Материалдар / Абайдың Ескендір поэмасы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Абайдың Ескендір поэмасы

Материал туралы қысқаша түсінік
Абай Құнанбайұлының Ескендір поэмасынан тертрландырылған көрініске дайындалған сценарий. Оқушылар Абайдың туған күніне орай өткізілген мектепішілік іс-шараға орай дайындалды.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
11 Мамыр 2022
360
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Абай Құнанбайұлы. Ескендір (поэма) бойынша театрландрылған көрініс.

Рөльдер:

1-автор-

2-автор-

Ескендір-

Аристотель-

Күзетші-

Әскерлер-оқушылар

1-автор:

Осы жұрт Ескендірді біле ме екен?

Македония шаһары - оған мекен.

Филипп патша баласы, ер көңілді,

Мақтан сүйгіш, қызғаншақ адам екен.

Филипп өлді, Ескендір патша болды,

Жасы әрең жиырма бірге толды.

Өз жұрты аз көрініп, көршілерге

Көз алартып қарады оңды-солды.


2-автор:

Сұмдықпен әскер жиып қаруланды,

Жақын жерге жау болды, тұра аттанды.

Көп елді күтінбеген қырды, жойды,

Ханды өлтіріп, қаласын тартып алды.

Ескендір елде алмаған хан қоймады,

Алған сайын көңілі бір тоймады.

Араны барған сайын қатты ашылып,

Жердің жүзін алуға ой ойлады.


3-автор:

Атағы талай жерге оның жетті,

Жердің жүзін алуға талап етті.

Есепсіз әскер ертіп, жарақтанып,

Есіткен елдеріне жүріп кетті.

Алдынан шыға алмады ешкім мұның,

Бәрін де алды, қорқытты жолдағының.

Жан шықпады алдынан, тоқтауы жоқ,

Жер жүзін жеке билеп алмақшының.


1-автор:

Жүре-жүре бір елсіз шөлге түсті,

Алып жүрген суының бәрін ішті.

Адам, хайуан бәрі де бірдей шөлдеп,

Басына құдай салды қиын істі.

Сандалды сар далада су таба алмай,

Шөлдеген жұрт қайтеді бос қамалмай?

Қызметкердің бәрін де өлтірмекші

Болыпты, шөлдегенге шыдай алмай.


2-автор:

Мысалы, астындыға ат о дағы ұшты,

Ескендір де атының жалын құшты.

Жалтырап сәуле берген бір нәрсеге

Патшаның ат үстінде көзі түсті.

Барса, бір сылдыр қаққан мөлдір бұлақ,

Таспадай бейне арықтан шыққан құлап.

Түсе сала Ескендір басты қойды,

Ішсе, суы өзгеше, тәтті тым-ақ.

(Алдымен Ескендір суды өзі ішеді. )


Ескендір:

- «Бұл неткен су?

Бәрің де ішіп, бұл суға бетіңді жу!

Бір бай елден осы су шыққан шығар,

Өрлеп барып, үстіне тігелік ту.

Бұл салқын, тәтті суға қаныңыздар,

Шақ келер маған жан жоқ наныңыздар.

Менен қалмай, бұл суды шапшаң өрлеп,

Талқан қылып шаһарын алыңыздар!».


Уәзірлер хормен: Ләпбай, тақсыр –дейді.


3-автор:

Сол әскер суды өрлеп талай жүрді,

Судың басы бір құзар шатқа кірді.

Шаттың аузын бекіткен алтын қорған,

Қақпасы бекітулі, көзі көрді.


Ескендір: -Қақпан ашыңдар! деп әскерлеріне бұйрық береді.


(Қақпа ашылмай қояды, Ескендір өзі барып қақпаны қағады. Сол кезде қақпаның ар жағынан күзетші келеді. )


Күзетші:

- Қақпаны саған ашар рұқсат жоқ,

Бұл - құдайға бастайтын қақпа

Ескендір:

- Білмесең, мен Ескендір патша деген,

Жер жүзінің соғыста бәрін жеңген.

Қақпаңды аш, хабарыңды айт, білдір маған,

Қорлығым өзім тауып, көз көрмеген.

Күзетші:

- Мықтымын деп мақтанба, ақыл білсең,

Мықты болсаң, өзіңнің нәпсіңді жең!

Іші тар, көре алмастың біреуі - сен,

Ондай кісі бұл жерге келмейді тең.

Ескендір:

- Талпынған талаппенен мен де бір ер,

Көп жүрдім, кездей келді көрмеген жер.

Ең болмаса, халқыма көрсетейін,

Сый қылып, белгі болар бір нәрсе бер.

(Осы кезде қақпадан түюлі ақ орамалды лақтырады)

Күзетші:

Сыйым - осы, падиша, мынаны ал!

Ішінде бір нәрсе бар ақыл берер,

Апар дағы ойланып, көзіңді сал!

(Ескендір орамалды қуанып қолына алды, әскерлеріне көрсетеді, ашады, ішінен бас сүйек шығады. Қатты ашуланады. )


Ескендір: - Ең болмаса білмеді сый бермекті.

- Осы менің теңім бе?


1-автор:

Жолдасы Аристотель ақылы мол,

Лақтырған сүйекті алады сол.


Аристотель:

«Қасиет бар бұл сүйекте,

Көзіңе көрсетейін, хабардар бол».

- Таразыны әпкел де, сүйекті сал,

Бір жағына алтын сап, өлшеп қара!


2-автор:

Бұл сөзге Ескендір де қарай қалды,

Таразыны құрдыртып, ортаға алды.

Қанша алтынды күміс пен салса дағы,

Бір кішкентай сүйекті аудармады.


Ескендір:

- Мына сүйек қазынаның бәрін жеңді.

Бұл сүйекті басарлық, нәрсе бар ма?

Ақылыңмен ойланып тапшы! –


(Сол кезде Аристотель жерден бір уыс топырақты алып, сүйекке шашады.

Ана басы сылқ етіп жерге түсіп, сүйек басы жоғары шығып қалды.)


Ескендір:

- Таң қаларлық іс болды мұның өзі,

Мәнісін айтып берші,

Аристотель:

- Бұл - адам көз сүйегі

Тоя ма адам көзі мың мен санға?

Жеміт көз жер жүзіне тоймаса да,

Өлсе тояр, көзіне құм құйғанда.

Кәпір көздің дүниеде араны үлкен,

Алған сайын дүниеге тоя ма екен?

Қанша тірі жүрсе де, өлген күні

Өзге көзбен бірдей-ақ болады екен.

Ашуланба, ей, патшам, айтайын дат:

Алтын қақпа бермеді сізге рұқсат.

Сый сұрадың, бергені - бір қу сүйек,

Мұны көріп,алыңыз сіз де ғибрат!

(Патша басын ұстап, өкінеді)


1-автор:

Ойлап-ойлап патшаның мойны түсті,

Құдайым көрсетті деп бұл бір істі.

Бекерлік екен менің бұл ісім деп,

Қолын алып жұртына қайта көшті.


Аз-ақ сөз айттым, бітті бұл әңгіме,

Мұны бір өзге сөздің бірі деме.

Қарның тойса, қайғырма мақтан үшін,

Тоймас кезің толар деп қайғы жеме.


2-автор:

Қу өмір жолдас болмас, әлі-ақ өтер,

Өз күлкіңе өзің қарық болма бекер!

Ұятың мен арыңды малға сатып,

Ұятсызда иман жоқ, түпке жетер.


Мақтанасың біреуге мақтасын деп,

Шаужайымнан еш адам қақпасын деп,

Сен кеткен соң артыңнан күліп қалар,

Антұрғаннан құдайым сақтасын деп.


3-автор:

Ақылсыз өзін мақтап былжырайды,

Бойыңа өлшеп сөйлесең,нең құрайды?

Жақсы болсаң, жарықты кім көрмейді,

Өз бағаңды өзіңнен кім сұрайды?!


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!