400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

« Үміт еткен көзімнің нұры - балам»

Материал туралы қысқаша түсінік
Ыбырайдың ізімен « Үміт еткен көзімнің нұры - балам» тақырыбына жазылған әңгіме
Материалдың қысқаша нұсқасы
А. Розыбақиев атындағы №153 мектепгимназиясының 10-сынып оқушысы
Хамраева Дилинур Курбанжановна
Жетекшісі: Масимова Гулнар Абдуллаевна
« Үміт еткен көзімнің нұры - балам» номинациясына
Ойландырған мәселе
Үміт еткен көзімнің нұры – балам,
Жаныңа жәрдем берсін Хақ тағалам.
Атаң мұнда анаңмен есен-аман,
Сүйіп сәлем жазады бүгін саған.
(Ыбырай Алтынсарин)
Бірде мектепке кетіп бара жатып, үйінің алдында алыстан біреуді
телміріп күтіп отырғандай ойлы көздерімен алысқа көз тастап, таяғына
таянып отырған тоқсаннан алқып қалған атаның жанынан өтіп бара жатып,
амандасуға тоқтадым. Ата сәлемдесіп, амандық-саулық сұрасқаннан кейін,
маған отыр дегендей жанындағы орындықты нұсқады. Мен атаның кімді
күтіп отырғанын сұрадым.
- Баламды , - деп қысқа жауап қайтарды ата.
- Балаңыз сізбен бірге тұрмаушы ма еді, - дедім мен таңырқап.
- Иә . Менімен бірге тұрады десем де болады, тұрмайды десем де болады , деді ата. Мен атаның отбасының мүшелерімен таныс едім. Атаның
жұбайы қайтыс болып кеткеннен кейін үлкен шаңырақта ата өзінің
жалғыз ұлы және оның отбасымен бірге тұрып жатыр еді. Баласы ауылда
кәсіпкерлерлікпен айналысатын . Әр жерде салған сауда орындарының
жұмысын жұбайы екеуі тексеріп, басқарып отыратын. Әкесін қарауға
жанында отыруға адам жалдап, үлкен кісіге жан-жақты жағдай жасап
отыр деп те естіп едім. Менің таң қалып отырғанымды байқаған ата:
- Иә, балам менің барлық жағдайымды жасап отыр. Тамағым дайын,
киімім бүтін,ауырып қалсам жанымда дәрі-дәрмегімді беріп отыратын
адам да бар. Бірақ менің жалғыздығымды толтыра алмай отыр. Өйткені
баламды көрмеймін, таңертең шығып кетіп, кеш келеді де, өзінің
отбасының жанынан шықпайды. Немерелерімнің де менімен сөйлесуге
ұялы телефондарынан уақыттары босамайды. Мен баламның менің
жаныма кіріп, менімен шүйіркелесіп әңгімелескенін қалаймын. Мейірлене

қарап, бетінен сүйсем деймін. Бір үйде тұрып, бір-бірімізді көрмесек, оны
сағынып, жалғызсырап отырсам, қалай ұлым жанымда деп айта аламын, деді ата мұңайып.
Сонда менің көз алдыма күнде мен оқуға жүргенде қолын бұлғап,
ұзатып қалатын әжем келді. Ойласам, мен де , менің анам мен әкем де
әжеме көп көңіл бөлмейді екенбіз. Мен оқудан, олар жұмыстан келе
салып, бөлмелерімізге кіріп алып, ұялы телефонымызға шұқшиып
отырамыз. Әжемнің де бізбен сөйлескісі келетін шығар. Жоқ дедім өзіме.
Бұдан былай олай болмайды. Мектептен келген соң, бос уақытымды
әжеммен өткіземін дедім мен. Осындай ойлармен мектепке де жетіп
қалыппын. Әр жерде смартфондарынан көз алмай отырған
сыныптастарыма қарадым. Бәрінде де осындай мәселе бар шығар . Өз
ойымды ортаға саламын деп бекіндім.
Материалды PDF форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
21.05.2024
237
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі