Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
«Әбіш Кекілбаев шығармаларындағы ұлттық құндылықтар негізі-салт-дәстүрлердің сипатталуы»
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Қазақстан Республикасының ғылым және білім министрлігі
Ақтөбе облысы Ойыл ауданы
Жұмыс тақырыбы:
«Әбіш Кекілбаев шығармаларындағы ұлттық құндылықтар негізі-салт-дәстүрлердің сипатталуы»
Бағыты: қазақ тілі мен әдебиеті
Орындаушы: Жолдығалиев Махамбет
9-сынып оқушысы
Жұмыстың жетекшісі: Жумагалиева А.
Амангелді орта мектебінің
қазақ тілі мен әдебиеті пәенінің м ұғалімі
Жұмыстың орындалған уақыты: 2021 жыл
Мазмұны
ЖОСПАР
І. КІРІСПЕ
ІІ. НЕГІЗГІБӨЛІМ
2.1. Ә.Кекілбаевтың
шығармашылық өмірбаяны мен саяси қызметі
2.2. Ә.Кекілбаев шығармаларында
суреттелген ұлттық
құндылықтардың
мәйегі-салт-дәстүрлер
2.3. Өресі биік ұлы ойлар
ІІІ. ҚОРЫТЫНДЫ
ІV. ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ
Аннотация
Ғылыми жұмысты жазу барысында оқушы қазақ халқының жазушысы Әбіш Кекілбайұлының шығармаларына талдау жасап,»шығармаларында ұлттық құндылықтың негізі саналатын әдет-ғұрыптарды сипаттаған. Жазу барысында Әбіш Кекілбайұлының өмір дерегі, шығармалары мен тарихынан мәлімет бере отырып, ұлттық рухты жаныған, ұлттық сананы қалыптастыруға бағытталған даналық сөздеріне тоқталған.
Аннотация
В ходе иследований научной работы, является произведения казахского писателя- Абиша Кекилбаева. В процессе работы чуствуется дух казахского народа, традиция и быт а так же исторические личности, которые являются основой повседневной жизни. Используется записи, факты и труды с историей жизни писателя. Из произведении и истории мы узнаем о чуствах национального духа, национального самосознание и его мудрые слова направлены на формирование личности казахского народа.
Abstract
During the writing of scientific work the pupil analyzed works of Abish Kekilbauly, a writer of the Kazakh people describing the traditions that are the basic of national values in his work. During the writing , he focused on the wise words of Abish Kekilbauly aimed at forming at forming a national spirit and national consciousness, giving information about his life, works and history/
Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы
Амангелді орта мектебінің
9-сынып оқушысы Жолдығалиев Махамбеттің
«Әбіш Кекілбаев шығармаларындағы ұлттық құндылықтар
негізі – салт-дәстүрдің сипатталуы»
РЕЦЕНЗИЯ
Әбіш Кекілбаев – адам жанының шындығын танудың алуан түрлі тәсілін шеберлікпен игерген жазушы. Ә. Кекілбаев кейіпкерлері қарапайым адамдар болғанымен, олардың өзіне тән өмірі, тағдыры, мінез-құлқы бар. Жазушы олардың жан дүниесінің тереңіне барады. Кейіпкерінің жеке басындағы түрлі сезім иірімін сипаттай отырып, олардың іс-әрекетіне баға береді. Жазушы кейіпкерінің ішкі толғанысын, жан күйзелісін, жүрек тебіренісін қара сөз құдіреті арқылы толғап жеткізеді.
Ал, Ә.Кекілбаев шығармаларындағы ұлттық құндылықтарды насихаттайтын салт-дәстүрлер бала тәрбиесіне, ұрпақ өнегесіне тигізер әсері мол.
Сол себепті, жоба авторы жұмыстың өзектілігін басшылыққа ала отырып, үлкен қазіргі қоғамдағы түйткіл мәселелерді жан-жақты қарастыра білген. Ғылыми жұмыс құрылымы бойынша кіріспеден, негізгі бөлімнен, қорытындымен қамтылған. Ғылыми жұмыстағы жазу стилі бірізділікті сақтаған.
Салт-дәстүрлердің қазіргі уақытта көп қолданылмай, еуропалық дәстүрлердің қоғамға тигізер әсерін де оқушы толық ұсына білген.
Бұл ғылыми жұмыстың ғылыми жаңалығы мен ғылыми ұстанымын арттыра түседі.
Сондықтан да, 9-сынып оқушысы Жолдығалиев Махамбеттің «Әбіш Кекілбаев шығармаларындағы ұлттық құндылықтар негізі – салт-дәстүрдің сипатталуы» тақырыбындағы ғылыми жұмысын ғылыми конкурстарға ашық қорғауға ұсынылады.
КІРІСПЕ
Намыс пен Нартәуекелді жалау
етіп, жап-жас шағының өзінде-ақ адамзаттық ақыл-ой алыптарының
арғы-бергі білім қорын түбіне жете түгел игеруі, оның үстіне, Құдай
берген дарын-қабілеті арқасында ұстазы Әуезовтің ілтипат-ықыласын
аударған Кекілбаев – суреткердің әп дегеннен-ақ өз шығармаларына ел
тағдырын, жер тағдырын, халық бейнесін алтын арқау, асыл өзек-желі
еткеніне, тіпті де, таңдануға болмас. Өз түйсінуімше, осы тұрғыда
ол ұлттық әдебиеттегі сирек құбылыс қана емес, әлемдік деңгейдегі
Толстой, Шекспир сынды титандармен үндес те рухтас деп
ойлаймын.
Марал Ысқақбаев
Әр мемлекет рухы таза , санасы биік білімді де, білікті ұрпағынан қуат алады. Ол өзінің әрбір жаңа буын жас ұрпағы жетілген сайын дамудың жаңа биіктеріне көтеріледі. Ал бүгінгі қоғам алдында тұрған ең жауапты міндет – еңселі еліміздің кірпіші боп қаланатын әрбір қоғам мүшелерін, яғни жас ұрпақты адамгершілік қасиетке тәрбиелеу, тиянақты білім беру. Адам бойында адамгершілік құндылықтар болмаса, олардың орнын ешқандай терең білім толтыра алмайтынын өмірдің өзі дәлелдеуде. Тұңғыш Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев: «Болашақ ұрпағымызды тәрбиелегенде, оларға жастайынан имандылық пен ұлттық қасиеттерді сіңіре білсек, сонда ғана біз ұлттық рухы дамыған, Отанының гүлденуіне өз үлесін қоса алатын азамат өсіре аламыз»,- деген болатын. Ол үшін ең әуелі ұрпағымызды бала кезінен ұлттық тәлім-тәрбиеге баулып, халқының салт-дәстүрін жақсы білетін саналы азамат тәрбиесіне көңіл бөлуіміз керек.Сондықтан қатардағы пендені нағыз толыққанды тұлғаға айналдыру үшін ұлттық құндылықтар арқылы тәрбие берудің маңызы зор.
Құндылық дегеніміз не?Құндылық
– тәрбие мен оқытудағы адамгершілікке бағытталған мұраттар. Оларға:
меймандостық, кісілік, сыйластық, имандылық, кішіпейілділік,
салауаттылық, қайырымдылық, ізгілік, еркіндік, өнерпаздық,
шешендік, ақынжандылық, сыпайылық, мәдениеттілік, шығармашылдық,
рухани байлық, махаббат сынды қасиеттер
жатады.
Көшбасшымыздың «Болашаққа бағдар: рухани
жаңғыру» атты халықтан қызу қолдау тапқан тұғырнамасын ширек
ғасырды артқа тастаған Тәуелсіз Қазақстанның жаһандану дәуіріндегі
рухани кеңістігіміздің жаңа бастауы деп бағалауымыз керек деп
санаймын.Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бұл мақаласы ел
дамуының жарқын үлгісі мен нақты қадамдарын көрсететін келелі ой,
салиқалы пікір, батыл шешімдерге құрылған маңызды құжат. Бұл
мақалада сананы жаңғырту, ұлттық болмыстан, ұлттық кодтан айырылып
қалмай, оны әлемдік құндылықтармен үйлестіріп, Қазақстанның
игілігіне жарату жолындағы мақсат-мүдделер туралы өзекті мәселе
көтеріліп отыр. Онда ел Президенті Қазақстан үшін қайта түлеудің
айрықша маңызды екі үдерісі – саяси реформа мен экономикалық
жаңғыруды қолға ала отырып, Біртұтас Ұлт болу үшін болашаққа қалай
қадам басатынын және бұқаралық сананы қалай өзгертетіні жөнінде
алысты болжайтын көзқарастарымен бөліседі.Мемлекет басшысы аталмыш
жаңғырудың негізгі қызметі мен ерекшеліктеріне ой жүгіртіп, бұл
жаңғырудың маңыздылығына тоқталады: Жаңғыру атаулы бұрынғыдай
тарихи тәжірибе мен ұлттық дәстүрлерге шекеден қарамауға тиіс.
Керісінше, замана сынынан сүрінбей өткен озық дәстүрлерді табысты
жаңғырудың маңызды алғышарттарына айналдыра білу қажет. Егер
жаңғыру елдің ұлттық-рухани тамырынан нәр ала алмаса, ол адасуға
бастайды. Сонымен бірге, рухани жаңғыру ұлттық сананың түрлі
полюстерін қиыннан қиыстырып, жарастыра алатын құдіретімен маңызды.
Саяси, экономикалық реформаларда егеменді еліміз бірқатар жақсы
нәтижелерге қол жеткізгені баршаға мәлім. Ол адами құндылықтар,
рухани қазына, жастарды тәрбиелеу, олардың бойына патриоттық рухты
сіңіре білу жұмысында рухани салаға басымдық берудің қажеттілігін
алға қойып отыр. Бұл дегеніміз – ұлтымыздың барлық ұлттық
салт-дәстүрлерін, мемлекеттік тіліміз бен әдебиетімізді,
мәдениетімізді, ұлттық рухымызды жаңғырту деген асыл ұғымға келіп
саяды.
Қазіргі кезде санасы бар жанды алаңдататын мәселе «Жаһандану заманында біз елдігімізді,мәдениетімізді,тілімізді сақтай аламыз ба?» деген сауал мазалайтыны анық.
Бұл кезеңде америкалық және батыстық мәдениеттің «мысы» басым болып тұрғаны уақыттың ащы шындығы.Осы орайда «Батыстан нені алып, нені алмауымыз керек? деген заңды сұрақ та туындайды. Мәдениеттің өзі екі жолмен пайда болады.Біріншісі-дүниетанымнан келіп шығатын; екіншісі-ғылыми-техникалық дамудан келіп шығатын мәдениет.Біз батыстан ғылым мен техниканың дамуынан келіп шыққан мәдениетті алуымызға болады деп есептеймін.ХХІ ғасырда қазақ жастары озық технологияның барлық қыр-сырын білуі тиіс.Ал батыстың дүниетанымынан келіп шыққан мәдениетті қабылдамауға тиіспіз деп санаймын.
«Толық өркениетті ел болу үшін,алдымен,өз мәдениетімізді,өз тарихымызды бойымызға сіңіріп,содан кейін өзге дүниені игеруге ұмтылғанымыз жөн»,-деген тұңғыш Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың сөзі бүгінгі адамзатпен бірге келе жатқан үрдіс-жаһандануға бет бұрған тұста басты бағдар болуы керек.
Алаш көсемі Ә.Бөкейхановтың «Еуропа мәдениеттімін деп мақтанғанымен,мәдениеті өнерінде ғана,ал мінезі хайуандық сапарынан қайтқан жоқ» деген аталы сөзі де сана да сайрап тұруы тиіс.
Жалпы адамзаттық құдылықтардан бастау алған ұлттық құндылықтарымызды өз бойына сіңіріп өскен әр қазақтың баласы батыстың дүниетанымын оңайлықпен сіңіре алмайтыныны анық. Ұлттық болмыс пен ұлттық рухты өз шығармаларын арқау еткен Ә.Кекілбаев шығармаларының ұрпақ тәрбиесінде,ұлттық сананы жаңғыртудағы еңбегі ерекше. Адам жанының шындығын танудың алуан түрлі тәсілін шеберлікпен игерген жазушы, қоғам және мемлекет қайраткері Әбіш Кекілбайдың шығармалары ұлттық дүниетанымның қалыптасуына зор әсер етеді.Осы ғылыми жобамда батыстың дүниетанымынан жоғары тұратын ұлттық құндылықтарды шығармаларында жай сылдыр сөзбен емес, қарапайым кейіпкерлері, олардың өзіне тән өмірі, тағдыры, мінез-құлқы арқылы әдемі өре білген заңғар жазушының еңбектеріне талдау жасауды жөн көрдім.
