Материалдар / Əмбебап, арнайы жəне шағын өлшемді жетектердің ауыспалы механизмдері
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Əмбебап, арнайы жəне шағын өлшемді жетектердің ауыспалы механизмдері

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл презентация "Тамақтандыруды ұйымдастыру" мамандығы, "Аспаз, кондитер" біліктілігі бойынша кәсіптік колледждің білім алушыларына пайдалы болып табылады. Презентация "Жабдықтау" пәнінен "Әмбебап, арнайы және шағын өлшемді жетектердің ауыспалы механизмдері" тақырыбы бойынша берілген. Əмбебап, арнайы жəне шағын өлшемді жетектердің ауыспалы механизмдерінің сипаттамасы, қолдану ережелері берілген.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
07 Наурыз 2024
65
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
700 тг 525 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
img_page_1
Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Әмбебап, арнайы және шағын өлшемді жетектердің ауыспалы механизмдері

1 слайд
Әмбебап, арнайы және шағын өлшемді жетектердің ауыспалы механизмдері

АУЫСПАЛЫ МЕХАНИЗМДЕРІ БАР ӘМБЕБАП ЖЕТЕК ( ӘЖ ) Асханалық әмбебап машина

2 слайд
АУЫСПАЛЫ МЕХАНИЗМДЕРІ БАР ӘМБЕБАП ЖЕТЕК ( ӘЖ ) Асханалық әмбебап машина

Негізгі бөліктері(ПУ): 1) Тұғыр ; 2) Қаптама ; 3) Редуктор; 4) Электрқозғауш ы; 5) Басқару кнопкалары.

3 слайд
Негізгі бөліктері(ПУ): 1) Тұғыр ; 2) Қаптама ; 3) Редуктор; 4) Электрқозғауш ы; 5) Басқару кнопкалары.

Ауыстырылатын механизмер (МС) қайда және қалай қолданылады? Көкөніс цехы: • көкөніс турайтын АМ • езгілеу АМ Ет цехы:

4 слайд
Ауыстырылатын механизмер (МС) қайда және қалай қолданылады? Көкөніс цехы: • көкөніс турайтын АМ • езгілеу АМ Ет цехы: • еттартқыш • фарш араластырғыш • ет қопсытқыш Кондитер цехы: • елеуіш • планетарлы миксер • кепкен нан және жаңғақ ұнтақтағыштар

Жетек жинағына кіретін ауыстырылатын механизмдер мойынға екі қанатты бұрандалармен бекітілген және келесі шарттық бел

5 слайд
Жетек жинағына кіретін ауыстырылатын механизмдер мойынға екі қанатты бұрандалармен бекітілген және келесі шарттық белгілерге ие : МС — алмастырылатын механизм (АМ), содан кейін механизмнің мақсатын көрсететін сан және негізгі параметрдің тағайындалуы - сағаттық өнімділігі немесе тостағанның көлемі (жұмыс көлемі) . Мысалы: • МС2 – 70 (еттартқыш) • МС10 – 160 (көкөніс турағыш) • МС19 – 1400 (ет қопсытқыш) • МС4 – 7 – 8 – 20 (көп мақсатты механизм)

Жетіспеушіліктері Электр қозғалтқышы (ӘЖ ) істен шыққан жағдайда - өндіріс осы жетекке қосылған жабдықтың барлық жиынтығынсы

6 слайд
Жетіспеушіліктері Электр қозғалтқышы (ӘЖ ) істен шыққан жағдайда - өндіріс осы жетекке қосылған жабдықтың барлық жиынтығынсыз қалады Онда не болады?

Ет тартқыш МС2-70 (сур. 2.4)  Ет жентегі мен балық жентегін дайындауға арналған. Ол сыртқы қаңқасы, иірме, пышақ жиынтығы , т

