Абайдың табиғат лирикасы 10 сынып қазақ әдебиеті

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Абайдың табиғат лирикасы 10 сынып қазақ әдебиеті

Материал туралы қысқаша түсінік
Сабақтың мақсаты: Білімділік: оқушыларға Абай өлеңдерінің ерекшеліктерін түсіндіру, табиғат лиркасы жайлы білімін кеңейту. Дамытушылық: Тілін дамыту, өлеңді мәнерлеп оқуға баули отырып, жүйелі баяндай білуге үйрету Тәрбиелік: Табиғатты сүюге оны қорғау білуге тәрбиелеу. Сабақтың түрі: жаңа сабақ Пәнаралық байланыс: тарих, ән-күй Көрнекіліктер: ақынның портреті, жыл мезгілдеріне байланысты суреттер, сұрақтар жасырылған киіз үйдің суреті Қолданатын әдіс-тәсілдер: түсіндіру, сұрақ-жауап, талдау, ой қозғау
Материалдың қысқаша нұсқасы

Пәні: абайтану сыныбы: 10-11

Сабақтың тақырыбы: Абайдың табиғат лирикасы

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: оқушыларға Абай өлеңдерінің ерекшеліктерін түсіндіру, табиғат лиркасы жайлы білімін кеңейту.

Дамытушылық: Тілін  дамыту, өлеңді  мәнерлеп  оқуға  баули  отырып, жүйелі баяндай  білуге  үйрету

Тәрбиелік: Табиғатты  сүюге  оны  қорғау  білуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Пәнаралық байланыс: тарих, ән-күй

Көрнекіліктер: ақынның портреті, жыл мезгілдеріне байланысты суреттер, сұрақтар жасырылған киіз үйдің суреті

Қолданатын әдіс-тәсілдер: түсіндіру, сұрақ-жауап, талдау, ой қозғау

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастырушылық кезең. (3 мин)

Оқушыларды түгендеу

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау. Абай Құнанбаевтың өмірі мен шығармашылығы, «Әуелде бір суық мұз-ақыл зерек» өлеңін жаттау және талдауға берілген. Өмірі мен шығармашылығын оқушылардан мазмұнын сұрау. Өлеңді жатқа сұрау. Талдауларын дәптер бойынша тексеру. Сабаққа белсене қатыстырудың бір тәсілі ретінде киіз үйге сұраққа жауап беру арқылы оюлар жабыстыру керек.

1.Абайдың азан шақырып қойған аты кім?

2.Абай оқыған білім ордалары, жалпы Абай алған білім.

3.Абайдың өскен ортасы, туған-туыстары туралы не білесің?

4. Ақынның шығармалары негізінен үш саладан тұрады. Олар қандай?

5.Абайдың жастарды тәрбиелеуге байланысты ойлары қай өлеңдерінен көрінеді?

6. «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін» өлеңінің мәні неде? Идеясына тоқтал.

7. Абай өлеңдерінен қандай үлгі-өнеге алдың? Саған қалай әсер етті? (15 мин)

ІІІ. Жаңа сабақ. Абайдың табиғат лиркасы (15 мин)

Оқушылардың білімін жаңғырту мақсатында «лирика дегеніміз не? Лирканың қандай түрлерін білесіңдер?» деген сұрақтар қойылады. Абайдың өлеңдері көбінесе қандай тақырыптарда жазылған? Еңбек, білім, адамгершілік, жастарды тәрбиелеу, махаббат, табиғат.


Абайдың табиғат лирикасы





Абайдың қандай табиғат лирикасына қатысты қандай өлеңдері бар екенін оқушылардың есіне түсіріп аламын да, 4 топқа 4 өлеңді тақырыбы мен идеясы жағынан және өлең құрылысына талдауға ұсынамын. «Жаз», «Жазғытұры», «Күз», «Қыс».

Тақырыбы:__________________

Идеясы:_____________________

Өлең құрылысы:

Тармақ:________

Бунақ:_________

Буын саны:_____

Шумақ:________

Ұйқас:_____________________

Көріктеуіш құралдар:

Сергіту сәті ретінде «Желсіз түнде жарық ай» әнін тыңдатқызу.

Түсініксіз сөздермен жұмыс жасау. Берілген 4 өлеңдегі түсініксіз сөздермен жұмыс жасап, оны дәптерге жазу.

Ұшпа Домбығу

Шашыранды бұлт үсік шалу

Малма тері илейтін ашытқы, иге салатын теріні асты-үстіне шығарып, араластыруды малма сапсу деген.

Шуда түйенің шудасынан иірілген жіпті айтады. Оны әжелер ұршықпен иірген

Шом, шомшы Түйенің беліне жүк батпас үшін салынатын жұмсақ нәрсе, шомшы-түйемен жүк тасушы адам.

Күзеу малшылардың күзде отыратын қонысы.жайылымы. Қысқы қоныс-қыстау, жазгықоныс жайлау делінген.

Киіз үйлер керегесінің санына байланысты 5, 6, 7, 12 қанат болып келеді.

Шидем Қойдың жабағысынан тігіп, сыртын маталап қаптаған киім, оны күпі деп те атаған.

Ене Келіндер күйеуінің шешесін ене деп атаған

Құда Қыз алысып,қыз беріскен адамдар құдалар деп аталады. "Құда мың жылдық, күйеу – жүз жылдық" , "Құдаңды құдайыңдай сыйла"

Сабақты қорытындылау: (5 мин)

Бекіту: Абайдың табиғат лирикасына жазылған өлеңдерінің астарында не жатыр? Табиғат құбылыстарына жан бітіре суреттеудегі мақсаты не? Сендерге қандай әсер қалдырды?

Үйге тапсырма: Топ бойынша талдаған өлеңдерін жақсылап мәнеріне келтіріп жаттау. Сол жаттаған өлең бойынша сурет салу.

Бағалау







Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
22.11.2018
1073
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі