« ҚазҰУ- QS WUR халықаралық әлем университеттері рейтингінде 150- орында »
Әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті әлем университеттері рейтингісі барысында QS WUR халықаралық университет Топ-200 ішінде 25 позицияға көтеріліп, 175 позицияда бой көрсеткен болатын. Аталмыш университет QS WUR халықаралық рейтингіде тағы да жоғары нәтижелерге қол жеткізіп, өз атын асқақтата түсті. Қазіргі таңда Әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті QS WUR халықаралық рейтингіде 150 орынға көтерілді www.kaznu Бұл дегеніміз университетіміздің қарқынды жұмыс істеп келе жатқандығының белгісі. Осылайша, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Қазақстанның жоғары оқу орындары арасында ғана емес, бүкіл Орталық Азия мен ТМД елдерінде өзінің көшбасшылық ұстанымын тағы да дәлелдеді. ҚазҰУ-дың елеулі прогреске қол жеткізуі әлемдік деңгейдегі зерттеу университетіне айналуының нәтижесі, сондай-ақ басшылықтың, оқытушылардың, ғалымдар мен білім алушылардың серпінді жұмысының нәтижесі. Бұл біздің университетіміздің халықаралық аренада жоғары бәсекеге қабілетті екенін аңғарады. 2022 жылғы 8 маусымда QS WUR рейтингіне әлемнің түпкір түпкірінен 2462 жоғары оқу орындары қатысқаны белгілі, осы іріктеуден тек қана 1422-ге жуық ең мықты университеттер таңдалды. Quacquarelli Symonds World University Rankings (QS WUR) жаһандық рейтингінің нәтижелері анықталып, ең мықты университеттердің тізімінде көш бастап тұрған қасиетті қара шаңырағымыз Әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін көру бір бақыт. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне QS рейтингтік сертификатын тапсыру рәсімі университет кітапханасында жалғасын тапты, ҚазҰУ басқарма төрағасы-ректоры Жансейіт Түймебаевқа ТМД және Орталық Азия елдеріне арналған QS рейтингтік агенттігінің өңірлік директоры Сергей Кристолюбов марапатты табыс етті. Сергей Кристолюбов ҚазҰУ-дың соңғы жылдардағы жетістіктерін атап өтіп, QS жаһандық рейтингіндегі талаптарға тоқталды. “Биыл әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті көптеген талаптар бойынша өз көрсеткіштерін айтарлықтай жақсартты. Халықаралық рейтингте 150-ші орынға ие болу-бұл керемет көрсеткіш және жетістік. Мен ҚазҰУ оқытушылар құрамына, ғалымдарға және бүкіл командаға үлкен үлес қосқаны үшін алғыс айтқым келеді” -деп университетіміздің болашақта әлі талай биік шыңдарды бағындыратынын тілге тиек етті. Міне ендігі жерде QS WUR халықаралық рейтингісі барысында 150 орыннан 100 орынды қанжығалауды да мақсат ету керек.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің аға оқытушылары: Саткенова Ж.Б., Исаева Н.Т., Нусупбаева С.А.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
« ҚазҰУ- QS WUR халықаралық әлем университеттері рейтингісінде 150- орында »
« ҚазҰУ- QS WUR халықаралық әлем университеттері рейтингісінде 150- орында »
« ҚазҰУ- QS WUR халықаралық әлем университеттері рейтингінде 150- орында »
Әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті әлем университеттері рейтингісі барысында QS WUR халықаралық университет Топ-200 ішінде 25 позицияға көтеріліп, 175 позицияда бой көрсеткен болатын. Аталмыш университет QS WUR халықаралық рейтингіде тағы да жоғары нәтижелерге қол жеткізіп, өз атын асқақтата түсті. Қазіргі таңда Әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті QS WUR халықаралық рейтингіде 150 орынға көтерілді www.kaznu Бұл дегеніміз университетіміздің қарқынды жұмыс істеп келе жатқандығының белгісі. Осылайша, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Қазақстанның жоғары оқу орындары арасында ғана емес, бүкіл Орталық Азия мен ТМД елдерінде өзінің көшбасшылық ұстанымын тағы да дәлелдеді. ҚазҰУ-дың елеулі прогреске қол жеткізуі әлемдік деңгейдегі зерттеу университетіне айналуының нәтижесі, сондай-ақ басшылықтың, оқытушылардың, ғалымдар мен білім алушылардың серпінді жұмысының нәтижесі. Бұл біздің университетіміздің халықаралық аренада жоғары бәсекеге қабілетті екенін аңғарады. 2022 жылғы 8 маусымда QS WUR рейтингіне әлемнің түпкір түпкірінен 2462 жоғары оқу орындары қатысқаны белгілі, осы іріктеуден тек қана 1422-ге жуық ең мықты университеттер таңдалды. Quacquarelli Symonds World University Rankings (QS WUR) жаһандық рейтингінің нәтижелері анықталып, ең мықты университеттердің тізімінде көш бастап тұрған қасиетті қара шаңырағымыз Әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін көру бір бақыт. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне QS рейтингтік сертификатын тапсыру рәсімі университет кітапханасында жалғасын тапты, ҚазҰУ басқарма төрағасы-ректоры Жансейіт Түймебаевқа ТМД және Орталық Азия елдеріне арналған QS рейтингтік агенттігінің өңірлік директоры Сергей Кристолюбов марапатты табыс етті. Сергей Кристолюбов ҚазҰУ-дың соңғы жылдардағы жетістіктерін атап өтіп, QS жаһандық рейтингіндегі талаптарға тоқталды. “Биыл әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті көптеген талаптар бойынша өз көрсеткіштерін айтарлықтай жақсартты. Халықаралық рейтингте 150-ші орынға ие болу-бұл керемет көрсеткіш және жетістік. Мен ҚазҰУ оқытушылар құрамына, ғалымдарға және бүкіл командаға үлкен үлес қосқаны үшін алғыс айтқым келеді” -деп университетіміздің болашақта әлі талай биік шыңдарды бағындыратынын тілге тиек етті. Міне ендігі жерде QS WUR халықаралық рейтингісі барысында 150 орыннан 100 орынды қанжығалауды да мақсат ету керек.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің аға оқытушылары: Саткенова Ж.Б., Исаева Н.Т., Нусупбаева С.А.
шағым қалдыра аласыз













