Тақырыбы:Ахмет Байтұрсынұлының өмірі мен шығармашылығы
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
1 слайд
«Оралхан Бөкей атындағы №44 лицейі» КММ
Мұғалім: Шуленова Куралай
Бакытбековна
Санаты: Педагог-зерттеуші
Пәні: Қазақ тілі мен әдебиеті
Тақырыбы:Ахмет Байтұрсынұлының
өмірі мен шығармашылығы
Түрі: Дәріс сабақ
Сыныбы: 10- “Ж
1 слайд
«Оралхан Бөкей атындағы №44 лицейі» КММ Мұғалім: Шуленова Куралай Бакытбековна Санаты: Педагог-зерттеуші Пәні: Қазақ тілі мен әдебиеті Тақырыбы:Ахмет Байтұрсынұлының өмірі мен шығармашылығы Түрі: Дәріс сабақ Сыныбы: 10- “Ж
2 слайд
Дәріс сабақтың мақсаты:
1. Оқушыларға Ахмет Байтұрсынұлының өмірі мен
шығармашылығы туралы кеңінен мәлімет беру.
2. Байтұрсынұлының шығармашылығымен
таныстыру.Ақынның қазақ халқына сіңірген еңбегін
оқушыларға түсіндіру. Ақын шығармашылығын дәріптеу.
2 слайд
Дәріс сабақтың мақсаты: 1. Оқушыларға Ахмет Байтұрсынұлының өмірі мен шығармашылығы туралы кеңінен мәлімет беру. 2. Байтұрсынұлының шығармашылығымен таныстыру.Ақынның қазақ халқына сіңірген еңбегін оқушыларға түсіндіру. Ақын шығармашылығын дәріптеу.
3 слайд
Қазақтың ақыны, әдебиет зерттеуші ғалым, түркітанушы,
публицист, педагог, аудармашы, қоғам
қайраткері – Ахмет Байтұрсынұлы 1872 жылы
5 қыркүйектe қазіргі Қостанай облысы, Жангелді
ауданы Сарытүбек ауылында дүниеге келген. Қазақ
халқының 20 ғасырдың басындағы ұлт-азаттық
қозғалысы жетекшілерінің бірі, мемлекет қайраткері,
қазақ тіл білімі мен әдебиеттану ғылымдарының негізін
салушы ғалым, ұлттық жазудың реформаторы,
ағартушы, Алаш Орда өкіметінің мүшесі. Атасы
Шошақ немересі Ахмет өмірге келгенде ауыл
ақсақалдарынан бата алып, азан шақырып атын қойған.
Әкесінің інісі [Ерғазы] Ахметті Торғайдағы 2
сыныптық орыс-қазақ мектебіне береді. Оны 1891
жылы бітіріп, Орынбордағы 4 жылдық мектепке оқуға
түседі. 1895-1909 жылы Ақтөбе, Қостанай,Қарқаралы
уездеріндегі орыс-қазақ мектептерінде оқытушы,
Қарқаралы қалалық училищесінде меңгеруші қызметін
атқарады. Ол өте кемеңгер ,білімді тұлғаның бірі
болған
3 слайд
Қазақтың ақыны, әдебиет зерттеуші ғалым, түркітанушы, публицист, педагог, аудармашы, қоғам қайраткері – Ахмет Байтұрсынұлы 1872 жылы 5 қыркүйектe қазіргі Қостанай облысы, Жангелді ауданы Сарытүбек ауылында дүниеге келген. Қазақ халқының 20 ғасырдың басындағы ұлт-азаттық қозғалысы жетекшілерінің бірі, мемлекет қайраткері, қазақ тіл білімі мен әдебиеттану ғылымдарының негізін салушы ғалым, ұлттық жазудың реформаторы, ағартушы, Алаш Орда өкіметінің мүшесі. Атасы Шошақ немересі Ахмет өмірге келгенде ауыл ақсақалдарынан бата алып, азан шақырып атын қойған. Әкесінің інісі [Ерғазы] Ахметті Торғайдағы 2 сыныптық орыс-қазақ мектебіне береді. Оны 1891 жылы бітіріп, Орынбордағы 4 жылдық мектепке оқуға түседі. 1895-1909 жылы Ақтөбе, Қостанай,Қарқаралы уездеріндегі орыс-қазақ мектептерінде оқытушы, Қарқаралы қалалық училищесінде меңгеруші қызметін атқарады. Ол өте кемеңгер ,білімді тұлғаның бірі болған
4 слайд
Тұтас буынның төл басы болған
Байтұрсыновтың алғашқы кітабы –
«Қырық мысал»1909 жылы жарық көрді.
Ол бұл еңбегінде Ресей отаршыларының
зорлық-зомбылығын, елдің тұралаған
халін жұмбақтап, тұспалдап жеткізді.
Байтұрсынұлы мысал жанрының
қызықты формасы, ұғымды идеясы,
уытты тілі арқылы әлеуметтік сананың
оянуына ықпал етті..
4 слайд
Тұтас буынның төл басы болған Байтұрсыновтың алғашқы кітабы – «Қырық мысал»1909 жылы жарық көрді. Ол бұл еңбегінде Ресей отаршыларының зорлық-зомбылығын, елдің тұралаған халін жұмбақтап, тұспалдап жеткізді. Байтұрсынұлы мысал жанрының қызықты формасы, ұғымды идеясы, уытты тілі арқылы әлеуметтік сананың оянуына ықпал етті..
5 слайд
Ақынның азаматтық арман-мақсаты, ой-
толғамдары кестеленген өлеңдері «Маса»
деген атпен жеке кітап болып жарық көрді
(1911). «Масаның» негізгі идеялық қазығы –
жұртшылықты оқуға, өнер-білімге шақыру,
мәдениетті уағыздау, еңбек етуге үндеу. Ақын
халықты қараңғылық, енжарлық, кәсіпке
марғаулық сияқты кемшіліктерден арылуға
шақырды. Ызыңдап, ұшқан мынау біздің маса,
Сап-сары, аяқтары ұзын маса.
Өзіңе біткен түсі өзгерілмес,
Дегенмен, қара яки қызыл маса.
Үстінде ұйықтағанның айнала ұшып,
Қаққы жеп қанаттары бұзылғанша.
Ұйқысын аз да болса бөлмес пе екен,
Қоймастан құлағына ызыңдаса?
Осы жолдардан «ызыңдап, ұшқан мынау
біздің маса» — сергектікті, қозғалыс күйді,
серпіліс пен ізденісті сәулелейтін астарлы
бейне екені көрінеді. Ол «үстінде
ұйықтағанның айнала ұшып», қоғамның
енжар, жалқау, ұйқыдағы күйден оянуына
қызмет етеді. Осы ағартушылық ойды ақын
басқа да шығармаларында әрі қарай дамыта
түседі.
5 слайд
Ақынның азаматтық арман-мақсаты, ой- толғамдары кестеленген өлеңдері «Маса» деген атпен жеке кітап болып жарық көрді (1911). «Масаның» негізгі идеялық қазығы – жұртшылықты оқуға, өнер-білімге шақыру, мәдениетті уағыздау, еңбек етуге үндеу. Ақын халықты қараңғылық, енжарлық, кәсіпке марғаулық сияқты кемшіліктерден арылуға шақырды. Ызыңдап, ұшқан мынау біздің маса, Сап-сары, аяқтары ұзын маса. Өзіңе біткен түсі өзгерілмес, Дегенмен, қара яки қызыл маса. Үстінде ұйықтағанның айнала ұшып, Қаққы жеп қанаттары бұзылғанша. Ұйқысын аз да болса бөлмес пе екен, Қоймастан құлағына ызыңдаса? Осы жолдардан «ызыңдап, ұшқан мынау біздің маса» — сергектікті, қозғалыс күйді, серпіліс пен ізденісті сәулелейтін астарлы бейне екені көрінеді. Ол «үстінде ұйықтағанның айнала ұшып», қоғамның енжар, жалқау, ұйқыдағы күйден оянуына қызмет етеді. Осы ағартушылық ойды ақын басқа да шығармаларында әрі қарай дамыта түседі.
