Білім беру саласы: Таным.
Оқу-қызмет түрі: Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру, құрастыру.
Тақырыбы: 9 саны мен цифры. 9 санының құрамы. Қарапайым мысалдар мен есептерді шығару.
Мақсаты: Балалардың 9 цифры мен саны туралы математикалық білімдерін қалыптастыру. 9 саны мен цифры туралы білімдерін пысықтау: азайтып, қосуға арналған мысалдар мен есептерді шешуге жаттықтыру; 9 санының құрамы туралы білімдерін жетілдіру. 9 көлемінде санау дағдыларын, қисынды ойлау,зейін, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Заттардың топтарын салыстыра отырып, теңсіздік белгілерін анықтай білуді бекіту. Логикалық ойлауды дамыту.
Әдіс – тәсілі: түсіндіру, көрсету, сұрақ- жауап, тосын сый, АКТ, ТРИЗ әдісі.
Көрнекіліктері: В.Воскобович ойын элементтері, ұсақ таратпа суреттер, слайд.
Билингвалды компонент: тоғыз – девять, сан – цифры.
-
Ұйымдастыру кезеңі.
-Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?
-Қазір қыстың қай айы?
-Бүгін аптаның қай күні?
-Бір аптада неше күн бар?
-Бүгін сейсенбі болса,ертең қандай күн?
-Аптаның бірінші күні қалай аталады?
Тәрбиеші: Балалар, бүгінгі оқу – қызметімізде ерекше қызықты тапсырмалар болады, біз «Қызықты математика әлеміне» саяхаттаймыз. Саяхатта сендер өз білімдеріңді көрсетесіңдер, сондықтан тапсырмаларды мұқият орындап,белсенді болайық.
-
Мен сендердің «Қызықты математика әлеміне» саяхатқа дайын екендеріңді көріп тұрмын. Балалар біз бір жерден, бір жерге жету үшін немен барамыз? Ал , сендер балабақшаға немен келесіңдер? Қаладан басқа қалаға немен барады? Сендер білесіңдерме, ертегілер де саяхатқа немен барған? Әрине, сиқырлы кілемшемен. Қазір бізде «Қызықты математика әлеміне» сиқырлы кілемшемен барамыз.
Балалармен бірге кілемшеге тұрып, көз жұму әдісі арқылы музыка әуенімен ұшу.
Балалар:
Қолды көкке созайық,
Азайтайық, қосайық,
Сан есептің сарайын,
Бірге қане, ашайық.
Балалар біз өткен оқу-қызметімізде қай санға дейін таныстық?
Балалар: 8 саны
-
слайд:
Себеттегі саңырауқұлақтарды сандармен сәйкестендіру. Кеңістікті бағдарлау.
-
Слайд:
«Жоғалған санды тап»
Балалар жоқ сандарды атайды.
3-слайд:
«Көршісін тап»
Балалар көрші сандарды атап айтады.
4-слайд:
Айша терді бес алма,
Жанар терді үш алма.
Қыздардың бар алмасы,
Қанша болды санашы.(8)
Осы алмамызға талдағы бір алманы қосайықшы, барлығы неше алма болады?(9)
Тосын сый: Слайд арқылы 9 саны келеді.
9 - саны: Балалар «Қызықты математика әлеміне » қош келдіңдер! Сендермен танысқаныма қуаныштымын. Мен сендерге қызықты тапсырмалар дайындадым, тапсырмаларды орындауға дайынсыңдарма? Ендеше, сендерге сәттілік тілеймін!
Балалар бүгін сендермен жаңа 9 саны мен танысамыз. Біз Айшамен Жанардың алмасына , талдағы бір алманы қосқанда қанша алма шықты?
Біз 9 санын қалай шығардық? (8+1=9)
Бізге 9 санын қайда кездеседі, қай жақтан көре аламыз?
Балалар мен сендерге 9 саны туралы тақпақ оқып бергім келіп тұр.
9 басын иеді,
Әдепті боп жүреді.
Тұра қалса басымен,
6 болып шығады.
9 саны қандай санға ұқсайды?
6 саны мен 9 санының айырмашылығы неде?
9 саны қандай затқа ұқсайды?
9 санын ауада жазып көрсетейікші. 9 санының жазылуын есте сақтайық.
Ал , енді балалар 9 санының бізге дайындаған тапсырмаларына көшейік.
1-Тапсырма: Сандық сызығышпен жұмыс.
2-Тапсырма: В.Воскобович ойын элементі «Сиқырлы сегіздікті» пайдалана отырып, 9 санын жазамыз.
3-Тапсырма: «Көңілді есептер»
Айдос үш тал балықты,
Айдар төрт тал балықты.
Қармақ салып өзеннен,
Бүгін ұстап алыпты.
