Материалдар / Әбіш рухы мәңгі өлмейді
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Әбіш рухы мәңгі өлмейді

Материал туралы қысқаша түсінік
Әбіш рухы мәңгі өлмейді
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
17 Желтоқсан 2017
438
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Әбіш рухы мәңгі өлмейді

Маңғыстау білсең кешегі,

Әулиелердің төсегі

Кекілбайұлы Әбішің

Қазақтың асқан шешені

Атадан асыл ұл туса,

Белгілі бақыт деседі,- деп

Жерлес ақын ағамыз Сайын Назарбекұлы айтқандай, сөзге шешен, көркемдеу сөйлеудің зергері, киелі топырақтан қанат қаққан, халқымыздың біртуар перзенті Әбіш Кекілбайұлы.Оның қалыптасу, толысу, кемелдену жолдарының өзі өзгеге ұқсамаған өз ауқымы, өз әлемі барлығымен де ерекшеленеді.

Киелі Маңғыстаудың тұлғасы, менің жақсы көретін жазушым – Маңғыстаудың қасиетті топырағынан түлеп ұшқан әлемге де танымал , ғасыр жазушысы, көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері – Әбіш аға Кекілбаев.

Әбіш аға бала кезінен-ақ соғыс ауыртпалығын көрген балалық бақтың кермек дәмін татқан, өз дарынының арқасында сатылап жазушылық кемел шаққа жеткен жан.Оның қай шығармасын оқысаңыз да мәнді, көркем де келісті жан – дүниеңді байытар сұлулығы бар.Жазушының қоғам, өмір , мәдениет пен өнер, тарих , халық тағдыры туралы толғанған әдеби , публицистикалық мақалалары қаншама ! Ондай туындылары адамзат баласының рухани игілігіне айналып отыр.

Маңғыстау жерінде туып, Түпқарағанның тамыры – Таушықтың топырағын басқан , шешендік өнерге жақын боп өскен тамаша таланттың бағы Алматыда ашылды.

Оның шығармашылығы әр дәуірде сұңқардай самғап, өмірмен біте қайнасып, тебірене толғандырды. Тарих парақтарын ақтарып, Абылайхан, Сүйінқараның әдебиетте сомдады. Иә, еңбек еш кетпеді, халық бағалады. Әбіш ағаның тауы – биік, шыңы – асқақ, жұлдызы – жоғары болды. Өйткені, ол – халық ұлы.

Мен Әбіш ағаны әр кез езіліп , жүрегім елжіреп , сағынышпен еске аламын.

Әбіш ағаның шығармаларын сүйіп оқимын. Жазушы шығармалары әдебиет оқулықтарында: «Шыңырау», «Тасқабаның шөбі» т.б жарияланған. Бұл шығармалардан да оқып үлкен ой түйіндедім.

Әбіш аға Кекілбаев мектеп қабырғасында оқып жүрген кезінде: Менің атам – Жұмағазыұлы Бектұрған алгебра , тригонометрия т.б. сабақтан дәріс берген. Атам Бектұрған Әбіш ағаны үнемі бізге үлгі етіп айтып отыратын.

Ай қабақты, бұйра шашты , қара домалақ бала еді деп суреттейтін. Болашақ жазушы - Әбіш аға- өте жинақы, жауапкершілігі мол ынталы, сондай сауатты боп өсті дейтін.

Үнемі жан-жақтан интернатқа келіп жатып оқитын балаларға қамқорлық жасайтын деп, Әбіш аға туралы айта отырып , абзал ағаның шәкірт кезінде өз ұстазымен түскен фото суреттерімен таныстыратын.

Бектұрған атам Әбіш Кекілбаев – менің шәкіртім деп мақтанса, Әбіш аға менің атамның шәкірті деп мақтанамын.



2007 жылы мамыр айының 23-інде Ұштаған селосында өткен «50-жылдық кездесуге » атам менің ата-анамды ертіп, барып қайтты.Олар «50 жылдық кездесуді» бейнетаспаға түсірген. Мен бастан аяқ бейнетаспадан Әбіш аға бастаған «50 жылдық кездесуді» тамашалап , Әбіш ағаны бетпе-бет көргендей болдым. Мен үшін ұстаздарын қанша жыл өтсе де ұмытпай, қадірлеп , төрге шығарғандарының өзі үлкен сабақ болды.Әбіш ағаның өзінің ұстазына деген ілтипатын, ақжүрек, дархан қасиетін көріп, «Қандай бақытты, шіркін , мен де осы кісілердей болсам ғой» деп армандадым.

Бұрынғы бозбала , бойжеткен болған шәкірттердің өзі егде тартқан, бірақ менің атам алдында сол кісілер: «Ағай,ағай» - деп қолпаштап жүргенінің өзі бір керемет екен.

Осы кездесуде Әбіш аға өз ұстазы, менің атам Бектұрған Жұмағазыұлына өз қолымен шапан жауып, сый көрсеткен. Осы бір сәтті бейнеленген фото- сурет маған қатты ұнады.

Бектұрған атам фото –суреттің артына біраз мағлұмат жазып маған сыйға тартты, ол атам мен Әбіш ағадан қалған мәңгілік естеліктің бірі.

Әбіш ағаны атам мақтан тұтып, елге жасаған игі істері Маңғыстау өңіріне жасаған жаңалық, туған жеріндегі «Әбіш мектебі»т.б.жаңалықтарды айтып отыратын.

Айсәуле анадай жақсы жаннан туған бала сол ананың қасиеттерін бойына дарытқан , анасы да бір жақсы жан еді жарықтық деп отыратын.

«Ұстаздан шәкірт озар» дегендей Әбіш аға өзінің білімді, қырағы қасиеттері арқылы ұстаздарының, туған жерінің , елінің мәртебесін өсірді.

Киелі Маңғыстау өңірінде туған Әбіштей ағамыздың халқының қалаулысы , қоғам қайраткері, сүйікті жазушысы болғаны біз үшін, Маңғыстаулық, Адай ұрпақтары үшін үлкен мақтаныш!

Мен де өзімді осындай киелі жерде, рухы өлмес Әбіштей ағамыз туған топырақта өскенім үшін бақытты сезінемін.























Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!