Материалдар / 1928-1937 ЖЫЛДАРДАҒЫ ҚАЗАҚ ДАЛАСЫНДАҒЫ ЖАППАЙ КӘМПЕСКЕЛЕУДІҢ САЛДАРЫ

1928-1937 ЖЫЛДАРДАҒЫ ҚАЗАҚ ДАЛАСЫНДАҒЫ ЖАППАЙ КӘМПЕСКЕЛЕУДІҢ САЛДАРЫ

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәуелсіздігімізді алып, егеменді ел болып жатқан кезде ұзақ жылдар бойы отаршылдықтың тұтқынына түскен санамыз қайта жанданып, даму үрдісін бастан өткізуде. Кеңес үкіметі кезіндегі айтылмаған, айтылуға тыйым салынған көптеген тарихы құнды деректерімізді зерттеуге бет бұрып жатырмыз. Соның бір жарқын көрінісі ретінде ұлттық демографиямызда орын алып отырған өзгерістерден айқын байқалады. Кейінгі жылдары қазақ халқының демографиялық мәліметтерді білуге деген қызығушылығы артып, қазақ ұлты өз жерінде қалай азшылыққа ұшырады деген сауалдар әркімді де ойландырары сөзсіз.
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады

1928-1937 ЖЫЛДАРДАҒЫ ҚАЗАҚ ДАЛАСЫНДАҒЫ ЖАППАЙ КӘМПЕСКЕЛЕУДІҢ САЛДАРЫ

М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті

колледжі, Қазақстан тарихы пәні оқытушысы,

саясаттанушы магистр Досыбай Н.Ж


Тәуелсіздігімізді алып, егеменді ел болып жатқан кезде ұзақ жылдар бойы отаршылдықтың тұтқынына түскен санамыз қайта жанданып, даму үрдісін бастан өткізуде. Кеңес үкіметі кезіндегі айтылмаған, айтылуға тыйым салынған көптеген тарихы құнды деректерімізді зерттеуге бет бұрып жатырмыз. Соның бір жарқын көрінісі ретінде ұлттық демографиямызда орын алып отырған өзгерістерден айқын байқалады. Кейінгі жылдары қазақ халқының демографиялық мәліметтерді білуге деген қызығушылығы артып, қазақ ұлты өз жерінде қалай азшылыққа ұшырады деген сауалдар әркімді де ойландырары сөзсіз.

Тарихқа көз жүгіртетін болсақ Қазақстанда XX ғасыр ірі тарихи оқиғалармен ерекшеленеді. Өткен ғасырдың алғашқы жартысы — қазақ халқының өмірінде бетбұрысты кезең деп саналады. Әсіресе 20–30 жылдарындағы ашаршылық апаты немесе «Ұлы жұт» қазақ тарихының қасіретті беттерін айғақтайды. Зертеуші ғалымдар осы мәселемен айналысып, Қазақстанда халқы бір ғасырда үш бірдей ашаршылықты бастан кешкен және оны үш кезеңге бөліп қарастырады:

1919 — 1922 жылдардағы аштық (1,5 млн адам)
—1931 — 1933 жылдардағы аштық (2,5 млн адам)
—1946 жылдары болған аштық.

Әрине, бірінші ашаршылық та сұмдық болды. Бірінші ашаршылық 1919–1922 жж. болған. Осы жылдары аштық кезінде 1,5 млн жуық адам шығыны болды. Ол көбінесе елдің оңтүстік аймақтарын қамтыды, нақ осы және басқа да деңгейде Қазақстанның барлық тұрғындары да зардап шекті. Екінші ашаршылық, әртүрлі мәліметтер бойынша, 1930—жылдарда 1,5 млн—нан 2,5 млн. адамға дейін болды. Ал, үшінші ашаршылық соғыстан кейінгі еліміздегі экономикалық ахуалдарға байланыты туындады. Бірақ та, бұл ашаршылық сол жылдары халықтан жасырын түрде ұстады. Осылайша, қазақтар іс жүзінде 15–20 жылдың ішінде халқының жартысына жуығынан айырылған. Әлемдік тарих мұндай кең ауқымды ашаршылықты білген емес. Сондықтан, осы қасіретті әрбір қазақ білуге міндетті және есте сақтап, ұмытпауымыз тиіс [1, с. 2]

Қазақ жерінде ашаршылық салдарынан демографиялық ахуал күрт төмендеп кеткен болатын. Оның айқын көрінісі ретінде тарих беттерінде қалған 1931–1933 жылдары қазақ халқының басына төнген ең бір қасіретті «Ұлы жұт» кесірінен күні бүгінге дейін қазақ халқы өз жерінде демографиясы жағынан азшылыққа ұшырап отыр.

Батыстық немесе ресейлік ғалымдар ашаршылықтың болу себебі ауа райының қолайсыздығынан, құрғақшылық болып егіннің шықпай қалғанынан немесе жұқпалы аурулардың таралуынан деген сияқты асыра сілтеулерден іздейді. Ашаршылық кезінде қаншама қазақ қыршынынан қиылды. Оған дәлел мұрағат қойнауында сақталған көптеген ресми құжаттар. Ұлт зиялысы М. Тынышбаевтың есебі бойынша «Қазақстанда 1917 жылы 2 910 000 қазақ өмір сүрген болса, ал М.Г. Сириустың 1924 жылғы жүргізген санағы бойынша қазақтар саны 1965 443 әрең жетіп жығылған» — деген мәліметтер көрсетілген [1, 260 б.]. Ал, белгілі демограф—ғалым М. Тәтімовтің есептеуінше "1931–1933 жж. ашаршылық Қазақстанда өмір сүрген 2,5 млн адамның, соның ішінде 2,3 млн қазақтардың және 200 мың келімсектердің қайтыс болғаны анықталды. Отырықшы келімсектер арасында аштықтан өлгендер 10%—ға жетсе, көшпенді қазақтар арасында бұл көрсеткіш 52—53%—тен асып кеткен. Осыдан 17–18% жергілікті тұрғындардың Қазақстаннан біржола көшіп кеткен"—деген мәліметтерді есепке алсақ, қазақ халқының саны өз жерінде осы кезеңде 70% дейін кемігені көрінеді [2, 17 б.] Бұл деректер осыған дейін жарияланған мәліметтердің орташа есебімен сәйкес келеді. Тағы бір естелігінде ағамыз М. Тәтімов: «1879, 1926, 1939 жылдардағы халық санағының нәтижелері жөніндегі мәліметтерді қолға түсіріргенмін. Көзімнің жеткені — 1939 жылғы санақта қазақ халқының санын айтарлықтай асырып жазғандығын аңғардым. Сонда, озбыр саясат «орыс емес» ұлттарды аяусыз қырып—жойғандығын жасырып қалғысы келген«,— деп пайымдаған болатын.

1879 жылғы санақта қазақтар 5 млн. болса, арада 42 жыл өткен соң 1939 жылғы санақта қазақтар 2 млн. 300 мың болды. Яғни екі есе азайды. Осыған қарап отырып, 42 жылда қазақтар азамат соғысы, байларды кәмпескелеу, жаппай колхоздастыру, 1932–33 жылдардағы аштық, 1937–38 жылдардағы репрессия салдарынан миллиондаған адамынан айрылған деуге әбден болады. Осы екі санақ арасында орыстар — 30, өзбектер — 24, қырғыздар — 16 пайызға көбейсе, қазақтар — 22 пайызға, украиндықтар — 21 пайызға кеміген.

Қазақстандық тарихшы А.Н.Алексеенконың еңбектері Қазақстандағы ауыл тұрғындарының табиғи және көші—қон қозғалысын, халық санының өсу динамикасы және оның ұлттық құрамын зерттеуге арналған. Көптеген мұрағат деректері мен жарияланған материалдары негізінде ауыл тұрғындарының негізгі даму бағыттары анықталады. Сол сияқты 1920–1930 жылдардағы ашаршылық және оның демографиялық зардаптары, жаппай қоныс аудару, көші—қон, 1930–1940 жылдардағы қуғын—сүргінге ұшыраған халықтардың жер аударылуы мәселелер қарастырылған [2, с. 3]

Яғни, бұл ғалымның зерттеуі бойынша әртүрлі есептеулер мен түзетулерге сүйенгенде, 1930—шы жылдарғы қазақ халқының аштан қырылуы 1 миллион 840 мың немесе қазақтың 47,3 пайызы құрайды. Бүкілодақтық халық санақтары бойынша әртүрлі авторлардың зерттеулерінде қазақ халқының сан жағынан кему көрсеткішінде шамалы айырмашылықтар байқалады. Мәселен, А.Н. Алексеенконың мәліметтерінде 1939 жылғы қазақтың саны 2 млн. 328 адам делінген. Төмендегі кестеден көре аламыз (1 кесте):

1926 — 1939 жж. Қазақстанның халық саны 1 кесте


1926 ж.

1939 ж. 

Халық саны, мың адам

Үлес салмағы, %

Халық саны, мың адам

Үлес салмағы, %

Жалпы халық саны

Қазақтар

Орыстар

Украиндар

Немістер

Басқа ұлттар

6 230

3 628

1 275

860

59

408

100

58,2

20,5

13,8

1,0

6,5

6 395

2 328

2 636

677

85

669

100

36,4

41,2

10,6

1,3

10,5

ХХ ғасырдың 30—жылдар басында өткерген сол бір нәубет ашаршылықты жасаған, жаппай ұжымдастыру идеологиясының негізін салушы, сонымен қатар Қазақстандағы «Кіші Қазан» төңкерісінің негіздеушісі, Сталиннің ұр тоқпағы —Ф.Голощекин болатын. Голощекиннің келе сала қолға алған ісі — жаппай кеңестендіру жүйесін енгізіп, қазақ халқының ғасырлар бойы қалыптасқан дәстүрлі шаруашылығын өзгертуге бағытталған идеясы. Күштеп ұжымдастыру тәсілдері астық, ет дайындау науқанын көп мөлшерде орындау қажеттігіне қарамастан, қазақ көшпелі өмір салтын отырықшыға айналдыру стратегиясы 1929 жылдан бастап Қоныстандыру басқармасының әзірлеген шаралары негізінде жүзеге асырыла бастады. Ауылшаруашылық өнімдерін күштеп дайындау жоспарына қазақ қоғамы кеңестендіру саясатына мойынсұна қоймады, себебі ғасырлар бойы қалыптасқан көшпелі халықтың ұлттық дәстүрлі шаруашылығы жаңа таптық жүйені жылдам қабылдауға дайын емес еді.

Досыбайұлы Жұман 1889 жылы қазіргі Түркістан облыс, Ордабасы ауданы, Ақжол елді-мекенінде дүние есігін ашқан.ХІХ ғасырдың аяғымен ХХ ғасырдың бас кезінде, Патша өкіметінің отарлау саясаты мен, кеңес өкіметінің сұрқия саясатының қиыншылығын басынан өткізіп,1914-1918 жылдардағы бірінші дүниежүзілік соғыс және 1916 жылығы Ұлт азаттық көтерлістің қиыншылығын көріп, 1931-1933 жылдардағы жаппай белең алған ашаршылық пен қанды қырғын мен 1937-1938 жылдардағы жаппай қуғын-сүргін жылдарында отбасын аман алып қалу жолында, қазіргі Өзбекстан жеріндегі Ташкент облысына қоныс аударып, 1942 жылы атамыз өзінің кіндік қаны тамған жеріне қайта оралған болатын.

Досыбай Жұман өз құжатын жоғалтып алыпты, Әжем бізді аштықтан аман алып алған, Сенің Атаң деп айтқан сөздері әлі есімде, мен Әжемнің баласы болып өскенмін, үйдің үлкені болған соң, біздің көршіміздегі барлық молдалар мен басы байлы туысқан аталарың Намазын көпшіліктен тығылып, жер төледе оқитын, егерде көршілер көріп қойса айтып қоймасын деп, 1931 жылы бізді Өзбекстанға Ташкентке көшіріп алып кеткен, сол жақта бағбан болып, сауда жасап, бізді аштықтан аман алып қалған. Біз 1942 жылы қайтып елімізге көшіп келгенбіз. Менің үлкен қызым 1942 жылғы деп айтып отыратын, ал менің Нағашыларым Арқалықтан ол жақта бізден көп 1931-1937 жылдары Қазақтар көп қырылған. Торғай, Ақтөбе, Қостанай, Ақмола жерінде қазақтардың саны күр азайып, шет ауып кеткен екен [4, с. 5]

1939-1945 жылдары аралығында бүкіл дүниежүзін дүрліктірген екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында, қиыншлықты бастан өткізіп, 1942 жылы өзінің туып-өскен отанына, кіндік қаны тамған жеріне қайта оралып, тылдла жұмыс атқарған болатын. 1942 жылы Ұлы отан соғысының қиын-қыстау кезінде, тылда жұмыс атқарып, 1954-1957 жылдардағы тың және тыңайған жерлерді игеру кезінде аянбай еңбек еткен, атамыз Досыбайұлы Жұманның бізге қалдырған аманат қаруының жартысын, осы Түркістан облысы өлкетану мұражайына тапсырғалы ортырмын. Ұлы отан соғысы жылдапрында тылда жұмыс атқарғанда берілген кеңестік қорғаныс әскерінің қаруын көрмеге сыйға тартып отырғаныма мен жеке өзім қуаныштымын. Мен Досыбайұлы Жұманның немересі, тарихшы, саясаттанушы магистр Досыбай Нұрлыбек Жолдасбекұлы.

Бұл қару 1859 жылы кеңестік әскерлердің тапсырысы бойынша жасалған. Маған бұл қарудың жартысын, менің әжем Досыбай Ізет аман етіп тапсырған болатын. Мен жеке өз басым көпшілікке белгілі болысын деп, осы сіздердің мұражайларыңыздағы көрмеге беріп отырмын. Менің атам Досыбайұлы Жұман атамның қазақ халықы мен отбасы үшін жасаған ерлігін әр уақытта көпшілік қауымға айтып жүремін.

Атам Досыбайұлы Жұманның жеке қолына ұстаған қаруы төмендегі фото-суретте жақсы көрсетілген. Мен бұл қаруды көзімнің қарашығындай сақтап, Шымкент қаласы Түркістан облыстық тарихи-өлкетану музейіне өтікізіп, осы қарудың түр-сипатын жазып, музей мекемесіне тапсырдым.

Бұл тарихы жәдігер қарудың егесі Досыбайұлы Жұман атам 1976 жылы өмірден өтіп, Әжем Досыбай Ізте менің жеке сақтап қарауыма аманат етіп қалдырған. Осы жеке қарудың егесін естен шығармай аманатын Түркістан облыстық тарихи-өлкетану музейіне тапсырып отырмын. Немересі Досыбай Нұрлыбек Жолдасбекұлы атынан.

Қорыта келгенде мамандардың айтуынша, ашаршылық басталған 1932 жылы туылған 10 қазақтың біреуі ғана аман қалып отырған. Халықтық жалпы қасіреті жадында сақталып қалған елін сүйген азаматтар Кеңестік биліктің қатаң бақылау саясатына қарамастан, тарихтың ащы шындығын болашаққа жеткізуге тырысып жатты. Әрбір қазақ шаңырағын шайқалатын ашаршылық тарихына қызығушылар саны жылдан—жалға артып келеді. Себебі, ашаршылық қасіреті елдің жадынан ешқашан ұмытылған емес және ұмытылмайды. Ал, бүгінгі ұрпақ кеңестік дәуірдегі әлеуметтік тәжірибелер, адам құқықтарын таптау және осы сияқты келеңсіз құбылыстардың қайталанбауы үшін өткен тарихымызды білуі тиіс. Шын мәнінде, бүгінгі жастар ашаршылық тарихын білуі керек және оның құрбандарын ұмытпауы тиіс. Өткен тарихтың ақиқатын халыққа жеткізу арқылы оның сабақтарын әрқашан есте сақтауымыз керек. [7, с. 3]

Қазақ елім шаттығымының белгісі

Тәуелсіздік бұл халқымының еншісі

Қаншама жыл қаншама күн өтседе

Ел басымыз бұл бостандық елшісі

Қазағым деп қазақ елін мақтайын

Тарихымды мен жүректе сақтайын

Аңыз тұнған тарихымның белгісін

Мен осылай жырмен жазып ақтайын

Қазақстан байтақ елім асқарым

Жарқырайды күнмен түнім аспаным

Байтақ жердің туын көкке көтерген

Тәуелсіздік ерік пен елдік дастаным

Еркіндік пен ерік берген халқыма

Бас иеміз сақтаған ата-салтына

Өтсе өмір өтсе тарих жазылып

Сөз айтамыз Қазақстан атына

Жырдан тұнған сырдан тұнған еліме

Біз арнаймыз Қазақстан жеріне

Бостандық пен ерік берген халқыма

Қонсын бақ құс өзенімен көліне

Осы сөзді арнап келем қалама

Нұрын шашқан кеңбайтақ елді далама

Желтоқсанның туын көкке көтерген

Жастармды тарихым еске алама

Құтты болсын тәуелсіздік емін- еркін

Жеткізем мен халқыма сөздің көркін

Желтоқсанды қадір тұтып тұрған елге

Орындалсын әр қашанда берген сертін



Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1. Омарбеков Т. «Қазақстан тарихының ХХ ғасырдағы өзекті мәселелері» Алматы: «Өнер», 2003.— 552 бет
2. Тәтімов М. «Қазақ әлемі (Қазақтың саны қанша?) — Алматы: Атамұра, 1993.—
160 б.
3. Алексеенко А.Н. Население Казахстана. 1920–1990 гг. — Алматы: Ғылым, 1993. — 125 с.; Алексеенко Н.В., Алексеенко А.Н. Население Казахстана за 100 лет (1897–1997 гг.). — Усть—Каменогорск, 1999.
4. Омарбеков Т. «20–30 жылдардағы Қазақстан қасіреті» Алматы: Санат —1997 ж. —320 б.
5. «Қазақстандағы ашаршылық: халық қасіреті және тарих тағылымы»: Халықаралық ғылыми конференция материалдарының жинағы.31 мамыр — 1 маусым 2012жыл/ Б.Ғ. Аяғанның жалпы редакциясымен. — Астана. Мемлекет тарихы институты, 2012 — 400бет.
6. Кыдыралина Ж.У. Нация и история. — Астана: Елорда, 2009. — 221 б.
7. Алаш айнасы Республикалық қоғамдық—саяси ақпараттық газет «Ашаршылықта қырылған халықтың санын әлі де зерттеу керек» Салтан СӘКЕН (№ 94 (776) 1 маусым, жұма 2012 жыл)

20 Маусым 2025
43
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі