Абай Құнанбаевтың қарасөздеріндегі ойлар

Тақырып бойынша 29 материал табылды

Абай Құнанбаевтың қарасөздеріндегі ойлар

Материал туралы қысқаша түсінік
Абайдың қарасөздеріндегі ойлар публицистикалық мән мен мағына
Материалдың қысқаша нұсқасы

Абай қарасөздеріндегі-публицистикалық ойлар

Абай Құнанбайұлы – қазақ әдебиетінің ұлы тұлғасы, ойшыл ақын әрі қоғам қайраткері. Оның өлеңдерімен қатар қарасөздері де халық үшін баға жетпес рухани қазына болып табылады. Қарасөздер – көркем шығарма ғана емес, публицистикалық ойдың айқын үлгісі. Онда ақын өз заманының әлеуметтік мәселелерін қозғап, халыққа арнаған үндеу түрінде терең ойлар қалдырған. Қарасөздер – қазақ әдебиетіндегі көркем публицистикаға жақын туындылардың бірі. Ақын бұл еңбектерінде өлеңнен бөлек, қарапайым прозалық тілмен халқына ой салады, қоғамдық мәселелерді көтеріп, болашаққа бағдар береді. Қарасөздердің негізгі мақсаты – халықты білімге, еңбекке, адамгершілікке тәрбиелеу. Абай тек философ ретінде ғана емес, сонымен қатар публицист ретінде де көрінеді.

Абайдың 19-қарасөзінде адамның дүниеге келуінің мақсаты, тіршіліктегі мәні туралы терең ойлар қозғалады «Адам ата-анадан туғанда есті болмайды: естіп, көріп, ұстап, татып ескерсе, дүниедегі жақсы, жаманды таниды-дағы, сондайдан білгені, көргені көп болған адам білімді болады.» Мұнда Абай адамның дамуы қоршаған ортаға, тәрбиеге байланысты екенін айтады. Ол адам өмірін бекер өткізбеуге, ақыл мен ғылым арқылы дамуға шақырады. Бұл — бүгінгі күннің өзекті мәселесі. Жастардың тәрбиесі, білімге ұмтылысы, орта әсері — кез келген қоғамның дамуын анықтайды. Бұл ойлар публицистикаға тән мәселелерді қозғауымен құнды.

Сонымен қатар, ол «есті адам» ұғымын енгізіп, қоғамдағы адам типтерін саралайды. Бұл — нағыз публицистке тән әдіс. Ол оқырманын ойландыру үшін мысал келтіріп, салыстырулар арқылы тұжырым жасайды. Мысалы, өмірін бекер өткізетін адамды сынап, одан шығар жолды ұсынады.

Қазіргі заманда ата-ананың үлгісі ғана емес, теледидар, интернет пен әлеуметтік желілер де баланың мінезі мен дүниетанымына қатты ықпал етеді.Мектеп, балабақша, қоғам бірлесіп жұмыс істесе ғана дұрыс азамат өседі — яғни жеке тәрбие мен мемлекеттік саясаттың үйлесімі қажет.Отбасылық тәрбиенің әлсіздігі кейде құқық бұзушылықтар мен қоғамға қарсы мінездердің көбеюіне әкелуі мүмкін;

Хакім Абай 33-қарасөзінде қазақ халқының бойындағы жалқаулық, еріншектік, күншілдік секілді мінездерді ашық сынайды. Бұл — публицистикадағы сын жанрына тән тәсіл. Ол тек сынап қана қоймайды, бұл кемшіліктердің себебін де іздейді. «Қазақтың бір мінезі — үнемі жатып алып, «бай болсақ» дейді, бірақ еңбек етпейді. Тек баюды армандайды. Бұл — құр қиял.» Бұл жерде Абай ел ішінде еңбекке, кәсіпке бейімделу керек екенін алға тартады. Жай ғана сынап қоймай, нақты жол ұсынады — еңбек ету, кәсіби шебер болу, сауда үйрену. Осы арқылы Абай заманындағы қазақ қоғамындағы әлеуметтік-экономикалық өзгерістерді түсінгенін, жаңашылдықты қалағанын көреміз.Оның публицистикалық шеберлігі — нақты өмірлік мысалдар арқылы терең ой айтуы. Ол «қазақ жалқау», «қазақ қанағатсыз» деп жай айта салмайды, әр мінездің түп-тамырына үңіледі.

Қазіргі заманда білім – табыстың, дамудың, алға жылжудың басты шарты. Абайдың ғылымға ұмтыл деген өсиеті бүгінгі жастар үшін де аса өзекті. Университетке түсу, жаңа технологияларды меңгеру, шет тілін үйрену – барлығы осы ойдың жалғасы. Абайдың қарасөзінде ғылымды үйрену үшін жалқаулықтан арылу, үнемі іздену керек делінеді. Қазіргі жастарға да бұл ой өте маңызды, өйткені дамыған заманда қоғамға лайық тұлға болу үшін, іздену мен оқу, даму, көкірегі ашық көзі ояу тұлға болу маңызыды.



Бүгінгі заманда ғылым мен технология қарқынды дамуда. Адамдар жаңа білімді меңгеріп, үлкен жетістіктерге жетіп жатыр. Бірақ сол білім адамгершілікпен, ар-ұятпен үйлеспесе, ол қоғамға да, табиғатқа да зиян тигізеді. Абай қарасөздерінде тек сын айту емес, сонымен қатар жол көрсету де бар. Ол халықты ғылым-білімге шақырып, еңбектің қадірін түсіндіруге тырысты. Абай адам тәрбиесіне, еңбекке, білімге ерекше мән беріп, қазақты қараңғылықтан жетелегісі келді

Қарасөздер — тек өткеннің мұрасы емес, бұл бүгінгі ұрпаққа сабақ.





Олжабай Медина ҚазҰУ-дың студенті 1-курс

Ғылыми жетекші фил.ғ.,к доцент Р.С Жақсылықбаева









Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
02.10.2025
28
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі