Тақырып бойынша 11 материал табылды

" Фаст-фуд" немесе жеңіл тағамдардың адам ағзасына әсері.

Материал туралы қысқаша түсінік
Биология пәні мұғалімдеріне
Материалдың қысқаша нұсқасы


Шымкент қаласы

101Али Ақбаев атындағы

жалпы орта мектеп

Биология пәні мұғалімі

Ирисова Ханифа Исаматовна



" Фаст-фуд" немесе жеңіл тағамдардың адам ағзасына әсері.

Қазіргі таңда тез дайындалатын тағамдар өркендеуде. Фаст-фуд (ағылш. fast food – жылдам тамақ) – шапшаң тамақтану тағамы. Формат заңы бойынша тамақты әзірлеу мен сатып алу арасындағы уақыт 10 минуттан аспауы керек. Әлеуметтік зерттеулер барысында Қазақстандық балалардың 13 пайызы фаст-фуд өнімдерін күнделікті қолданатыны белгілі болды. Жедел дайындалатын тағам өнімдерін қолданушылар саны қалада 13,7 пайызды, ауылдық жерлерде 13,3 пайызды құрайды. Шамамен, республика бойынша күніне фаст-фудты кеміне бір реттен балалардың асына тұтынады.

Аталған шама әлеуметтік зерттеу арқылы шығарылған. Ол зерттеуді салауатты өмір салтын қалыптастыру мәселелері Ұлттық орталығы жүргізді. Ал, энергетикалық сусындарды қала балаларының 25,5 пайызы, ауылдық жерлердің балалары 22,7 пайызы ішетіні белгілі болып отыр.