Шелегіне қарайық,
Қанша болды санайық? (7)
Әңгімесін айта – айта тауысқан,
Ағаштарда отырды бес сауысқан.
Тағы екеуі ұшып келді, отырды
Әңгімеге бірден олар қосылды.
(Барлығы қанша сауысқан болды? 7)
Дәу қоңыздар тобыменен жүреді:
Мұнда екеу, ана жерде үшеуі.
Қай ақылды бала,
Қоңыздарды жылдам санап береді? (5)
Сергіту сәті.
4-Тапсырма:Теңдік пен теңсіздік.
Балалар 9 санының бізге дайындаған шашуы бар екен.
Сандар шашылады, балалар сандарды ретімен жинап тура және кері үш тілде санайды. Сандар туралы тақпақтар айтады.
1-бала: Айшабибі.
Мені білгің келсе,
Мен таяқша бірмін.
Барлық санға жол бастап,
Ең басында тұрамын.
2-бала:Ерасыл.
Бірден кейін тұрамын,
Сандар іші тұрағын
Бірге бірді қосқанда,
Иіліп мен шығамын.
3-бала:Мерей.
Екіден соң әрқашан,
Үш саны боп қаламын
Қос мүйізі майысқан,
Ұлттық ою құрамын.
4-бала:Нұршат.
Достар мені төрт дейді,
Беске бірім жетпейді.
Бірақ үшке ағамын,
Жақсысымын бағаның.
5-бала:Інжу.
Әр қолда саусақ бес-бестен
Шықпас тегін ол естен,
Біліп санның шамасын
Мысал ойлап табасың.
6- бала:Айзере
Алты саны
ол-алтау
Бестен кейін
келеді
Тапқыр бірден
біледі.
7-бала:Бибарыс.
Дүйсенбіде гүлдер
ектім,
Сейсенбіде жуа
тердім.
Сәрсенбіде су әкелдім
Бейсенбіде бақша
баптап,
Жұма күні тақпақ
жаттап,
Сенбіде мен киноға
бардым,
Жексенбіде бір
демалдым.
8-бала:Нұрислам.
Кел,балалар,санайық,
Жетіге бірді
қосайық.
Жаңа шыққан санды
біз
«Сегіз»деп енді
атайық.
9-бала: Ұлдана
Рет-ретімен
санасақ,
Тоғыз саны
домалап,
Сегізден кейін
келеді.
Жіңішке таяқ
тірегі.
10-бала: Ілияс.
Он, білесің, басы
ашық
Тоғыздан кейін
келеді.
Саусақтарды санап
шық,
Есебін сол
береді!
-Жарайсыңдар, балалар!
«Луллия сақиналары» логикалық сұрақтар.
1.Жол ұзын ба, қол ұзын ба?
2.Алма үлкен бе, түйме үлкен бе?
3.Шаш ұзын ба, қас ұзынба?
4.Кемпірқосақта неше түс бар?
5.Бағдаршамда неше көз бар?
6. Қолғапта неше саусақ бар?
7. Адамда неше көз бар?
8.Жұлдыздың неше бұрышы бар?
9. Аспанда неше күн бар?
10.Аспанда неше жұлдыз бар?
11. Көлікте неше доңғалақ бар?
12. Қоян жүйрік пе, тасбақа жүйрік пе?
13. Төртбұрыштың неше бұрышы бар?
14.Үшбұрыштың неше бұрышы бар?
15. Дөңгелектің неше бұрышы бар?
16. Мысықтың неше аяғы бар?
Тәрбиеші: Балалар бізге 9 санының дайындаған тапсырмалары аяқталды. Тапсырмаларды жақсы орындадыңдар деп ойлаймын. Экранға назар аударайық.
Слайд арқылы 9 саны көрсетіледі.
9 саны: Балалар менің дайындаған тапсырмаларымды түгел орындадыңдар, сендермен бірге болған, достасқан маған ұнады, сендер білімді, алғыр екенсіңдер, «Қызықты математика әлеміне» келіп тұрыңдар. Рахмет, сау болыңдар!
9 саны мен
қоштасайық.
Қол ұстасып
тұрайық,
Достық әнге
салайық.
Көріскенше күн
жақсы.
Сау – сәлемет болайық.
Тәрбиеші: Балалар , кілемшемізбен балабақшамызға оралайық.
-Балалар, «Қызықты математика әлеміне» саяхатымыз сендерге ұнады ма?
-Қандай жаңа сан мен таныстық?
-Қандай тапсырмалар орындадық?
-Сендер бүгінгі оқу- қызметіне өте жақсы қатыстыңдар, жарайсыңдар, балалар бәріміз келген қонақтармен қоштасайық.
Сау- саламат болыңыздар!
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
"9 саны мен цифры. 9 санының құрамы. Қарапайым мысалдар мен есептерді шығару."

шағым қалдыра аласыз