М.Әуезов атындағы №5
жалпы
білім беретін мектебінің
бастауыш
сынып мұғалімі
Коржынбаева
Алмагуль
Темирхановна
Абай әлемі -
таусылмайтын әлем
Қазақ халқының ұлттық
мақтанышына айналған ұлы ақын Абай Құнанбаевтың әлемі-қанша
айтып,қанша жазса да таусылмайтын әлем. Қай халықта болсын өз
мәдениетін,әдебиетін танып білуде қадір тұтып қастерлейтін дара
тұлғалар бар. қазақтарда-Абай
Құнанбаев.
Халқын қараңғылық
қапасынан,езгі шырмауынан алып шығар жол адамның рухани
жетілуі,өнер,білім,ғылым арқылы сананың іштей түлеуі деп білген
ойшыл,елін,оның болашағы-жастарды алдынғы қатарлы елдердің
өнер,өнеге өрісін шақырды. Солардың ғылым-білімін оқып үйреніп
бойға, санаға сіңіріп,өмір кілті ете білуді насихат
етті.
Ғылым таппай
мақтанба,
Орын таппай
баптанба.
«Дүние де өзі, мал да өзі
,
Ғылымға көңіл бөлсеңіз»,
-
Дегені өз халқына, болашаққа
ақын ұсынар бағдарлама еді. Елін еміріне сүйген «етек басты»
мешеулік халіне күйген акын тыныс буған тығырықтан құтқарып, озық
өрісті өзгелерден прогреске бастар жол-өнер, білім, ғылым екендігін
осы жолдармен-ақ
жеткізеді.
Абай мұрасы-адам танудың ,
тағдырының бүгіні мен болашағын көзімен көріп, өлеңді көкірегімен
танудың бар бояу нұрына бөленген – Абай поэзиясы аталатын сиқырлы
әлем, сырлы әлем , құпия әлем.Ол- адам баласына кеше де, бүгін де
тән бола беретін барша сезімнің бар нұры мен әрінен, үні мен
құбылысынан, көріп бітімінен түзелген
.
Ол жеке мен жалпы, бір мен
көп, жалқы мен дара қортындысында адам мен қоғам атты күрделі де
қиын ұғымдардың тереңіне бойлатар, толқынына тербетер шалқарына
жүздірер түпсіз терең, шексіз шалқар құпия
әлемі.
Абайдың сүйген өмірі, қоғамдық
дәуірі, қоршаған ортасы, бүкіл шығармашылығы әрбір кезең-сатыға
бөлінген қиял-ойының заңғар биіктігімен, түпсіз тереңдігімен
ерекшеленеді.Онда ғасырдан ғасырға, өткеннен бүгінге, бүгіннен
ертеңге дейін айтылып та, жазылып та бітпейтін көкжиектей шексіз
жатыр...
Келмеске кеткен кер заманының
буалдыр желегін түріп тастап, күні кеше егемендік алып, еңсесін
көтерген елімен бірге Абай да болашаққа нық қадам басуда.Біздің көп
тілді, бір үнді дауысымыздың биігінде Абайдың да тамаша үні
естілгендей өзін мәңгі ұмытпайтын өміршең ұрпағымен бірге ұлы
тұлғаның да жаңа дәуірі бастау алып
отыр.
-Өлді деуге бола ма,
айтыңдаршы,
Өлмейтұғын артына сөз
қалдырған,- деп төрелігін өзі пайымдаған данышпан Абай қазір де
жарқын бейнесімен, жалынды жырымен ұрпақпен бірге жасап
келеді.
Абай әлемі – таусылмайтын
әлем.Өйткені, мыңдаған қазақ, орыс, басқа ұлттың жастары байтақ
өмірде Абайдың тамаша әндерін сахнада, кең жайлауда шырқата
салады.Жүрек қылын шеркен тамылжыған өлеңдерін тамсана оқиды. Бұл
тек әсем әнге еліктеу немесе сүйсіну ғана емес. Оның мәңгі өлмес
сұлу саздарынан бір кездегі қорғансыз әйелдің мұңы, еңбекші елдің
көкейтесті арманы сезіледі. Осындай жарқын да ізгі тілектің
көлеңкесінде қаулаған күншілдік, даңғойлық, жалақорлық, жалқаулықты
шенеген, одан өзгені жиендіре түскен сынды да
көреді.
Абай – қазақтың ұлы ақыны,
композиторы, философ, қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушы, оның
алғашқы классигі.Ақынның бүгінгі өскелең ұрпақ еншісіне тиіп
отырған шығармалары негізінен үш жүйемен өрбиді. Олар – өз жанынан
шығарған төл өлеңдері, өзі қара сөз деп атаған прозасы, өзге
тілдерден, әсіресе, орсшадан аударған өлеңдері. Абайдың ақындық
қарымының кеңінен танылып, оның саф алтындай жарқырай көрінуіне
шығыстың классикалық поэзиясы мен XIX ғасырдағы орыс әдебиетінің
ықпалы өте мол болғандығын атап көрсеткен
жөн.
Абай қазақт әдебиеті тарихында
орыс халқының ұлы мәдениетін, орыс классиктерінің шығармаларын
қазақ даласында мол насихаттаған тұңғыш ақын, ұлы ағартушы демократ
халықтар достығының жалынды жаршысы болды. «Абайдың Пушкин
шығармаларын өз оқушыларына жеткізу – қазақ сахарасына орыстың ұлы
мәдениетінің жарығын әкеп төккендей болды.» дейді М.Әуезов.
Пушкиннің нағыз мұрагері, Россия аспанынан қара түнекті қақ жарып,
жай отындай жарқылдаған жалынды ақын Лемонтовты Абай ерекше
бағалап, оның отызға тарта өлеңін аударды. Орыстың атақты мысалшы
ақыны Крылов шығармаларын қазақ еліне мол танытқан да – Абай.
Лермонтов және басқа орыс ақындарын аудармаларынан алып, дүниежүзі
әдебиет классиктері – Гетенің, Шиллердің, Байронның, Мицкевичтің
кейбір өлеңдерін қазақ оқушысына ана тілде жеткізген де
Абай.
Баршаға мәлім, соңғы бір-екі
жылда Абай мұрасын танып-білу,оны әрі қарай талдап-зерттеу
бағытындағы жұмыс біршама жанадан түсті.Бұл бір жағынан ұлы ойшыл
суреткердің алда келе жатқан мүшелтойына дайындыққа қатысты болса,
екіншіден қанымызға сіңген ізгі қасиеттерді ұрпақ зердесіне
сіңіруде жатыр.Қоғамымыздың тіршілік-тынысы душар болып отырған
қазіргідей жағдайда ортақ мұраттарды қастерлеудің маңызы зор.Міне
сондықтан да біз Абай мұрасына бұрыңғы қай кездегіден де ерекше
көңіл аударуға тиіспіз.«Қазағым» деген сөзді «ұлтым» деген мағынада
түсінген Абай өз тұсын да бұл халықтың өмір шындығынан араламаған
түкпір қоймады. Ол өмір шындығының тіркеушісі болып қана қойған
жоқ, сонымен бірге көрген-білгендерінің де сыншысы бола білді. Осы
тұрғыдан алғанда, Абай творчествосының басты тақырыбы –адам,оның
моральдық бет-бейнесі,ішкі дүниесі мен іс-әрекеті. Бұл тақырыптарды
Абай өсиет-ақыл айту ретінде емес, нақтылы түрде, әр мінез-қылықты
дәл көрсету арқылы жеріне жеткізе жырлайды. Қызмет ынғайына орай
облыс мектептері мен оқу орындарына ат ізін салған шақтарда мен ұлы
тұлғаның уақытпен бірге келелсалған шақтарда мен ұлы тұлғаның
уақытпен бірге кемелденіп, ұрпақ зердесінде сақталуының сан мәрте
куәгері болғаным бар. Бүгінде білім ошақтарында Абай мұрасына түрлі
оқулар мен байқаулардың жиі өткізіле бастауы да осы айтылғандардың
айқын көрінісі іспіттес.Өмір есігін ашқан қай қазақ баласы болмасын
өз кезегінде Абай әндері мен жырларын жаттап өсті.Мәселен, «Айттым
сәлем, Қаламқас»,«Желсіз түнде жарық ай»,«Қараңғы түнде тау
қалғып»,«Көзімнің қарасы» секіді әндері түрлі мәжілістер мен ауыл
үйлердің дастарханында асқақтай шырқалады. Абай шығармаларының
мәңгі өлмейтіндігіне де осы жәйттер толық жауап беретін
секілді.