Материалдар / «Абай-дана, Абай- дара қазақта»
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

«Абай-дана, Абай- дара қазақта»

Материал туралы қысқаша түсінік
сыныптан тыс іс шара тақырыбы: «Абай-дана, Абай- дара қазақта» Сабақтың мақсаты: Оқушыларға қазақтың ұлы ақыны Абай шығармаларын оқыта отырып, әр ұлттың болмысын, салт-дәстүрін, тілдік ерекшеліктерін жете меңгерту.Олардың ой-өрісін, дүниетанымын кеңейту, мәнерлеп оқу мен мәдениеттерін қалыптастыру, өнерді сүйе білуге, ақынжандылыққа тәрбиелеу.
Авторы:
05 Желтоқсан 2023
283
10 рет жүктелген
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы: «Абай-дана, Абай- дара қазақта»

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға қазақтың ұлы ақыны Абай шығармаларын оқыта отырып, әр ұлттың болмысын, салт-дәстүрін, тілдік ерекшеліктерін жете меңгерту.Олардың ой-өрісін, дүниетанымын кеңейту, мәнерлеп оқу мен мәдениеттерін қалыптастыру, өнерді сүйе білуге, ақынжандылыққа тәрбиелеу.

Көрнекілігі: электронды оқулық, бүктемелер

Сабақтың барысы:







Мұғалімнің кіріспе сөзі:

«Алтын сермеп,

Жүректен тербеп,

Шытырлап бойға жайылған.

Қиуадан шауып,

Қисынын тауып,

Тағыны жетіп қайырған

Толғауы тоқсан қызыл тіл,

Сөйлеймін десең өзің біл!

Өткірдің жүзі,

Кестенің бізі

Өнерін сендей сала алмас.

Білгенге маржан,

Білмеске арзан

Надандар баһра ала алмас!...»,-деп Абай атамыз айтқандай, бүгінгі тілдер мерекесіне орай өткізгелі отырған «Абай-дана, Абай- дара қазақта» атты әдеби кешімізге қош келіпсіздер!

Кешімізді бастамас бұрын өтілу кезеңдерін таныстырып кетсек.

1-кезеңде: Абай өлеңдерін мәнерлеп оқу

2-кезеңде: Абай әндері орындалады

3-кезеңде: Оқушылар Абайға арналған өз шығармаларын оқиды.

Жүргізуші:

Өлең сөздің патшасы, сөз сарасы

Қиыннан қиыстырар ер данасы

Тілге жеңіл, жүрекке жылы тиіп

Теп-тегіс жұмыр келсін айналасы,- деп 1-кезеңде өнер көрсететін оқушыларымызды ортаға шақырамыз.

7-сынып оқушылары:

Асанов Шахжахон

Газханова Шохзада

Абдрасилова Умида

Жүргізуші:

Өлеңге әркімнің-ақ бар таласы,

Сонда да олардың бар таңдамасы.

Іші-алтын, сырты-күміс сөз жақсысын,

Қазақтың келістірер қай баласы?,- дегендей Абай өлеңдерін мәнерлеп оқуда алдына жан салмайтын, жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар оқушыларымызға ендігі сөз кезегін берсек.

7-сынып оқушылары:

1. Аманбаева Розалина

2. Жалилова Гулбану

Жүргізуші:

2-кезеңді бастамас бұрын Абай атамыз туралы кішкене бейнедерекке көңіл аударсақ.

Талап деген бір жүйрік тұлпар сынды,

Бабын таппай мінгенді қылар жынды.

Тауға ұра ма, басыңды тасқа ұра ма?

Ал енді оған кісі қайтіп мінеді? –деп ақындарымыз айтқандай, қаламынан жыр туындаған талапты да, талантты оқушыларымызға ендігі сөз кезегін берсек:

7-сынып оқушылары:

1. Юлдашбаев Шохжахон

2. Хайрулаев Элмурод

3. Зинатдинова Жасмина

А бай әндерінің орындалуын интерактивті тақтада көрсету.







Жүргізуші:

«Өнерлінің өрісі кең»,- деп дана халқымыз бекерге айтпаса керек.

Сая болып жаныңа емен терек,

Жетер енді жатқаның көлеңкелеп

Өгейсінбей өзі боп қалу үшін,

Өнер керек ұрпаққа, өлең керек,-деп отырып, 3-кезеңді бастасақ.

Абай әндерін өз нақышына келтіре орындайтын оқушыларымызды сахна төріне шақырсақ.

«Желсіз түнде жарық ай», «Қараңғы түнде тау қалғып» әндері тыңдалады.








Шығармашылыққа баулу:

7 сынып оқушылары:

1. Ражанова Уғилжан

2. Нуриддинова Форонгиз

3. Полатов Давлат


Жүргізуші:

Таза мінсіз асыл тас,

Су түбінде жатады.

Таза мінсіз асыл сөз,

Ой түбінде жатады.

Су түбінде жатқан тас,

Жел толқыса шығады,

Ой түбінде жатқан сөз,

Жер толқыса шығады -деп өз өнерлерін іркілмей ортаға салған оқушыларымызға алғысымызды білдіреміз.

Қорытындылау:

Жүргізуші: Осымен бүгінгі әдеби кешіміз өз мәресіне жетті, қош, сау болыңыздар

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!