Тез дайындалатын тағам ас мәзіріне кіретін тағамдар: гамбургерлер, картопты «фри», картопты чипстер, ход-дог және сусындардың қатарына : «Кока - кола», «Пепси», «Фанта», «Меринда», «Сэвен - Ап», «Спрайт» және т.б. кіреді. Тәтті газдалған сусындар. Жоғарыда айтылып кеткен сусындардың құрамында: көптеген консерванттар, ароматизаторлар, бояулар мен қоюландыратын заттар. Бүкіл тәтті газдалған сусындарда көмірқышқылы бар. Бұл қышқылдық әсерінен асқазаның үрленуі мен кекірік пайда болады. Тәтті газдалған сусындарда құрамында тағы химиялық қоспалардың бүкіл түрлері қолданылған. Яғни сусының дәмін, иісін, түсін жақсарту үшін. 
Тәтті сусын қауіпті аллерген болып саналады. Тәтті газдалған сусында көп мөлшерде қант қолданылған. Сондықтан бұндай сусындар қан диабетімен ауыратын адамдар үшін өтте қауіпті. Тек диабет ауыратын адамдар үшін еместе тағы бауыр, бүйрек, асқазан ауыратын адамдар үшін де қауіпті. Бұндай сусының орнына ондай химиялық қоспалар аз сусындарды ішкеніңіз жөн. Картопты «Фри» - құрамында аса қауіпті заттар бар, көп көлемдігі майлар мен акриламид. Акриламид токсидті зиянды зат екенін ғылымда дәлелденді. Ол адамның психикалық жүйесіне және генетиканың өзгеруіне ықпалын тигізеді. Акриламид көміртеке өте бай . Швед биохимиктері зертеуінде бір порция картопты «Фри» - де акриламид нормасынан 50 есе асып тұр. Яғни бір порция да 50 грамм акриламид бар тіпті бір қорап темекінің өзінде акриламид 20 грамм. 
Бір порция картопты «Фри» жесек онда біз 2, 5 қорап темекі шекенмен бірдей болдық. Гамбургер. Бір гамбургер құрамында 46 % тұз, 45 % майлар ал бұл бір күндік норма. Және бұдан басқа 25 % калорий және холестирин. 15 % көмірсутек, 10 грамм қант, 1, 5 грамм зиянды майлар. Катлетер грилде дайындалғандықтан құрамында концерогендер болады. Гамбурге арналған етте арнайы қоспалар болмауыда мүмкін. Бірақ тоқаш құрамында борлы бидайлы ұн, зиянды майлар, силикаттар, карбонат және сульфат натрийі, қамыр үшін конденсаторлар, калий пропаны.Гамбурге арналған соус құрамында : қант, сироп, майлар, пропиленгликоль альгинат, бензоаты натрий және калий. 
Гамбургер құрамында ондай аса қауіптілігі химиялық қоспалар жоқ екен. Бірақ гамбургерді адам көп қорек етсе онда ол адамның салмақ қосуы әбден мүмкін. Тез дайындалатын тағамның қатарына бәріне танымал кеспелерде жатады. Тез дайындалатын кеспелердің құрамы : қант,пальма майы, бояуыштар, қайнатыңқыраған тұз, лимон қышқылы, ароматизаторлар, кептірілген тауық етті немесе сиыр етті, кептірілген көкөністер, саңырауқұлақтар. Бұндай өнімдерді Қазақстанға басқа елдерден әкелінеді, жақында айтылған жаңалықтарда тез дайындалатын кеспелерді Ресей жерінен әкелінеді. Бұл кеспелерді арнайы тексерістен өтті, кеспелерде адам ағзасына зиян шек таяқшалары бар екенін анықталды. Басқа елдерден тек кеспелер ғана емес басқа да тағам өнімдері Қазақстан жеріне танымалданып отыр осының нәтижесінен басқа тағамдарда бұндай ішек таяқшалары болмауын бізге кім кепілдік береді. Жоғарыда айтылып кеткен тез дайындалатын тағамдарда емес тағы күнделікті қолданысқа келетін тағамдардың құрамында химиялық қоспалар бар екенін бәрімізге белгілі. Дүкендердегі сатылатын өнімдердің 70-95 % тамақтануда қолдануға болмайды. 
Сонымен қатар, өсімдік өнімдері химиялық тыңайтқыштар, гербицидтер, инсектицидтер көмегімен өндіріледі. Жануарларды өсіру гормоны антибиотигімен жемдейді. Тағам өндірісі фабрикалары өнімдерді табиғи жұғымды заттардан айырып, өңдейді. Оның орнына өнімдерге синтетикалық дәрмендер, жасанды консерванттар, қоспалар, ароматизаторлар қосады. Бізге ұнай ма, ұнамай ма - біз химиялық сұйық заттарды амалсыздан ішуіміз керек. Химиялық қоспалар біздің ағза тарамдарында жиналып, сақталады, соңында оны іштен бұзады. Адам жылына ағзаға зиянды 2-3 килограмм химиялық заттарды жеп тауысады екен .Олар күнделікті әдеттегі және залалсыз тағам өнімдерінің құрамында болады. 
Химиялық қоспалар көмегімен астық өнімділігін арттырады, өсімдіктің сақтау мерзімін көбейтеді, жемістер, көкөністер, дәндердің сыртқы түрін жақсартады. Алайда бұл өнімдердің нәрлік құндылығы төмендейді. Ал адам ағзасында олар ақырын, прогрессивті түрде ағзалар мен жасушаларды бұзады, бұл әр түрлі ауруларға яғни ерте қартаю мен мезгілсіз өлімге әкеледі. Азық - түлік сатып алған кезде өнімнің тауар құлақшасындағы (этикетка) канцерогенді заттар туралы мәліметке мұқият назар салған жөн. Сапасы төмен, канцерогені өте жоғары өнімді тұрақты түрде пайдаланып жүрген кісінің дертіне дауа жоқ. Қылтамақ сияқты емі жоқ аурулардың бәрі де осы канцеро -гендік заттардан туатынын ғылым дәлелдеп отыр. 
Жылдар бойы улы заттар жиналған адамның ағзасы генетикалық өзгерістерге ұшырайды. Ал, геннің өзгеруі адамның азуына, көңіл - күйінің құлдырауына әкеліп соғады. Бауырдың, талақтың, бүйректің қатерлі ісігіне шалдығуына себепкер осы канцерогендер. Егер тамақтың тауар құлақшасында құрамында «Е» деген зат бар деп көрсетілсе, онда өнімге азықтық қоспалар, химиялық дәмдегіштер, жасанды бояу қосылды деген сөз. Олар өнімді бұзылудан сақтайтын күшті реагенттер. Сау адамды науқас қылатын да дәл осы реагенттер. Дүниежүзілік тамақ өндірісінде азықтық қоспаның үш түрін мүлдем қолдануға тиым салынған. 


