Материалдар / Футбол терминдері

Футбол терминдері

Материал туралы қысқаша түсінік
күнделікті сабаққа
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
img_page_1
02 Қараша 2020
1610
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Материалдың қысқаша түсінігі
Сабақ тақырыбы: Футбол. Футбол терминдері Сабақтың мақсаты: Оқушыларға футбол терминдері және олардың мәні туралы түсінді

1 слайд
Сабақ тақырыбы: Футбол. Футбол терминдері Сабақтың мақсаты: Оқушыларға футбол терминдері және олардың мәні туралы түсіндіру. Сыныбы:5Күні: 02.11.2020ж «Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімі №15 мектеп-гимназиясы » коммуналдық мемлекеттік мекемесі Е ТАРАЗ-2020

Футбол ойынының қауіпсіздік ережелері:  Ойын барысында даурығып айқайлауға болмайды, бірақ ойыншы әріптесіне белгі беруге бола

2 слайд
Футбол ойынының қауіпсіздік ережелері:  Ойын барысында даурығып айқайлауға болмайды, бірақ ойыншы әріптесіне белгі беруге болады.  Ойынға төрешілік етушінің ескертпесін ойыншылар мүлтіксіз орындауға тиісті.  Допты алып бара жатқан қарсыласты қуып жеткен жағдайда, оның аяғын емес, допты тебу арқылы тартып алуға болады.  Төрешінің берген белгісін естіген сәтте ойынды тоқтату керек.  Жүгіріп бара жатқан қарсыласты артынан келіп итеріп жіберуге, шалуға болмайды.  Допқа таласқанда қарсылас ойыншыны итеруге болмайды.  Қандай жағдайда болмасын, қақпашыға тиісуге болмайды.  Дөрекілік жасау футболшыға жат құбылыс.  Ауа райына қарай ойынға киетін спорт киімдері өзгереді .

Футболдың арнайы дене жаттығуларын жасау Ойыншының тұру қалпы, футболшы қалпында қозғалу: бір бүйірмен аяқты тіркестіре қозғал

3 слайд
Футболдың арнайы дене жаттығуларын жасау Ойыншының тұру қалпы, футболшы қалпында қозғалу: бір бүйірмен аяқты тіркестіре қозғалу, бетті қаратып және арқамен жүгіру, жылдамдықты және бағытты өзгертіп жүгіру. Допты аяқпен соғу. Аяқтың ішкі жағымен және үстердің ортаңғы бөлігімен қозғалыссыз тұрған және сырғып келе жатқан допты соғу. Допты тоқтату. Допты аяқтың ішік жағымен және өкшемен тоқтату. Ұшып келе жатқан допты жерге түсіру. Доппен қозғалу. Тура бағыт бойынша, бағытты және жылдамдықты өзгертіп доппен қозғалу. Орташа қарқында тура бағытпен және доға бойынша доппен қозғалу. Алдау әрекеттері (финттер). Қақпашының ойыны. Қақпашының ойын техникасы(допты төменнен, жоғарыдан, құлап қағып алу, қағып жіберу, өткізіп жіберу). Допты беру. Бір орыннан пас беру (көлденеңінен, тігінен, диагоналмен, төмен, биік). Қозғалыс кезінде пас беру.

Футбол терминдерін қаншалықты білесіз? Футболдың өзі үлкен ғылым. Ойынға байланысты көптеген терминдер бар. Оны жанкүйерл

4 слайд
Футбол терминдерін қаншалықты білесіз? Футболдың өзі үлкен ғылым. Ойынға байланысты көптеген терминдер бар. Оны жанкүйерлер біле бермеуі де мүмкін.  Сіз қанша рет футбол терминдерін естідіңіз және олардың мағынасын түсінбедіңіз бе? Осыны анықтайық. Алғаш рет Ұлыбританияда футбол ережелері 1848 жылы Кембриджде айтылды. 9 жылдан кейін Шеффилдте алғашқы клуб ұйымдастырылды. Таңқаларлық емес, әлемдегі негізгі футбол терминдері әлі күнге дейін ағылшын тілінде айтылады. Егер сіз не екенін әлі түсінбеген болсаңыз, онда футбол жанкүйерінің сөздігін оқыңыз. Одан сіз экстра-офсайд, бұрыш пен пенальтидің қандай екенін, төреші мен қақпашының арасындағы айырмашылықты және т.с.с. білетін боласыз.

ФУТБОЛ ТЕРМИНДЕРІ. Матч – футбол ойыны. Стадион — футбол ойыны өтетін спорт кешені. Трибуна — жанкүйерлер ойын қарай алат

5 слайд
ФУТБОЛ ТЕРМИНДЕРІ. Матч – футбол ойыны. Стадион — футбол ойыны өтетін спорт кешені. Трибуна — жанкүйерлер ойын қарай алатын аймақ. Тайм — ойынның 2 бөлігінің бірі. Әр тайм 45 минуттан тұрады . Команда — бірнеше футболшыдан құралған спортшылар қауымдастығы. Ұлттық құрама — бір мемлекеттің түрлі командаларынан жиналған ең үздік ойыншыларынан құралған құрамасы. Негізгі құрам — ойынға шығатын алғашқы 11 футболшыдан құралған тізім. Қосалқы құрам — негізгі 11-ге кірмеген футболшылар тізімі. Бас бапкер — жаттықтырушы ағайлардың бастығы, команда нәтижесіне жауап беруші. Үзіліс — 1-ші таймнан кейінгі 15 минуттық үзіліс. Бутса — футболшылардың киетін аяқ киімі. Гол — доптың қақпа сызығынан ішке өтуі.

Автогол — футболшының өз қақпасына гол салуы. Ондай да болады, күлмеңіз. Пас — ойыншының допты командаласына аман-есен жеткіз

6 слайд
Автогол — футболшының өз қақпасына гол салуы. Ондай да болады, күлмеңіз. Пас — ойыншының допты командаласына аман-есен жеткізу амалы. Қақпа — тіктөртбұрыш пішінді, 2 баған және бір маңдайшасы бар, темірден жасалған, ақ түсті конструкция. Футболшылар допты осының ішіне кіргізуге тырысады. Стандарт өлшемі: 7,32 х 2,44. Голкипер (қақпашы) — қарсылас командадан қақпаны қорғап тұратын футболшы, өз алаңында қолмен ойнай алады. Қорғаушы — артқы шепте тұратын, қақпаны шабуылдардан қорғап тұратын футболшы. Жартылай қорғаушы – хав, хавбек деп те аталады. Жартылай қорғаушы немесе жартылай шабуылдаушы. Орта шепте ойнайды. Шабуылшы — алдыңғы шепте ойнайтын футболшы, негізгі жұмысы — гол соғу. Плеймейкер — команданың миы. Ойын құрушы. Шабуылдарды бастаушы. Капитан — алаңдағы ойыншылардың ағайы. Легионер — шетелден келген ойыншы. Әдетте жергілікті футболшылардан қатты ойнайды және көп ақша алады. Тоғыздық – қақпаның жоғарғы 2 бұрышы. Бұл жерге тебілген допты әдетте қақпашылар шығара алмайды. Сондықтан да бұл жерге кірген голдар ерекше мәртебеге ие. Негізгі уақыт — 90 минут.

Қосымша уақыт — ойынның негізгі уақытына қосылған уақыттар. Ойын кезінде жарақат алу, гол қуанышы, ойыншы алмасуы немесе басқа

7 слайд
Қосымша уақыт — ойынның негізгі уақытына қосылған уақыттар. Ойын кезінде жарақат алу, гол қуанышы, ойыншы алмасуы немесе басқа да түрлі оқиғаларды кесірінен төреші аздап қосымша уақыт қосады. Экстра-тайм — плей-офф сынды кубок немесе турнирлерде ойын тең аяқталған сәтте төреші 15 минуттан қосымша 2 тайм ойнатады. Бұл сол. 3 ұпай — жеңіске берілетін ұпай саны. 1 ұпай — тең ойынға берілетін ұпай саны. Турнир кестесі — жарыстағы командалардың ойын, жеңіс, тең ойын, жеңіліс, гол саны және ұпайларын реттік бойынша көрсететін әдемі кесте. Дриблинг – футболшының допты түрлі маневрлар арқылы өзімен бірге ұзақ қашықтыққа алып жүре алуы. Қазіргі футболда сирек кездессе де кейде болып тұрады. Финт — футболшының қарсыласын әдемі қимылдар алдап өтуі. Прессинг — қарсыласқа пас алмасуға немесе жаңа шабуыл жасауға мүмкіндік бермеу амалдары. Камбэк — ірі есеппен ұтылып жатып ойынды тең аяқтау немесе ұту. Антифутбол — іш пыстырарлық қызық емес ойын, бір команданың екінші жақты ойнатпауы, өзі де адам құсап ойнамауы. Трансфер — бір футболшының басқа командаға ауысуы. Жұмыс қой енді ол да, ақшасы аз болады, бастықтармен келіспей қалады, тұрған жері ұнамайды дегендей.

