М.Д.Ұ Қоршаған ортамен таныстыруда ұйымдастырылған ойын түрлері




1 слайд
М.Д.Ұ Қоршаған ортамен таныстыруда ұйымдастырылған
ойын түрлері
1 слайд
М.Д.Ұ Қоршаған ортамен таныстыруда ұйымдастырылған ойын түрлері

2 слайд
•«Үлкендер өмірі үшін жұмыс, қызмет істеу, әрекет ету қандай
орын алатын болса, балалар өмірінде ойын да сондай үлкен
маңызды. Ойында бала қандай болса, өскеннен кейін жұмыста
көбінесе сондай болады. Сондықтан келешекке адамды тәрбиелеу
бәрінен бұрын ойын арқылы болады»
А.С. Макаренко
«Баланың ойынға деген құмарлығы бар, сол
құмарлықты қанағаттандыра білуіміз керек.
Ойнау үшін тек қана уақытты бөліп қана
қоймай, сонымен бірге баланың барлық
өміріне ойынды бере және сіңіре білуіміз
қажет. Оның барлық өмірі ойыннан тұрады»
деген пікірін өз еңбектерінде атап өткен.
2 слайд
•«Үлкендер өмірі үшін жұмыс, қызмет істеу, әрекет ету қандай орын алатын болса, балалар өмірінде ойын да сондай үлкен маңызды. Ойында бала қандай болса, өскеннен кейін жұмыста көбінесе сондай болады. Сондықтан келешекке адамды тәрбиелеу бәрінен бұрын ойын арқылы болады» А.С. Макаренко «Баланың ойынға деген құмарлығы бар, сол құмарлықты қанағаттандыра білуіміз керек. Ойнау үшін тек қана уақытты бөліп қана қоймай, сонымен бірге баланың барлық өміріне ойынды бере және сіңіре білуіміз қажет. Оның барлық өмірі ойыннан тұрады» деген пікірін өз еңбектерінде атап өткен.

3 слайд
•Мектеп жасына дейінгі баланы дамытатын, өсіретін, әрі тәрбиелейтін де
негізгі іс – әрекет ойын. Ойын арқылы бала қоршаған ортамен, адаммен,
олардың еңбегімен, қарым – қатынасымен танысады. Ойын арқылы
олардың ой-өрісі дамиды. Ойын үстінде балалар әртүрлі рөлде
жолдастарымен қарым – қатынас жасауға, ойын үстінде ойлана отырып
жауап беруге, қиялдауға, елестетуге қабілеттері қалыптасады. Сөздік
ойындары балалардың ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамытады.
Ойыншықтарды пайдалана білуге үйренеді.
3 слайд
•Мектеп жасына дейінгі баланы дамытатын, өсіретін, әрі тәрбиелейтін де негізгі іс – әрекет ойын. Ойын арқылы бала қоршаған ортамен, адаммен, олардың еңбегімен, қарым – қатынасымен танысады. Ойын арқылы олардың ой-өрісі дамиды. Ойын үстінде балалар әртүрлі рөлде жолдастарымен қарым – қатынас жасауға, ойын үстінде ойлана отырып жауап беруге, қиялдауға, елестетуге қабілеттері қалыптасады. Сөздік ойындары балалардың ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамытады. Ойыншықтарды пайдалана білуге үйренеді.

4 слайд
Ойын
барысында
шешім
қабылдау
балалар аса
жауапкершілікт
і талап етедіОйын процесінде
алған білімді нақты
істе қолдана білуге
мүмкіндік алады
Уақытты үнемдеуге үйретеді.
• Ойын барысында балалар назарларын
бір бейнеден екіншіге ауыстыру оңай
болады.
Балалар үшін психологиялық
жағымды.
. Балалар тек бақылаушы ғана емес, өздері қатыса отырып
қиын мәселелерді өз бетінше шеше білуге үйретеді.
. Оқу процесінде берілген тапсырмалар ретін жеңіл меңгереді,
мұғалімдерге де сабақты тиімді өткізудің бірден –бір оңтайлы
жолы
Ойын арқылы балалар нені меңгереді:
4 слайд
Ойын барысында шешім қабылдау балалар аса жауапкершілікт і талап етедіОйын процесінде алған білімді нақты істе қолдана білуге мүмкіндік алады Уақытты үнемдеуге үйретеді. • Ойын барысында балалар назарларын бір бейнеден екіншіге ауыстыру оңай болады. Балалар үшін психологиялық жағымды. . Балалар тек бақылаушы ғана емес, өздері қатыса отырып қиын мәселелерді өз бетінше шеше білуге үйретеді. . Оқу процесінде берілген тапсырмалар ретін жеңіл меңгереді, мұғалімдерге де сабақты тиімді өткізудің бірден –бір оңтайлы жолы Ойын арқылы балалар нені меңгереді:

5 слайд
БАЛАЛАРДА ЖАҚЫНДАРЫНА ДЕГЕН
СҮЙІСПЕНШІЛІК СЕЗІМІ, ОЛАРҒА
ҚАМҚОРЛЫҚ КӨРСЕТУ ҰМТЫЛЫСЫ,
ТУҒАН ЕЛІНЕ, ҚАЛАСЫНА ДЕГЕН
БАУЫРМАЛДЫҚ ПЕН ОНЫҢ
ТАРИХЫНА ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҚ ТАНЫСТУ
СИЯҚТЫ АДАМГЕРШІЛІК САПАЛАРДЫ
ТӘРБИЕЛЕУ.АДАМ ЕҢБЕГІНЕ ДЕГЕН
ҚҰРМЕТ СЕЗІМІН, АДАМ ҚОЛЫМЕН
ЖАСАЛҒАННЫҢ БАРЛЫҒЫНА ҰҚЫПТЫ
ҚАРАУҒА ТӘРБИЕЛЕУ;БАЛАЛАРДЫҢ
СӨЙЛЕУ ТІЛІН, ЗЕЙІНІН, ҚИЯЛЫН
ДАМЫТУ
ҚИМЫЛ ҚОЗҒАЛЫС
ДИДАКТИКАЛЫҚ
СЮЖЕТТІК
ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДАР АРҚЫЛЫ ЖҮЗЕГЕ АСАДЫ.
5 слайд
БАЛАЛАРДА ЖАҚЫНДАРЫНА ДЕГЕН СҮЙІСПЕНШІЛІК СЕЗІМІ, ОЛАРҒА ҚАМҚОРЛЫҚ КӨРСЕТУ ҰМТЫЛЫСЫ, ТУҒАН ЕЛІНЕ, ҚАЛАСЫНА ДЕГЕН БАУЫРМАЛДЫҚ ПЕН ОНЫҢ ТАРИХЫНА ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҚ ТАНЫСТУ СИЯҚТЫ АДАМГЕРШІЛІК САПАЛАРДЫ ТӘРБИЕЛЕУ.АДАМ ЕҢБЕГІНЕ ДЕГЕН ҚҰРМЕТ СЕЗІМІН, АДАМ ҚОЛЫМЕН ЖАСАЛҒАННЫҢ БАРЛЫҒЫНА ҰҚЫПТЫ ҚАРАУҒА ТӘРБИЕЛЕУ;БАЛАЛАРДЫҢ СӨЙЛЕУ ТІЛІН, ЗЕЙІНІН, ҚИЯЛЫН ДАМЫТУ ҚИМЫЛ ҚОЗҒАЛЫС ДИДАКТИКАЛЫҚ СЮЖЕТТІК ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДАР АРҚЫЛЫ ЖҮЗЕГЕ АСАДЫ.

6 слайд
Сюжеттік ойын түрлері
Әр түрлі мамандық иелері мен олардың еңбегінің
ерекшеліктері, маңызы туралы түсініктерін кеңейту. Өз
ата-анасының және туыстарының еңбегі туралы білуге
үйрету. Адамдардың еңбектеріндегі өзара
байланыстарын байқауды жетілдіру. Ересектердің
еңбегіне деген қызығушылықты және оның
нәтижесіне деген құндылық қатынасын қалыптастыру
6 слайд
Сюжеттік ойын түрлері Әр түрлі мамандық иелері мен олардың еңбегінің ерекшеліктері, маңызы туралы түсініктерін кеңейту. Өз ата-анасының және туыстарының еңбегі туралы білуге үйрету. Адамдардың еңбектеріндегі өзара байланыстарын байқауды жетілдіру. Ересектердің еңбегіне деген қызығушылықты және оның нәтижесіне деген құндылық қатынасын қалыптастыру

7 слайд
Дидактикалық ойын
Жануарлар
•Алуан түрлі суреттер – тышқан, мысық, шелек, шана, т.б.; фланелеграф.
•Тәрбиеші балаларға суреттерді көрсетіп, онда бейнеленген заттар мен
жануарларды атауды сұрайды. Содан соң осы суреттерді кез келген реттілікпен
фланелеграфқа бекітеді де, балаларға сұрақтар қоя бастайды. Балалар
сұрақтарға жауап бере отырып, фланелеграфтан қажетті суретті табуы және
онда бейнеленген заттарды атауы тиіс.
•Тәрбиеші: Балалар:
•Інде кім тұрады? Тышқан
•Тышқан кімнен қорқады? Мысықтан
•Суды қайда құямыз?
Шелекке
•Қыста немен сырғанаймыз?
Шанамен
•Тәрбиеші барлық балалардың сұрақтарға дәл жауап беруін, яғни
фланелеграфтан сәйкес келетін заттарды табуын және сөздегі
ш, с дыбыстарын
дұрыс айта білуін қадағалайды.
7 слайд
Дидактикалық ойын Жануарлар •Алуан түрлі суреттер – тышқан, мысық, шелек, шана, т.б.; фланелеграф. •Тәрбиеші балаларға суреттерді көрсетіп, онда бейнеленген заттар мен жануарларды атауды сұрайды. Содан соң осы суреттерді кез келген реттілікпен фланелеграфқа бекітеді де, балаларға сұрақтар қоя бастайды. Балалар сұрақтарға жауап бере отырып, фланелеграфтан қажетті суретті табуы және онда бейнеленген заттарды атауы тиіс. •Тәрбиеші: Балалар: •Інде кім тұрады? Тышқан •Тышқан кімнен қорқады? Мысықтан •Суды қайда құямыз? Шелекке •Қыста немен сырғанаймыз? Шанамен •Тәрбиеші барлық балалардың сұрақтарға дәл жауап беруін, яғни фланелеграфтан сәйкес келетін заттарды табуын және сөздегі ш, с дыбыстарын дұрыс айта білуін қадағалайды.

8 слайд
•Ойын. «Жақсы бала қандай?»
• Балалар шеңберге
• тұрып, төмендегідей сөздерді жылдам айтып, бір-бірінің алақандарын
• ұрады.
• -Жақсы бала ұқыпты.
• -Жақсы бала сыпайы.
• -Жақсы бала мейірімді.
• -Жақсы бала тіл алғыш.
• Жақсы бала өз
• отбасын жақсы көреді.
• -Жақсы бала
• достарын сыйлайды.
• -Жақсы бала
• достарын тыңдайды.
• -Жақсы бала
• мұғалімін сыйлайды.
• -Жақсы бала
• табиғатты қорғайды.
• -Жақсы бала өз
• Отанын сүйеді. т.с.с.
8 слайд
•Ойын. «Жақсы бала қандай?» • Балалар шеңберге • тұрып, төмендегідей сөздерді жылдам айтып, бір-бірінің алақандарын • ұрады. • -Жақсы бала ұқыпты. • -Жақсы бала сыпайы. • -Жақсы бала мейірімді. • -Жақсы бала тіл алғыш. • Жақсы бала өз • отбасын жақсы көреді. • -Жақсы бала • достарын сыйлайды. • -Жақсы бала • достарын тыңдайды. • -Жақсы бала • мұғалімін сыйлайды. • -Жақсы бала • табиғатты қорғайды. • -Жақсы бала өз • Отанын сүйеді. т.с.с.

9 слайд
Ізде тап ойыны
Дидактикалық тапсырма: Жеке жыл мезгілдеріне тән белгілерді
ажыратуға арналған жаттығулар. Зейін, есте сақтау, сөйлеу қабілеттерін
дамыту.
Ойын ережесі: бірінен соң бірі жауап беру.
Сөздік: қарлы, желді, жаңбырлы, бұлтты, шуақты, күз, жаз, қыс, көктем.
Ойын барысы: Тәрбиеші балалардың алдында карточкалар шығарады,
содан кейін жылдың уақытын атайды. Балалар жыл мезгілінің белгісін
анықтауға болатын картаны табады. Жылдың осы уақытын анықтаңыз.
Дұрыс жауап үшін балаларға фишкалар алады.
Ойынның нәтижесі: Кім көп фишканы жинаған болса, сол жеңді.
9 слайд
Ізде тап ойыны Дидактикалық тапсырма: Жеке жыл мезгілдеріне тән белгілерді ажыратуға арналған жаттығулар. Зейін, есте сақтау, сөйлеу қабілеттерін дамыту. Ойын ережесі: бірінен соң бірі жауап беру. Сөздік: қарлы, желді, жаңбырлы, бұлтты, шуақты, күз, жаз, қыс, көктем. Ойын барысы: Тәрбиеші балалардың алдында карточкалар шығарады, содан кейін жылдың уақытын атайды. Балалар жыл мезгілінің белгісін анықтауға болатын картаны табады. Жылдың осы уақытын анықтаңыз. Дұрыс жауап үшін балаларға фишкалар алады. Ойынның нәтижесі: Кім көп фишканы жинаған болса, сол жеңді.

10 слайд
«Не болған-неге айналды»
•.
. Балаларға аталған заттан дайындалған нәрселерді атап,
ұсынуға болады.
•-Талдан не
жасалынған? (қағаз, жиһаз, сіріңке).
•-Дән
болған, ал енді (тал) болды.
•-Не
көп болған,бірақ аз қалған? (Жұлдыздар, өйткені олар күндіз
көрінбейді;қар , өйткені ол
еріп кетті)т.б.
•-Жасыл
болған , сарғайып кетті. Ол не?
•Тапсырмалардың
нұсқасы: Заттарды атаймыз, ал балалар оның
неден
жасалғанын айтады.
10 слайд
«Не болған-неге айналды» •. . Балаларға аталған заттан дайындалған нәрселерді атап, ұсынуға болады. •-Талдан не жасалынған? (қағаз, жиһаз, сіріңке). •-Дән болған, ал енді (тал) болды. •-Не көп болған,бірақ аз қалған? (Жұлдыздар, өйткені олар күндіз көрінбейді;қар , өйткені ол еріп кетті)т.б. •-Жасыл болған , сарғайып кетті. Ол не? •Тапсырмалардың нұсқасы: Заттарды атаймыз, ал балалар оның неден жасалғанын айтады.

11 слайд
Сиқырлы бейнелер әдісі - бір немесе бірнеше бейнелердің ерекшеліктерінің
басқа бейнелерге
ауыстыру. •Мысалы: Доп. Ол қандай? Күлетін, ұшатын, дәмді, түнде ертегілер
айтатын… .
• Бұл әдіс балаларға ойлап табуды, сөйлеуді, қиялдауды ғана емес,
сонымен қатар өздерінің ойлау қабілеттерін меңгере алуға көмегін
тигізеді. СБӘ арқылы қиял-ғажайып жануарларды, оларға ат қоюды,
олардың ата-анасы кім?, қайда тұрады?, немен тамақтанады?, не болмаса
«Қызықты жануарлар» суреттерін, «Пиктограммаларды» ойлап тауып,
сипаттауға болады.Мысалы: «Арыстанмаймыл». Оның ата-анасы: арыстан
және маймыл. Ыстық жақта өмір сүреді.Жерде өте жылдам жүгіреді,
талда жақсы өрмелейді. Жауларынан тез қашып құтылып, биіктегі
жемістерді тез, оңай ала алады.
11 слайд
Сиқырлы бейнелер әдісі - бір немесе бірнеше бейнелердің ерекшеліктерінің басқа бейнелерге ауыстыру. •Мысалы: Доп. Ол қандай? Күлетін, ұшатын, дәмді, түнде ертегілер айтатын… . • Бұл әдіс балаларға ойлап табуды, сөйлеуді, қиялдауды ғана емес, сонымен қатар өздерінің ойлау қабілеттерін меңгере алуға көмегін тигізеді. СБӘ арқылы қиял-ғажайып жануарларды, оларға ат қоюды, олардың ата-анасы кім?, қайда тұрады?, немен тамақтанады?, не болмаса «Қызықты жануарлар» суреттерін, «Пиктограммаларды» ойлап тауып, сипаттауға болады.Мысалы: «Арыстанмаймыл». Оның ата-анасы: арыстан және маймыл. Ыстық жақта өмір сүреді.Жерде өте жылдам жүгіреді, талда жақсы өрмелейді. Жауларынан тез қашып құтылып, биіктегі жемістерді тез, оңай ала алады.

12 слайд
Ұлттық ойындар арқылы
баланы қоршаған
ортамен таныстыру
•Баланың ой өрісін,танымын дамыту барысында ұлттық
ойындардың маңызының зор екендігін ұмытпауымыз
қажет. Себебі, ұлттық ойындар баланы өз елін
сүюге,құрметтеуге, өз және өзге ұлтты
сыйлауға,патриоттық сезімді нығайтуға,салт-дәстүрлерін
сақтай білуге,ұлттық идеологияны құрметтеп,өз ұлттық
діліне,тіліне беріктігі мен ұлттық салт-дәстүрді сақтауға
және физикалық,биологиялық тұрғыда мықты болуға
үлкен септігін тигізеді. Баланың ой-өрісін дамытытан
ұлттық ойын түрлеріне «Ақсүйек», «Ханталапай», «Арқан
тартыс»,«Тоғыз құмалақ», «Асық ойыны», «Алтыбақан»,
т.б. Ұлттық ойынның басқа ойындардан ерекшелігі таза
ауада, яғни далада ойналатындығы.
12 слайд
Ұлттық ойындар арқылы баланы қоршаған ортамен таныстыру •Баланың ой өрісін,танымын дамыту барысында ұлттық ойындардың маңызының зор екендігін ұмытпауымыз қажет. Себебі, ұлттық ойындар баланы өз елін сүюге,құрметтеуге, өз және өзге ұлтты сыйлауға,патриоттық сезімді нығайтуға,салт-дәстүрлерін сақтай білуге,ұлттық идеологияны құрметтеп,өз ұлттық діліне,тіліне беріктігі мен ұлттық салт-дәстүрді сақтауға және физикалық,биологиялық тұрғыда мықты болуға үлкен септігін тигізеді. Баланың ой-өрісін дамытытан ұлттық ойын түрлеріне «Ақсүйек», «Ханталапай», «Арқан тартыс»,«Тоғыз құмалақ», «Асық ойыны», «Алтыбақан», т.б. Ұлттық ойынның басқа ойындардан ерекшелігі таза ауада, яғни далада ойналатындығы.

13 слайд
«Асық ойнаған, азар, доп ойнаған тозар» – деп мақалдап та жүрдік.
Осы кестеден асық ойынының еріккеннің ермегі еместігін көруге
болады. Қазақ халқы негізінен ұрпақ қамын басты мақсат етіп
қойып, балалардың нағыз азамат болып қалыптасуына аса зор мән
берген. Нәтижесінде дәстүрлі бала тәрбиесінің басты құралы ретінде
ұлттық ойынды орайластырып, дамытып отырған.
13 слайд
«Асық ойнаған, азар, доп ойнаған тозар» – деп мақалдап та жүрдік. Осы кестеден асық ойынының еріккеннің ермегі еместігін көруге болады. Қазақ халқы негізінен ұрпақ қамын басты мақсат етіп қойып, балалардың нағыз азамат болып қалыптасуына аса зор мән берген. Нәтижесінде дәстүрлі бала тәрбиесінің басты құралы ретінде ұлттық ойынды орайластырып, дамытып отырған.

14 слайд
Ұлттық ойынның бірі – «Ұшты-ұшты». Бұл ойынға ересек
балалар мен кішкентай балалар да қатысса қызықтырақ болады.
Ойын ережесі : Бір бала ортаға шығып жиналғандарды дөңгелете,
өзіне қаратып бір қатарға отырады. Содан кейін ойынның ойналу
тәртібін түсіндіреді. Сөйтіп ойынды бастайды. Ойын жүргізуші
«Ұшты-ұшты бөдене ұшты» деп қолын көтереді. Сол кезде
ойнаушылар тыңдап отырады да ұшатын затқа олар да қолдарын
көтереді. Ұшпайтын затты ұшты қолын көтерсе, ойын
жүргізушімен бірге қолдарын көтерген ойыншылар жазасын
тартады. Ал ұшатын затты айтқанда, қолдарын көтермей қойса
онда да жаза тартады. Сондықтан ойын жүргізушінің әр айтқан
сөзіне өте сақ болу, қырағы болу керек.Ойын жүргізуші ұшатын
зат пен ұшпайтын затты ұйқастырып айтып ойыншыларды ылғи
да жаңылдырып отыруға тырысады. Тіпті көпшілікке таныс емес
құстардың атын айтып та, ұшатын жәндіктердің атын айтып та
жаңылдыруға болады. Мысалы, ұшты-ұшты кекілік ұшты, ізінше
кекілік ұшты, қарға ұшты – сырға ұшты, көбелек ұшты – ебелек
ұшты, тауық ұшты, уық ұшты, қаршыға ұшты, қанжыға ұшты деп
жалғаса береді.
Алданған ойыншылардың жазасы өлең айтып би билеп, мақал-
мәтел, жаңылтпаш, тақпақ айтады. Алданушылар көбейген сайын
ойын қыза түседі, ендеше ойын жүргізуші мен ойнаушылардың
арасындағы бірін-бірі аңдаушылық та күшейе түседі.
14 слайд
Ұлттық ойынның бірі – «Ұшты-ұшты». Бұл ойынға ересек балалар мен кішкентай балалар да қатысса қызықтырақ болады. Ойын ережесі : Бір бала ортаға шығып жиналғандарды дөңгелете, өзіне қаратып бір қатарға отырады. Содан кейін ойынның ойналу тәртібін түсіндіреді. Сөйтіп ойынды бастайды. Ойын жүргізуші «Ұшты-ұшты бөдене ұшты» деп қолын көтереді. Сол кезде ойнаушылар тыңдап отырады да ұшатын затқа олар да қолдарын көтереді. Ұшпайтын затты ұшты қолын көтерсе, ойын жүргізушімен бірге қолдарын көтерген ойыншылар жазасын тартады. Ал ұшатын затты айтқанда, қолдарын көтермей қойса онда да жаза тартады. Сондықтан ойын жүргізушінің әр айтқан сөзіне өте сақ болу, қырағы болу керек.Ойын жүргізуші ұшатын зат пен ұшпайтын затты ұйқастырып айтып ойыншыларды ылғи да жаңылдырып отыруға тырысады. Тіпті көпшілікке таныс емес құстардың атын айтып та, ұшатын жәндіктердің атын айтып та жаңылдыруға болады. Мысалы, ұшты-ұшты кекілік ұшты, ізінше кекілік ұшты, қарға ұшты – сырға ұшты, көбелек ұшты – ебелек ұшты, тауық ұшты, уық ұшты, қаршыға ұшты, қанжыға ұшты деп жалғаса береді. Алданған ойыншылардың жазасы өлең айтып би билеп, мақал- мәтел, жаңылтпаш, тақпақ айтады. Алданушылар көбейген сайын ойын қыза түседі, ендеше ойын жүргізуші мен ойнаушылардың арасындағы бірін-бірі аңдаушылық та күшейе түседі.

15 слайд
Қуыр-қуыр қуырмаш.
«Қуырмаш» ойыны әрі баланың көңілін көтереді, әрі тілін
дамытып, дүниетанымын арттыру үшін қолданылады.
Қуыр-қуыр қуырмаш,
Бидай қуыр, қуырмаш.
Тауықтарға тары шаш:
Бас бармақ,
Балан үйрек,
Ортан терек,
Шылдыр шүмек
Кішкене бөбек,
- деп қуырмаш айтушы балдырғанның саусақтарын
санамалап, жұдырыққа түйеді де, одан соң әрбір саусаққа
«қызмет» беріп, іске жұмсап, балдырған-дардың жұдырығын
жазады:
Сен тұр – қойыңа бар!
Сен тұр – жылқыңа бар!
Сен тұр – түйеңе бар!
Сен тұр – сиырыңа бар!
–
деп төрт саусақты төрт түлік малға «жұмсайды да, ең кішкене
саусақ шынашақты жұмсамай еркелетіп
15 слайд
Қуыр-қуыр қуырмаш. «Қуырмаш» ойыны әрі баланың көңілін көтереді, әрі тілін дамытып, дүниетанымын арттыру үшін қолданылады. Қуыр-қуыр қуырмаш, Бидай қуыр, қуырмаш. Тауықтарға тары шаш: Бас бармақ, Балан үйрек, Ортан терек, Шылдыр шүмек Кішкене бөбек, - деп қуырмаш айтушы балдырғанның саусақтарын санамалап, жұдырыққа түйеді де, одан соң әрбір саусаққа «қызмет» беріп, іске жұмсап, балдырған-дардың жұдырығын жазады: Сен тұр – қойыңа бар! Сен тұр – жылқыңа бар! Сен тұр – түйеңе бар! Сен тұр – сиырыңа бар! – деп төрт саусақты төрт түлік малға «жұмсайды да, ең кішкене саусақ шынашақты жұмсамай еркелетіп

16 слайд
•Тасымақ.
•Бұл ойында 2 жерге ыдасқа су құйып қояды.сол суды
қарсы бетке құйылған бос кесеге қасықтап екі адам
тасыиды.Бұнда команда құрып ойынайды,әр
командада үш адамнан болады.Ойынның шарты: су
таситын адам суды төкпей-шашпай,тез тасуы
керек,қай команда жеңіске жетсе,жүлдеге сол ие
болады.
Бұл ұлттық ойын судың қасиетін тануға көмектеседі
•
16 слайд
•Тасымақ. •Бұл ойында 2 жерге ыдасқа су құйып қояды.сол суды қарсы бетке құйылған бос кесеге қасықтап екі адам тасыиды.Бұнда команда құрып ойынайды,әр командада үш адамнан болады.Ойынның шарты: су таситын адам суды төкпей-шашпай,тез тасуы керек,қай команда жеңіске жетсе,жүлдеге сол ие болады. Бұл ұлттық ойын судың қасиетін тануға көмектеседі •