7 слайд
Ет тартқыш МС2-70 (сур. 2.4)  Ет жентегі мен балық жентегін дайындауға арналған. Ол сыртқы қаңқасы, иірме, пышақ жиынтығы , тор, және итеру құралы бар тиеу табақшасынан тұрады Ет тартқыштың қаңқасының артқы ілмегі бар 1, оның көмегімен ол жетектің бәсеңдеткішіне қосылады. Қаңқаның ішінде бұрандалы жырашық бар, ол еттің берілуін жеңілдетеді және оған иірмекпен бірге айналып кетуге мүмкіндік бермейді 2, сонымен қатар тор мен турау пышағын қозғалудан сақтайтын кілтек бар. Иірме бір қапсырмалы бұрандалы иірмектерден тұрады. Бұранданың тұтқасы жетек білігімен жалғасатын кертікпен аяқталады. Иірме саусағының екі қасқалдары бар, олардың көмегімен пышақтарға айналыс беріледі.  МС2-70 ет тартқышының салмақтық-габариттік сипаттамасы Габаритті өлшемдері, мм: ұзындығы.................................................................................310 ені............................................................................................ 310 биіктігі ....................................................................................210 салмағы, кг ............................................................................ 6,5

8 слайд

МС2-70 ет тартқышын қолдану ережелері. Ауысым механизімін дайындауды аталған машинаға бекітілген аспаз жүргізеді. Ет тарт

9 слайд
МС2-70 ет тартқышын қолдану ережелері. Ауысым механизімін дайындауды аталған машинаға бекітілген аспаз жүргізеді. Ет тартқыштың қаңқасы жетектің мойыншасына бұрандалы-қысқыштармен бекітіледі. Ет тартқышты құрау барысында тұтқасы мен иірме саусағын тағамдық тұздалмаған маймен майлайды, содан кейін иірмені қаңқаға орналастырып, иірме тұтқасының кертігі жетектің бәсеңдеткіш білегінің шығу ұяшығына түскенше бұрайды. Осыдан кейін иірменің саусағына ет тартқыштың ауыспалы бөліктерін реттілігімен орнатады және оларды қысу сомынымен бекітеді. (сур. 2.4). Ауыспалы механизмді жинауды қаңқаға тиеу табақшасын орнатумен аяқтайды 6, ол арнайы бұрандамен бекітіледі. Ет пен балықты ет тартқышқа салмас бұрын, оларды сүйек, сіңір, қабаттарынан тазартып 100 г. аспайтын бөлшектерге бөледі. Сіңірлі етті ет тартқыштан өткізу кезінде оны арасында тоқтатып, пышақтары мен торларын тазалап отырады. Ет тартқышқа етті, оны қосқаннан кейін және бос кезінде тексеріп көргеннен кейін ғана салады. Табақшаның мойнына етті тек ағаш итергіштің көмегімен ғана жүзеге асыруға болады, алайда оны иірмекке жанастыруға болмайды. Ет тартқышты бос күйінде қолдануға жол берілмейді, өйткені ол пышақтарының тез бүлінуіне әкеліп соғады. Ет тартқышта кепкен нан, сүйек, тұз тартуға қатаң тыйым салынады, өйткені ол алмасатын механизмдерді істен шығарып, қызмет көрсетуші тұлғаға зақым келтіруі мүмкін. Жұмыс жасалып біткеннен кейін ет тартқышты ашады, жуады және кептіреді.Ет тартқышта болатын ақау түрлері және оларды жою жолдары 2.5 кестеде көрсетілген. ММП-11-1, МС2- 150 және УММ-2 ет тартқыштарының құрлысы менқызметі МС2-70 ет тартқышының құрлысы мен қызметіне ұқсас .

10 слайд

МС4-7-8-20 көп мақсатты ауыспалы механизм (сур. 2.5) әр түрлі мақсаттарда қолдануға болады: кондитерлік қоспаларды араластыру

11 слайд
МС4-7-8-20 көп мақсатты ауыспалы механизм (сур. 2.5) әр түрлі мақсаттарда қолдануға болады: кондитерлік қоспаларды араластыруға, сұйық қамырды илеуге, картоп езбесі мен көжелерді езгілеу, ет жентегін араластыру және т.б. МС4-7-8- 20 көп мақсатты механизмі планетарлы бәсеңдеткіш 4 орнатылған жылдамдық қорабы 5 бар қаңқадан, ауыспалы ыдыс 1 және ауыспалы жұмыс бөлшектерінен тұрады. Бәсеңдеткіште конус тәрізді тісті және планетарлы берілістер бар, сонымен қатар ілмек орнатылған, оның көмегімен механизм жетекке бекітіледі. Механизм қаңқасының тіреуіші бар 7, оған тағамдарды араластыру, илеу немесе езгілеу сүзгісі бар ернеушелі ауыспалы ыдыстар орнатылады. Бәсеңдеткіште механизмнің жұмыс білігінің жылдамдықтарын 6 ауыстыратын ілмегі бар. Механизмге үш бұлғап араластырғыш қоса берілген: 2-шыбықты, торлы, және тұйық, сонымен қатар араластырғыш және езгілеу қалағы. Бәсеңдеткіштің жұмыс білігінде оны ауыспалы механизмдермен байланыстыратын арнайы жалғағыш орнатылған.

12 слайд

МС4-7-8-20 к ө п м а қ с а т т ы м е х а н и з і м і н қ о л д а н у е р е ж е л е р і: әмбебап жетекшенің мойнына ауыспалы

13 слайд
МС4-7-8-20 к ө п м а қ с а т т ы м е х а н и з і м і н қ о л д а н у е р е ж е л е р і: әмбебап жетекшенің мойнына ауыспалы механизмнің артқы ілмегін орналастырады және оны бұрандалармен бекітеді. Бәсеңдеткіштің тіреуішіне 3 қайырылатын бұрандамен беті қақпақпен жабылатын ыдысты орнатады. Бәсеңдеткіштің жұмыс білігіне жалғағыштың көмегімен, механизмге берілген үш ауыспалы араластырғыштың бірі орнатылады. Ыдыстың * 3/4 көлемін өніммен толтырып, жылдамдықты ауыстыру тұтқасын қажетті айналу жылдамдығына қояды. Әмбебап жетектің қозғалтқышын іске қосқаннан кейін, ауыспалы механизмдері орнатылған жұмыс білік өз осьінде және ыдыстың осьінде (плнетарлы қозғалыс) айналып қозғала бастайды. Араластыру ұзақтығы өңделетін өнімнің қасиеттеріне байланысты және орташа 15...20 минутты құрайды. Сұйық қамырды араластыру үшін-тұйық, ақуыз бен кілегейді араластыру үшін - шыбықты, балқаймақ пен майонезді араластыру үшін торлы ауыспалы механизмді қолдану қажет

МС19-1400 етті қопсытуға арналған ауыспалы механизм (сур. 2.6) Қуыру алдында ет кесектерін турауға арналған. Ол тарақша 1, қаң

14 слайд
МС19-1400 етті қопсытуға арналған ауыспалы механизм (сур. 2.6) Қуыру алдында ет кесектерін турауға арналған. Ол тарақша 1, қаңқа 2, күймеше 3, екі білік 6 және сыртқы қаптамасынан тұрады. Қопсытқыштың артқы ілмегі және бәсеңдеткіші бар, одан екі жетек білігі шығып тұр. Күймеше екі жарты бөліктен тұрады, олар өзара ілгектің және ысырманың көмегімен қосылған. Күймешеде екі жұмыс білегі орнатылған, оларға дискілі жонғыш орнатылған 4. Сыртынан қорғанышты қаптама ет қопсытқыштың жұмыс бөлшектерін жауып тұрды. Етті қопсытуға арналған МС19-1400 механизмінің техникалық сипаттамасы Өнімділігі, бөлік/с.............................................................................1 400 Габариттік өлшемдері, мм: ұзындығы..........................................................................375 ені ............................................................................... 130 биіктігі...............................................................................225 Салмағы,кг..........................................................................10

15 слайд

МС19-1400 а у ы с п а л ы м е х а н и з і м і н п а й д а л а н у е р е ж е л е рі Ет қопсытқыштың ауыспалы механизмдерін қ

16 слайд
МС19-1400 а у ы с п а л ы м е х а н и з і м і н п а й д а л а н у е р е ж е л е рі Ет қопсытқыштың ауыспалы механизмдерін құрауды төмендегідей жүзеге асырады. Алдымен жетекке ет қопсытқыштың қаңқамсын орналастырады, одан кейін әр қолға жарты күймешеден алып, оларды кертіктеріне ойықтарын келтіріп біріктіру қажет. Осыдан кейін біріктірілген жартыларды ысырмамен бекітіп, қаңқаға күймешенің жетек білікшесінің жалғастырғышын бәсеңдеткіштің жұмыс біліктерінің қиюларына келтіріп орналастыру қажет. Құрастырғаннан кейін Ет қопсытқышты қорғаныс қаптамасымен жауып, бос жүрісте ауыспалы механизмнің жұмысын тексереді. Өңдеуге әзірлеп қойған ет кесегін қопсытқыштың қабылдау терезесіне салады, ары қарай кескіштері бар айналмалы жонғышға түседі, содан кейін дайындау ыдысына түседі. Ет жақсы дайындалуы үшін оны алдын ала 90° бұрып, тағы бір мәрте қопсытқыштан өткізіп алу керек. Ауыспалы механизмді қолдану кезінде пайда болатын ақаулар мен оларды жою жолдары 2.6 кестеде көрсетілген. Етті қолмен итеруге тыйым салынады, қолды жарақаттап алу қаупі бар. Жұмыс аяқталғаннан кейін ауыспалы механизмді жетектен алып, бұзып, ет қалдықтарынан тазартып, ыстық суда жуып, кептіру қажет. Кептіргеннен кейін тарақша, білік, жонғышны тұздалмаған ас майымен майлайды. Ағымдағы жөндеу жұмыстары мен техникалық қызмет көрсетуді тарақшаның дұрыстығын, жонғышдің қайралуын, бәсеңдеткіштің майын және т.б бақылайтын шебер жүргізеді.

17 слайд

МС18- 160 піскен көкеністерді турауға арналған ауыспалы механизмі (сур. 2.7) ПУ-0,6 әмбебап жетектің жиынтығына кіреді, және п

18 слайд
МС18- 160 піскен көкеністерді турауға арналған ауыспалы механизмі (сур. 2.7) ПУ-0,6 әмбебап жетектің жиынтығына кіреді, және пысқан көкеністерді саламдап, төртбұрыштап турауға арналған. Ол жетек, қаңқа, пышақ 3, пышақты пішінді тор 2, және қақпағы бар тиеу шанағынан тұрады. Жетек электр қозғалтқыштан және тік конус тәрізді жұмыс білігінен тұрады, оған жалпақ турайтын екі жүзі бар пышақ орнатылады. Механизмнің жоғарғы жағы екі саңылауы бар табақшадан тұрады. Оның бірі кесілген көкеністерді түсіруге, екіншісі-пышаққа жабысқан қиқымдарды тазалауға арналған. Көкеністерді бункерге салады 5, пышақты торға итергіштің 4 салмағымен қысады, пышақ түйнектен тілім кесіп алады 3 және оны тордың жүзіне қарай басады. МС18-160 көкеністерді турауға арналған механизмнің техникалық сипаттамасы Өнімділігі, кг/сағ...................................................................................................... 160 Пышақтың айналу жиілігі, айн/мин ............................................................. 62 Кесілген тілімдердің, мм.............................................................................. 4... 6 Габариттік өлшемдері, мм: ұзындығы........................................................................................................420 ені......................................................................................................................380 биіктігі...............................................................................................................410 Салмағы, кг, кем емес....................................................................................... 20

19 слайд

МС18-160 п і ске н к ө к е н і с т е р д і т у р а у ғ а а р н а л ғ а н а у ы с п а л ы м е х а н и з м д і қолдану ер

20 слайд
МС18-160 п і ске н к ө к е н і с т е р д і т у р а у ғ а а р н а л ғ а н а у ы с п а л ы м е х а н и з м д і қолдану ережелері. Жұмыс бастамас бұрын көкеніс турайтын механизмнің дұрыс құралғанын, сонымен қатар түйіндердің, жалпы механизмнің сенімді орнатылғанын тексереді. Қауіпсіздік техникасы мен еңбек қауіпсіздігі ережелері орындалғаннан кейін, жетектің электр қозғалтқышының қосулы күйінде механизмді қарап, реттеп алады. Көзге көрінген кемшіліктерді жойғаннан кейін, өнімдерді салып, оны өңдеуді бастайды. МС18-160 пысқан көкеністерді турауға арналған механизмді қолдану кезінде болатын ақаулар, олардың себептері және жою жолдары 2.7 кестеде көрсетілген.

21 слайд

МС28-100 ауыспалы механизмі (сур. 2.8) Шикі көкеністерді пішіндеп турауға арналған. Ол артқы ілмегі 7 бар бәсеңдеткіштен 4, ж

22 слайд
МС28-100 ауыспалы механизмі (сур. 2.8) Шикі көкеністерді пішіндеп турауға арналған. Ол артқы ілмегі 7 бар бәсеңдеткіштен 4, жұмыс камерасынан 13, тиеу бункерінен 12 және пышақты торлар жиынтығынан тұрады. Механизмнің жұмыс камерасында тік цилиндр (стақан) бар 6 және құйғышпен 11 біртұтас етіп құйылған. Тік цилиндрдің ішінде піспек қозғалады 3, оның төменгі жағында өнім бөліктерін пышақты торлардың тесігіне итеретін пуансон- саусақтары бар пластинка орналасқан. Ауыспалы механизмнің бәсеңдеткіші бұрандақ берілісті 5 және қос иінді бұлғақты механизмі, піспекпен қосылған сояшығы 9 бар. Алынбалы пышақты торлар машинаның жұмыс камерасының астына орнатылады және бекітіледі

23 слайд

МС28-100 а у ы с п а л ы м е х а н и з і м і н қ о л д а н у е р е ж е л е р і. Машинада жұмыс бастамас бұрын қауіпсіздік техни

24 слайд
МС28-100 а у ы с п а л ы м е х а н и з і м і н қ о л д а н у е р е ж е л е р і. Машинада жұмыс бастамас бұрын қауіпсіздік техникасы ережелері орындалады. Санитарлық және техникалық жағдайына басты назар аударады, сонымен қатар, машинаның бекітілуін тексеріп, содан кейін ғана қосып, бос айналырып тексеріп көреді. Жетек қозғалтқышын іске қосқаннан кейін, өңдеу камерасының ортасында орналасқан, піспекті сояшық қайтымды ілгерілеме қозғалысқа түседі. Піспек төмен қарай қозғалыс жасаған кезде өңдеу камерасының тиеу тесігін жабады, ал жоғары қарай қозғалыс жасаған кезде-ашады. Осылайша, камерадағы өнімдер піспекпен пышақты тор арқылы мыжылады. Машинада өңделетін көкеністер алдын ала дайындалады: шикілері жуылады, тазаланады, кесектері бірнеше бөліктерге бөлінеді. Көкеністерді жұмыс камерасына қозғалтқыш қосылғаннан кейін ғана салу керек екенін естен шығармау керек. Азық-түліктерді қолмен итеруге, дұрыстап қоюға, сонымен қатар машина жұмыс істеп тұрғанда қиқымдар мен тығындалып қалған тілімдерді алуға тыйым салынады. Пышақты торды ауыстыруды машинаның жетегінің қозғалтқышы толығымен тоқтағаннан кейін ғана жүзеге асыруға болады. Жұмыс аяқталғаннан кейін электр қозғалтқышын өшіреді, ауыспалы механизмді ашып, оның жұмыс бөліктерін мұқият жуып, сүртіп, кептіреді. Шикі көкеністерді турауға арналған МС28-100 ауыпалы механизмінің техникалық сипаттамасы Өнімділігі, кг/с ........................................................................................................ 10дейін Габариттік өлшемдері, мм: ұзындығы.................................................................................................................318 ені .............................................................................................................................242 биіктігі .....................................................................................................................360 Салмағы, кг..................................................................................................................20

МС3-40 шырын сыққышы (сур. 2.9) Жеміс , жидек, көкеніс шырынын сығуға арналған. Ол қаңқа 1, иірме 5, алынатын тор 6 және тиеу

25 слайд
МС3-40 шырын сыққышы (сур. 2.9) Жеміс , жидек, көкеніс шырынын сығуға арналған. Ол қаңқа 1, иірме 5, алынатын тор 6 және тиеу ыдысы нан 4 тұрады. Қаңқасы 1 қысқартылған конус түрінде жасалған, оның үстіңгі жағына тиеу табақшасы орнатылады. Қаңқаның екі шығару терезесі бар: шырынды шығаруға арналған және сығындыны шығаруға арналған. Сығындының ылғалдылығы арнайы бұрамамен реттеледі 11. Қаңқаның ішінде бір тесікті конус тәрізді иірмек орнатылған, сонымен қатар алынбалы тор бар 6. Ауыспалы механизмнің жетекке жалғауға арналған артқы ілгегі бар, ол механизм қаңқасына екі қайрылатын бұранмен бекітіледі 10. Шыры...