Материалдар / Ж.Аймауытов "Ақбілек" романы. 1-сабағы 10-сынып (қоғамдық-гуманитарлық бағыт)
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ж.Аймауытов "Ақбілек" романы. 1-сабағы 10-сынып (қоғамдық-гуманитарлық бағыт)

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл сабақта Жүсіпбек Аймауытовтың өмірі мен шығармашылығына шолу жасайды. «Ақбілек» романымен танысады. Әдеби шығарманың сюжеттік-композициялық құрылысын талдау арқылы идеялық мазмұнын терең түсіну мақсаты жүзеге асырылады.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
03 Қараша 2024
486
5 рет жүктелген
250 ₸
Бүгін алсаңыз
+13 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +13 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
img_page_1
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Материалдың қысқаша түсінігі
Қазақ әдебиеті. 10-сынып. ІI тоқсан. 1-сабақ (қоғамдық-гуманитарлық бағыт) Құрастырған: Муханбетова А.О. А.Тайманов атындағы

1 слайд
Қазақ әдебиеті. 10-сынып. ІI тоқсан. 1-сабақ (қоғамдық-гуманитарлық бағыт) Құрастырған: Муханбетова А.О. А.Тайманов атындағы №34 мектеп-гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі.

“Прозадағы көркем ой” бөлімі. Ж.Аймауытов. «Ақбілек» романының 1-са

2 слайд
“Прозадағы көркем ой” бөлімі. Ж.Аймауытов. «Ақбілек» романының 1-сабағы. Тақырыбы: Жүсіпбек Аймауытовтың өмірі мен шығармашылығы. «Ақбілек» романы. Сабақта жүзеге асырылатын оқу мақсаты:  әдеби шығарманың сюжеттік-композициялық құрылысын талдау арқылы идеялық мазмұнын терең түсіну.

Жүсіпбек Аймауытов (1889-1931) "Өз басым қазақта мұндай білімді, жан-жақты дарынды жанды әлі кездестіргенім жоқ. Мен

3 слайд
Жүсіпбек Аймауытов (1889-1931) "Өз басым қазақта мұндай білімді, жан-жақты дарынды жанды әлі кездестіргенім жоқ. Мен білетін Жүсіпбек - тамаша жазушы, драматург, ақын, аудармашы, режиссер, әнші, музыкант, ғалым, көркем сынның негізін салған дарын. Ғ.Мүсірепов https://youtu.be/IANpC5np69M

Категориялы топтастыру Кім? Қашан? Қайда? Қандай? Ақын, жазушы, драматург, аудармашы, зерттеуші, публицист. 1889 жылы дүни

4 слайд
Категориялы топтастыру Кім? Қашан? Қайда? Қандай? Ақын, жазушы, драматург, аудармашы, зерттеуші, публицист. 1889 жылы дүниеге келіп, 1931 жылы өмірден озды. Павлодар облысының Баянауыл ауданына қарасты бұрынғы «Қызыл ту», қазіргі Жүсіпбек Аймауытов ауылында дүниеге келді. «Күнікейдің жазығы» повесі, «Шернияз», «Мансапқорлар» пьесаларын, «Қартқожа», «Ақбілек» романдарын жазды. 1-тапсырма. Тірек сөздерді қатыстырып, сұрақтарға жауап беріңіз. Дескриптор: -тірек сөздерді пайдаланады; -сұрақтарға жауап береді.

«Жүсіпбек Аймауытовтың «Ақбілек» романы – ұлттық және адами ізгілік құндылықтарын, адамның жан құбылыстары мен сезімінің бай

5 слайд
«Жүсіпбек Аймауытовтың «Ақбілек» романы – ұлттық және адами ізгілік құндылықтарын, адамның жан құбылыстары мен сезімінің бай әлемін көркем бейнелейтін роман» Тұрсын Жұртбай

“Ақбілек” романы былай басталады: “Өскеменнің ар жағында, Бұқтырманың оң жағында әлемге аян Алтай бар. Сол Алтайдың күнгейін

6 слайд
“Ақбілек” романы былай басталады: “Өскеменнің ар жағында, Бұқтырманың оң жағында әлемге аян Алтай бар. Сол Алтайдың күнгейінен құбыла жаққа құлай аққан, құлай ағып Ертіс түскен, күз күзеткен Күршім бар. Алтай, Күршім не заманнан қалың найман мекені. Марқакөлді мекен еткен Мамырбайдың алтын сырға, күміс шолпысы сылдырлаған, айы-күні, жас түлегі - Ақбілек деген жалғыз қызы болатын.

Мамырбай ауылын банды шауып, әйелін өлтіріп, бойжетіп, оң жақта отырған қызы Ақбілекті солдаттар алып қашып кетеді. Ақбілек қ

7 слайд
Мамырбай ауылын банды шауып, әйелін өлтіріп, бойжетіп, оң жақта отырған қызы Ақбілекті солдаттар алып қашып кетеді. Ақбілек қайдағы бір қашқын, банды, тіпті атын да білмейтін ақ әскерінің офицері – қара мұртқа ермек болады. Бір күні арттарынан қуып жеткен қызыл әскерден безе қашқан ақтар жан-жаққа бытырай зытып жөнелген кезде, Ақбілек бандылардың ескі жұртында керексіз бір заттай болып қалып қояды. Қасқырға жем болып қала жаздап, арып-ашып, ажал тырнағынан әрең дегенде құтылып шығып, өліп-талып туған ауылына жеткен Ақбілекті бұрынғыдан да сорақы азап, мазақ, қорлық күтіп тұрған. 

Алдымен есіркеп, мүсіркеу, аяу, артынан қорлық, мазақ, табалау атаулының тозақ отына өртенген Ақбілек бәрібір тірі қалады: за

8 слайд
Алдымен есіркеп, мүсіркеу, аяу, артынан қорлық, мазақ, табалау атаулының тозақ отына өртенген Ақбілек бәрібір тірі қалады: заман ағысы, өмір толқыны бірте-бірте ескі жараны емдеп, тіршіліктің жаңа жапырақтары қылтиып – көгеріп өсе бастайды. Ағасы Төлегеннің соңынан іздеп барып оқуға түседі, Семей, Омбы қалаларын көреді, қырық шырақты әйел емес пе, келер күндерден үміт күтіп әрекет жасайды. «Ақбілек» – халқымыздың өткен өмірі мен тарихының, қазақ қызы мен әйелінің тағдыр-талайын кең көлемде суреттеген тағылымды туынды. Ел мұратын асқақтатқан,ұлт руханияты мен көркемдік танымды биік белеске көтерген даңқты туынды.

Табиғат бейнесі,Алтай таулары, Күршім, Марқакөл.басталуы Шығарманың сюжеттік-композициялық құрылысы байланысы дамуы шиеленіс

9 слайд
Табиғат бейнесі,Алтай таулары, Күршім, Марқакөл.басталуы Шығарманың  сюжеттік-композициялық  құрылысы байланысы дамуы шиеленісуі шарықтау шегі Ақбілектің сол көзінің тартуы жаманшылықтың белгісіндей. Мамырбай ауылына ақ әскерлердің шабуылы. Оқиғаға Мұқаштың кінәлі екенінің анықталуы. Ақбілектің орыс ортасындағы өмірі. Ақбілектің ажал аузынан қалуы. шешімі Ақбілекке Іскендір диуананың кезігуі, ауылына оралуы.

Тапсырма: Үзіндіні оқып, сюжеттік-композициялық құрылымы бойынша cәйкестендір. . Дескриптор: -үзіндіні оқиды; -сюжеттік

10 слайд
  Тапсырма: Үзіндіні оқып, сюжеттік-композициялық құрылымы бойынша cәйкестендір. . Дескриптор: -үзіндіні оқиды; -сюжеттік-композициялық құрылымы бойынша сәйкестендіреді. Оқиғаның басталуы Оқиғаның байланысы Оқиғаның дамуы Оқиғаның шиеленісуі Оқиғаның шарықтау шегі Оқиғаның шешімі Қыз табылмай, сандалып, долданып қайтқан үш орыс бәйбішенің арқасына жиырма бес қамшы соқты. Әлден уақытта арсалаңдап бір аш қасқыр Ақбілек отырған қостың аузына келіп қалды. Соны ойлап келе жатқанда, бір дөңестің астынан ағараңдаған бір шошақ нәрсе қылт ете түсті. Ақбілек сасып қалды... Түнде шайға оятқанда, Ақбілек тұрмай, жатып қалған. Таңертең Ақбілек көзін ашса – үй толған кісі. Алтай,Күршім – не заманнан қалың найман мекені. Сол Алтай мен Күршімнің қысы қыспақ, жазы самал. -Көзім тартып тұғаны несі?-деп, бір бұртаңдап қойған еді...

ӨЗІНДІК ЖҰМЫС «ШЫҒАРМА КЕСТЕСІ» Дескриптор: - шығарманың тақырыбы мен идеясын анықтайды; - тәрбиелік мәні мен өз көзқарасы

11 слайд
ӨЗІНДІК ЖҰМЫС «ШЫҒАРМА КЕСТЕСІ» Дескриптор: - шығарманың тақырыбы мен идеясын анықтайды; - тәрбиелік мәні мен өз көзқарасын білдіреді. Шығарма тақырыбы Идеясы Тәрбиелік мәні Көзқарасым

Кері байланыс: «3-2-1» жақсы түсінген - 3 нәрсе есте қалған - 2 нәрсе пайда болған - 1 сұрақ

12 слайд

Оқушылар, біздер бүгінгі сабақта Жүсіпбек Аймауытовтың өмірімен және шығармашылығымен таныстық. “Ақбілек” романының сюжеттік-

13 слайд
Оқушылар, біздер бүгінгі сабақта Жүсіпбек Аймауытовтың өмірімен және шығармашылығымен таныстық. “Ақбілек” романының сюжеттік-композициялық құрылысын талдау арқылы идеялық мазмұнын терең түсіндік.