Материалдар / 21-ғасыр - білім мен біліктің дәуірі
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

21-ғасыр - білім мен біліктің дәуірі

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақаланы оқуға кеңес беремін
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
30 Тамыз 2024
89
0 рет жүктелген
450 ₸
Бүгін алсаңыз
+23 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +23 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Түркістан облысы

Шардара ауданы

М.Горький атындағы ЖОМ

Абралиева Жанар Бақытжанқызы

ХХІ ҒАСЫР- БІЛІМ МЕН БІЛІКТІҢ ДӘУІРІ

Білім мен тәрбие әрқашан күн тәртібіндегі басты өзекті мәселе болып табылатындығы баршамызға белгілі. Қазір заман өзгерді, талап өзгерді. «ХХІ ғасыр білім мен ғылымның ғасыры болады», – дегені есімізде ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың. Қоғамымыз заман талабына сай жаңа ақпараттық технологиямен жұмыс жасауға бет бұрып, интернет пен компьютердің «заманына» келе жатыр. Ел болашағын құруда біз де сәл де болса өз үлесімізді қосуға міндеттіміз. Елбасы «Күшті ұлт болу үшін алдымен ішкі бірлік, ұйымшылдық пен татулық қажет. Ал сондай ұлтты алға жетелейтін білімді, патриот, еңбекшіл, өз салт-дәстүрін, мәдениетін, тілін, дінін, ділін құрметтейтін азамат нағыз көшбасшы болуға лайық» – деп отандық білім берудің маңыздылығын терең талдап айтқан болатын.

Расында, бiлім беру жүйесі қоғамның әлеуметтiк – экономикалық дамуында жетекшi роль атқарады, сондай-ақ, оны әрi қарай айқындай түседi. Ал бiлiмнiң қалыптасып, дамуының жалпы шарттары философияның негiзгiмәселесi – рухтың материяға, сананың болмысқа қатынасы тұрғысынан зерттелетiнiлiм таным теориясы деп аталады. Таным теориясының басқа ғылыми теориялардан түбiрлi айырмашылығы – ол бiлiмнiң қалыптасуы мен негiзделуiнiң жалпы ұстанымдарын, объективтiк қатынастарды қалыптастырады.

ХХІ ғасыр – білім мен біліктің дәуірі. Сапалы білім алған өрендер ел ертеңіне үлкен демеу болары сөзсіз. Сондықтан, бүгінде оқу ошақтарының санын көбейтіп, білім сапасын арттыру маңызды. Осы ретте, облыс орталығындада жүйелі жұмыстар жүргізіліп жатыр.

Бұл дәуірдің әр ғасыры тарихи уақиғаларға, мәдени төңкерістерге толы. Жаңа заман — өнеркәсіптік өркениеттің қарыштап алға басып, қоғамның барлық салаларында түбегейлі өзгерістердің белең алғандарға байланысты жаңа сипатқа, жаңа мазмұнға ие болды. Ғылымның дамуына еркіндіктің берілуі қоғамдық сананы жаңа сатыға көтерді. Қоғамдық өмірдің барлық салаларында жетекші орынға ие бола бастаған ғылым — адамдардың нәсіліне, ұлтына, табына қарамастан халықтың рухани дүниесін байытуда айтарлықтай рөл атқарды. Мемлекет тарапынан жасалынған үлкен қамқорлықтың арқасында XVII ғасыр ғылыми революцияның даму қарқыны өте жоғары болды. Ғылыми революция математика және механика саласында басталды да, басқа ғылым салаларындағы ғылыми жаңалықтармен жалғасты.

«Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет» деп, Елбасы атап көрсеткендей жас ұрпаққа білім беру жолында ақпараттық технологияны оқу үрдісінде оңтайландыру мен тиімділігін арттырудың маңызы өте зор. Қазіргі қоғамдағы білім жүйесін дамытуда ақпараттық, инновациялық технологияларды қажет етіп отырған кезеңде Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың өз назарында ұстап отыруының орны ерекше. Ол өзінің халыққа дәстүрлі Жолдауында білім, ғылым саласын дамытуда көп міндеттер қойып, сенім артып отыр.

