Тілдік мақсаттар
|
Оқушылар: Жеңіл атлетикадан арнайы қозғалыс
әрекеттерін талқылап, көрсетіп, талдай алады. Пәндік лексика және
терминология мыналарды қамтиды: екпін алу, итерілу, ұшу, қону, «Ұшу
фазасы», «Қайшылай басу», қозғалыс сапалары: күш, жылдамдық,
шыдамдылық, иілгіштік, ептілік, қадамдар, секірулер, лақтырулар,
жылдамдату, қауіпсіздік, тәуекел, сөре, сөрелік екпін, қашықтық
бойымен жүгіру, сөреге келу, бір орыннан, жүгіріп келіп лақтыру,
екпін алу кезіндегі адымның ұзындығы, лақтыру кезіндегі дәлдік,
дұрыс қону, секіру мен лақтыру кезеңдері, жүгіру ырғағы.
Талқылауға арналған сұрақтар:
- секіру мен лақтыруды орындаған кезде,
неліктен қатаң түрде қауіпсіздік ережелерін сақтау
керек?
- лақтыру кезінде қандай техникалық
қауіпсіздік ережелерін сақтау керек?
- секірулер орындалатын тапсырмаларда
жарақат алып қалу мүмкіндіктерін қалай азайта аласыздар?
- ұзындық пен биіктікке секіруді үйрету
кезінде алдын-ала дайындық жаттығуларын неліктен ретімен орындау
маңызды?
- дене қыздыру жаттығуларын қай ретпен
орындау керек?
- қысқа және орта қашықтықтарға жүгіруге арналған
тапсырмаларға дайындалу кезінде, арнайы жаттығуларды орындау
қаншалықты қажет?
|
Құндылықтарды дарыту
|
Ынтымақтастық: өзара жақсы қарым-қатынас
орнатады, ынтымақтастық дағдыларын қалыптастырады, бір-біріне көмек
көрсетеді.
Академиялық әділдік: бір-бірін әділ бағалайды,
идеялары мен ой-пікірлеріне құрметпен қарайды.
Өмір бойы оқу: алған білімін өмірмен
байланыстырады, кері байланыс орнатады, білім алуға деген
сүйіспеншілікті қалыптастырады.
Патриотизм және азаматтық борыш: отанға деген
сүйіспеншілікті, адалдықты, өз іс-әрекеттерімен
дәлелдейді.
Өзіне және өзгеге құрмет: топтық жұмыс, жұптық
жұмыс кезінде жүзеге асырады.
Еңбек пен шығармашылық:
альтернатив ойынды ұйымдастырады, ойын барысында жеңіске
талпынады.
|