Дерби — бір бірімен бәсекелес көрші командалардың ойыны, әдетте бір қаланың немесе аймақтың қос мықты командасына қатысты айт

8 слайд
Дерби — бір бірімен бәсекелес көрші командалардың ойыны, әдетте бір қаланың немесе аймақтың қос мықты командасына қатысты айтылады. Мундиаль — Әлем Чемпионаты. 4 жылда бір өтеді. Әлемнің ең мықты 32 командасы қатысады. Еуро — Еуропа Чемпионаты. 4 жылда бір өтеді. Тек Еуропа елдері қатысады. Чемпиондар Лигасы — Еуропаның мықты командалары қатысатын турнир . Еуропа Лигасы — Еуропаның ортаңқол командалары жарыстаын турнир. Чемпионат — бірнеше командадан құралған жарыс түрі. Біріншілік деп те аталады. Лига — чемпионаттағы түрлі ерекшеліктерге байланысты бөлінген топтар. Премьер лига , 1-ші лига, 2-лига деп бөлінеді. Кей елдерде серия, дивизия. ҚПЛ — Қазақстан чемпионаты. АПЛ — Англия чемпионаты. Ла лига — Испания чемпионаты. Бундеслига — Германия чемпионаты. Жолдастық кездесу — ресми ұпай берілмейтін, ешқандай турнирлік күші жоқ, жәй матч түрі. Маусым арасындағы кездесулер спарринг матч деп те аталады. Айып алаңы - қақпашының қолымен ойнауға мүмкіндік беретін қақпа алдындағы алаң. Айып алаңындағы ойыншылардың өз қақпасының кез-келген ережелерін бұзуы айыппұлмен жазаланады. Айып добы - допты қолмен әдейі тигізгені үшін және өрескел тәсілдерді қолданғаны үшін тағайындалатын жаза.

Офсайд — ойыннан тыс қалу. Пастан бұрын қарсыластың соңғы қорғаушысы мен қақпашысының ортасында тұрып қалу. Түсіндірілуі қиын

9 слайд
Офсайд — ойыннан тыс қалу. Пастан бұрын қарсыластың соңғы қорғаушысы мен қақпашысының ортасында тұрып қалу. Түсіндірілуі қиын ұғым. Жігітіңіз оффсайд десе, демек — оффсайд. Келісіңіз. Пенальти – 11 метрлік айып добы. Ойын ішінде айып алаңында тәртіп бұзылған жағдайда тебіледі. Кей турнирлерде тең ойыннан кейін екі жақ бес бестен тебеді. Қабырға – қарсылас айып добын тебер алдында бірнеше ойыншы оның алдында «қабырға» құрып тұрады. Автобус - бұл қорғаныс тактикалық схемасы, оның мақсаты сыртқы қақпаны бүкіл командамен қорғау, қарсы шабуылдарға аз көңіл бөлінеді. Эмблема - бұл футбол клубының шартты немесе символдық бейнесі. Әр футбол клубында елтаңбаға ұқсас эмблема бар. Ол футболкаға тігілген.

Футбол сұрақтары: 1.Футбол ойынын неше адам ойнайды? А)11 ә)12 б)13 2.Футбол алаңының ұзындығы,ені қанша болады? А)130 ұзы

10 слайд
Футбол сұрақтары: 1.Футбол ойынын неше адам ойнайды? А)11 ә)12 б)13 2.Футбол алаңының ұзындығы,ені қанша болады? А)130 ұзындығы,ені-80-90м, ә)10-110ені-60-75м Б)120м,ені-45-50 3.Футбол ойыны неше кезеңнен ойналады? А)3 кезең, ә)2 кезең. б)1 кезең 4.Футбол ойынында неше қақпашы болады? А)4 ә)3 б)2 5.Футбол ойынының негізгі мақсаты қандай? А)қарсылас командыға көп доп соғу, ә)ойын көрсету Б)доп тебу 6.Футбол ойынында допты ұстауға кімнің еркісі бар? А)ойыншының, ә)төрешінің, б)қақпашының 7.Футбол ойынында неше төреші болады? А)3, ә)4, б)2 8.Доп алаңнан шығып кеткен жағдайда қалай аталады? А)аут, ә)пас, б)гол 9.Айып добы неше метрліктен тебіледі? А)9м, ә)10м, б)11м

НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ!

11 слайд
НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ!

11 слайд

НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ!

Министірлікпен келісілген курстар тізімі