Материалдар / « М. Әуезов әңгімелеріндегі фразеологизмдер»

« М. Әуезов әңгімелеріндегі фразеологизмдер»

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақсаты: Тіл білімінің фразеология саласына нақты тоқтала отырып, Мұхтар Әуезов әңгімелеріндегі фразеологизмдердің мағынасын аша білу. Ғылыми жобаның зерттеу объектісі – фразеологизмдер, шығу төркіні мен мәнісі, М.Әуезов әңгімелеріндегі фразеологизмдерді сараптау. Міндеті : Зерттеу жұмысымның мақсатына сай міндеттерін төмендегідей етіп тұжырымдаймын : Тұрақты тіркестер. Антонимдік тұрақты тіркестер. Синонимдік тұрақты тіркестер. Жағымды мінезіне байланысты фразелогизмдері. Жағымсыз мінезіне байланысты қолданған фразеологизмдері.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
18 Желтоқсан 2017
3408
2 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«№27 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ













Ғылыми жобаның тақырыбы: « М. Әуезов әңгімелеріндегі

фразеологизмдер»







Гуманитарлық бағыт

Орындаған:Құсайнова Айдана 6 – сынып оқушысы

Жетекшісі:Г.Ш.Казанбаева

қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пәнінің мұғалімі









2015-2016 оқу жылы

Мақсаты:

Тіл білімінің фразеология саласына нақты тоқтала отырып, Мұхтар Әуезов әңгімелеріндегі фразеологизмдердің мағынасын аша білу.

Ғылыми жобаның зерттеу объектісі – фразеологизмдер, шығу төркіні мен мәнісі, М.Әуезов әңгімелеріндегі фразеологизмдерді сараптау.


Міндеті :

Зерттеу жұмысымның мақсатына сай міндеттерін төмендегідей етіп тұжырымдаймын :

Тұрақты тіркестер.

Антонимдік тұрақты тіркестер.

Синонимдік тұрақты тіркестер.

Жағымды мінезіне байланысты фразелогизмдері.

Жағымсыз мінезіне байланысты қолданған фразеологизмдері.


Зерттеу кезеңдері:

1. Тақырып талдау

2.Материалдар жинау

3.Ізденіс жұмыстарын жүргізу.

4.Ғылыми жетекшімен байланыстыру

5.Тиісті материалдарды жинақтап, жүйелеп, қорытындылау


Нәтижеге жету жолдары :

М.Әуезовтың әңгімелерімен танысады.Тұрақты тіркестердің толық мағынасын ашу , үлгі – өнеге ету . Күнделікті өмірде тұрақты тіркестерді өз орнымен пайдалансақ – біздің сөзіміз сұлу , тіліміз көркем , ойымыз ұшқыр шығатыны сөзсіз . Бүгінгі жаһандану дәуірде адамды тілі бай көркемдікке , шешендікке , даналыққа баулитын халқымыздың осындай асыл қазынасын өмірде жарату . Сонда жалаң сөйлеу , таяз ойланудан аулақ болып , сыры терең сиқырлы сөздерден жүрегіне қуат алып , тілін сүйетін жаныңа жақын ұрпақтар өсіп жетілмек .










«№27 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ

6-сынып оқушысы Құсайнова Айдананың «М.Әуезов әңгімелеріндегі фразеологизмдер» тақырыбына жазған ғылыми зерттеу жобасына жетекшісінің

Пікірі

Құсайнова Айдана М.Әуезов әңгімелеріндегі тұрақты тіркестерді зерттеді.Зерттеу барысында тақырыпты барынша қарастырып,көп еңбектенген. Ғылыми жоба мектеп оқушысы деңгейіне лайықты жазылған. Оқушы өзінің зерттеу жұмысында тұрақты тіркестердің мағыналарының көркемдігін саралауда ойын анық жеткізе алған . Тұрақты тіркестердің антонимдік , синонимдік , адамдардың жағымды,жағымсыз мінездерін айқындайтын тұрақты тіркестерді топтастырған. Әр түрлі тұрақты тіркестердің бір - бірінен айырмашылығын табуы да өз орнымен . Дегенмен, оқушы әлі де болса М.Әуезов әңгімелеріндегі тұрақты тіркестерді толық қамтымаған.Алдағы уақытта толық зерттеуді көздеп отыр.Солай болса да, оқушы тілі жетік , көркем , тұрақты тіркестерді толық меңгерген . Тұрақты тіркестердің ерекшеліктерін тіл анықтамасына сүйене отырып, ашық та айқын көрсете білген .




