Абай ауылы
сценарийі
Сыртқы көрініс. Қазанда
ет қайнап жатады. Самауырында шай қайнап жатады. Алаңқайда асық
ойнап отырған балалар.Әжелер мен мамалар, әкелер мен аталар аулада
келген қонақтарды қарсы алады.
1: Амансыздар ма, құрметті
қонақтар. Абай ауылына қош келдіңіздер. (Шашу
шашылады)
2: Ия, иісі қазаққа танымал
хакім Абай ауылы сіздердің қадамдарыңызға ақ жол
тілейді.
3: Қанекей, қыздар,
қонақтарымызды төрге шығармас бұрын тойдан шашу болсын деп бір
керемет ән салып берсек қайтеді.
4: Еее,жөн-жөн, Абайдың әнші
достары Барлас пен Байкөкше де осы дүбірлі Наурыз тойына келген
екен. Ендеше Байкөкшенің бір әнімен тойымызды бастап
жіберейік.
(Байкөкшенің
рөліндегі Бақыт атамыз ән айтады.
)
1: Құлақтан кіріп бойды алар,
Әсем ән мен тәтті күй деп Абай айқандай қандай керемет ән. Көп
рахмет, Байкөкше ақын.
2: Қане, қонақтарымызды
құрметтеп ақ төріміздің басына шығарайық.
(Қонақтар үйге
кіреді. Дастарханға отырғызылады, ас әкелінеді.
)
Зере
әже: Ал құрметті қонақтар, ат басын
бұрып, менің Абайымның ауылына келгендеріңізге өте қуаныштымын. Әй,
Ұлжан қарағым, қонақтардан сқа бата сұрайық. Мағашты
шақыршы. Мағауия келген
соң: Өздеріңізден мынау Мағауия
шөберем бата сұрасам дейді.
Мағауия Абайдың
ұлы: Қолын жайып, Илиахи аумин деп
малдас құрып , бата сұрайды.
(Келген қонақтар асқа
бата береді. )
Ұлжан: Абай, қарағым. Мынау қонақтар,
өзің жайлы көп естіп, арнайы келген екен. Ендеше осы қонақтарға
өзіңнің бір өлеңіңді оқып берсең қайтеді?
Абай: Жақсы, шеше. Мынау қалың
қардың көбесі сөгіліп, жер-анаға тіршілік бітіп жатқан жазғытұрым
менің жүрегімде де тыншымай, сиясы кеппеген «Жазғытұрым» деген бір
өлеңім кеше ғана шығып еді. Ендеше сол өлеңді тыңдап, алғашқы
тыңдаушысы да , алғашқы сыншысы да өздеріңіз
болыңыздар.
Жазғытұры қалмайды қыстың
сызы,
Масатыдай құлпырар жердің жүзі.
Жан-жануар, адамзат анталаса,
Ата-анадай елжірер күннің көзі.
Жаздың көркі енеді жыл құсымен,
Жайраңдасып жас күлер құрбысымен.
Көрден жаңа тұрғандай кемпір мен шал,
Жалбаңдасар өзінің тұрғысымен.
Қырдағы ел ойдағы елмен араласып,
Күлімдесіп, көрісіп, құшақтасып.
Шаруа қуған жастардың мойыны босап,
Сыбырласып, сырласып, мауқын басып.
Түйе боздап, қой қоздап - қора да шу,
Көбелек пен құстар да сайда ду-ду.
Гүл мен ағаш майысып қарағанда,
Сыбдыр қағып, бұраңдап ағады су.
Көл жағалай мамырлап қу менен қаз,
Жұмыртқа іздеп, жүгіріп балалар мәз.
Ұшқыр атпен зырлатып тастағанда,
Жарқ-жұрқ етіп ілінер көк дауылпаз.
Құс қатарлап байлаған қанжығаға
Қыз бұраңдап жабысып, қылады наз.
Жазға жақсы киінер қыз-келіншек,
Жер жүзіне өң берер гүл-бәйшешек.
Қырда торғай сайраса, сайда - бұлбұл,
Тастағы үнін қосар байғыз, көкек.
(Дастарханда отырғандар
бір-бірімен жарысып, мақтап жатады.Ой, қандай керемет, тамаша
т.б.)
Ұлжан: Ой, балам өркенің өссін.
Атадан бала туса игі, ата жолын қуса игі демекші, немерем Ақылбай
да сіздерге әкесінің қарасөзінен оқуп берсем
дейді.
Ақылбай: Армысыздар игі-жақсылар. Мен
сіздерге әкемнің 31-қарасөзін айтып берсем
деймін. ОТЫЗ БІРІНШІ
СӨЗ
Естіген нәрсені ұмытпастыққа
төрт түрлі себеп бар: әуелі - көкірегі байлаулы берік болмақ керек;
екінші — сол нәрсені естігенде я көргенде ғибрәтлану керек,
көңілденіп, тұшынып, ынтамен ұғу керек; үшінші — сол нәрсені ішінен
бірнеше уақыт қайтарып ойланып, көңілге бекіту керек; төртінші - ой
кеселі нәрселерден қашық болу керек. Егер кез болып қалса, салынбау
керек. Ой кеселдері: уайымсыз салғырттық, ойыншы-күлкішілдік, я бір
қайғыға салыну, я бір нәрсеге құмарлық пайда болу секілді. Бұл төрт
нәрсе - күллі ақыл мен ғылымды тоздыратұғын
нәрселер.
(Ой, тамаша, өркенің өссін
балам)
1: Ал қонақтар тамақтан алып
–жеп отырыңыздар. Міне, Абайжанның да жаңа бір өлеңін
тыңдадыңыздар. Енді біз сіздерден байғазы ретінде бір ән сұрайық.
Абайдың әндері тек Шығысқа емес, бүкіл қазақ жеріне таралып
жатқанына біз қуаныштымыз.. Ендеше сіздер бастап, біз қостап
Абайдың бір әнін шырқасақ қайтеді.
(Ән желсіз түнде
жарық ай)
Зере
әже: Ал, енді ас қайырып, енді
Абайдың ауылымен келген қонақтарымызды таныстырайық. Байкөкше
қарағым, келген астың батасын қонақтарымыз жасады, ас қайыру енді
өзіңнен болсын.
Байкөше: (Бақыт
ата) ас қайыру батасын
береді.
Келесі кезекте киәзүйдің
ішімен таныстырады.
1-бұрыш ( Ат әбзелдері қамшы,
ер-тоқып, түлкі терісі т.б.) Мынау бұрыш Абай ақынның бала күнінен
сыр шертеді. Мынау Абайдың алғаш мінген ер-тоқымы, мұны бәсіре
ретінде нағашы атасы Тұрпан сыйға тартқан.Ал мынау қайыс қамшысын
нағашы ағасы Қаңтай өз қолымен өріп берген екен.Ал мынау түлкі
терісі Абайжанның ең алғашқы Қансонарда өз қолымен ұстаған алғашқы
олжасы. Алғашқы олжа болған соң ырымдап, ерекше бағалап , төрден
орын алған жайы бар.
2-бұрыш. (Абайдың кітаптары,
қарасөздері, поэмалары)
Мынау Абайдың шығармалары.
Кейінгі ұрпаққа мұра болсын деп, шашау шығармай жинап отырмыз.
Бүгінгі таңда Абайжанның 45 қарасөзі бар.
«Қара сөздері» - тақырып
ауқымдылығымен, дүниетанымдық тереңдігімен, саяси-әлеуметтік
салмақтылығымен құнды. 3 поэмасы бар. Олар : Ескендір, Масғұт және
Әзім әңгімесі. Соңғы Әзім әңгімесі әлі аяқталған жоқ. Мынау
Абайжанның аудармалары. Әсіресе Пушкиннен, ; Лермонтовтан көптеген
аудармалар аударды. Мынау Абайдың өлеңдері. Соың ішінде «Кім екен
деп келіп ем түйе қуған» деген өлеңі Абайдың 10 жасында жазған
алғашқы тырнақалды туындысы. Бүгін Абайжанның 180-ге жуық өлеңі
бар.
3-бұрыш: (Абайдың ата-тегі
сызбасы)
Мынау Абайжанның ата-тегі.
Қазақ «Жеті атасын білмеген жетесіз» деп тегін айтпаса керек.
Сіздер де таныс болсын деп айтып өтейік.
Ұлжан: Міне, сіздердің де қайтатын
уақыттарыңыз болып қалған екен. Қазақ үйіне келген қонағын құр қол
қайтармаған. Мынау дәмді өздеріңізге арнап дайындадық.
Ауылдарыңызға бізден сәлем айтыңыздар.
1: Ал қыздар қонақтарымызды
көтеріңкі көңіл-күймек шығарып тастайық.
(Ән айтып, қонақтарды шығарып
тастайды. )