдамасын құрайды. Абай қара сөздері көбінесе барлық жайлардан өзі сөз бастап, өзі әңгіме дүкен құрып отырған болады. Абайдың қара сөздері орыс, қытай, француз т. б. көптеген әлем тілдеріне аударылды. «Қара сөздер» деген атау өлең сөзден бөлек шығарма мағынасын білдіреді. Өлең өнерін қазақ қара сөз демейді. Қара сөз «проза» деген мағынада айтылған. Қара сөз еркін ой білдіру формасы.
10 слайд
Абай қара сөздері тақырып жағынан бірнеше топқа бөлуге
болады:
Абайдың
қара
сөздеріДүниенің
тылсым
сырларын тану:
Надандық,
жалқаулық
т.б. сынау:Ар-ұят,
адамгершілік:
Еңбек:
Қазақ
мақалдары: Қазақтардың
мінез-құлқы: Ғылым, білім,
өнер:
10 слайд
Абай қара сөздері тақырып жағынан бірнеше топқа бөлуге болады: Абайдың қара сөздеріДүниенің тылсым сырларын тану: Надандық, жалқаулық т.б. сынау:Ар-ұят, адамгершілік: Еңбек: Қазақ мақалдары: Қазақтардың мінез-құлқы: Ғылым, білім, өнер:
11 слайд
Абайдың
қара
сөздеріДүниенің
тылсым
сырларын тану:
7,19,31,38,43 Надандық,
жалқаулық
т.б. сынау:
3,6,8,11,18Ар-ұят,
адамгершілік:
5,9,36,11,18,24,40
33
Еңбек:
2,4,25,42
Қазақ
мақалдары:
5,6,37,39 Ғылым, білім,
өнер:
23,32,33 Осы тақырыптық топтар бойынша қара сөздерін
жіктеп көрейік
11 слайд
Абайдың қара сөздеріДүниенің тылсым сырларын тану: 7,19,31,38,43 Надандық, жалқаулық т.б. сынау: 3,6,8,11,18Ар-ұят, адамгершілік: 5,9,36,11,18,24,40 33 Еңбек: 2,4,25,42 Қазақ мақалдары: 5,6,37,39 Ғылым, білім, өнер: 23,32,33 Осы тақырыптық топтар бойынша қара сөздерін жіктеп көрейік
12 слайд
Қара сөзіндегі – адамгершілік бастауы
Адамзат тарихында адамгершілікке байланысты пайда
болған категоряларға мыналар жатады.: жомарттық,
батырлық, ерлік, әділдік, кішіпейілділік, адалдық,
шыншылдық, ұяттылық, ар мен намыс.
Адамның адамгершілігі – оның жоғары қасиеті, былайша
айтсақ, кісілігі. Оның негізгі белгілерінің бірі – адамдық ар
– намысты ардақтау, әр уақытта жақсылық жасауға ұмтылу,
соған дайын болу, «Өзің үшін еңбек қылсаң, - дейді Абай, -
өзі үшін оттанған хайуанның бірі боласың. Досыңа достық
– қарыз іс, дұшпаныңа әділ бол». Ақылды, мейірімді адам
кез келген уақытта өзгенің жақсылығын бағалағыш болып
келеді. Арлы адам – ардақты. Біздің ортамызға осы
сапаларды бойына сіңіріп қана қоймай, өзінің қоршаған
ортаға таратушы болуың керек. Осындай өз сапаларымен
жас ұрпақты тәрбиелеуші ұстаздар аз емес. Адамгершілігі
мол адам - басқаларға қашан да үлгі - өнеге.
12 слайд
Қара сөзіндегі – адамгершілік бастауы Адамзат тарихында адамгершілікке байланысты пайда болған категоряларға мыналар жатады.: жомарттық, батырлық, ерлік, әділдік, кішіпейілділік, адалдық, шыншылдық, ұяттылық, ар мен намыс. Адамның адамгершілігі – оның жоғары қасиеті, былайша айтсақ, кісілігі. Оның негізгі белгілерінің бірі – адамдық ар – намысты ардақтау, әр уақытта жақсылық жасауға ұмтылу, соған дайын болу, «Өзің үшін еңбек қылсаң, - дейді Абай, - өзі үшін оттанған хайуанның бірі боласың. Досыңа достық – қарыз іс, дұшпаныңа әділ бол». Ақылды, мейірімді адам кез келген уақытта өзгенің жақсылығын бағалағыш болып келеді. Арлы адам – ардақты. Біздің ортамызға осы сапаларды бойына сіңіріп қана қоймай, өзінің қоршаған ортаға таратушы болуың керек. Осындай өз сапаларымен жас ұрпақты тәрбиелеуші ұстаздар аз емес. Адамгершілігі мол адам - басқаларға қашан да үлгі - өнеге.
13 слайд
Қара сөздердегі тәрбиелік мәселе
Абай қара сөздеріндегі тәрбиелік мәселе өте зор.
Ойшылдың отыз алтыншы қара сөзінде шын ұят –
шариғатқа теріс, ақылға теріс, абыройлы бойға теріс бар
делінген. Сол сияқты бір ұят бар – надандықтың ұяты,
жас бала сөз айтуға ұялған секілді жақсы адамның
алдында жазықсыз – ақ әншейін барып жолығысудан
ұялған секілді. Надандықтан бойын керістендіріп,
шешілмегендік қылып, ұялмас нәрседен ұялған ұялу –
ақымақтық, жамандық.
13 слайд
Қара сөздердегі тәрбиелік мәселе Абай қара сөздеріндегі тәрбиелік мәселе өте зор. Ойшылдың отыз алтыншы қара сөзінде шын ұят – шариғатқа теріс, ақылға теріс, абыройлы бойға теріс бар делінген. Сол сияқты бір ұят бар – надандықтың ұяты, жас бала сөз айтуға ұялған секілді жақсы адамның алдында жазықсыз – ақ әншейін барып жолығысудан ұялған секілді. Надандықтан бойын керістендіріп, шешілмегендік қылып, ұялмас нәрседен ұялған ұялу – ақымақтық, жамандық.
14 слайд
14 слайд
15 слайд
Сауалнама
Имандылық пен ар – ұят арасында байланыс бар екенін
және ар – ұят қазіргі заманда керек пе екенін анықтау
үшін колледж студенттер і арасында сауалнама өткіздім.
Сауалнама нәтижесі бойынша оқушылар ар - ұят пен
имандылықтың арасында байланыс бар екенін білді.
Қазіргі заманда ар – ұят қажет деп санайды.
Сауалнамада Абайдың қара сөзіндегі «Сендер біреудің
жаман іс істеп жатқанын көрсеңдер ұялар ма едіңдер?»
деген сұраққа ерекше көңіл бөлдік. Осы сұраққа қатысқан
студенттердің 98 пайызы «иә» деген жауап берді.
Сауалнамадан біз колледж студенттерінің ар – ұят және
имандылық туралы түсініктері бар екеніне көз жеткіздік.
Сауалнаманың нәтижесінде біздің жас ұрпақтарымызға ар
– ұят керек жерлерді анықтадым.
15 слайд
Сауалнама Имандылық пен ар – ұят арасында байланыс бар екенін және ар – ұят қазіргі заманда керек пе екенін анықтау үшін колледж студенттер і арасында сауалнама өткіздім. Сауалнама нәтижесі бойынша оқушылар ар - ұят пен имандылықтың арасында байланыс бар екенін білді. Қазіргі заманда ар – ұят қажет деп санайды. Сауалнамада Абайдың қара сөзіндегі «Сендер біреудің жаман іс істеп жатқанын көрсеңдер ұялар ма едіңдер?» деген сұраққа ерекше көңіл бөлдік. Осы сұраққа қатысқан студенттердің 98 пайызы «иә» деген жауап берді. Сауалнамадан біз колледж студенттерінің ар – ұят және имандылық туралы түсініктері бар екеніне көз жеткіздік. Сауалнаманың нәтижесінде біздің жас ұрпақтарымызға ар – ұят керек жерлерді анықтадым.
16 слайд
16 слайд
17 слайд
Қорытынды
Абай Құнанбаевтың жазған қара сөздерінің тәрбиелік мәні өте
зор. Біз одан үлкен ғибрат аламыз. Әр сөзі терең ойға, өзіңді,
ортаңды тануға, жақсы қасиеттерді бойыңа дарытуға,
жаманнан аулақ болуға жетелейді.
Өмірде ар – ұят пен иманды қатар ұстау керек. Сонда адам
баласы артына жақсы ұрпақ қалдырады. Ұят пен иман – адам
өмірінің негізгі қасиеттерінің бірі. Адам баласының бақыты
оның ар – ұяты таза болуында.
Адамгершілік қасиеттер отбасында, қоршаған ортада, балалар
бақшасында, мектепте, адамдардың іс - әрекетінің барысында
бір – бірімен араласуы нәтижесінде, қоғамдық тәжірибе алуын
өмірмен байланыстыру арқылы қалыптасады. Халықта: «Ұяда
не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» деген мақал бар. Сондықтан
адамгершіліктің іргетасы отбасында басталады.
17 слайд
Қорытынды Абай Құнанбаевтың жазған қара сөздерінің тәрбиелік мәні өте зор. Біз одан үлкен ғибрат аламыз. Әр сөзі терең ойға, өзіңді, ортаңды тануға, жақсы қасиеттерді бойыңа дарытуға, жаманнан аулақ болуға жетелейді. Өмірде ар – ұят пен иманды қатар ұстау керек. Сонда адам баласы артына жақсы ұрпақ қалдырады. Ұят пен иман – адам өмірінің негізгі қасиеттерінің бірі. Адам баласының бақыты оның ар – ұяты таза болуында. Адамгершілік қасиеттер отбасында, қоршаған ортада, балалар бақшасында, мектепте, адамдардың іс - әрекетінің барысында бір – бірімен араласуы нәтижесінде, қоғамдық тәжірибе алуын өмірмен байланыстыру арқылы қалыптасады. Халықта: «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» деген мақал бар. Сондықтан адамгершіліктің іргетасы отбасында басталады.
18 слайд
18 слайд