Ғылыми жобамның мақсаты:
"Қазақстанның Еңбек Ері" атағына ие болған тұңғыш қаламгердің әдебиет әлеміне келгеннен бастап ұлттық сананы сақтау үшін мол үлес қосқанын, ана тілімізді, салт-дәстүрімізді және төл мәдениетімізді дәріптеп, халқына адал қызмет еткеніне талдау жасау арқылы замандастарымды туған халқын сүюге ұлттық құндылықтарды дәріптеуге шақыру.»
Зерттеу
міндеттері:
- Әбіш Кекілбайұлының шығармаларына талдау жасау
- Ә.Кекілбаев шығармаларында көрініс тапқан ұлттық құндылықтардың
бірі-салт-дәстүрлерді сипаттау арқылы достарым мен замандастарымды
түп тамырын, ұлттық салт-дәстүрден ажырамауға
тәрбиелеу.
Тұңғыш Президент Н.Ә.Назарбаевтың 2014 жылғы 17 қаңтардағы «Қазақстан жолы - 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына Жолдауында: «Мəңгілік Ел» – бұл барлық қазақстандықтарды біріктіретін жалпыұлттық құндылықтар жəне еліміздің болашағының іргетасын құрайды» деп атап көрсетілген. «Мəңгілік Ел» жалпыұлттық идеясының маңыздылығы, «Бір мақсат, бір мүдде, бір келешек» біртұтастығы. «Мəңгілік Ел» идеясының маңызды құрамдас бөліктері болып табылатын азаматтық жəне жалпыұлттық идея қазақстандықтардың бойында патриоттық сезімі, ұлттық сана- сезімі, ұлттық рухы, азаматтылығы мен əлеуметтік белсенділігі жоғары деңгейлі зияткер əрі бəсекеге қабілетті тұлғаға тəн қасиет-сапаларды жетілдіруге бағытталған.Болашаққа сенім ұялатқан атаулы Жолдаудың негізі-ұлттық құндылықтарымызды әлемдік деңгейге шығаруға қабілетті тұлға тәрбиелеуге бағытталған.
Зер сала үңіліп, ой сала оқыған жанға Ә.Кекілбаев шығармалары ұлттық құндылықтар қоймасындай деп сеніммен айтуға болады.
Ұлттық құндылықтарға баулу-қазір елімізде орын алып отырған мәселелерді:ана тілін,ата тарихын,ұлттық салт-дәстүрін білмейтін жастарды ,қарттар үйіндегі аталар мен әжелерді т.б. бірте-бірте жоюдың және олардың алдын алып болдырмаудың негізгі жолы.Ұлттық тәрбие алған дені сау,білімді,ақылды,ұлжанды,еңбекқор,сыпайы,кішіпейіл болып өседі.Сондықтан да ұлттық тәрбие-ел болашағы.
"Әбіш Кекілбаев – заманымыздың бір заңғар тұлғасы. Кекілбаев туралы сөз айту кімге болса да, оңайға түсе қоймас", - деп Қуаныш Сұлтанов "Кекілбаев кеңістігі" атты мақаласында айтып өткендей, Әбіш жайында сөз қозғау, оның шығармашылығын зерттеу, оған үңілу көп еңбек пен ізденісті талап ететін дүние екенін сезінгендей болдым.
Ғылымижобаныжазубарысын екі
кезеңге бөлдім. Бірінші кезеңде аудандық, мектеп кітапханаларына
барып, ӘбішКекілбайұлының өмірі, шығармашылығы туралы мәліметтерді
жинақтауарқылы зерттеудің алғышарттары, негізгімақсаты мен
міндеттері анықталды. Екінші кезеңде жинақталған дереккөздерді,
материалдарды, естеліктерді негізге алаотырып ғылыми тұжырымдама
жасалды.
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2.1. Ә.Кекілбаевтың шығармашылық
өмірбаяны мен
саяси
қызметі
Әбіш Кекілбайұлы 1939 жылы 6 желтоқсан күні Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы (бұрынғы Гурьев
облысы), Оңды ауылының Мырзайыр деген жерінде туған. Арғы атасы
Жаңайұлы Қожаназар қазақтар көшін Маңғыстауға бастап келген топтан.
Белгілі білікті, беделді, дәулетті адам. Ата шаңырағын ұстап қалған
ұрпағы Жаманқұл немересі Кекілбайды үйлендірген соң, 1924 жылы Оңдыда қайтыс
болған.
1928-1931 жылдары асыра сілтеу, тәркілеу кезінде Кекілбай мекенінен көшіп Түркменстанның Красноводск портында жүкші, Бекдаш химия кәсіпорнында біраз жыл жұмысшы болып істеп, елге 1937 жылы Баку мен Махачкала арқылы оралған соң Оңдыдағы колхозда колхозшы, Таушық кенішінде шахтер болды. 1942 жылы соғысқа алынып, майданда 3 рет жараланып, Сталинград маңында қайтыс болады. Алайда Кекілбайдың дүниеден өткенін үй ішіне бірнеше жылдан соң ғана хабарлайды. Кекілбай соғысқа аттанған жылы анасының ішінде қыз бала қалады. Оның есімін Тілектес деп қояды.
Әбіш Кекілбайұлының анасы Айсәуле Жұмабайқызы дәулетті, ел ішінде аты шыққан бидің отбасында дүниеге келіп, тәрбиеленген. 1936 жылы әуелі Оңдыда колхозшы, Таушықта 1942-45 жылдар аралығында стахановшы шахтер, 1945-62 жылдары «Екпінді» колхозында жұмыс істеді.
Әбіш Кекілбайұлы 1957 жылы Таушықтағы мектептің 1 сыныбына барып, 1948-1954 жылдары Оңды орталау, ал 1956-57 жылдары Үштағандағы орта мектепте оқиды.
Әдебиетке құмарлығы мектеп қабырғасында басталады. Бұл туралы анасы Айсәуле Жұмабайқызы былай дейді: «Кітапты, бұрынғының кітаптарын көп оқитын. Бала болып алысып-жұлысу дегенді, бұрқырап беталды жүру, темекі тарту дегенді білмейтін. Балалардан гөрі үлкен кісілерге үйір еді. Олар да бетінен қақпайтын. Оныншы класты бітіргесін ауылдан да, ауданнан да қызмет ұсынды. Мен оған «былай бол» деп бір ауыз сөз, ақыл айтқан емеспін. Қызметке тұрып, ауылда қалайын деп жатқан жерінде жалғыз немере ағасы «Жас та болсаң, бассың оқы. Қызмет қайда қашады? Алматыға бар» деді. Алматыға да жалғыз кетті. Дәм айдап келген ғой, оқуын бітірген соң, осында қалды.,
1957 жылы 5 мамыр «Лениншіл Жастың» белсенді ауылдық тілшісі ретінде Қазақстан Комсомолы Орталық Комитетінің мақтау қағазымен марапатталады.
1957 жылы Қазақ Мемлекеттік Университетінің филология факультетіне түседі. Университетте әдебиет бірлестігін басқарып, жас талаптар шоғырын жарыққа шығарады. Соңғы курста оқып жүріп, «Қазақ әдебиеті» газетінде қызмет атқарады.
1962 - 1965 жылдар аралығында «Лениншіл Жас» газетінде бөлім меңгерушісі болып істеді.
1965-1968 жылдары ҚазКСР Мәдениет министрлігінде,1968-1970 жылдары Кеңес армиясының қатарында,1970-1975 жылдары «Қазақфильм» студиясында бас редактор,
1975-1984 жылдары Қазақстан КП ОК мәдениет бөлімінде нұсқаушы, сектор меңгерушісі,1984-1986 жылдары ҚазКСР Мәдениет министрінің орынбасары,1986-1988 жылдары Қазақстан жазушылар одағы басқармасының 2-ші хатшысы,1989-1990 жылдары ҚазКСР тарихи және мәдени ескерткіштерді қорғау қоғамы Орталық кеңесінің төралқа төрағасы,1990 жылы Қазақстан КП ОК бөлім меңгерушісі.
1991 жылы Қазақстан Республикасы Жоғары Кеңесінің Мәдениет, тіл және ұлтаралық қатынастарды дамыту жөніндегі комитеттің төрағасы,1992-1993 жылдары «Егемен Қазақстан» газетінің бас редакторы,
1993-1995 жылдары Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісі,
1994-1995 жылдары Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің төрағасы,1996-2002 жылдары Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы болып істеді.2002 жылдан бастап Қазақстан Республикасының Парламенті Сенатының депутаты болды. Әбіш Кекілбайұлы Қазақстан Жоғарғы Кеңесіне екі рет, Мәжілісіне бір рет баламалы негізде депутат болып сайланады.Ұстазы ұлы Мұхтар Әуезов сенім артып, үміт күткен саңлақ жазушының өнегелі өмір жолы кейінгі ұрпаққа өнеге болмақ.
1974 жылы «Дәуірмен бетпе-бет» сын мақалалар жинағы, «Бір уыс топырақ», 1979 жылы «Тырау тырау тырналар», Маңғыстау түбегінің өткені, бүгіні, болашағы туралы «Ұйқыдағы арудың оянуы» тарихи танымдық баян, 1982жылы «Шыңырау» повестер жинағы, 1992-93 жылдары Таңдамалы екі томдық, 1995 жылы «Заманмен сұхбат» 1998 жылы «Азаттықтың ақ таңы», публицистикалық мақалалары, толғамдары, 1999 жылы 12 томдық шығармалар жинағы жарыққа шықты.
Әбіш Кекілбайұлының «Үркер» (1981), «Елең-алаң» (1984) романдары қазақ әдебиетінің үлкен табысы ретінде бағаланып, Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығын алды.2001 жылы шыққан «Талайғы Тараз», 2002 жылы шыққан «Шандоз» тарихи тақырыпты ғылыми дәйекпен, дерекпен түсінікті ұғымды етіп жеткізудің жаңа бағыт-бағдарын белгілеп берді. 2009 жылы «Сыр десте» деп аталатын автордың көп жылдық ой-толғаулары, эссе, естелік, сөйлеген сөздерінің 5 томдық жинағы жарыққа шықты.
Әбіш Кекілбайұлының көптеген шығармалары ТМД халықтары мен шетел тілдеріне аударылған. Ол ҚазССР Мемлекеттік сыйлығының 1986, Қазақстан Республикасы Президентінің бейбітшілік және рухани келісім сыйлығының 1995, «Отан» орденімен 1999, Түркі елдері қауымдастығының шешімімен «Түркі дүниесіне сіңірген еңбегі үшін сыйлығын» алады. 2003 жылы «Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев» орденімен марапатталды.
Аударма саласында да аянбай
еңбек етті. Ә.Кекілбаев Г.Мопассанның «Пьер мен Жан», «Өмір»
романдарын, Ш.Айтматовтың «Ерте қайтқан тырналар» повесін қазақ
тіліне аударды.
Л.Толстойдың «Соғыс және бейбітшілік» роман-эпопеясын, И.Буниннің
бірқатар шығармаларын тәржімалауға қатысты. В.Шекспирдің «Король
Лир» «Ромео мен Джульетта» М.Кәрімнің «Ай тұтылған түн» басқа да
шығармалар Ә.Кекілбаевтың аудармасы арқылы республика театрларының
репертуарына енді.
1990 жылғы сайланған Жоғарғы Кеңес депутаттарының үлесіне еліміздің
егемендігі туралы тұңғыш Декларация, бір жылдан кейін мемлекеттік
Тәуелсіздік туралы, тілдер туралы заңдар, тәуелсіз елдің тұңғыш
Конституциясын қабылдау бақыты тиді. Міне, осы тағдырлы шешімдерді
талқылау, қабылдау барысының ең кереғар пікірталас додасының дәл
ортасында Әбіш Кекілбаевтың нанымды деректері мен ұтымды, өтімді
сөздері депутаттарды тек ымыраға келтіріп, бір ауыздан дауыс беруге
жұмылдырып қана қоймай, Жоғарғы Кеңестей мемлекет институтының
мәртебесін, беделін халық алдында көтеріп отырды.Ол Тәуелсіздіктің
алғашқы жылдарында «Бостандық ұлтты бостандықтан да қатты сынайды»
деп, осынау ұлтымыз ішінде жас тәуелсіз мемлекеттің Ақордасының
керегесі кең, уығы тең, шаңырағы биік болуына Елбасымен бірге
барлық күшін жұмсады.
2015 жылғы 10 желтоқсанда 76 жасында Қазақстанның Еңбек Ері,
Қазақстанның халық жазушысы, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік
сыйлығының лауреаты, отандық әдебиет классигі, көрнекті мемлекет
және қоғам қайраткері Әбіш Кекілбайұлы Кекілбаев кенеттен қайтыс
болды.
Кемел ойлы жазушының кең
көлемді шығармашылық еңбегі бағаланып, қоғам және мемлекет
қайраткері Әбіш Кекілбайдың 80-жылдық мерейтойы аясында Ақтау
қаласында ескерткіш орнатылды. Мемлекет
басшысы
Қасым -Жомарт Тоқаев жұмыс сапармен барып, жазушыға орнатылған ескерткіштің ашылу рәсіміне қатысты, қаламгердің мүсінін салтанатты түрде ашып берді. Тау тұлғалы талант, ғұлама ойшыл Әбіш Кекілбайұлының ерен еңбегі қандай құрметке де лайық екенін айтқан Қасым-Жомарт Тоқаев, заңғар жазушы, аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткерінің рухына тағзым ету тек Маңғыстау өңірінің ғана емес, бүкіл еліміз үшін маңызды оқиға деп бағалады.
"Біз бүгін рухын ұлықтап отырған Әбіш Кекілбай – адамзаттық болмыстың жоғары деңгейіне көтерілген біртуар тұлға, қазақ халқының ұлы перзенті. Халқымыздың мақтанышына айналған азаматтардың есімін жадымыздан шығармау – баршамыздың парызымыз. Елбасының "Шіркін-ай, осындай қазақтар көбірек болса екен" деп Әбіш ағаға ризашылық білдіруі тегін емес. Зиялы қауым оған айрықша құрмет көрсетіп, "Қазақтың таңдайы" деп атады",– деді Қазақстан президенті.
Мемлекет басшысы "Қазақстанның Еңбек Ері" атағына ие болған тұңғыш қаламгердің әдебиет әлеміне келгеннен бастап ұлттық сананы сақтау үшін мол үлес қосқанына, ана тілімізді, салт-дәстүрімізді және төл мәдениетімізді дәріптеп, халқына адал қызмет еткеніне тоқталды. Ұлттық болмыс пен ұлттық рух Ә.Кекілбай шығармашылығының діңгегіне айналғанын айтты
""Аңыздың ақыры", "Елең-алаң", "Үркер", "Шыңырау" – қайталанбас туындылар. Классик қаламгердің бұл еңбектері әлем әдебиетінің алтын қорына тиесілі. Жазушы қара сөздің құдіреті арқылы елдің намысын оятып, рухын көтерді",– деп баға берді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Президент мемлекетіміздің жетістіктері қаламгердің ұлт тағдыры туралы мақалаларында толық көрініс тауып, қоғамның шынайы сипатын танытқан Әбіш Кекілбайұлының көсемсөзі халықтың рухани азығына айналғанын, заңғар жазушының туындыларына тарих пен тәуелсіздіктің арқау болғанын тілге тиек етті.
Әр елдің өзінің ұлттық құндылықтары болады.Бір ұлтты екіншісінен ерекшелендіріп тұратыны олардың: тілі, ертегілері,мақал-мәтелдері,лиро-эпостық және батырлар жырлары,әдет-ғұрпы,салт-санасы,менталитеті,өнері,тағамдары,ұлттық қолөнері,тұрмыстық бұйымдары,ұлттық ойындары,т.б. өзелдерге ұқсамайтын қасиеттері.Осылардың бәрі-ұлттық құндылықтарға жатады.Біз өз құдылықтарымызды қалай сақтап жүрміз дейтін болсақ,өкінішке орай, бұл мәселеде көп олқылық бар.Кеңес кезінде көптеген ұлттық құндылығымызды ескінің қалдығы деген сылтаумен көзін құртпақ болды.Материалдық құндылылықтар алға шығып тұрған кезде ұлттық құндылықтардың ескерілмей жатқаны шындық.Ұлттық құндылықтарды әр ұлттың ата-бабалары өздерінің өмір сүру салтына байланысты шығырып,пайдаланып,дамытып, кейінгі ұрпағына мұра етіп қалдырып отырған.Сондықтан ұлттық құндылықтар сол ұлттың меншігі саналады.Егер халық өз өздерінің ұлттық құндылықтарын жоғалтып алса,ол халық «ұлт» болып саналмайды.Сондықтан әр ұлт әр ұлт өздерінің ұлттық құндылықтарын барынша сақтап қалуға тырысады,әрі қорғап отырады.Қазақ халқы да өзінің ұлттық құндылықтарын сақтауы керек.Әлеуметтік желіден Италияның жиһанкез кәсіпкері Реналью Гаспиринннің «Мен әлемнің 141 елін аралаған адаммын.Солардың ішінде өз мелекетінде,өз тілінде өмір сүре алмай отырған бейшара халықты көрдім.Ол Қазақстан халқы екен» деген пікірін оқып қатты намыстандым.Осынау ащы да болса ақиқатпен өрілген ауыр пікір осы тақырыпты таңдауыма себепкер болды.
2.2. Ә.Кекілбаев шығармаларында суреттелген ұлттық құндылықтардың мәйегі-салт-дәстүрлер
Ұлттық құндылықтарымыздың мәйегі-салт-дәстүрлеріміз бен әдет-ғұрыптарымызда деп санасақ,Кекілбаев шығармалары сол асылымыздың бір сынығы.Тал бесік пен жер бесікке жалғасқан тіршіліктегі адам баласының танымы мен түсінігі,мәдениеті мәйекті қасиеттерін қазақтың салт-дәстүрімен,әдет-ғұрпымен әлендіріп,шығармаларының шамшырағына айналдырған аңыз азаматтың адамгершілік қағидасы туындыларының басты қазығы.Ұлттың ұлылығын танытуда қоғамдық қызметімен ғана емес,қаламымен де қамшылаған қаламгердің қазынасы қазақ әдебиетіне қосылған қомақты дүние,сөз асылын саралаған сүбелі үлес болмақ.Жазушы туған халқының әдет-ғұрып,дәстүр тағылымдарын егжей-тегжейлі,кейде қызыға суретттеуге құмбыл,ол көшпенділер өмірінің қазір ұмытыла бастаған этнографиялық детальдарына ерекше мән береді.
Әдет-ғұрыптар молынан көрініс тауып, қызықты суреттелген повесі
« Бәсеке» повесі.Бұл повесте бір кездері кең етек жайып,кейін ұмытыла жаздап,қазір қайтадан жаңғыып дәстүрге енген қызы бар үйге құда түсу,қыз айттыра бару дәстүрі тартымды, айшықты тілмен бейнеленген. « Бәсеке» повесі.Бұл повесте бір кездері кең етек жайып,кейін ұмытыла жаздап,қазір қайтадан жаңғырып дәстүрге енген қызы бар үйге құда түсу,қыз айттыра бару дәстүрі тартымды, айшықты тілмен бейнеленген.Повестің бас кейіпкері Балпан бидің жалғыз қызы –Ажары қылтиып бой жеткелі бір күн іргесі тыныш тұрмағанын, бір «салаумағалайкүмнің» соңынан бір «салаумағалайкүм»,біреуін белдеуден аттандырып жатса,сылаңдап тағы біреулері түсіп жатқаны жанына ауыр тиген көңіл-күйінің психологиялық иірімі тамаша суреттелген.Сондай-ақ повесте «Қыз балаға қырық үйден тыю» деген аталы сөздің салмағы да жан-жақты ашылған.Үйге сапырылысып келіп жататын құдалықтың бірінде ер адамдардың үстіне байқаусыз кіріп қалған Ажардың қылығын әбес көрген қамқор әкенің бейнесі көрінеді.Ол жағдай повесте былай суреттеледі: «Қызды қырық үйден тый» деген қайда?Үйде қонақ отырғанда неге кіреді?.Аға-жеңгесінің отауына бара тұрса болмас па?Енді оны тұлымын желпілдетіп алдымызға алып отыратындай ес білмейтін бала емес қой.Аулымыздың үстінің ат көпір болып жатқаны мынау.Көрмей ме,білмей ме?Білмесе сен қайдан жүрсің,ана жеңгесі Жазыл қайда жүр?Апырау,адам өзінен бала түгілі,есігінің алдындағы итке де жөн,әдеп үйретеді ғой.»
Осы үзіндінің өзінен дана халқымыздың бала тәрбиесіне, әсіресе,қыз бала тәрбиесіне аса мән бергендігін байқаймыз.
Қазіргі кезде мен куә болып жүрген бір жағдай -«Үлкендер ас қайтарған соң табақ ала ма, әлде табақ дастарқанда тұрып ас қайыра ма?» дегенде бір-бірімен қайшы пікірге кеп жатуы еді. «Бәсеке» повесінде бұл сұраққа да тамаша жауап берілген екен. Повесте бұл турасында былай дейді: «Тал түсте піскен уыз ет өз-өзінен тәбет оятты. Үлкен табаққа екі қонақ,Өтеген мен бұл-төртеуі қарады да, Маржан бастаған ауыл-үйдің әйелдері қазан қасында қаужаңдасып жатыр.Ет желінді табақ қайтарылды.Жазыл келін орнынан тұрып,иіліп тағзым етті.Енді үлкен-үлкен аламыш каусар кеселер мөлтектей толып сорпа келді.Қонақтар оны да ұзақ сораптап баптап ішті.Көк сақал қонақ ас қайырды,сосын ұзақ мақамдап бата қылды»
Ұлттық құндылықтың көрінісі салт-дәстүрлердің әдемі сюжетпен қиыса үйлескен бір шығарма «Бір шоқ жиде» хикаятында ата-бабаларымыз ұстанған салт-дәстүр,ұлттық үрдіс, әдет-ғұрыптарды өмір шындығымен нақты байланыстыра отырып, нанымды да әдемі суреттей білген.Хикаятты оқи отырып,қазақ деген халықтың өзіне ғана тән қызықты да,күрделі ұлттық дәстүрлеріне таң қалмасқа болмайды.Шығарма жас сәбидің дүниеге келгенде орындалатын жөн -жоралғыларымен бірге жеңгесінің қайын сіңлісі мен қайнысына ат қою дәстүрі де әдемі өріліп,жыл санау,өлген адамды соңғы сапарға шығарып салу кәделерін сөз етумен басталады.
Қонақ келгенде табақ жасауды,қай табаққа қандай жілік тартуды,әр қонақтың сыбағалы жілігін білуді баласына міндет еткені, ет турауды он жастан бастап баласына үйреткені, он бес жастан бастап табақ тартуды үйреткені туралы айтылған.Ықылым заманнан келе жатқан үрдісті бұзып, табақ жасаудан, яғни сыбағалы жіліктерді ажырата алмай шатасса намыстанып, мұны «сүйекке салған таңбадай» көріп,оны бұзау тіс қамшымен тартып жіберетіні туралы айтылған.Бетіне таңба түскен ештеңе емес, сені тапқан ата-ана тірілей жерге кіреді . Жамбас, жауырын, кәрі жілік ортан жілік, тоқпан жілік,асық жіліктерді қай табаққа салатыны туралы айтылған. Басты ең жоғарғы табаққа салып,құйрық май мен бауырды қиялап турап бар табаққа жеткізетіндігі,он сүбе қабырғаны жоғарғы төрт табаққа,алтауын екі жауырынға төртеуін екі асық жілікке үстеп,қалған сегіз жілікке екі-екіден бұғана қабырға қосатыны туралы айтылған.Төстікті күйеуге,құйымшақты-қызға,көтен-мойынды қойшыға,ішек-қарын,талақ,бүйрек,сирақты-қатын-қалаш,бала-шағаға ұстаттаны туралы айтылған.
Міне, осы жолдардың өзі тұнып тұрған жастарға берер тәлім-тәрбие мен ақыл-кеңес деп есептеймін.Он екі жілік,отыз омыртқа,қырық қабырғаны осынша тәптештеп мүшелейтіні тегін емес.Артындағы ұрпақ бір-біріне көз алартпасын деп әрқайсысына бір-бір сүйек еншілеп кеткен. Ұшарын жел,қонарын сай білетін көшпелі елдің перзаенті қай қазанда да өз сыбағам бар деп ойлайды.
Қазақ халқында көп тараған бала тәрбиесінде үлкен рөл атқаратын бата тілек сөздер.Сол бата-тілектердің бір парасы қара құманға әлі жетіп, үлкендердің қолына су құйғалы естіп келе жатқан бата-тілектер. Қазақ халқы қолға су құюдың да тәрбиелік мәніне баса назар аударған.
Әбіш Кекілбайұлының кең тынысты эпик, суреткерлік болашағын танытқан «Дала балладалары» шығармасында қолға су құйып,бата алу дәстүрі бейнеленген. «Бағың жансын», «Есесі алладан қайтсын», «Дегеніңе жет», «Үбірлі-шүбірлі бол» деген жүреккке жылы, жанға жайлы өнегелі сөздер айтылған.
Осылармен қатар бұл шығармада халқымыздың дархан көңілі қонақжайлылығы көрінеді.Суреткер қазақтың тойында болатын жөн-жоралғалар,қызықты ойындар,бәйге жарысы,палуан күресі,өнерпаз жігіттердің айтысы сияқты ұлттық үрдісімізге тән жайттарды тамаша суреттеген.
Төрт түлігін қадір тұтқан халқымызда жілікке, яғни мал сүйегіне қатысты мағыналы әңгімелері көп.Мысалы «Мүжілген сүйекті үйде қалдырма» деген әпсанада бұл туралы былай деп суреттелген.
Самандун деген жын Сүлеймен пайғамбарға:
-Уа,пайғамбар,адамдардың барлығының Құдай бұйыртқан нығметі бар.Мен және менің ұрпақтарыма,қауымыма азық-тағамды Тәңірден сұрап,алып бер,-дейді.Сүлеймен:
-Адамдардың асынан кейін қалған астың ұнтағы,қоқымы,сүйек- саяқ сенің және сенің ұрпақтарыңның азығы болсын,-депті.
Содан бастап жын-перілер астан кейін қалған ұнтақ пен сүйек-саяқты азық етеді екен.Әсіресе, желінген сүйекті түнде үйде қалдыруға болмайды.Өйткені оны жеуге бір қауым жын-перілер келіп, үйді жайлап алады.Осыған орай халық арасында «Сүйек саяқты үйде сақтамай, итке таста» деген тыйым шығыпты.
Қонаққа сыбағалы жілігін ұсыну немесе бас тартудың өзіндік мәдениеті туралы жазушы З.Ахметованың «Бабалар аманаты» кітабында мынадай үзінді келтіреді.
«Қонақтар кеткен соң жаңалап шай жасап,енді өзіміз дастарқан басына отырдық.Байқаймын атаның (Бауыржан Момышұлы) қабағы салыңқы.Бір кезде:
-Дастарқаның толымды,астарың дәмді болды.Әсіресе «ұмытылған тамақ қой мыналар» деп әсіп пен сүт құйған өкпе өте ұнады.Бірақ соның бәрін сен жіберген төрт қателік жуып кетті.Қонақтар оны байқады-байқамады дей алмаймын.Ал мен анық көрдім,-дегенде дымым ішіме түсіп, көзім қарауытып кетті.Бүріскенім соншалық: құрттай тесікке сыйып-ақ кетер едім.
-Ол не,папа?-деп Бәкең әкесіне қарады.Бірақ ата маған қарап,маған арнпп сөйледі:
-Біріншіден, есі дұрыс қазақ әйелі қонаққа бас көтеріп кірмейді.Жаман-жақсы болсын басиең аман.Екінші қателігің-басты шүйде жағымен әкелгенің.Қой шүйдесі емес, тұмысығын алға беріп жүреді.Үшінші қателігің-қойдың тісін қақпай әкелгенің.Бұл-ең алдымен,тазалық.Қой тісінің түбінде не жатқанаын қайдан білесің?! Шөп жейтін,жем жейтін мал ғой.Содан кейін мұның екінші мағынасы бар.қазір ұмытылған,көнекөздер болмас, көпшілік біле бермейтін жағын да айтайын.Қазақтар-талай нәрсені ым,тұспал,ишара арқылы арқылы білдірген халық.Соның бірі осы қағылмаған тіске байланысты.Сыйласып жүрген екі адамның біреуі әлденеге ренжіп, бірақ соны «сөз көбейер» деп айта алмай жүрсе,өзі ренжіп жүрген адамы үйіне келгенде етпен бірге алдына тісі қағылмаған басты қояды.Сонда бас ұстаған адам «ә-ә,мынаның ішінде маған деген бір қыжылы бар екен, тісін басып жүріпті-ау»деп ұға қояды.Ары қарай реніштің түйінін шешіп,түсінісуге бет түзейді.Ал төртінші қателігің- басты қасқаламай әкелдгенің.талайлар мұның мәнін ұқпайды.Ол-төрт құбылаң тең болсын,маңдайың ашық болсын» деген ізгі- тілек..."
Бұл әңгіменің де ұлттық құндылыққа баулудағы рөлі зор.
2.3. Өресі биік ұлы ойлар
2009 жылы шыққан «Сыр десте» деп аталатын еңбегінде заңғар ойлы жазушының өресі биік, ұлт үшін бағдар болар ұлы ойлары көрініс тапты.
Тәуелсіздіктің тұғырының берік болуы үшін қандай қасиеттер керектігін жілігін шағып,майын тамызып айтып бергендей сезіледі. Мысалы, «Азаттыққа жету қандай қиын болса, азаттыққа үйрену де сондай қиын», «Азаттықтың асау тұлпарының тізгініне тұтымды уыс,тегеурінді тақым,тереңнен толғап,алыстан барлап,қапысыз шешім таба алар кемел ақыл иелік ете алмақшы», «Тәуелсіздік –тәтті сөз ғана емес, ұлттық жауапкершілік», «Тәуелсіздігімізді сырттың алауыздығынан аман сақтап қалу-біздің тарих алдындағы ең басты парызымыз», «Тәубемізден жаңылмасақ, тәуекелімізден тайынбасақ,тәуелсіздігіміздің тасы өрге домалайды.»
Сондай-ақ азаттықтың баянды болуы береке бірлік пен әр адам бойындағы адами түйсіктің қалыптасуынан да, туған жерге деген риясыз махаббатынан көрінетіндігін төмендегі асыл ойлары арқылы білдірген:
-
Орынсыз ашқарақтық,орынсыз баққұмарлық шынайы азаматтық бақыт үшін қандай қиянат болса,орынсыз жігерсіздік пен рухани қауқарсыздық, орынсыз көнтері көнбістік те дәл осындай қиянат.
-
Еңсеңді елдігіңмен көтер,берекеңді бірлігіңмен көтер.
-
Арға тартпай-арман тұл,намыс қумай-мақсат тұл.
-
Қорлана бермей,арлана білейік
-
Қалыптасқан менталитет ауқымында қалып қою қай халыққа да қатерлі.Соны түсінген қауымдар ғана ұлттық даму жолына түсе алады.
-
Халқың санатқа қосылмай тұрып, өзің санатқа қосылғаннан ұшпаққа шықпайсың.
-
Ұрпағына ие бола алмаған жұрт ұлттықтан айрылады.
-
Қазақ даласының әр тасы-қағбам,әр бұтасы-сәждам
-
Елдіктің берік қорғаны-ұлттық намыс.
-
Адам нәсілін жер бетінде баянды етіп тұрған бірден-бір күш-мейірім мен рахым.
Қорытынды
Әбіш Кекілбайұлы – шығармашылық ісінде болсын,
қоғамдық-қайраткерлік жұмыстарында болсын халықтық мән-маңызы бар
үлкен қағидалар мен мұраттарға қызмет етіп келе жатқан ұлы тұлға.
