Материалдар / 14-наурыз Амал мерекесі

14-наурыз Амал мерекесі

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұстаздарға көмек ретінде
ЖИ арқылы жасау
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады

Тақырыбы: 14 – наурыз көрісу Амал мерекесі

Мақсаты: Оқушыларды қазағымыздың салт — дәстүрлерінің бірі амал мерекесінің ерекшелігімен таныстыру және үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуге сыйластыққа баулу.

Би: Қазақ биі

Ән:

Жүргізуші: Салеметсіз бе, құрметті ата — аналар, ұстаздар, оқушылар! Бүгінгі наурыз мейрамына арналған 14 — Наурыз көрісу Амал мерекесіне қош келдіңіздер.
Бүгінгі Наурыз мейрамында екі мерекенің мазмұны қосарланып жүр: оның бірі қазақша — Жаңа жыл және Күн — Түн теңеседі. Наурыз мерекесін 1988 жылғы ресми мейрамдауды бастағалы бұрынғы 14 наурызда «Амал» атауымен мейрамдалып келген жаңа жыл мерекесі Наурызбен біріктірілді. Бір қызығы, қазақ наурызы 21 — 22 наурызда емес, 14 наурызда аталып келген және ол бейресми түрде елдің біраз өңірін қамтыған еді.

Жүр: 14 наурыз — Көрісу мейрамы. Көрісу күнінде халық қыстан аман — есен шыққанына қуанып, бір — бірімен қол алысады. Таң сібірлеп атысымен, көрісу мерекесін асыға күтіп отырған әрбір отбасы алдын ала дайындалып қойған дастарханын жаяды. Міндетті түрде бауырсақ пісіріп, дастарханға тәтті — пәттісімен қосып үйіп қояды. Отбасының кішілері үлкендеріне қос қолын беріп, көрісіп шығады. Бір – біріне «Бір жасыңмен!» дейді. Ол «Бір жасқа есеюіңмен! Осы жылға аман — есен жетуіңмен!» дегенді білдіреді. Содан кейін әр отбасы көршілерімен көріседі. Жасы кіші отбасы мүшелері жасы үлкен жанұяларға кіріп, көрісіп шығады. Міндетті түрде әр адам үш үйдің есігін ашу керек, яғни түске дейін үш үйге кіріп, көрісіп үлгеруі керек. Бұл жоралғы жыл бойы балаларымыз тоқ жүрсін, дастарханымыз аралас болсын, қарым — қатынасымызға сызат түспесін деген ниеттен туған.


Жүр: Дәстүрімізге айналған Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз құтты болсын! Күлімдеген шуақты көктеммен бірге қазақ даласына жер әлемді жайнатып, әнші құстарды сайратып, Наурыз тойын тойлатып Жаңа Жыл келеді. Ендеше, той құтты болсын! Ұлыс оң болсын! Ақ мол болсын! Ұлы мереке сіздерге тек жақсылық әкелсін!

Жүр:

Наурыз келді, жайраң қақты таң күліп, Жап-жасыл болып кетті дүние жаңғырып. Жақсылыққа жаршы болған Наурызым! Сен өмірдің көктемісің мәңгілік! Деп құттықтау сөз кезегін береміз.

Жүр:
Тойла бүгін, тауларым мен боз далам, Тойла бүгін, қарттарым мен бозбалам. Қайта оралған намысымдай Наурызым, Қарсы алады сені бүгін Сам далам!

Көркемсөз: Алтын бесік Оқитын:Жапарова Жайнагүл



Жүр:Арда өсіп, адал емген ақ уызын, Қалдырған ғасырларға нәрлі ізін. Көк бөрілі байрағын желбіретіп, Қазағым тойлап келеген Наурызым!

ӘН.

Жүр: Наурыз мейрам жүректерге нұр сепкен,
Маңдайымнан сүйіп жатыр күн көктем.
Жарығыңмен, шуағыңмен Күн - Ана,
Алып келдің жер бетіне гүл көктем.

Жыр сыйлайық, нұр сыйлайық тірлікке,
Қастерледік қадіріңді білдік де.
Құтты болсын ұлыс күн жұмылдырған,
Бәрімізді ынтымақ пен бірлікке.

Ән:

Жүр:Алқа - жұртым, той - думан,
Ортамызда ашайық.
Ән мен күйді төгіп біз,
Інжу маржан шашайық!