Заман талабына сай адамдардың мәлімет алмасуына, қарым-қатынасына ақпараттық-коммуникативтік технологиялардың кеңінен қолданысқа еніп, жылдам дамып келе жатқан кезеңінде ақпараттық қоғамды қалыптастыру қажетті шартқа айналып отыр. Келешек қоғамымыздың мүшелері – жастардың бойында ақпараттық мәдениетті қалыптастыру қоғамның алдында тұрған ең басты міндет. Қазіргі қоғам үшін информатиканың, кибернетиканың, экологияның, микроэлектрониканың жəне т.б. жаңа ғылымдардың рөлі мен мəні туралы түсініктерді дамыту – қазіргі кезең – ғылыми-техникалық төңкерістер кезеңіне тəн ерекшеліктердің бірі.

ХХ ғасырдың 50-60 жылдары басталған бұл даму осы ғылымдардың қалыптасуына жəне адамзат əрекетінің көптеген салаларына, яғни өндірістік кəсіпорынға, ғылыми зерттеулерге, білім беруге, əлеуметтікмəселелергежəне т.б. əсер етті. Бұл жүйелерде өзін-өзі ұйымдастыру, өзі-өзі дамыту, жүйелілік жəне басқару сияқты факторларды ескеру қажеттігіне алып келді.Бүгінгі басты мәселеміз – білім сапасы десек, осы білім сапасын арттырудың тиімді жолы- білім беру жүйесінде түрлі ақпараттық технологияларды қолдану. Келешек қоғамымыздың мүшелері-жастардың бойында ақпараттық мәдениетті қалыптастыру қоғамның алдында тұрған ең басты міндет.

ХХІ ғасыр – техниканың озық дамыған ғасыры. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың сындарлы саясатының арқасында бүкіл мектеп компьютермен қамтамасыз етілді. Жаңа ақпараттық технологиялар дегеніміз- білім беру ісінде ақпараттарды даярлап, оны оқушыға беру процесі. Оқытудың нәтижесі-терең білімді, өз ойын дәлелдей алатын, білімін қоғамдық пайдалы мәселелерді шешуде жүзеге асыра алатын, жауапкершілігі мол , ұлтжанды тұлғаны дамыту. Осы міндеттердің жүзеге асуын қамтамасыз ету үшін заманауи әдістер мен технологияларды енгізу керек. Сонымен қатар, қазір тек білім саласы ғана емес кез – келген салада білім мен ғылым мәселесінің дамуы өз әсерін тигізіп жатыр. Оған келтірер тағы бір мысал, қазіргі уақыттағы аурухана, балабақша, халыққа қызмет көрсету орталығының жұмыстары. Бұрындары ауруханаға көріну үшін ата – әжелеріміз кезек соңында көз майын тауысып күтіп тұрғанын көретінбіз. Және үйде отырып өз кезегін күтіп, кезегі келгенде ғана ауруханаға барып дәрігер көмегіне жүгінеді. Бұл қосымша біздің қарт – қарияларымыз үшін, жас балалы аналар үшін өте тиімді екені баршамызға мәлім.

Қазақстан Республикасы да ғылыми-техникалық прогрестің негізгі белгісі – қоғамды ақпараттандыру болатын жаңа кезеңіне енді. Қоғамды ақпараттандыру – экономиканың, ғылымның, мәдениеттің дамуының негізгі шарттарының бірі. Осы мәселені шешудегі басты рөл мектепке жүктеледі. Білім берудің маңызды шарты оқу процесінде оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыра отырып, өздігінен білім алу құштарлығын дамыту болып табылады. Сондықтан да, осы мақсатқа жету үшін оқушылардың өз бетінше білім алу дағдыларын қалыптастыруға бағытталған ақпараттық-коммуникациялық технологияны физика пәнінде қолданамын. Сонымен қатар, XXI ғасыр – ақпараттық технология ғасыры. Қоғамды ізгілендіру оның білім мен мәдениет жүйесін дамыту процесінде ақпаратты технологиялар маңызды рөл атқарады.

