жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
5-сынып қазақ әдебиеті Марат Қабанбай «Бауыр» әңгімесі
5-сынып қазақ әдебиеті Марат Қабанбай «Бауыр» әңгімесі
-
Бөлім:
Адамгершілік-асыл қасиет.
Сабақ: 2
Мектеп: Рубежин ЖОББ «мектеп-балабақша» кешені
Күні:
Мұғалім: Кужабаева Айнур Мойнакбаевна
Сынып: 5 «а»
Пәні: Қазақ әдебиеті
Қатысқандар:
Қатыспағандар:
Сабақтың тақырыбы:
Марат Қабанбай «Бауыр» әңгімесі
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары:
5.1.2.1. Әдеби шығармадағы тақырыбы мен идеясын анықтау;
5.1.3.1. Көркем шығармадағы кейіпкерлер портреті мен іс-әрекеті арқылы образын ашу.
Сабақтың
мақсаты:
Барлық оқушылар:
Әңгімедегі ойды өз көзқарасы негізінде айтады, тақырыбын ажыратады.
Оқушылардың көпшілігі орындай алады:
Берілген үзіндідегі іс-әрекеттер арқылы кейіпкер бейнесін табады;
Кейбір оқушылар орындай алады:
Шығармадан автордың бейнесіне еніп, әңгіменің соңын әрі қарай өз ойымен жалғастырады.
Бағалау
критерийлері:
1.Негізгі тақырыпты анықтайды, идеясын өз көзқарасы негізінде табады.
2.Кейіпкерлер іс-әрекеті мен портреттерін жинақтайды.
Тілдік мақсат:
Оқушылар орындай алады:
Пəнге қатысты сөздік қор мен терминдер:
теңеу – табаны күректей,сойталдай, Икар құсап, арғымақ аттай, т.б
гипербола – Балалар үйінің тарихы көл- көсір
тұрақты тіркестер – табаны күректей, шер тарқатып, қой аузынан шөп алмайтын, т.б
мақал - мәтел – Жетім қозы - тас бауыр.
Түсіндірме сөздік:солтайдай – еңгезердей, ірі сорайған, биік.
Патрикеевна –орыс ертегілеріндегі түлкінің атауы.
финал - шешуші сәт.
Диалог құруға/ шығарма жазуға арналған пайдалы
тіркестер:
- “Автор … туралы айтпақ болды деп ойлаймын”
Пәнаралық байланыс
Тарих, қазақ тілі
Алдыңғы оқу:
Марат Қабанбайдың «Бауыр» әңгімесінің мазмұнын біледі.
Жоспар
Жоспарланған уақыт
Жоспарланған жаттығу түрлері
Ресурстар
Сабақтың
басы 5 мин.
Ширату жаттығулары.
Қ
ызығушылықты ояту.«Кейіпкерді тап» ойыны.
Ортаға 3 оқушы шығады. Әр бір оқушының артына кейіпкердің есімі (Манап,Қали) жабыстырылады.
Оқушы сыныпқа сұрақ қою арқылы жасырынған кейіпкерді табу керек.
Ескерту. Оқушы сыныпқа тек жабық сұрақ қоя алады.
Оқушылар қойылған сұрақтарға жауап береді. Ортадағы үш оқушы өздерінің қандай кейіпкер екенін анықтайды.
Оқу мақсаттарымен таныстырамын.
Бүгінгі оқу мақсаттары қандай? Түсінікті ме?
Сабақтың
ортасы 10 мин.
Тақырыбы
10 мин
1-тапсырма. Жұппен жұмыс.
Берілген кестеге шығарманың тақырыбына дәлел болатын кейіпкерлердің әрекеттерін орналастырыңыз. Сол бойынша шығарманың тақырыбы мен идеясын бір сөйлеммен беріңіз.
Идеясы
Жұптар ортаға шығып, өз жұмыстарын қорғайды.
Дескриптор.
- шығармадағы 4 кейіпкердің бір-бір әрекетін таңдайды;
- әрекеттер негізінде шығарманың тақырыбын сөз тіркесімен
береді;
- идеясын 1 сөйлеммен түсіндіреді.
ҚБ.«Екі жұлдыз, бір тілек» арқылы жұптар бір-бірін бағалайды.
2-тапсырма. Жеке жұмыс.
Кейіпкерлердің шығармадағы портреті мен әрекетіне өзіндік пікіріңізді білдіріңіз. Сын есімдер немесе мақал-мәтелмен образға қатысты тұжырым жасаңыз.Үлгі:
Кейіпкер
Менің пікірім...
Ой-тұжырым, мазмұнға
сәйкес мақал-мәтел
Директор кұжаттарды
алдына жайыпсалып,
қадағалап оқыды.
Әрқайырмасайынбасын
бірде шайқап, кейде изеп,жігітті жылы шырайда
тыңдаған директор
саусақтарының буынын
сыртылдатып үзіп отырды
да, сөзге көшті…
Директорлар әдетте
құжатқа өте жауапты
қарайды. Сұхбаттасып
отырған адамды мұқият
тыңдау мәдениетін
меңгерген...
Сауатты, жанашыр...
Дескриптор.
- әңгімеден кейіпкер іс-әрекеті мен портретін табады
- кейіпкер бейнесіне өзіндік пікір білдіреді;
- кейіпкер образын сөз тіркестері арқылы түсіндіреді;
- ойға сәйкес мақал-мәтелдер келтіреді.
«Шеңберге жиналатын уақыт»әдісі арқылы оқушылар шеңберге жиналады, әр оқушыға сөз беріледі, олар жұмыстарымен таныстырады.
ҚБ. Жұптардың өзін өзі дескрипторға сүйеніп «ҚӨДК» әдісімен бағалау.
Қ-қосамыз,
Ө-өзгертеміз,
Д-дамытамыз
К-күрделендіреміз.
10 мин
3-тапсырма. «Ыстық орындық»
-
Оқушылар арасынан қалаулары бойынша автор болып бір оқушы ыстық орындыққа отырады.Қалған оқушылар шығармаға қатысты сұрақтар қояды.
Мен үшінші сұрақты қоямын.
Үлгі:
-
Осы әңгімені жазу үшін сізге не әсер етті?
-
Ағайынды екі баланың екі түрлі болу себебі неде?
-
Басты кейіпкер Қали мен Манап он жылдан кейінгі өмірі қалай болды?
-
Оқушы қызығушылықтарына байланысты Қали образында ыстық орындыққа шақырамын.
Кейіпкердің өзгеру себебін анықтау.
Оқушылар арасынан бір оқушы шығып, Қали болып отырады. Оқушылар сұрақтар қояды.
Үлгі:
1.Сен неге орысша амандастың?
2.Ағаңмен кездескенде қандай сезімде болдың?
3. Сенің мұншалықты өзгеруіңе не әсер етті?
4.Ағаңның сыйлығын неліктен ұнатпадың?
5.Сен болашақта ағаңды іздеп барасың ба?
Соңында Қали образындағы оқушы ішкі уәжін айтады.
Дескриптор.
-
берілген сұрақтарға жауап береді;
-
дәлелдерді нақты көрсетеді.
ҚБ. «Бас бармақ» әдісі арқылы бағалау
Сабақтың соңы
5 мин.
Кері байланыс: «Ойды аяқта»
Бүгін мен білдім....
Қиындық тудырды ...
Осы әңгімені оқи отырып...
Қолымнан келді...
-
шағым қалдыра аласыз