1920 жылдары ең бірінші фастфуд тағамы Америкада қолданысқа ие болды. 1921 жылы Канзаста White Castle атты компания ашылып, алғашқылардың бірі болып гамбургер дайындаған еді. Бұл компания келушілерді гамбургердің бағасының тұрақтылығымен жаулап алды, бірақ тағамның сапасымен құндылығы жөнінде компания басшысы Билли Инграма ойламады. 1940 жылдардың соңында White Castle компаниясының мықты бәсекелесі болып McDonald's компаниясы бой түзеді. Сол жылдан бастап McDonald's компаниясы алпауыт компаниялардың бірі болды.Тоқсаныншы жылдары гамбургер кедейлерге арналған зиянды тағам болып есептелінетін. Оны қала көшелерінде ғана үйсіз-күйсіз адамдарға сататын болған. Тек кейінірек бұл тағам ресторандарға жол тартты. Aмерикада әрбір 10 адамның тоғызы кем дегенде айына бір рет McDonald's ресторанына барады. Америкалықтар 1970 жылы фаст-фудқа 6 миллиард доллар жұмсайтын еді. Бұл көрсеткіш 2011 жылы 142 миллирд долларға өсті. Солтүстік Кореяда Кока-Кола мен Пепси-Кола сатылымда жоқтың қасы.Гамбургер туралы БАҚ-тарда алғаш рет 1894 жылы Los Angeles Times газетінде сөз болды.АҚШ-тың өзінде фастфуд сататын 300 мың ресторан жұмыс істейді. Ричард және Морис Макдональдтар өздерінің алғашқы ресторанын 1949 жылы Калифорния штатындағы Сан Бернардинода ашты. McDonald's Бразилиядағы халықты жұмыспен қамтып отырған ең үлкен компаниялардың бірі болып саналады. McDonald's ресторандары ашылар тұста желі иелері сатып алушылардың ресторанда ұзақ уақыт отыруын қаламағандықтан, бөлмеге ыңғайсыз орындықтар қойып, ойын-сауық автоматтарының болмауына барынша көңіл бөлген.Фри картофельдерінің көпшілік арасында кең етек жайғанығы соншалық, оның сатылымының көлемі шикі картоптардан да асып түсті. Мысалы, тек 2010 жылы американдықтар 3 миллион тонна фри картофелін жеді.Рональд Макдональд америкалық балалар арасында Санта Клаустан соң ең танымал тұлға болып есептелді. Фаст-фуд тағамдарының кең етек алуы америкалықтардың күрт семіруіне әкелді. Америка ауруларды бақылау орталығының есептеуінше, семіздіктен жылына 248 мың америкалық өледі екен.

Тез әзірленетін тамақ атаулының салдарынан қатерлі ісік, диабет, бауыр, бүйрек және қан тамырлары ауруларымен ауыратындардың саны едәуір артқан. Себебі, басқа ел ауруын тапқан тағамнан Қазақстан да қалыс қалған жоқ.Оның нақты бір организмдерді бүлдіріп қана қоймай, депрессияға да ұшырататынын біліп жатқандар аз.

Халық тек қана фаст фудты пайдаланып қана қоймай онымен бірге түрлі газдалған сусындар ішеді. Осылайша онсыз да қауіпті тағамдардың «құдіреті» артады. Бигмак, шаурма, сэндвич, чебурек, пицца, чипсы, қуырылған картоп өнімдері қазір кез келген көшеде ашылған.Фаст фуд өнімдерін әзірлеушілердің басты ұтатын тұсы ол – керемет жарнама, ауыздың суын алар суреттер. Қарап тұрып қалай шыдарсың, әсіресе студенттер жағы жеңіл әрі тез дайындалатын, әрі қарын тойдыратын тағамдарға құмар-ақ.Мамандардың пікірінше, барлығы да халықтың өзіндік ұстанымына байланысты. Расымен де, халық фаст фуд сататын орындарды демалыс орны деп санайды. Әрине, ол жерде той десе көркі қызатын қазақ ақшаны аямай жұмсап, газды сусыннан қымбат пиццаға дейінгі жылдам тағамдарды сатып алады. Ал,қымбатын алмаса,қазақтың арына сын.Біздің елімізде қазір Burger House, King Burger и MC Burger сияқты брендтер кеңінен тарады. Мамыр айында Burger King Corpпен Қазақстандық «Верный Капитал» инвестициялық компаниясы серіктестік орнатқан болатын. Енді «МсDonald’s» дәуренін Burger King Corp Қазақстан жерінде кешеді. Өйткені, қазір Қазақстанда сұраныс көп.Ұсақтарын қоспағанның өзінде қазір Қазақстандағы қоғамдық тамақтану орындарының саны 4000-нан асады.

Алматыда фаст фуд сататын нүктелер өте көп. Бірақ, брендтің барлығы шетелдікі. Біздегі фаст фуд өнімдерінің барлығы «стрит фуд». Себебі, қай аялдамаға барсаңыз да ол жерден күнге денесін қыздырып жатқан түрлі тамақ өнімдерін көреміз. Ал, Ресейдің кез келген көшесінде отандық бренд атауымен ашылған стритфуд орындары жеткілікті.

Фаст-фуд тағамдарының оң және теріс жақтары

  • Ауруды уақытша тоқтататын (обезбалевающее) қасиеті бар. Осындай сусындардың  химиялық құрамында кәдімгі дәрілерде кездесетін қоспа бар. Көктем, жаз айларында қала сыртына шығып дем алғанда жәндік, шыбын – шіркей шағып алғанда ашып немесе ауырып тұрған жерінізге осы кока- коланы құйып жіберсеңіз жеңілдеп қаласыз.

  • Кока- кола тотты жақсы кетіреді. Үйдегі қолданыстан шығып қалған металл заттарды бірнеше сағат осы сусынға салып қойып, ысқылап жусаңыз сол зат тазарып шыға келеді.

  • Кока -кола терезені жақсы тазартып жуады. Сусын құрамындағы лимон қышқылы терезеңізді немесе автокөлігіңізді жуу кезінде жақсы нәтиже көрсетеді.

  • Кока- кола дақты және иісті  жақсы кетіреді. Кір жуғыш ұнтақпен бірге араластырып киімдеріңізді жусаңыз нәтиже жаман болмайды.


Фаст – фуд тақырыбын зерттеу барысында, бұл құбылыстың оң жақтарын іздестіре отырып, өкінішке орай дәмді және жылдамдығынан басқа өзімізге қажетті ештеңе таба алмаймыз. Ешқандай пайдасы туралы сөзді кездестіре алмаймыз. Ал тағам біздің ағзамызға дәм мен рахаттан бөлек пайда әкелу керек.

Оқушылардың тамақтану ауытқулары көкөністердің жетіспеушіліктері немесе қанттың көп болуы болып табылады. Ал ол өз кезегінде олардың есте сақтау қабілеттері мен зейіндеріне теріс әсер етеді. Дұрыс тамақтанбау тек қана денсаулыққа теріс әсер етіп қоймайды, сондай-ақ олардың оқу үлгерімдеріне де жағымсыз ықпалын береді. Сондықтан егер балалар оқып және жазып үйренсе, оларды дәл осылай нені және қанша жеу керектігін үйрету қажет.Фаст-фуд тағамдарынан гастрит, асқазанның және ішектің ойық жарасы, панкреатит, үлкен дәрет қиыншылықтары және осы іспеттес басқа да аурулар, тіпті онкологиялық аурулар пайда болуы мүмкін – сондай-ақ осының барлығы аталған тағамды көп жағдайда асығып жеуге байланысты. Жалпы бұл «жедел тағам» оны жүгіріп жеуге, дұрыс шайналмаған және үзіліссіз жеуге арналған. Бірақ нәтижесінде, асқазанға ұсақталмаған және сілекейленбеген бөліктер түседі. Нәтижесінде асқазан-ішек проблемалары басталады.«Жедел тағам» семіздікке алып келетіні баршаға мәлім, кей кезде ол теріге, шашқа және жалпы адаманың келбетіне, сымбатына теріс әсер етеді деп саналады.Өкінішке орай, гамбургерді, хот-догты, қурылған картоп пен пирожкилер зат алмасуды күрт бұзады. Сонымен қатар, бұл тағамның құрамында холестерин өте көп, ал дәрумендер мен ас талшықтары бар деуден гөрі жоққа жақын, ал ақуыз, май және көмірсулар арасындағы баланс тағамға қатысы жоқ сияқты. Аталғандардың нәтижесі тек қана келбетке зиянды емес, адамның ажарына да айтарлықтай зиян келтіреді: «фаст-фуд» өнімін пайдалану шаш жағдайына әсерін береді, яғни оның жылтыры кетеді, дәл осылай терігеде ықпал етеді. Фаст-фуд балаларға аса қауіпті екендігі рас. Балалар мен жасөспірімдер «хот-дог+кока-кола» тамақтарының негізгі табынушылары болып табылады. Дегенмен дәрігерлердің пікірінше, аталған тамақ түрі балаларды өлімге апарар жолдардың бірі, себебі ағза жаңа-жаңа қалыптасып жатыр және оның нәтижесі тікелей пайдаланылып жатқан ас мәзіріне байланысты. Балансталмаған фаст-фуд мәзірі семіздікке, эндокренді және иммунды жүйенің бұзылуына алып келеді, ал ол өз кезегінде бала ақыл-ойының және дене бітімінің дамуына септігін тигізеді.

Егер бала кішкентайынан осындай тағаммен тамақтандырылып, соған үйренсе, өсе келе бұл баланың тағами талғамы дұрыс емес қалыптасатындығы сөзсіз. Дәмді, денсаулыққа пайдалы тағамдардайындалған үстел басында бүкіл отбасымен жиналып тамақтану дәстүрініңмаңызы зор, себебі бұл жас балада дұрыстағами талғам қалыптастырады. Пайдалы тағамның тартымдылығын арттыру үшін, күнделікті тамақ ішуге дастарқандайындағанда әр түрлі тәсілдерді қолдануқажет. Мәселен, ашық түсті көкіністерді жай ғана кесіп, оған жеткілікті мөлшерде зәйтүн майын құйып, араластрып қойса, осының өзі көз қызығарлықтай көрініп, салаттың тартымдылығын арттырады. Дастарқан үстіндегі осындай әдемі көрініс баланың көңіл – күйін көтеріп, тәбетін күшейтеді. Жемістерді тозаңытқышта сақтамай, әдемі ыдысқа салып, дастарқан үстіне қойыңыз, бала қолын еріксізден созып, сол жемістерді жеуге ұмтылады.

Балаларда пайдалы тағами талғам қалыптастыру, ата-анасында, ересек туыстарында дұрыс тамақтанудың сәби үшін физикалық және ақыл – ой мүмкіндігін жүзеге асыратын негізгі кепілі екеніне орнықты сенгенде ғана тәрбиелеуге болатындығын еске сақтау керек. Сондықтан, табиғи, пайдалы тағамдар, ең алдымен ата – аналар мен жанұяның ересек мүшелері үшін сүйсініп ішіп-жейтін асы болуы керек .

Қорытынды

«Адамның денсаулығы үшін тиімді тамақтана білу өте маңызды. Тиімді тамақтану дегеніміз – құрамында түрлі қоректік заттардың толық мөлшері бар тамақпен ағзаны дұрыс, уақтылы қамтамасыз ету. Жақында американдық ғалымдар зерттеулер жүргізіп, өте жоғары температурада дайындалатын тағамдардың құрамынан адамның денсаулығына өте зиянды «акриламид» деген затты тапқан. Жоғарыда айтылға шаурма, донер-кебабтарға қоса гамбургер, хот-дог, гриль, поп-корн, чипсы, кириешки, картошка фри, қақталған шұжық секілді тағамдар өте жоғары температурада дайындалады. Дәл осы тағамдарды ұзақ күнделікті пайдалану салдарынан асқазан жарасы, созылмалы гастрит, өттің толуы, ұйқы безінің қабынуы, жүрек-қан тамыр аурулары, семіздік пайда болатыны, әсіресе ас қорыту жолдарына өте зиян екені анықталған. Сондықтан мен қалың көпшілікке көшеде даярланатын тағамдарды өте абайлап жеген дұрыс екенін айтар едім».

Фаст-фуд тағамдарынның тұтынушыларға кеңестер

  • Тез әзірленетін тағамдар сататын дәмханаларға жиі бармағаныңыз жөн

  • Өзіңізді фаст-фуд өнімдерінің орнына жеміс-жидектер, аз коллориялы йогурт немесе каша жеуге көндіріңіз

  • Газдалған сусындардың орнына түрлі жемістердің шырынын ішіңіз

  • Қуырылған тамақтарды көп жемеуге тырысыңыз.

  • Көкөністерден жасалатын тағамдарды жиі қолданыңыз.



Қолданылған әдебиеттер


1. “Биолог анықтамалығы” ғылыми-педагогикалық журнал №5, 6 2011 жыл

2. “Биология және салауаттылық негіздері”

3. “Пайдалы кеңестер”

4. http://7kun.kz/6572/aza-standy-balalardy-13-pajyzy-k-ndelikti-fast-fud-zhejdi.html

5. http://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%A4%D0%B0%D1%81%D1%82_%D1%84%D1%83%D0%B4

6. https://infourok.ru/ilimi-zhmis-fastfud-nemese-zheil-taamdardi-adam-azasina-seri-459368.html

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
20.02.2019
901
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12