Күй Орындалады.

Жүр: Наурыз шыр айналған жылдың басы, Адамның өлшенеді өмір жасы. Қазақтың пейіліне жарасады, Әр үйде дастарханға толған асы. Өмірің өте келе шал боларсың, Томардай отқа түскен дәл боларсың. Ойнап күл елмен бірге Наурызда, Бұл күнге өмір өтсе зар боларсың. Ұшады аққу көлден қазыменен, Жүреді көл жағалап жазыменен. Жарасар ойын күлкі осындайда, Ойыңды баурайтұғын назыменен. Көрінер ағаш сұлу алмасымен, Соғады ұста темір балғасымен. Барады жыл айналып көрмегелі, Аман ба ауыл аймақ мал басымен? Қар еріп, жер көктемей жаз болама, Мұз кетпей айдын көлге қаз қона ма? Ойнамай наурызда думандатып, Көңілі адамдардың мәз болама? Болғанда жұлдыз кіші, ай көлемді, Асқарға теңемейсің қай беліңді. Қуанам елмен бірге ұлыс күні, Қосылып құрбыларым айтса өлеңді.

Бүгінгі Амал мерекесіне арналған шарамыздың негізгі бөлімі «Пай, пай қазақтың келіндер ай» деп аталады. Келіндер сайысы болады. Олай болса сайысқа түсер келіндерімізді ортаға шақырайық.





1.«Сәлем – сөздің анасы!» (Таныстыру)

2.«Өнерлі келін – сүйкімді!» (Өз өнерін көрсету)

3.«Сөз тапқанға – қолқа жоқ!» (Ситуациялық сұрақтар)

4.«Шебердің қолы ортақ!» (өз қолымен бұйым жасау)

5.«Нан илеу де өнер» (нан илеу сайысы)

6. «Саусағынан бал тамған келіндер-ай!» (Қазақтың ұлттық тағамдарын жасау)

Ал ендігі кезекте сіздерге сайысымызға өз ой пікір, тұжырымдарын білдіретін сарапшыларымызбен таныстырып өтейін.

-------------------------------------- Көп сөйлеп, жөн жобадан біз аспайық, Қандай сайыс болсада біз қашпайық, Ал, ендеше рұқсат болса сіздерден Сайысымызды ортада бастайық

Жүр: Армысыздар, айналайын дана халқым. Сақтаған ұлтымыздың берік салтын. Ата-баба шежіресін жіктеп, Таныстыру парызы әрбір жастың, Өнерлерін паш етер отбасылар, Сәтте келіп қалғандай танысатын дей келе алғашқы шартымыз бойынша «Сәлем – сөздің анасы!» таныстыру кезеңі. Ортаға 1 санымыз бойынша біртіндеп сайыскерлерімізді шақырайық .

(Қазылар алқасынан бағасын сұрау)

Күй нөсерін төгейік, Жырдан моншақ өрейік. Уа, жамағат, ал енді Күйге кезек берейік.

Күй: «--------------» Орындайтын: Тайманова Жарасқан

Жүр:Шеберлердің өнер тамып қолынан, Жаңылмаған ата-баба жолынан. Шебер қолдар өз өнерін көрсетсін, Біз көрейік таланттының өнерін – дей келе бұл сайысымыз « Өнерлі келін – сүйкімді!» деп аталады.

( Қазылар алқасынан бағасын сұрау)

Көңілін халқыңның таптың бүгін Емес қой мынау бізге жат күн бүгін. Бір-бірлеп сұрақ қойып бақ сынайық. Байқайық келіндердің тапқырлығын – дей келе бұл шартымыз бойынша келіндерімізді ортаға шақырып «Сөз тапқанға қолқа жоқ!» атты кезеңнің сұрақтарына жауап аламыз

Сұрақтар: Байғазы деген не? Киіз үйдің сүйектерін ата? Сүзбе қалай жасалады? Тұсаукесер дегеніміз не? Табақ жасау нешеге бөлінеді? Малта дегеніміз не? Сыбаға деген не? Бойжеткен қыздарға байланысты қазақы кәделерді ата? Бұжы қалай жасалады? Бәсіре деген не? Күйеу табаққа, қыздардың табағына не салынады? Наурыз көже қалай жасалады? Жаушы жіберу қандай салт дәстүр? Күйеу жігіттің қайын жұртқа беруге тиісті кәделері? Ірімшік қалай жасалады? Сыйыт дегеніміз не? Қазақтың аяқ киімдерін ата? Жент қалай жасалады?

Жауаптар

1.«Байғазы» деп балалардың, жастардың жаңа киімі, заты үшін ақшалай, заттай берілетін сыйды айтады.

2.Киіз үйдің сүйектері: кереге, сықырлауық, уық, шаңырақ.

3.Сүзбе. Жақсы ұйыған қатықты қапқа салып, асып қойып, сорғытып сүзеді.

4.Тұсаукесер.Сәбиді қаз тұрғаннан кейін тез жүріп кетсін деген тілекпен жасалатын ғұрып, ырым. Ол үшін арнайы ала жіп дайындалады. Бұл ала жіп аттамасын деген ұғымнан шыққан. Сол жіппен баланың аяғын кәдімгідей тұсап, оны аяғын жылдам басатын әйелге қидырады. Сүріншек, жайбасар адамдарға кестірмейді.

5.Табақ жасау төртке: бас табақ, сый табақ, орта табақ, аяқ табақ деп бөлінеді. Оның бер жағында күйеу, құдағи, қыздардың, соғымшының, малшының табағы деген табақтар бар.

6.Малта. Езілген құрттың таусыншақ түйіршіктері, ол әрі жұмсақ, әрі сүйкімді ас саналады. Ұзақ сапарларда ауызға салып, суын жұтқан кезде әрі сусын, әрі қорек болған.

7.Сыбаға (дәстүр). Құрметті қонаққа немесе өздерінің жақын-туыстарына арнап сақтаған кәделі ет мүшелері «Сыбаға» деп аталады.

8.Бойжеткен қыздарға байланысты қазақи кәделер: үкітағар, өлі тірі, сүйінші, шашу, жасау, құйрық бауыр, киіт, көрімдік пен байғазы.

9.Бұжы. Бүйенге толтыра тығып салынған қой етінің шұжығы.

10.Бәсіре (дәстүр). «Жастайынан бағып ем, Бәсіре ғып торы тайым» (Х.Талғаров). Бала туған кезде немесе есі кіріп, оң – солын таныған соң, «сүндет тойына» немесе мектепте барғанда атасы немесе өз әке – шешесі оған тай атайды. Оны «бәсіре» тай дейді. Бала оны ерекше күтімге алады, бағады, үйретеді. Және сол арқылы мал бағуға, еңбекке үйренеді. «Бәсіре» атау баланың көңілін өсіреді, өмірге бейімделеді. Өз қатарына «бәсіре тайым бар» деп мақтанып, өсіп жүреді. Мұның бәрі баланың көңілін өсіріп, ынталандырып тәрбиелеудің бір жолы.

11.Күйеу табаққа: бір сан жілік пен төс салынады. Қыздардың табағына: жүрек, бүйрек, жақ пен тіл салынады.

12.Наурызкөже. Жеті түрлі тағамнан соғымнан қалған сүр ет, қойдың басы, сүт, езілген құрт, бидай т.б салып қазан толы пісіріледі. Қойдың басы мен сүр ет салынуы қыс тағамымен қоштасуды, ақтың қосылуы жаз тағамымен қауышуды білдіреді.

13.Жаушы қыз айттыруға баратын өкіл. Ол жөн жосық білгіш, сөзге шешен, әзіл қалжыңға жүйрік адам болуы керек. Оның міндеті қыз әкесін көндіріп, бойжеткенге құда түсіп құдалыққа келер күнді белгілеп қайту. Жаушы айтатын сөзі: сіздерде лашын бар, біздерде сұңқар бар. Сол лашынды сұңқарға ілгізгелі келдім деп тұспалдай сөйлейді.

14.Сүт ақы, балдыз көрімдік, жеңгетай, отау жабар, ентікпе, атбайлар, қолұстатар, шаш сипатар, ит ырылдар, кемір өлді, күйеу аттандырар.

15.Ірімшік. Жаңа сауылған сүт мәйекпен ұйытып, одан кейін су алғанша қайнатады. Қайнаған ірімшік қызыл сары түске айналады, оны сүзіп алып, дорбаға салып, желге, күнге қойып кептіреді. Кепкен ірімшік бұзылмай көп сақталады.

16.Сыйыт (дәстүр). Ежелгі дәстүрде қайтыс болған адамның тұтынған киімдерін оның сүйегін жууға кірген адамдар мен өзі қатарлас адамдарға үлестіретін салт болған. Егер киімі берілмей үй – іші қараулық жасаса аруақ жалаңаш жүреді деген ұғым бар.

17.Қазақтың аяқ киімдері: байпақ, етік, кебіс, мәсі. Етік. Ертеде илеген теріден бертінде былғарыдан киген.

18.Мәсі. Етіктен айырмасы өкшесі болмайды, сыртынан кебіс киеді.

19.Кебіс. Былғарыдан тігілген қонышсыз аяқ киім.

20.Байпақ. Қысты күні малшылар етіктің ішінен қозы жүнінен басылған байпақ киген.

21.Жент. Түйген қызыл ірімшікке қант, құрт, өрік мейіздердің ұнтағын, сары май немесе шыртылдақ, кейде жаңғақ, өрік дәндерін, бал қосып жасалатын өте дәмді тәтті тағам. Бейнелеп айтқанда қазақтың ұлттық шоколады деуге болады.

( Қазылар алқасынан бағасын сұрау)

( Қазылар алқасынан бағасын сұрау)

Ән:

Сымбатына өнері жарасатын. Аспандағы айменен таласатын. Өздеріне сай келіп тұрған жоқ па, Сайыскерлерге қызығып қарасаң шын – дей келе, «Шебердің қолы ортақ! атты кезеңде келіндеріміздің өз қолдарынан бұйым жасау.

( Қазылар алқасынан бағасын сұрау)

Ән:

Ойын: Қол күрес

Пысық келін болар іске жауапты, Ақылына көркі сай боп талантты. Осы емес пе келін деген нағыз ат, Кең пейілді асыл жанды,сымбатты, дей келе, «Нан илеуде өнер» кезеңінде келіндеріміздің жылдамдығын,іске ептілігін,пысықтығын көретін боламыз.

Ән:

( Қазылар алқасынан бағасын сұрау)

Мың бұралған биіменен әр қилы, Меңгеріп ап сол бойына бар биді Шығар қазір ортамызға бір ару, Қылығымен сан бұралып билейді.

Би: «Қазақ биі» Орындайтын:

Осындай болып жатты ұлы жиын. Жиынның мыңнан бірін айту қиын. Еті тау, қамыры көл деуге болар Айтқанда тартыңқырап астың сыйын. Яғни,«Саусағынан бал тамған келіндер-ай!» деп аталатын бұл шартымызда үйден жасалынып әкелінген қазақтың ұлттық ас мәзірін көрсетіп, таныстыру.

Ән:

Қорытындылау. Сайыскерлерді марапаттау.

Ақ тілек бейбітшілік аман болсын! Елім, жұртым қадірлі аман болсын! Туғандай бір анадан жамағаттар Достыққа берік, мықты адал болсын!

Наурыз мейрамы құтты болсын! Ұлыс оң болсын! Ақ мол болсын!

Осымен, бүгінгі мерекелік шарамыз аяқталды. Назар қойып, алтын уақыттарыңызды бөліп тыңдағандарыңызға көп рахмет.Жылдан жылға аман есен жетейік,жаңа жылымыз бәрімізге құт-береке акелсін.



1.Байғазы деген не? 2.Киіз үйдің сүйектерін ата? 3.Сүзбе қалай жасалады? 1.Тұсаукесер дегеніміз не? 2.Киіз үйдің киіздерін ата? 3.Ит көйлек дегеніміз не? 1.Сыбаға деген не? 2.Бойжеткен қыздарға байланысты қазақы кәделерді ата? 3.Бұжы қалай жасалады? 1.Тоқымқағар деген не? 2.Күйеу табаққа, қыздардың табағына не салынады? 3.Наурыз көже қалай жасалады? 1. Жарысқазан деген не? 2.Күйеу жігіттің қайын жұртқа беруге тиісті кәделері? 3.Ірімшік қалай жасалады? 1.Ерулік дегеніміз не? 2.Қазақтың аяқ киімдерін ата? 3.Бастаңғы дегеніміз не?



ЖИ арқылы жасау
13 Қырқүйек 2018
4436
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі