Материалдар / «Абай-дана,Абай-дара»
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

«Абай-дана,Абай-дара»

Материал туралы қысқаша түсінік
- оқушыларға Абайдың өмірі мен шығармаларының қыр - сырын меңгертіп, тереңдей бойлату, теориялық негіздерін игерту - есте сақтау қабілетін, оқу дағдысын қалыптастыра отырып, оқушының ой - өрісін дамыту және жүйелі, шешен сөйлеуге дағдыландыру - туған жерін қадірлеу, халқына қызмет ету, ел тірлігі, ел бірлігі, ұрпақ келешегі, адам жанының рухани тазалығы жайлы ойларын жүйелеу келе адамгершілік пен адамдық қасиетке тәрбиелеу.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
10 Қаңтар 2018
410
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Арал қаласы.№13 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Л.С.Құрмантаева

11-сынып.Сыныптан тыс жұмыс

Сабақтың тақырыбы: Абай-дана,Абай-дара

Сабақтың мақсаты:
- оқушыларға Абайдың өмірі мен шығармаларының қыр - сырын меңгертіп, тереңдей бойлату, теориялық негіздерін игерту
- есте сақтау қабілетін, оқу дағдысын қалыптастыра отырып, оқушының ой - өрісін дамыту және жүйелі, шешен сөйлеуге дағдыландыру
- туған жерін қадірлеу, халқына қызмет ету, ел тірлігі, ел бірлігі, ұрпақ келешегі, адам жанының рухани тазалығы жайлы ойларын жүйелеу келе адамгершілік пен адамдық қасиетке тәрбиелеу.
Сабақтың типі: өткенді қайталау
Сабақтың түрі: аралас сабақ
сабақтың әдісі: Сұрақ - жауап, поэзия минуты, түсіндіру, баяндау, ойқозғау, талдау, суреттеу, қорғау.
Пәнаралық байланыс: Орыс әдебиеті,әдеп
Сабақтың көрнекілігі: Ақынның өлеңдер жинағы,қосымша деректер, суреттері, интерактивті тақта.
Оқыту нәтижесі: Тақырыпты меңгеріп, білім қоржындарын ұлы Абайдың шығармашылығы мен нақыл сөздерімен толықтыру.

Тренинг жүргізу барысы:

І.Ұйымдастыру

Құрметті оқушылар! өскелең ұрпақ игілігіне өрелі өзгерістер енгізу  үшін жиналып отырмыз. Бүгінгі  ынтымақ сабағына қош келдіңіздер!

Абайды тану арқылы біз Қазақстанды әлемге танытамыз, қазақ халқын танытамыз. Абай әрқашан біздің ұлттық ұранымыз болуға тиіс.
(Н. Ә. Назарбаев)

ІІ.Барысы: 

Сұр бұлт түсі суық қаптайды аспан,

Күз болып, дымқыл тұман жерді басқан.

Білмеймін тойғаны ма, тонғаны ма,

Жылқы ойнап, бие қашқан, тай жарысқан.

 

Жасыл шөп бәйшешек жоқ бұрынғыдай,

Жастар күлмес, жүгірмес бала шулай

Қайыршы шал-кемпірдей түсі кетіп,

Жапырағынан айырылған ағаш, қурай.

 -Бұл өлең қай ақынның өлеңі?

-Әрине, Ұлы Абай Құнанбаевтың өлеңі.

Бүгінгі  біздің  сабағымыздың тақырыбы «Абай өмірі мен шығармашылығына арналмақшы.

1.Топқа бөліну:

Абай  Құнанбаевтың «Күз» өлеңін оқығаным тегін емес.Күз жапырақтарын алып,ұқсас жапырақтар жиналып бір топ құрады.

2.Тапсырыс хаттар Осы хаттарға 10 мин ішінде жауап жазулары тиіс. Жауаптарын қорғап, нақты, түсінікті қылып жеткізулері керек. Олай болса,іске сәт!

Тапсырмалар:

1) Өмірбаяны туралы буклет

2) Слайд (А.Қ. өмірі мен шығармашылығы)

3)қызықты өмір шағы (қызықты оқиға )

4) Коллаж(Абай Құнанбаевты зерттеген ғалымдар туралы)

Әр жұп өз тапсырмаларын қорғайды.

3. Сергіту

Абай өлеңдерінен үзінді оқылады,бір-бірден жалғастырулары керек.

Әсемпаз болма әрнеге

Өнерпаз болсаң әрқалан

Сенде бір кірпіш дүниеге

Тетігін тапта бар қалан

 Жасымда ғылым бар деп ескермедім

Пайдасын көре тұра тексермедім

Ержеткен соң түспеді уысыма

Қолымды мезгілінен кеш сермедім

 Өлең-сөздің патшасы, сөз сарасы

Қиыннан қиыстырар ер данасы

Тілге жеңіл, жүрекке жылы тиіп

Теп-тегіс жұмыр келсін айналасы.

 Құлақтан кіріп бойды алар

Жақсы ән мен тәтті күй

Көңілге түрлі ой салар

Әнді сүйсең менше сүй.

4.Берілген суреттер арқылы Абай өлеңдерінен үзінділер оқыту

5.Шашылған сөздерді байланыстыру арқылы Абай өлеңдерін құрастыру.

6.Бір сәт Абай образына ене отырып қарасөз жазу.

І топ тақырыбы: «Күлкішілдік»

ІІ топ тақырыбы: «Зиянды әрекеттерге құмарлық»

5.Кері байланыс.  қорытынды сөздерін өздерінің көңіл күйлері,ауа райы,табиғат құбылыстарымен байланыстыра отырып жеткізу.Мәселен,Мұғалім: Менің қазіргі көңіл күйім:

Ай,жұлдызға жылы хабар беріп,

Жан-жануар қуанар тойға елеріп,

Азалы ақ көрпесін сілке тастап,

Жер күлімдер,өзіне шырай беріп.

Қорытындылау:Назарларыңызға рахмет!


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!