Ақпараттық технологиялар практика жүзінде қоғамдағы барлық мамандық салаларына байланысты пәндерді оқытуға қатысты. Оқытуда ақпараттық–коммуникациялық технологияны пайдалану бойынша біліктілік арттырудан өткен педагогтардың үлесі 2015 жылы олардың жалпы санының 90% -ын құрайды деп 2020 жылға дейін арналған стратегиялық бағдарламада көзделген. Олай болса, физика пәнінің мұғалімі де компьютерді жетік меңгеруі қажет. Пәнге қызықтыру арқылы, оқушыға табиғаттың күрделі құбылыстары мен заңдылықтарын ұғындырып, сапалы білім беру мұғалімнен үлкен шеберлікті, оған қоса ғылым мен техника жаңалықтарын, яғни жаңа педагогикалық технологияларды әр сабағында тиімді қолдануды талап етеді.Қазіргі кезде компьютер адам өмірінің барлық саласына толық енгізілді. Сондықтанда ұстаздардың алдында тұрған ең негізгі ортақ міндет - өмірге икемделгіш, заман ағымына ілесе алатын жаңа тұлғаны тәрбиелеу. Әлемдік деңгейге жету үшін, дәстүрлі педагогикадан жаңалыққа қарай қадам басу барша педагогикалық қауымдастыққа тән. Ағылшын профессоры Джон Вэзборн «Көшбасшылық-бұл өзгеріс» деп ой түйеді. Қазақстан Республикасындағы білім беру жүйесінің басты міндеті ғылым мен тәжірибенің жетістіктері негізінде алынған білімді нақты жағдайда пайдалану икемділігін меңгерген, өз бетінше дұрыс, тиімді шешімдер қабылдауға қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру. Осы орайда, Ұлы данышпан Әл-Фараби адамзат үшін «12» қасиет-қағиданы қадап айтады. Әл-Фарабидің он екінші қағидасында, мынадай жолдар бар: «Өзі қажет деп тапқан істі жүзеге асыруға келгенде шебер-шешімпаздық танытып, бұл шақта қорқыныш пен жасқану дегенді білмейтін бірбеткей, батыл, ержүрек болуы міндет» дейді. Сонымен қатар, сауаттылықтарын кәсіби шеберлікпен ұштастыру үшін нәтижеге бағытталған білім беру үлгісінде мақсатты түрде білім беретін, қалыптастыратын, дамытатын андрогогикалық процесс қашанда қажет. Басқаша айтқанда, ересектерге арналған, жалпы және кәсіби білімнің қажеттілігін дамыту, ғылым, білім мен мәдениет жетістіктері арқылы адамдардың жалпы мәдениеті мен әлеуметтік белсенділікті дамытуға бағытталған танымдық іс-әрекетке ынталандыру бүгінгі күннің басты талабы болып отыр.

Біздің басты міндеттеріміздің бірі қазақстандық отансүйгіштікті , адамның құқықтары мен бостандықтарын құрмет ететін азамат тәрбиелеу. Өйткені Қазақстан құқықтық мемлекет құруға кірісті. Мұндай іс-шараның басты принциптерінің бірі-құқықтық білім берудің сапасын арттыру.Білім мен құқықтық сананың қалыптасуы-қазіргі адамға да, қоғамға да қажет. Өйткені Қазақстан құқықтық мемлекет құруға кіріскен уақытта, біздің қоғамымызға жан-жақты білімді, халықтың мүддесін қорғай алатын, егеменді елімізге өз үлестерін қосатын нағыз отансүйгіш, ұлтжанды азаматтар қажет. Мұндай азаматты мектеп, дәлірек айтсақ, ұстаз тәрбиелейді. Өйткені: «Ұстазы жақсының-ұстамы жақсы»-деп дана халқымыз бекер айтпаған. Әлемдік деңгейде кең қанат жайып келе жатқан ғаламдану үрдісінде әр халықтың өзіндік бет - бейнесін сақтап қалуы мен ұлттық ерекшеліктерді қазіргі өркениет талаптарына сай жетілдіру мәселесі зор маңызға ие болып отыр. Халықтың рухани құндылықтары ақпараттар ағынымен, жан- жақтан еніп жатқан жат түсініктер тасқынында жоғалып кетпеуі үшін жас ұрпақтың білімінің берік, білігінің бекем болуы тиіс. Әрине, ол жалпы білім беретін білім мекемелеріндегі оқу - тәрбие жүйесінің қалай ұйымдастырылуына тікелей тәуелді.

Білім мазмұнында оқушының өзіндік ойлау қабілеттерін, жеке көзқарастарын дамытуға тірек болар негізгі өзекті тауып, барлық ұғым – түсініктерді соған сәйкестендіре жүйелеу қандай маңызды болса, сабақта, сабақтан тыс ұйымдастырылатын оқу процесінде баланың білімді өздігінен меңгеруіне, өзіне деген сенімділігін арттыруға, қажетті іскерліктерді қалыптастыруға бағытталатын жұмыстарды үйлестіре жүргізудің де мәні соншалық үлкен.«Тегінде, адам баласы адам баласынан ақыл, білім, ар, мінез деген қасиеттермен озады » деген ұлы ақын Абай сөзі барлық уақытта өз мәнін жойған емес. Озық ойлы білімдар адамдар заманның, қоғамның дамуына, өзгеруіне өз үлесін қосады. Осындай қоғамдық, әлеуметтік, мәдени өзгерістер, дамулар мектептің оқыту процесіне әсер етеді. Жан-жақты терең білім беру мақсатында көптеген технологиялар ұсынылуда. Кез- келген оқыту белгілі мөлшерде адамды дамытады.Жаңа технологияның басты мақсаттарының бірі – баланы оқыта отырып, оның еркіндігін, белсенділігін қалыптастыру, өз бетінше шешім қабылдауға үйрету. Жұмыс жасау барысында мен өзім «Сын тұрғысынан ойлау» технологиясы бойынша жұмыс жасаймын. Бұл жүйеде қойылатын сұрақтар проблемалы, ойлануды қажет ететіндей беріледі. Бұл технологиямен жұмыс жасау барысында оқушы өз ойын, өз пікірін білдіре алады. Жаңа материалды талдауға үйренеді. Атқарған әрбір жұмыс нәтижесіз қалмайды. Бұл жаңа технологияның нәтижесі де бар. Яғни, оқушы ой-пікірлерін ашық, еркін айтады. Сабақ- білім естерінде сақталады. Сабақ барысында әр оқушы өзі талдайды, бір – біріне талап, өтініш, тілектерін білдіреді. Көшбасшылық туралы көптеген ойдың түйіні-егер білім беру үдерісіне өзгеріс енгізгіңіз келсе, алдымен өзіңіз көштің басында болатында сенімдіміз.

Елбасы Н.Ә.Назарбаев өз сөзінде: «Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер – бүгінгі мектеп оқушылары, мұғалім оларды қалай тәрбиелесе Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан да ұстазға жүктелетін міндет өте ауыр» деген. Біз, барлық мұғалімдер жұмыла кірісіп, әрқайсымыз осындай жаңа технология негізінде оқушы санасына білім құя білсек, біздің еліміз нашар болуы мүмкін емес. Ендеше өз ісіне берілген, жаңалықты жатсынбай қабылдайтын, ұлттық қасиеттеріміздің асылдарын асқақта отырып, шәкіртінің жанына нұр құятын білікті ұстаз болуға ұмтылыс жасайық.

«Тәуелсіздіктану» жобасын қатысу үшін өтінім



Тегі , Аты , Әкесінің аты

Абралиева Жанар Бақытжанқызы

Ғылыми атағы, ғылыми дәрежесі, лауазымы

Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі

Жұмыс орны

М.Горький атындағы жалпы орта мектебі

Жұмыс мекен-жайы

Түркістан облысы, Шардара ауданы, Шардара қаласы, Қазыбек би көшесі 7А

Мемлекет

Қазақстан Республикасы

Телефон номері

8 778 289 21 96

Е-mail

Janar.7@bk.ru

Жолданған жұмыстың тақырыбы

ХХІ ғасыр- білім мен біліктің дәуір

Өтінімді толтырған күні/ Жарнаның төленген күні

28.10.2021/28.10.2021















2


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!