6 слайд
Ахмет Байтұрсынұлы «Оқу құралы» (1912), «Тіл құралы» (1914), «Әліпби» (1914), «Жаңа
әліппе» (1926-1928), «Баяншы» (1926), «Әдебиет танытқыш» атты оқулықтар, Телжан
Шонанұлымен бірге «Оқу құралы» (1926-1927) деп аталатын хрестоматиялық көмекші оқу
құралдарын жазды. Байтұрсыновтың «Қазақтың бас ақыны» деген көлемді мақаласы –
әдебиеттану ғылымындағы алғашқы зерттеу еңбектердің бірі. Мақалада ұлы ақын Абайдың
тарихи миссиясы, рухани болмысы, өлеңдерінің ұлттық сөз өнеріндегі маңызы, көркемдік-
эстетик. сипаты баяндалды. Ол Абай өлеңдерінің даралығын, «сөзі аз, мағынасы көп,
тереңдігін», сыншылдығын ұғындырды. Байтұрсыновтың Абайдың ақындық шеберлігі,
поэзияға деген көзқарасы туралы ғылыми тұжырымдары қазақ әдебиеттану ғылымында
жалғасын тапты. Оның «Әдебиет танытқыш» деген зерттеуі (1926) қазақ тіліндегі тұңғыш
іргелі ғылыми-теориялық еңбек. Байтұрсынұлы әдебиет тарихына, теориясы мен сынына,
методологиясына тұңғыш рет тиянақты анықтама беріп, қазақ әдебиеттану ғылымының
жүйесін жасады. Халық тілінің бай қоры көзінен мағынасы терең, ұғымдық аясы кең сөздерді
термин етіп алып, соның негізінде қазақ әдебиетінің барлық жанрлық формаларын топтап,
жіктеп берді. Мысалы, сөз өнері, шығарма, ауыз әдебиеті, толғау, т.б. ғылыми-теориялық
еңбекке қазақ әдебиетінің ең бейнелі, мазмұны мен мағынасы терең шығармаларын мысал
ретінде пайдаланды. Сөз өнері жайында жазылған әлемдік ғылымның ең үздік үлгілерін
пайдалана отырып, әдебиеттанудағы ұғым, термин, категориялардың соны ұлттық үлгілерін
жасады. Мысалы, меңзеу, теңеу, ауыстыру, кейіптеу, әсірелеу, алмастыру, шендестіру, үдету,
түйдектеу, кекесіндеу, т.б. «Әдебиет танытқышта» ақындық дарын табиғаты, шығарм.
психологиясы, шабыт стихиясына ғылыми тұжырым берілді. Өлеңге жан-жақты зерттеу
жасап, шумақ, тармақ, бунақ, буын, ұйқас, т.б. ұғымдарға анықтама берді.
6 слайд
Ахмет Байтұрсынұлы «Оқу құралы» (1912), «Тіл құралы» (1914), «Әліпби» (1914), «Жаңа әліппе» (1926-1928), «Баяншы» (1926), «Әдебиет танытқыш» атты оқулықтар, Телжан Шонанұлымен бірге «Оқу құралы» (1926-1927) деп аталатын хрестоматиялық көмекші оқу құралдарын жазды. Байтұрсыновтың «Қазақтың бас ақыны» деген көлемді мақаласы – әдебиеттану ғылымындағы алғашқы зерттеу еңбектердің бірі. Мақалада ұлы ақын Абайдың тарихи миссиясы, рухани болмысы, өлеңдерінің ұлттық сөз өнеріндегі маңызы, көркемдік- эстетик. сипаты баяндалды. Ол Абай өлеңдерінің даралығын, «сөзі аз, мағынасы көп, тереңдігін», сыншылдығын ұғындырды. Байтұрсыновтың Абайдың ақындық шеберлігі, поэзияға деген көзқарасы туралы ғылыми тұжырымдары қазақ әдебиеттану ғылымында жалғасын тапты. Оның «Әдебиет танытқыш» деген зерттеуі (1926) қазақ тіліндегі тұңғыш іргелі ғылыми-теориялық еңбек. Байтұрсынұлы әдебиет тарихына, теориясы мен сынына, методологиясына тұңғыш рет тиянақты анықтама беріп, қазақ әдебиеттану ғылымының жүйесін жасады. Халық тілінің бай қоры көзінен мағынасы терең, ұғымдық аясы кең сөздерді термин етіп алып, соның негізінде қазақ әдебиетінің барлық жанрлық формаларын топтап, жіктеп берді. Мысалы, сөз өнері, шығарма, ауыз әдебиеті, толғау, т.б. ғылыми-теориялық еңбекке қазақ әдебиетінің ең бейнелі, мазмұны мен мағынасы терең шығармаларын мысал ретінде пайдаланды. Сөз өнері жайында жазылған әлемдік ғылымның ең үздік үлгілерін пайдалана отырып, әдебиеттанудағы ұғым, термин, категориялардың соны ұлттық үлгілерін жасады. Мысалы, меңзеу, теңеу, ауыстыру, кейіптеу, әсірелеу, алмастыру, шендестіру, үдету, түйдектеу, кекесіндеу, т.б. «Әдебиет танытқышта» ақындық дарын табиғаты, шығарм. психологиясы, шабыт стихиясына ғылыми тұжырым берілді. Өлеңге жан-жақты зерттеу жасап, шумақ, тармақ, бунақ, буын, ұйқас, т.б. ұғымдарға анықтама берді.
7 слайд
Әліпби туралы …
Байтұрсыновтың публицист, баспасөз ұйымдастырушы ретіндегі еңбегі ұшан - теңіз. Ол –
қазақ ғылымы тарихында ұлттық әліпби жасап, жаңа үлгі ұсынған реформатор.
Байтұрсынұлы әліпбиі қазақ тілінің табиғатына бейімделген араб жазуы негізінде
жасалды. Ол Қазақ білімпаздарының тұңғыш съезінде (Орынбор, 1924), құрылтайында
(Баку, 1926) араб жазуындағы әліпбидің қажеттілігін, құндылығын жан-жақты
тұжырыммен дәлелдеген ғылыми баяндама жасады. Бұл әліпби ұлттық жазудың
қалыптасуындағы ірі мәдени жетістік болып табылады. Ол халыққа ғылым-білімнің
қажеттілігін түсіндірумен ғана шектелмей, білім беру ісін жолға қоюға күш салды.
Орыс,татар мектептерінен оқып шыққан ұлт мамандарының өз тілін қолданудағы
кемшіліктерін көріп: «Әр жұрттың түрінде, тұтынған жолында, мінезінде қандай басқалық
болса, тілінде де сондай басқалық болады. Біздің жасынан не орысша, не ноғайша оқыған
бауырларымыз сөздің жүйесін, қисынын нағыз қазақша келтіріп жаза алмайды не жазса да
қиындықпен жазады, себебі, жасынан қазақша жазып дағдыланбағандық» деп жазды.
Байтұрсыновтың «Оқу құралы» (1912) – қазақша жазылған тұңғыш әліппелердің бірі. Бұл
әліппе оқытудың жаңа әдістері тұрғысынан өңделіп, 1925 жылға дейін бірнеше рет қайта
басылды. «Оқу құралы» қазіргі әдістеме тұрғысынан әлі күнге дейін маңызды оқулық
ретінде бағаланады.
7 слайд
Әліпби туралы … Байтұрсыновтың публицист, баспасөз ұйымдастырушы ретіндегі еңбегі ұшан - теңіз. Ол – қазақ ғылымы тарихында ұлттық әліпби жасап, жаңа үлгі ұсынған реформатор. Байтұрсынұлы әліпбиі қазақ тілінің табиғатына бейімделген араб жазуы негізінде жасалды. Ол Қазақ білімпаздарының тұңғыш съезінде (Орынбор, 1924), құрылтайында (Баку, 1926) араб жазуындағы әліпбидің қажеттілігін, құндылығын жан-жақты тұжырыммен дәлелдеген ғылыми баяндама жасады. Бұл әліпби ұлттық жазудың қалыптасуындағы ірі мәдени жетістік болып табылады. Ол халыққа ғылым-білімнің қажеттілігін түсіндірумен ғана шектелмей, білім беру ісін жолға қоюға күш салды. Орыс,татар мектептерінен оқып шыққан ұлт мамандарының өз тілін қолданудағы кемшіліктерін көріп: «Әр жұрттың түрінде, тұтынған жолында, мінезінде қандай басқалық болса, тілінде де сондай басқалық болады. Біздің жасынан не орысша, не ноғайша оқыған бауырларымыз сөздің жүйесін, қисынын нағыз қазақша келтіріп жаза алмайды не жазса да қиындықпен жазады, себебі, жасынан қазақша жазып дағдыланбағандық» деп жазды. Байтұрсыновтың «Оқу құралы» (1912) – қазақша жазылған тұңғыш әліппелердің бірі. Бұл әліппе оқытудың жаңа әдістері тұрғысынан өңделіп, 1925 жылға дейін бірнеше рет қайта басылды. «Оқу құралы» қазіргі әдістеме тұрғысынан әлі күнге дейін маңызды оқулық ретінде бағаланады.
8 слайд
Ахмет жазған оқулықтар…
Байтұрсынов қазақ мектептерінің мұқтаждығын өтеу мақсатында қазақ тілін пән ретінде
үйрететін тұңғыш оқулықтар жазды. Оның үш бөлімнен тұратын «Тіл – құрал» атты
оқулығының фонетикаға арналған бөлімі 1915 жылы, морфологияға арналған бөлімі 1914 ж.,
синтаксис бөлімі 1916 жылдан бастап жарық көрді. «Тіл – құрал» – қазақ тілінің тұңғыш
оқулығы. Оқулық қазіргі қазақ тілі оқулықтарының негізі болып қаланды. «Тіл – құрал»
қазақ тіл білімінің тарау-тарау салаларының құрылымын жүйелеп, ғылыми негізін салған
зерттеу. Оның тілдік ұғымдарға берген анықтамаларының ғылыми тереңдігі, дәлдігі қазіргі
ғылым үшін өте маңызды. Ол тұңғыш төл граммат. терминдерді қалыптастырды. Мысалы,
зат есім, сын есім, етістік, есімдік, одағай, үстеу, бастауыш, баяндауыш, пысықтауыш,
шылау, сөз таптары, сөйлем, құрмалас сөйлем, қаратпа сөз, т.б. жүздеген ұлттық
терминдерді түзді. Сондай-ақ Байтұрсынұлы практикалық құрал ретінде «Тіл жұмсар»,
мұғалімдерге арналған «Баяншы» деген әдістемелік кітаптар жазды. Ол – қазақ тілін оқыту
әдістемесінің іргетасын қалаған ғалым-ағартушы. Байтұрсынұлы оқулығындағы тілдік
категорияларды ұғындыру мақсатында енгізген «сынау», «дағдыландыру» деген арнайы
бөлімдер қазіргі заманғы әдістеме ғылымы үшін де өз маңызын жойған жоқ.
8 слайд
Ахмет жазған оқулықтар… Байтұрсынов қазақ мектептерінің мұқтаждығын өтеу мақсатында қазақ тілін пән ретінде үйрететін тұңғыш оқулықтар жазды. Оның үш бөлімнен тұратын «Тіл – құрал» атты оқулығының фонетикаға арналған бөлімі 1915 жылы, морфологияға арналған бөлімі 1914 ж., синтаксис бөлімі 1916 жылдан бастап жарық көрді. «Тіл – құрал» – қазақ тілінің тұңғыш оқулығы. Оқулық қазіргі қазақ тілі оқулықтарының негізі болып қаланды. «Тіл – құрал» қазақ тіл білімінің тарау-тарау салаларының құрылымын жүйелеп, ғылыми негізін салған зерттеу. Оның тілдік ұғымдарға берген анықтамаларының ғылыми тереңдігі, дәлдігі қазіргі ғылым үшін өте маңызды. Ол тұңғыш төл граммат. терминдерді қалыптастырды. Мысалы, зат есім, сын есім, етістік, есімдік, одағай, үстеу, бастауыш, баяндауыш, пысықтауыш, шылау, сөз таптары, сөйлем, құрмалас сөйлем, қаратпа сөз, т.б. жүздеген ұлттық терминдерді түзді. Сондай-ақ Байтұрсынұлы практикалық құрал ретінде «Тіл жұмсар», мұғалімдерге арналған «Баяншы» деген әдістемелік кітаптар жазды. Ол – қазақ тілін оқыту әдістемесінің іргетасын қалаған ғалым-ағартушы. Байтұрсынұлы оқулығындағы тілдік категорияларды ұғындыру мақсатында енгізген «сынау», «дағдыландыру» деген арнайы бөлімдер қазіргі заманғы әдістеме ғылымы үшін де өз маңызын жойған жоқ.
9 слайд
Ресей үкіметінің Ерекше Кеңесі 1910 жылы
19 ақпанда Байтұрсыновты қазақ
облыстарынан тыс жерге жер аудару
жөнінде шешім қабылдады. Осы шешімге
сәйкес Байтұрсынұлы Орынборға 1910
жылы 9 наурызда келіп, 1917 жылдың
соңына дейін сонда тұрды. Байтұрсынұлы
өмірінің Орынбор кезеңі оның қоғамдық-
саяси қызметінің аса құнарлы шағы болды.
Ол осы қалада 1913–1918 жылы өзінің ең
жақын сенімді достары Ә.Бөкейханов,
М.Дулатовпен бірігіп, сондай-ақ қалың
қазақ зиялыларының қолдауына сүйеніп,
тұңғыш жалпыұлттық «Қазақ» газетін
шығарып тұрды.
9 слайд
Ресей үкіметінің Ерекше Кеңесі 1910 жылы 19 ақпанда Байтұрсыновты қазақ облыстарынан тыс жерге жер аудару жөнінде шешім қабылдады. Осы шешімге сәйкес Байтұрсынұлы Орынборға 1910 жылы 9 наурызда келіп, 1917 жылдың соңына дейін сонда тұрды. Байтұрсынұлы өмірінің Орынбор кезеңі оның қоғамдық- саяси қызметінің аса құнарлы шағы болды. Ол осы қалада 1913–1918 жылы өзінің ең жақын сенімді достары Ә.Бөкейханов, М.Дулатовпен бірігіп, сондай-ақ қалың қазақ зиялыларының қолдауына сүйеніп, тұңғыш жалпыұлттық «Қазақ» газетін шығарып тұрды.
10 слайд
10 слайд