Ол халық боп қатарға қосылу үшін, ұлт болып рухтану үшін, ең
алдымен, оның тарихи жолын оятып, тарихи санасын жаңғырту керек деп
ұқты.
Әбіш Кекілбаев –заманымыздың
бір заңғар тұлғасы. Ә.Кекілбаевты біздің қазақ оқушысы, қазақ
қоғамы ең алдымен ақын, жазушы ретінде таныды. Ол толғанса-роман,
көсілсе көркемсөз туады. Өндіріп, өнімді жазатын суреткер. Суреткер
деген үлкен атақ. Суреткер деп еңбиік дәрежедегі сапалы шығарма
жасаушыны айтады. Суреткердің еңбегі шығармашылық тұтастығымен,
ойын және өзі діттеген шындықты көркем түрде суреттей алуымен, оны
жанды бейнеге айналдыру өнерінің жоғарылығымен , талғамының
биіктілігімен мойындалуға тиіс. Ф.Достоевский «Жазушының суреткер
ретінде танылуы оның жақсы жаза алғандығының белгісі» деген. Оның
айтуы бойынша, романшының көркемдік биік таланты образдар арқылы
бейнеленген ойдың салмақтылығымен өлшенеді. Оны оқырман да дәл сол
қалпында түсіне алуға тиісті. Жазушының көркем жазуы деген сөз-оның
жақсы жазарлық қабілеті мол деген сөз. Шын талантты адам шығарма
сыртын жылтыратып әрлеу, мәнерлеу, сырлау дегеннің бәрін жоққа
шығарады. Шынай көркемдік дегеніміз өмірдің өзіндей қарапайым
қалпын сақтайды. Ол шындықтың сырын да, жарқын суретін де,
әдемілігін де көз алдына жайып салады.
Әбіштің сыншылдық, публицистикалык еңбектері де авторының жан-жақты
білімділігін, өмірді байыпты зерттеп, ол жайлы кең ойлап, терең
толғайтын адымды талантын мойындатады. Ол қазақ әдебиетінің ғана
емес, халық тарихының, оның мәдениетінің үлкен білгірі. Оның
сыншылдық ойы ұлт әдебиеті мен мәдениетіне қатысты мәселелермен
шектеліп қалмайды, оларды әлемдік үлгілермен салыстыра қарап, биік
талаптар қоюмен толығады. Оны толғандырған әлемдік құбылыстар
ішінде А.Пушкиннің, Л.Толстойдың, Ф.Достоевскийдің, А.Чеховтың,
Т.Шевченконың және тағы басқа классиктердің мұралары ерекше орын
алады. Ә.Кекілбаевтың публицистік мақалалары мен жазбалары оның
шығармашылығының көлемді бөлігін құрайды. Олар әр кезде жазылған,
әр заманның сұранысынан туған. Әсіресе, тәуелсіздік алған тұста көп
жазды. Тәуелсіз елдің тұңғыш Президенті қасында ұзақ жылдар болып
қызмет істеген.
Ә.Кекілбаев Қазақстанның тәуелсіздігін қалыптастыру мен бекемдеуге,
халқымыздың бірлігі мен келісіміне қажыр-қайратын жұмсады.
Сондай-ақ қазақ әдебиетін әлемдік деңгейге көтеруге, Еуразиялық
және әлемдік кеңістіктегі мәдениеттер арасындағы өзара байланысты
тереңдетуге аянбай еңбек етті.
Жалпы, қорыта айтқанда, Әбіш Кекілбайұлы еліміздің рухани
тіршілігінде болсын, саяси-әлеуметтік өмірінде болсын қайталанбас
құбылыс. Ол-феномен. Ол-тұтас әлем. Ол әлем айтқан сайын тереңдей
түсетін шыңырау әлем. Ол шыңыраудан әлі талай ұрпақ сусындап, талай
ұрпақ қуаттанары сөзсіз. Ол – рухани ұлы
тұлға.
Ғылыми жоба жұмысында өзіндік ой қорыту, ғылыми тұжырымдамаларды қорытындылай келе төмендегідей ұсыныс айтқым келеді:
Заңғар жазушы, қоғам
қайраткері Ә.Кекілбайұлының өнегелі өмір жолы мен шығармашылық
жұмыстары кейінгі ұрпаққа насихатталып, мектеп бағдарламасына
енгізілсе, нұр үстіне нұр болар еді.Әр шығармасынан ұлттық болмыс
анық танылатын қаламгер шығармаларының мектеп бағдарламасынан шет
қалуы -ұрпақ тәрбиесі жолында көп үлестен құр қалатынымыздың кепілі
болмақ деп санаймын.Себебі оның жазғандары – қазақ өмірі, халқының
тағдыры, оның көргені мен басынан кешкені, кешегісі мен бүгінгісі,
солардың бір-бірімен сабақтастығы. Жазушы суреттеуінде қазақ елі,
оның тіршілігі – жалпы адамзат тіршілігінен бөлек, оқшау өмір емес,
соның бір бөлігі. Оның тарихы да, рухани өмірі де әлемдік
өркениетпен байланыста. Халықтың сол ұзақ өмірінің бүгінгі
қорытындысы – қазақтардың тәуелсіздігі болса, Әбіш Кекілбаев мұрат
еткен шындықтың өзі де сол екенін оның шығармашылық жолын танып
барып түсінеміз. Ә.Кекілбаев шығармаларында екі үлкен тақырыптық
жүйе бар. Бірі – аңызда сақталған дала халықтарының рулық және
таптық талас-тартыстары да, екіншісі – қарапайым, халық ортасының
тіршілігі, оның адамдарын суреттеу
талабы.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:
1. Әшімбаев С. Шындыққа сүйіспеншілік. Алматы: Жазушы, 1993. -497
б.
2. Қазақ әдебиетінің тарихы. Он томдық.
9-том.
Алматы: ҚАЗақпарат., 2005. -998 б
3. «Дала балладалары» 22-бет
4. https://massaget.kz/layfstayl/debiet/kkzhiek/42084
5. Санжар
Керімбай,Б.Бопайұлы,М.Төлеген,Ә.Нәби,А.Тасболат «Салт-дәстүр
сөйлейді» отбасы хрестоматиясы Алматы-2017 «Орхон» баспа
үйі
6.З.Ахметованың «Бабалар
аманаты».-Алматы,Санат: 2012
PAGE \* MERGEFORMAT 19