Тақырып бойынша 11 материал табылды

Абу Насыр Ал Фараби

Материал туралы қысқаша түсінік
ждлорпаывапролдъхзщшгнекцыапамролдлдъж\ъқхұзүгн.екуцывапролджээхжзщшгнекувывапролдъ\
Материалдың қысқаша нұсқасы

Әбу Насыр әл-Фараби

Әбу Насыр әл-Фараби (870-950) – қыпшақ даласынан шыққан ұлы энциклопедист ғалым, астролог, музыка теоретигі. Ол әскербасының отбасында дүниеге келген. Толық аты-Мұхаммед ибн Узлағ ибн Тархан әл-Фараби. Ол Түркістанда, Фараб(Отырар) қаласында дүниеге келген. Жастайынан асқан зерек, ғылым- өнерге құштар болып өскен ол алғашқы білімін Отырарда қыпшақ тілінде алды. Отырар медресесінде, Шам, Самарқан, Бұқара кейін Харран, Мысыр, Халеб (Алеппо), Бағдат шаһарларында білім алған. Ол түркі ойшылдарының ең атақтысы, әлемдегі екінші ұстаз атанған ғұлама. Оның заманы «Жібек жолы» бойындағы қалалардың, оның ішінде Отырардың экономикасы мен мәдениетінің дамыған кезіне дәл келеді. Орта Азия, Парсы, Иран, араб елдері қалаларына жиһанкездік сапарлар жасап, тез есейген ол көптеген ғұламалармен, ойшыл- ақындармен, қайраткерлермен танысып, сұхбаттасады. Тарихи деректер бойынша 70-ке жуық тіл білген. Өздігінен көп оқып, көп ізденген ойшыл. Философия, логика, этика, метафизика, тіл білімі, жаратылыстану, география, математика, медицина, музыка салаларынан 164 трактат жазып қалдырды.

Шығармаларында көне грек оқымыстыларының, әсіресе, Аристотельдің еңбектеріне талдау жасады. Аристотельдің «Метафизика», «Категория», «Бірінші және екінші аналитика» сияқты басты еңбектеріне түсіндірмелер жазған. Адамның өз болмысын өзі танып-білуіне философиялық тұжырымдар жасаған. Бұл мәселені логика, этика, педагогика тұрғысынан кеңінен саралап, өзара сабақтастықта қарастырады. Ол рухани бастауларды жан-дүние ундестігінен, әдеміліктен, қанағаттанудан, бақыттан іздестірді. «Қайырымды қала тұрғындарының көзқарасы», «Мемлекет қайраткерлерінің қанатты сөздері» және тағы басқа еңбектері бар. «Ғылымдардың шығуы» деп аталатын трактатында математиканың шығу тегі мен себебтерін ашуға тырысады. Астраномияға байланысты еңбектеріне «Алжебрге түсініктеме» кітабын жатқызуға болады. Фарабидің «Ақылдың мәні туралы трактат», «Ғылымдардың шығуы» сияқты зерттеулері оның есіміін әлемге танытты. Әбу Насыр әл-Фараби – әдебиет теориясымен де жан- жақты шұғылданған ғалым. Оның «Өлең және ұйқас туралы сөз», «Ырғақ пен өлең туралы сөз», «Өлең кітабы» деп аталатын әдебиет саласындағы еңбектері бар.







Арифметика саласында «Теориялық арифметикаға қысқыша кіріспе», физика саласында «Вакуум туралы», медицина саласында «Адам ағлары жөніндегі Аристотельмен алшақтығы жөнінде Галенге қарсы жазылған трактат», музыкаға байланысты «Музыканың ұлы кітабы» еңбектері әлемді мойындатқан дүниелер. Өкінішке орай Фарабидің поэзиялық мұрасы біздің дәуірімізге дейін толық сақталмаған. Бізге жеткен мұрасынан оның кең тынысты, терең ойлы, зор шабытты, нәзік сезімді ақын болғандығын аңғаруға болады. Ол діншіл адам болған. Исламның ақылға негізделген дін екеніне сенетін. Кейбір деректер Фарабидің өзіне ұсынылған шенді алмай, күндіз көкөніс өсіріп, түнде философиялық ойлар жазумен айналысқанын көрсетеді.Фараби- алғашқы ислам философы және ислам философиясын қалаушы. Өмірінің соңында ол Мысыр, Шам, Халеб қалаларын аралап, ақырында Шам шаһарына келіп тұрақтайды. Шам қаласында қайтыс болады. Оның денесі Шам шаһарының Кіші қақпа жағындағы зиратқа қойылады.



Дайындаған: Тастанбек Нұрмұхаммед 8-сынып



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
08.02.2019
342
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12