Қазақ тілі мен қазақ әдебиеті

пәнінің мұғалімі Г.Ш.Казанбаева


















Жоспар:

 

1.Кіріспе.


2.Негізгі бөлім.


2.1  М. Әуезов әңгімелеріндегі  кездесетін фразеологизмдер.


2.2  М.Әуезов әңгімелеріндегі фразеологизмдердің ерекшеліктері.


3.Қорытынды.

 



























1

1.Кіріспе

«Фразеология» терминін кең мағынада алғанда, белгілі бір тілдегі тұрақты сөз тіркестерінің барлық түрлерінің жиынтығы деген ұғымды білдіреді.

Тілімізде қолданылатын және сөздермен бірге көптеген ерекше қалыптасқан сөз тіркесі және сөйлемшелер бар. Ол сөз тіркесінің екі не одан да көп компоненттері болады, бірақ сөз тіркестері семантикалық бірлікте болып, тұтас бір ұғымды білдіреді. Мысалы, көз бояу, жүрегінің түгі бар; Мұндай тұрақты сөз тіркестерінің мағынасы ғасырлар бойы қалыптасып, ел аузында көп айтылып жалпы халыққа түсінікті болып кеткен.

Фразеология (грек. phrasіs — сөйлемше, logos — ұғым)

1) тілдегі тұрақты тіркестерді қазіргі және тарихи даму тұрғысынан тексеретін тіл білімінің саласы;

2) бір тілдегі тұтас Фразеологиялық қор.

Фразеологизм Идиома Фраза

Тұрақты сөз тіркестері – тілде екі немесе одан да көп сөздердің тіркесіп, бір ғана мағына беретін сөздер.Жалпы тіл білімінде тұрақты сөз тіркестерін фразеологизмдер дейміз.

Мысалы: ит тұмсығы өтпес ( қалың, ну ); қоян жүрек ( қорқақ ); беті бүлк етпеу ( ұялмау )

Тұрақты сөз тіркестері идиома және фраза болып бөлінеді.

Идиома – тіркес құрамындағы сөздер бөлуге келмейтін мағына

тұтастығы тіркеспен бірге анықталмайтын

сөздер тобы. Мысалы: мұрнын көкке көтеру ( менсінбеу ),

қара қылды қақ жару ( адал ).

Фраза – тіркес құрамындағы сөздердің біреуі болса да

бастапқы лексикалық мағынасын сақтап

тұратын сөз тіркесі. Мысалы: тепсе темір үзеді ( мықты ), бұраң бел

( нәзік, жіңішке бел ), асқар тау ( биік тау ).

Фразеологиялық единицалардың түрлері

Фразеологиялық тұтастықтар (немесе идиомалар) – семантикалық жақтан бөлініп ажырамайтын, біртұтас мағынасы құрамындағы сыңарларының (компоненттерінің ішіндегі сөздерінің) негізгі, номинативті мағынасынан мүлдем алшақ, мүлдем басқа мағына беретін тізбектер. Мысалы: жүрек жалғау; жүрек жұтқан; жүрегінің түгі бар; аузы-мұрны қисаймастан; аузынан ақ ит кіріп, қара ит шықты; үріп ауызға салғандай т.б.

Фразеологиялық бірліктер – құрамындағы кейбір сыңарлары

мағынасынан бүтіндей тіркес мағынасы аңғарылатын тізбектер.

Мысалы: ауырдың үсті, жеңілдің асты; түймедейді түйдей ету;

2

тайға таңба басқандай; соқырға таяқ ұстатқандай; тамырына балта шабу; мақтамен бауыздау т.б.

Фразеологиялық тіркестер – құрамындағы сыңарларының

мағыналары түсінікті, бірақ тілде тек сол қалпында ғана

жұп жазбастан қолданылатын тізбектер. Мысалы: асқар тау; айдын шалқар көл; ата мекен; қыпша бел; қиғаш қас; су жаңа; сүттен ақ, судан таза; су қараңғы.

Фразеологиялық сөйлемшелер – семантикалық жақтан

бөлуге болатын, сырттай қарағанда, еркін тіркес сияқты болып келетін, бірақ тілде сол қалпында қалыптасқан тіркестер. Бұл топқа жататындардың басым көпшілігі мақал-мәтелдер, нақыл сөздер, қанатты сөздер, афоризмге айналып кеткен тіркестер.

Мысалы: Айдағаның – жалғыз ешкі, ысқырығың жер жарады;

шегірткеден қорыққан егін екпес; көрпеңе қарай көсіл; өгізге

өк деген – өлім.

Əдеби көркем шығарма тілін бейнелеп, жандандырып, нəр беруші тəсілдердің бірі — фразеологизмдер. Фразеология мəселесін ғылыми түрде, теориялық-əдістанымдық тұрғысынан Н.М. Шанский, В.В. Виноградов, І. Кеңесбаев, Ə. Болғанбаев, Р. Сыздық, Ə. Қайдар, Ə. Хасенов, Х. Қожахметова, Г. Смағұлова, Р. Авакова, Қ. Сарекенова т.б. ғалымдардың еңбектерінде жан-жақты ғылыми түрде сараланып, зерттелді. Қазақ фразеологиясының сөздігі құрастырған академик І.Кеңесбаевтің анықтауынша: «Фразеологизмдер – тіліміздің бір бөлінбес бөлшегі. Өзінің көнелену жағынан да, тұлға, мағына тұрақтылығы жағынан да, стиль жағынан да оларға тəн ерекшеліктер бар. Тілімізде көкейге қонымды, көркем, орамды алуан түрлі тұрақты сөз тіркестері кездеседі. Тіл қазынасына жататын қат-қабат тіркес, тізбектерді халық орынды пайдаланды» Фразеологиялық тіркестер барлық стильдерде де қолданылғанымен, бейнелілік пен экспрессивтілік, негізінен, көркем əдебиетке тəн жəне көркемдік құрал автордың жан дүниесі, шығармашылық идеясымен астасып, көркемдік құралы ретінде қызмет етеді.









3

2.Негізгі бөлім

2.1 М.Әуезов әңгімелеріндегі  кездесетін фразеологизмдер.

Жалпы фразеологизмдер әр түрлі жолмен жұмсалып, пайдаланылатын сөздік қорын байытуда өз үлесін қосады. Тұрақты сөз тіркестерін ауызекі сөйлеу тілінде немесе көркем шығармада мол қолданудың өзі ұлттық характер жасаудың белгісі болып табылады.

Ғылыми жобаға ұлы жазушы М.Әуезов шығармалары негіз болған. Тұрақты сөз тіркестерінің бай қоры М.Әуезов шығармаларында сақталған. Фразеологизмдердің маңызы өте зор және көшпелі өркениеттің таңғажайып табиғатын танытқан М.Әуезов шығармалары болғаны сөзсіз.

М. Әуезов әңгімелеріндегі фразеологизмдер.

Шолақ жұт-қиыншылық. (” Қорғансыздың күні ” әңгімесі 67-бет )

Медеу қылу- алданыш қылу.(” Қорғансыздың күні ” әңгімесі 67-бет )
Салқын өмір- мағынасыз өмір. (” Қорғансыздың күні ” әңгімесі 68-бет )
Бұғанасы қатпаған-жас .(” Қорғансыздың күні ” әңгімесі 68-бет)
Зәрін шашу- ызалану. (” Қорғансыздың күні ” әңгімесі 69-бет)
Жан тәсілім- қайтыс болу, өлу .(” Қорғансыздың күні ” әңгімесі 69-бет)
Жермен жексен қылу-бұзу .(”Қорғансыздың күні“ әңгімесі 72-бет)

Сөз байласу-келісу. (” Оқыған азамат ” әңгімесі 105-бет )
Аткөпір қылу- көтерме бағалау. (” Қорғансыздың күні ” әңгімесі 80-бет)
Қу құлқынын ырза қылу-өзінің қамын ойлау. (” Қорғансыздың күні ” әңгімесі 82-бет)

Салқын өмір- мәнсіз өмір. (”Қорғансыздың күні “ әңгімесі 68-бет)

Төсек тартты- ауырды. (”Қорғансыздың күні “ әңгімесі 72-бет)
Дүние салды- өлді. (”Қорғансыздың күні “ әңгімесі 74-бет)
Қайғы жұтты- қиналды. (”Қорғансыздың күні “ әңгімесі 75-бет)
Сынбаған ажар -әдемі түр. (”Қорғансыздың күні “ әңгімесі -бет)
Іждиһатты қол-шебер қол. (”Қорғансыздың күні “ әңгімесі 73-бет)
Салқын жанар -түрі суық. (”Қорғансыздың күні “ әңгімесі 73-бет)
Уыз жас- жас бала. (”Қорғансыздың күні “ әңгімесі 74-бет)
Өңі қашу- көңіл күйі болмау. (”Қорғансыздың күні “ әңгімесі 74-бет)
Жаны ашу- уайымдау, аяу. (”Қорғансыздың күні “ әңгімесі 74-бет)
Жаны қысылу -қиналу . (”Қорғансыздың күні әңгімесі “ 76-бет)
Балақтағы бит басқа шығу-басыну.(”Қорғансыздың күні әңгімесі 78-бет)
Мойнына су құйылу- амалы таусылу. (”Қорғансыздың күні “ әңгімесі 79-бет)


4

Табаны таусылу- шаршау. (”Қорғансыздың күні “ әңгімесі 79-бет)
Көз қырын салу –қарау . (”Қорғансыздың күні “ әңгімесі 78-бет)
Еті қашу- жүдеу. (”Оқыған азамат “ әңгімесі 92-бет)
Сөз салу –айту. (”Оқыған азамат “ әңгімесі 104-бет)

Қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқытпай-мәпелеп өсіру.(”Қорғансыздың күні “ әңгімесі 86-бет)
Жүдеу көңіл-аянышты, көңілсіз.(“Қаралы сұлу” әңгімесі 263-бет)
Буы аспанға шығу-аласұрып құтыру .(“Қаралы сұлу” әңгімесі 264-бет)
Аяқ астынан- күтпеген жерден .(“Қаралы сұлу” әңгімесі 265-бет)
Наразылығына түзу қарау- түсіну, келісу. (“Қаралы сұлу” әңгімесі 266-бет)
Қынай белді- жіңішке белді. (“Қаралы сұлу” әңгімесі 266-бет)
Ым қақты- белгі берді, сөйледі.(“Қаралы сұлу” әңгімесі 266-бет)
Кіжіне бастады- ашулана бастады. (“Қаралы сұлу” әңгімесі 267-бет)
Қол үзбеу-жібермеу, айырылмау. (“Қаралы сұлу” әңгімесі 267-бет)
Дырду жасау – айғайласу ,шатақ шығару. (“Қаралы сұлу” әңгімесі 268-бет)
Үзіліп кетті- өлді .(“Қаралы сұлу” әңгімесі 269-бет)
Ыстық жалын- ықылас .(“Қаралы сұлу” әңгімесі 269-бет)
Қырына алу -қадағалау .(“Жуандық” әңгімесі 279-бет)
Қара сорпа қылу-шаршату, терлету. (“Жуандық” әңгімесі 280-бет)
Етін сыртына тебу- өзінен алшақ ұстау.(“Жуандық” әңгімесі 280-бет)
Езу тарту-күлу.(”Үйлену әңгімесі 138-бет)
Жүрегі тозған – жаны шаршау,көңілі қалу.(”Оқыған азамат әңгімесі 94-бет)
Жүзі сарғайған-күте-күте шаршаған. (”Оқыған азамат“ әңгімесі 95-бет)
Жамау болу –демеу болу, көмек беру. (”Оқыған азамат“ әңгімесі 95-бет)
Есі шығу-қатты толқу. (”Оқыған азамат“ әңгімесі 97-бет)
Көз ұшында-дәл алдында. (”Оқыған азамат“ әңгімесі 98-бет)

Мінезі қатты-ашушаң. (”Оқыған азамат“ әңгімесі 99-бет)

Құрық көрмеген- асау, бас білмейтін(жылқы).(”Оқыған азамат“ әңгімесі 99-бет)

Кірпік қаққанша-тез , жылдам.(”Сөніп жану“ әңгімесі144-бет)

Таза жүрек-адал. (”Сөніп жану “әңгімесі 148-бет)

Таза мінез-мейірімді. (”Сөніп жану “ әңгімесі 148-бет)

Жылы жүрек-мейірімді. (”Сөніп жану “әңгімесі 149-бет)

Сөзіне еру-тыңдау, сену. (”Оқыған азамат әңгімесі 94-бет)

Іші тарлық-көре алмаушылық. (” Оқыған азамат“ әңгімесі 94-бет)

Сөзді бір жерге байлау-сөз беру. (”Оқыған азамат“ әңгімесі 95-бет)

Көңілін жібіту-көңілін көтеру,көңілін табу. (” Оқыған азамат“ әңгімесі 96-бет)

5

Құлағына сіңіру-тыңдау, ұғу. (”Оқыған азамат әңгімесі 96-бет)

Демі үзілді-өлді.(Жетім“ әңгімесі 214-бет)

Сай сүйегін босату-жүрегін елжірету.(”Жетім“ әңгімесі 213-бет)

Баурай бастады-өзіне тарта бастады .(”Жетім“ әңгімесі 215-бет)

Тас бауыр болу-қатігез болу .(”Жетім“ әңгімесі 215-бет)

Таяқ жеу-соққы алу .(”Жетім“ әңгімесі 215-бет)

Жылы шырый іздеу-мейірімділікті күту .(”Жетім“ әңгімесі 217-бет

Есесі тимеу- пайдасы болмау. (“Жуандық” әңгімесі 283-бет)
Жем болу – өз пайдасын жіберу .(“Жуандық” әңгімесі 283-бет)
Алапатты пішін – үлкен,орасан.(“Жуандық” әңгімесі 283-бет)
Машық қылмау – жарияламау.(“Жуандық” әңгімесі 284-бет)
Қамшы болу – себепкер болу. (“Жуандық” әңгімесі 285-бет)
Ұйытқы бұзу – араздастыру. (“Жуандық” әңгімесі 286-бет)
Қан сорап қылу- қуып зорықтыру.(“Жуандық” әңгімесі 281-бет)

Дүре соғу – ұру.(“Жуандық” әңгімесі 281-бет)
Пішіні қара- арам. (“Жуандық” әңгімесі 282-бет)
Түсі жылы – мейірімді. (“Жуандық” әңгімесі 282-бет)
Зәрін шашу-ызалану.(“Жуандық” әңгімесі 280-бет)
Тісін басу- үндемеу.(“Жуандық” әңгімесі 281-бет)
Қызыл кеңірдек болу-дауласу.(”Үйленe” әңгімесі 135-бет)

Қызыл кеңірдек болу-дауласу.(”Үйленe” әңгімесі 135-бет)

Егілген қайғы-қайғыру. (“Қаралы сұлу” әңгімесі 270-бет)
Сай-сүйегін босату- жүрегін елжірету.(“Қаралы сұлу” әңгімесі 270-бет)
Іштегі жалын- қайғы, шер. (“Қаралы сұлу” әңгімесі 270-бет)
Талағы тарыс айрылды- қатты ашуланды.(“Қаралы сұлу” әңгімесі 270-бет)
Қаралы тор- азап. (“Қаралы сұлу” әңгімесі 270-бет)
Ауызынан тастамай- ұмытпау. (“Қаралы сұлу” әңгімесі 270-бет)
Мәңгілік шер- қайғы. (“Қаралы сұлу” әңгімесі 270-бет)
Пысып секіру- ерігу. (“Қаралы сұлу” әңгімесі 270-бет)
Қыршынынан қиылады- жастай өледі .(“Қаралы сұлу” әңгімесі 271-бет)
Тыным таппау- демалмау, тоқтамай.(“Жуандық” әңгімесі 277-бет)
Жанын жалдау-өлгенше берілу. (“Жуандық” әңгімесі 277-бет)
Ішінара қорқу- қаймығу, сескену. (“Жуандық” әңгімесі 277-бет)
Жалтаңгөз болу-жалтақтау .(“Жуандық” әңгімесі 276-бет)
Есе беру –жауап қайтару. (“Жуандық” әңгімесі 278-бет)



6

«Сөніп –жану» әңгімесі
Олар , келе жатқан қонақтың бөтен кісілер екенің білген соң, үйге қарай кірпік қаққанша басып кетіп қалды.
Сыздықтың алмағы да бай қызы емес, осындай адамшылығы бар: момын, таза мінез, таза жүректі кедей қызы болатын.
Адамшылықты бағалай білетін, еркекке адал дос болатын, жүрегі жылы , махаббатты адам болғандай.
«Қорғансыздың күні» әңгімесі
Жақып сол жолда суық өтіп,өңі қашып,қу шүберектей болып келді.
Артынан,немене, екі-үш күн өткен соң қатты жығылып,төсек тартып жатып қалды.
Біреуден аткөпір қылып алып, біреуге аткөпір қылып беріп жүретін.
Жыл сайын қыс басынан қарлы болып,малға панасы жоқ болғандықтан,бауырын жайлаған ел малын өлтіріп , өзге ел аман отырғанда,шолақ жұттың құрығынан құтылмайтын.
Бұлардың жалғыз-ақ медеу ғылатыны Арқалықтың егіндігі еді.
Ерте күннен жортуылға аттанып, Уақтың көп батырларының арасында бұғанасы қатпаған дығына қарамай,талай қиын қыстауда ақыл тауып,қажымай қайрат,ерлік көрсеткен.
Күшікпай атын ойнақтатып, найзасын түйілтіп,өрт сөндіргендей болып зәрін шашып, жетіп келген.
Сонан соң басын оңға қаратуға ғана шамасы келіп,жан тәслім қылған.
Қыры кетіп жұмырланған бұрыш-бұрышында үйіліп қалған қорда топырақ, қораның онсыз да аласа бойын жермен –жексен қылып тұр.
Үстінде іждиһатты қолмен жиылған сұрғылт түсті көнетоздау екі-үш көрпе, жастық.
Тақырлау сұйық қабақтың астынан көрінген кішкене өткір көздері қажыған салқын жанармен жалтылдайды.
Көрген көзге алғашқы жерден-ақ сүйкімділігін сездіретін уыз жас .
Жақып сол жолда суық өтіп,өңі қашып,қу шүберектей болып келді.
Артынан,немене, екі-үш күн өткен соң қатты жығылып,төсек тартып жатып қалды.
Біреуден аткөпір қылып алып, біреуге аткөпір қылып беріп жүретін.
Жыл сайын қыс басынан қарлы болып,малға панасы жоқ болғандықтан,бауырын жайлаған ел малын өлтіріп , өзге ел аман отырғанда,шолақ жұттың құрығынан құтылмайтын.
Бұлардың жалғыз-ақ медеу ғылатыны Арқалықтың егіндігі еді.
Ерте күннен жортуылға аттанып, Уақтың көп батырларының арасында

7

бұғанасы қатпаған дығына қарамай,талай қиын қыстауда ақыл тауып,қажымай қайрат,ерлік көрсеткен.
Күшікпай атын ойнақтатып, найзасын түйілтіп,өрт сөндіргендей болып зәрін шашып, жетіп келген.
Сонан соң басын оңға қаратуға ғана шамасы келіп,жан тәслім қылған.
Күндердің күні болып жүдеп-жадап , біреуден зорлық, біреуден қорлық көріп отырған үстіне келсең, көзіңнің қырын саларсың.
Балақтағы биттің басқа шыққанын көрмейсін бе ?
Аяғында, мойнына су құйылды.
Табандаған жиырма күн жүріп, табанынан таусылып бармаған кісі қоймай, аяғында, бар малын алып кетті.
Қу құлқына ырза қылса –болады.
Еш уақытта қанаттыға қақтырып , тұмсықтыға шоқытқан емес.

«Оқыған азамат» әңгімесі
Еті қашып, арыған жіңішке қолдары қазірде дірілдеп, бір жерге орнықпай, ауру кеудесін сипалай бастады.
Тілек пен қайғыдан тозған жүрегі алдында жылжып тақап келе жатқан қауіпті ойлап езіледі.
Мейірхан есі шығып аңырады.
Сонау ойда көз ұшында жарқыраған- шарасынан суы асып, айнадай мөлдіреп жатқан көл көрінеді.
Бірақ Жұмағұлдың шешесі Қамария,-жас күнінен шаруақорлықты сараңдыққа жеткізген, мінезі қатты, дүниеге пысық бәйбіше болғандықтан бұл жолы науқанда да қыл-қыбырын көп шығармай, шығындамай, керек нәрселерін тез қамдап алды.
Құрық көрмеген асау құлындардың кейбіреуі құрық тартқанда аспанға шапшып шыңғырса да, жылқышының мықты қолдарының қайта серпіген екпінімен шалқасынан түсіп, тыпырлап қалады.
Ел ішінде Әміренің Өзімен жасы тұрғылас Жанғасы деген ірі бай бар еді , соған кішкене Жәмиләнің бас-аяғы ұнап кетіп, далада бірге келе жатқанда Әміреге сөз салыпты.
Сондықтан әзірше қай жолмен болса да ізденіп отырып, үй мен мүлікті Жәмиләнің атына аудардып алу керек!-деп сөз байласты.

«Жетім» әңгімесі
-Менің шынымен сорлы, шынымен қаңғып қалғаным ба?-деп зарлағанда ,
елдің сай –сүйегін босатып, кәрі-жастың жүрегін еріткен болатын.


8

Әжесі демі үзілген мүйнетіне шейін қарсы алдында, аяқ жағына Қасымды отырғызып қойып, содан көзін алмай жатып үзілген.
-Құлынымның бұғанасы қатқанша , рақым ет.
Ұрысқақ долы қатыны Қадиша мен Иса Қасымды алғашқы қолына кіргізіп алысымен малды өз малындай, өз мүлкіндей баурай бастады.
Түнде ел жатқанда жетім қозыдай тас бауыр болып қалған Қасым жат ұяда ұйықтай алмай, көрпенің астында үндемей жылап жатқанда, Иса мен Қадишаның әңгімесін есітіп еді.
Көк саулықтың мойнынан құшақтап жабысқан жолында Иса мен Қадишадан қабат таяқ жеді.
Екі-үш күннен соң Иса мен Қадишаның сезім дегенді білмейтін-көн болған көңілдері бұрынғы таз қалпына келіп еді.
Жаутаңдаған көзімен жылы шырай іздеп келе жатқанда, алдында бұрынғыдай зәрленіп тұрған Исаны көрді.

Қазіргі уақытта қараңғы түннің қара желі қатайып, түн түсі суи бастаған сайын, Қасымның жүрегі қалтырап , шошынып, елеңдеп келе жатты.
Шошынып, өне бойы мұздап, жүрегі лүпілдеп соғып кетті.
Көз ұшына жоғалып кетті .
Аздан соң аттан түсіп, қасына келіп қараса- жыртық киімді, өңі қүп-қу болып, қаннан айырылып жүдегенон, он бір жасар бала екен.

«Үйлену» әңгімесі

Бірін-бірі қағытып қалжындасып, мысқылдап күлісіп, кейде қызыл кеңірдек болып, болымсызға дауласып та кетеді.
Ол Оспанның сөзін естіп болған соң, ақырын езу тартып күліп, жігіттің бетіне тура қарап отырды.
2.2 М.Әуезов әңгімелеріндегі фразеологизмдердің ерекшеліктері.

Тұрақты сөз тіркестерінің бай қоры М.Әуезов шығармаларында сақталған. Әңгімелерін оқи отыра,фразеологизмдерді мынандай түрде сараладым.

Синонимдік тұрақты тіркестер:
Жан тәслім, демі үзілді, дүние салды, қыршынынан қиылды - өлді.
Бұғанасы қатпаған , уыз жас - жас бала.
Кіжіне бастау, дырду жасау – ашулану.
Іштегі жалын , мәңгілік шер –қайғы.
Күрең қабақты, жүдеу көңіл – көңілсіз.
Таза мінез, жылы жүрек – мейірімді.
Аузын алу,аузын майлау.

Аузы- мұрны қисаймай, бет –аузы бүлк етпей.

9

Антонимдік тұрақты тіркестер:
Сынбаған ажар – салқын жанар.
Баурай бастады- етін сыртына тепті.
Машық қылу- машық қылмау.
Көзге ілмеу – елемеу, өзіне теңгермеу

Көзінен таса қылмау – көзден сырт болмады, жіті бақылады

Бетінен қақпау – еркін өсіру

Бетінен алу – көңілін қалдыру, қарсы келу

Аузы – аузына жұқпау – жыпылдап тез сөйлеу

М.Әуезов әңгімелеріндегі адамдардың  жағымды мінезіне

байланысты  фразелогизмдері.

Жылы жүрек-мейірімді.

Таза жүрек-адал.

Таза мінез-мейірімді.

Түсі жылы-мейірімді.

Ит жанды — көнбіс.

М.Әуезовтің жағымсыз мінезіне байланысты қолданған

фразеологизмдері.

Зәрін шашу-ашулану

Тас жүрек-мейірімсіз

Пішіні қара- арам.

Балақтағы бит басқа шығу-басыну.

Үстінен түйе жүріп өтсе де – маубас

Түйе үстінен ит қапқан-ебедейсіз

көре алмау – қызғану.
















10

 3.Қорытынды.


Фразеологизмдер көркем сөздің ең құнарлы саласына тән ойлау нәтижесі мен халық даналығының туындысы болып саналады. Тіліміздің бұл байлығы ғасырлар бойы қорланып, толассыз дамып, толығып отыратын, әрқашан да қолданысқа дайын тұратын көркем сөз құралы болып саналады. Көркем сөз авторлары өз шығармаларында түрлендіріп, сан құбылтып, әсем де әсерлі, көркем де бейнелі сөз өрнегін жасайды.

Көркем шығарма тіліндегі фразеологизмдерді талдау, сараптау арқылы әдебиеттану жағынан қаламгердің жеке даралық стилін тануға болады.Фразеологизмдер арқылы қаламгерлер өз туындыларына ұлттық сипат беріп, стиль жасаудағы тілдік тәсілдерді колдану ерекшелігін айқындай түседі. Фразеологиялық оралымдар авторлық баяндау болсын, кейіпкер тілі болсын не табиғат суреті болсын, бәріне де өзіндік стильдік әр береді.

Қорыта айтатын болсам, бұл жұмысты жазу барысында М.Әуезовтың біршама әңгімелерімен таныстым. Өзіміз білетіндей , біз күнделікті өмірде тұрақты тіркестерді пайдаланып жатқанымызды байқамай қалып жатамыз . Тұрақты тіркестер сөйлеу тұрғысында ерекше орын атқарады .Міне , осындай тұрақты тіркестердің өзінің терең мағынасымен ойымызды дұрыс жеткізуге өз септігін тигізетініне сенемін . Тұрақты тіркестерді әрдайым есте сақтап , жаңғыртып отырсақ , ол біздің тіл мәселесінің ұтымды жолы болары сөзсіз !.Егер барлығы күнделікті өмірде тұрақты тіркестерді қолдана отырып сөйлесе , онда осы тұрақты тіркестердің - біздің сөздік қорымыз жетіліп , тіл байлығымыздың кеңеюіне өз ықпалын тигізері сөзсіз деп ойлаймын .




















11

Пайдаланылған әдебиеттер :

1 . Қазақ тілі энцклопедиясы 6 – том Алматы 2003 жыл

2 . Қазақ тілі энцклопедиясы 8 – том Алматы 2003 жыл

3 . Интернет желісі Уикипедия сайты

4 . Шың кітабы Алматы 2012 жыл

5 . Қазақ тілі Н . Оралбаева Алматы 1993 жыл

6 . Қазақ тілі С . Исаев Алматы 2007 жыл

7. М.Әуезов әңгімелері Алматы «Жалын» 1987






























Ғылыми жобаның мазмұны

1.Кіріспе. ..................................................................1


2. Негізгі бөлім. .......................................................

2.1 М.Әуезов әңгімелеріндегі  кездесетін фразеологизмдер ...............3


2.2 М.Әуезов әңгімелеріндегі фразеологизмдердің ерекшеліктері.. ...............8

3. Қорытынды. ........................................................10


4. Пайдаланылған әдебиеттер.....................................11


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