« Денсаулық күні» атты спорт мейрамы

Тақырып бойынша 11 материал табылды

« Денсаулық күні» атты спорт мейрамы

Материал туралы қысқаша түсінік
Балалардың дене шынықтыру мен салауатты өмір салтына қызығушылықтарын арттыру
Материалдың қысқаша нұсқасы

« Денсаулық күні» атты спорт мейрамы

А.Р.Имангалиева, дене шынықтыру нұсқаушысы

«Павлодар қаласының №29 сәбилер бақшасы» МҚКК

Мақсаты: Балалардың дене шынықтыру мен салауатты өмір салтына қызығушылықтарын арттыру

Міндеттер:Жылдамдықты, күшті және ептілікті жетілдіретін бәсекелестік элементтері бар спорттық ойындарға қатысу мүмкіндігін нығайту. Еріктік қасиеттерді тәрбиелеу, жеңіске ұмтылуды және өзіндік сенімділікті дамыту, өз нәтижелерінен қуаныш алуды үйрету.

Құрал-жабдықтар: Доптар, шеңберлер, бағдаршалар, туннельдер, нығыздалған қапшықтар, қасқырдың маскасы.

Полингвальдік компонент: жаттығу-charging-зарядка; дәрігер-доктор-doctor

Мейрамның барысы:

Нұсқаушы: Сәлеметсіңдер ме, балалар! Бүгін бізде үлкен мереке «Денсаулық күні». Дені сау адамның көңіл күйі көтеріңкі болып, еңбекке әрқашан құлшына кіріседі. Халқымыз «Дені саудың жаны сау» деп бекер айтпаған. Отанымыздың келешегі, көркеюі балалар сіздердің қолдарыңызда. Сондықтанда сендердің таңдауларың- салауатты өмір салтын сақтау.

Ал енді көңілді әуенмен денемізді шынықтырайық!

« 1,2 –ретімен

3,4-қатарға тұр

Көңілді жаттығуға

Балаларды шақырам

Ерінбестен ертерек

Жаттығуға тұра қал ... »

« Zumba kids» спорттық би

Пилюлькин дәрігер: Сәлеметсіңдер ме, балалар! Мен Мақта қызды іздеп жүрмін, ол дәрі ішкісі келмей менен қашып кетті.

Нұсқаушы: Сәлемет пе, Пилюлькин дәрігер! Көрген жоқпыз. Бүгін бізде «Денсаулық күні»

Пилюлькин дәрігер: Рас па? Мен балаларды тексерейін, мүмкін бір жерлері ауыратын шығар, беретін дәрім дайын тұр. ( Пилюлькин дәрігер, балаларға жақындап, дене мүшелерін тексереді, «тісің ауыра ма?», «ішің ауыра ма?» деген сұрақтар қояды) Керемет! Балалардың, денсаулықтары жақсы екен! Мен мерекеде қалып, балаларды бақылаймын, мүмкін Мақта қыз да келіп қалар.

Нұсқаушы: Әрине, қал, Пилюлькин дәрігер. Біз бірінші эстафетаны бастаймыз!

1 эстафета «Таяқшаны бер» Топтар екі бағанға бірінің артынан бірі тұрады. Бірінші ойыншы таяқшамен жүгіріп бағдарды айналып оралады да, таяқшаны келесі ойыншыға береді.

2 эстафета «Кедергіні жеңу»

1.Шеңберден шеңберге секіру

2.Туннельден өту

3.Бағдарды айналып өту

Балалар тапсырманы орындау барысында кедергіге тиіп кетпеуге тиісті.

Пилюлькин дәрігер: Көптеген қиын кедергілерден өттіңдер, жаттығулар көп қуаныш әкелді. Ал енді мергендік пен ептіліктеріңді көрсетіңдер!

3 эстафета «Нысанаға лақтыр»

Қатысушы нығыздалған қапшықты қолға ұстап бағдаршаға дейін жүгіріп, қапшықты шеңберге лақтырады.

Көңілді әуенмен Мақта қыз келеді

Мақта қыз: Сәлеметсіңдер ме, балалар! Сәлемет пе, Пилюлькин дәрігер! Мен мереке болып жатқанын естіп балалармен ойнауға келдім.

Пилюлькин дәрігер: Мақта қыз, мен сені іздеп жүрмін. Кел, саған дәрі берейін.

Маша: Менің еш жерім ауырмайды, дәрі ішпеймін.

Пилюлькин дәрігер: Жарайды, балалардың көңіл-күйлерін бұзбайық, бірақ мереке біткен соң сені толық тексеремін. Келістік пе?

Мақта қыз: Келістік! Келіңдер, жанкүйер балалар, ойнайық!

Жанкүйерлермен ойын «Аққу-қаздар»

   Ойнаушылардың ішінен қасқыр мен бақташы таңдалып алынады. Балалардың қалғаны қаз болады. Алаңның бір жағы бойына сызық сызылады, оның сыртында қаздар жүреді. Ол олардың жататын орны. Алаңның шетінен орын сызып белгіленеді, ол — қасқырдың үңгірі. Маша қаздарды жайылуға шалғынға айдап шығады. Қаздар шалғында жүреді, ұшады. Содан кейін бақташы былай дейді:

Қаздар, қаздар!

Қаздар тоқтайды да жауап береді:

Га, га, га

Мақта қыз: — Қаздар, қаздар, қаңқылдап,

Барасыңдар қай жаққа?

Қаздар: Айна көлі жалтылдап,

Жатқан жасыл аймаққа.

Мақта қыз: Біздің жерге түсе кет,

Түсіп суын іше кет.

Қаздар: Сіздің жерге түсеміз,

Түсіп суын ішеміз.

Мақта қыз: — Болсын онда жол жайлы!

Қаздар: — Бізге ол жаққа болмайды,

Жолды тосып сұр қасқыр,

Тау бөктерлеп жүр қасқыр!

Мақта қыз: — Олай болса қалаған,

Жақтарыңа бар аман!

Қаздар қанаттарын қағып, (қолдарын жан-жағына сермеп, көк шалғын үстімен үйлеріне қарай ұшады, ал қасқыр қаздардың даусын естіп, жүгіріп шығады да, олардың жолын кескестейді, оларды ұстап алуға (қолын тигізуге) тырысады, ұстаған қаздарды қасқыр үңгірге алып кетеді.

Үш-төрт жүгірістен кейін (келісім бойынша) ұстаған қаздардың санын есептеп шығарады. Содан кейін жаңадан қасқыр таңдалып алынады да, ойын қайталай береді.


4 эстафета «Доппен секіру » Допты тізенің арасына қысып алып,жалаушаға дейін секіреді,артқа жүгіріп келеді де, допты келесі ойыншыға тапсырады

Нұсқаушы: Бәрекелді! Жарайсындар, балалар!

5 эстафета «Түсіріп алма» Шелекті қолға алып бағдаршаға дейін жүгіріп,шеңберден допты алу және шелекке салып өз тобына дейін түсіріп алмай жеткізу.

Пильюлькин дәрігер: Балалар мереке өте көңілді болды, маған өте ұнады! Мен сендерді мақтау қағаздарымен марапаттаймын.

Нұсқаушы: Жарайсындар, балалар! Мақтау қағаздары 1,2,3 орынға беріледі.

Міне, мерекеміз де аяқталды. Сау болыңдар, балалар.





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
27.00.2018
429
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі