Материалдар / Әбу Насыр Әль Фараби туралы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Әбу Насыр Әль Фараби туралы

Материал туралы қысқаша түсінік
Әбу Насыр Әль Фараби туралы
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
06 Қазан 2020
343
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

    1. Жамбыл политехникалық жоғары колледжінің

    2. арнайы пән оқытушысы:

    3. Тілегенова Г.Т

    4. Әбу Насыр Әль Фараби туралы

Адамзат қоғамы қаншалықты дами берсін, бүгінгі ақпараттық технология үстемдік құрған ғасырда да ізгілік, адамгершілік, қайырымдылық әлеуметтік ортаның тереңдігін айқындап, мемлекеттің болашағын шешетін құндылық ретінде өзінің тарихтан бері келе жатқан орнын сақтап қала бермек. Алаш зиялысы Жүсіпбек Аймауытов жазып кеткендей, «Мәдениет жүзінде адам баласы құс болып ұшып, балық болып жүзіп, алысты жуық болдыруды анық қалап отырса да, бірін-бірі өлтіруді, зорлығы қиянаты қалмай отыр. Неге? Адам тәрбиенің құлы болуға жетпей, әлі күнгі табғаттың құлы болып жүргендігі. Адам баласы табиғатқа қашан құл болудан құтылады? Анық ақылға билетіп жалпы жұрт жақсы тәрбиелі болғанда құтылмақ. Адамшылықтың тарихына көз жүгіртсек, өмір жүзінен мысал қарастырсақ, атақты данышпандардың пікірін, сөзін байқасақ тәрбие адамды бұзуы, түзеуі көрінеді. Ұлт, ұлт тұлғасы, мемлекет, ұрпақтың зиялылығы, тұлғалануы бұның барлығы адам баласының өзінің бастапқы табиғатынан рухани деңгейі арқылы ажырап, ұлттық табиғат пен кісілік табиғатты иеленгендігін көрсетеді. Жүсіпбек Аймауытовтың айтып отырған табиғаты қоршаған орта, ата мекен табиғаты емес, адамды тарих пен мәдениет үдерісінен бөліп алып тұйыққа тірейтін табиғат, яғни надандық.

Қоғамның негізі, болашағы ұлттық тәрбиеге тәуелді, ұлттық тәрбие болмаса қоғамдық ортада кісілік қалыптаспайды. Кісілігі жоқ қоғам мемлекетке, оның болашағы ұрпаққа қажетті құндылықтарды бере алмайды, бұндай орта тарихтың бойындағы рухани дүниелерді кейінгі уақытқа жеткізуге, мемлекет мүддесін қорғауға қабілетсіз келеді. Сондықтанда өркениетті мемлекеттің бет-бейнесі оның мәдениеті, әлеуметтік ортада адам бойында кіслік қасиеттердің орын алуымен көрінеді. Әл-Фараби жазып кеткендей, мемлекеттің рухын қоғамдағы адамгершілік, қайырымдылық, әділеттілік, шынайылық, тұрақтылық, ізгілік көтереді, рухани құндылықтары ғана сақтай алады.

Әл-Фараби өзінің «Қайырымды қала» еңбегінде адам танымынан бастау алып, оның қызметімен (ісімен), рухани өмірімен жалғасатын құндылықтарды, білім түрлерін кеңінен талдаған. Ойшылдың ұғымынша қоғамның беріктігі, тұрақтылығы, күштілігі имандылықтан, жаратылыс құдіреті туралы адамзаттың дұрыс танымынан (ілімнен) бастау алмақ. Барлық ғалам, адам баласы үшін бір ғана мән, бір ғана негіз бар, ол жаратушы. Әл-Фараби ілімінде жаратылыс ақиқат, ақиқат туралы дұрыс білім, адам баласының жаратылыс ақиқатын дұрыс ұғынуы Бірінші Тұлға туралы дұрыс білімінен көріненді. Қазақта, «жалғыздық бір Аллаға ғана жарасады» деген ұғым осыдан туса керек. Бұның мәні адам қанша атақты болсын, данышпан, кемеңгер, батыр, сәуегей болсын, барлық адамзатты өзіне қарата берсін ол адам дүниені өзгерте алмайды, табиғатты қайта жасай алмайды, кәрілікті жеңе алмайды. Сондықтанда барлық құдірет, мінсіздік жаратылыс иесінің құдіретіне ғана үйлеседі, сол ғана барлық жаратылыстың иесі болуымен ғана дара деген ұғымды білдіреді. Зиялы адам өз заманында имандылығы, діни білімі, қабілеті, тәрбиесі, адамгершілік қасиеттері арқылы адамзатқа, ұлтына, діні мен діліне дұрыс қызмет етіп, ұрпаққа ізгілігі мол істерін қалдыра білсе адамзаттық кеңістіктегі тұлғалыққа қол жеткізбек, бірақ адам қанша кемеңгер болса да Бірінші Тұлға бейнесін біле алмайды. Демек қоғамның, адамзат қоғамының, ұрпақтың бейбіт өмірін, ізгілігін қалыптастыратын жалпыға ортақ дұрыс білім, діни сауаттылық және парасаттылық. Бұлар қашанда адамзаттық мәдениет пен өркениеттің тірегі болып табылады.

«Бірінші Тұлға – барлық жан біткеннің өмір сүруінің бастапқы себебі. Жалғыз сол ғана кемшіліктен ада: басқа жан біткеннің бәрінде – Одан басқасында ең болмағанда бір кемшілік немесе бірнеше кемшілік бар. Ал Біріншіні Тұлғаны алатын болсақ, ол мұндай кемшіліктің бәрінен ада, өйткені Оның тіршілігі кәміл және болмысында басқаның бәрінен озық, Одан кәміл жетілген еш нәрсе жоқ және одан бұрын ешнәрсе де болмақ емес. Бұл ретте оның тіршілігі ең мәртебелі дәрежеде әрі ізге, әрі кәміл жетілген» - деп жазып кеткен Әл-Фараби. Адам баласы тарихтың қайнаған дәуірінен қанша алыстағанымен ол діннен, жаратылыс ақиқаты туралы ұғымнан алыстамайды. Дін адамзат баласының әлемінде, дұрыс өмір сүрудің жолын сақтап тұру үшін Жаратылыс иесінің адамзатқа салып берген тура жолы. Осы тура жолдың басында Бірінші Тұлға ақиқаты құр пайым түрінде емес, ақиқатты білім, парасатты түсінік, кемел ұғым болуы тиіс. Себебі ізгілікті қоғам, мемлекет халықтың дұрыс діни танымынан, білімінен шығып отырады. Әл-Фарабидің бұл ұғымына Абай өзінің Отыз сегізінші қара сөзінде былай деп жауап берген: "Күллі адам баласын қор қылатын үш нәрсе бар.

Сонан қашпақ керек: Әуелі –надандық, екінші – еріншектік, үшінші – залымдық.

Надандық – білім-ғылымның жоқтығы, дүниеден еш нәрсені оларсыз біліп болмайды.

Білімсіздік хайуандық болады.

Еріншектік – күллі дүниедегі өнердің дұшпаны. Талапсыздық, жігерсіздік, ұятсыздық, кедейлік – бәрі осыдан шығады.

Залымдық - адам баласының дұшпаны. Адам баласына дұшпан болса, адамнан бөлінеді, бір жыртқыш хайуан хисабына қосылады». Әл-Фарабидің, Абайдың, Жүсіпбек Аймауытовтың айтып отырғаны адамды, сол арқылы мемлекетті, ұрпақты, ұлтты сақтайтын кемел білім. Адамзаттық болмыстың мәні оның бойындағы ізгілігімен көрінсе, ізгілікті қоғамның кілті ұрпаққа таза дін, кемел білім, дұрыс ілім арқылы табысталмақ. Заманыңда білім мен ғылым бола тұрып оны дұрыс иелене алмасаң, мемлекетіңе білімің мен ғылымың арқылы көмектесе алмасаң ілгерілеу болмайды. Әлеуметтік ортадағы даму, адам болмысының өрісіндегі рухани дамудан басталады. Рухани дамудың негізінде дұрыс таным, тарих, отан, келер ұрпақ алдындағы жауапкершілік тұр.

Жоғарыда айтып өткеніміздей адамзат дүниесіне, халыққа, ұлтына және оның дүниелеріне ақыл парасаты мен білімі арқылы қызмет ете білген адам зиялы адам. Шынайы (дәстүрлі) діннің өзі адамзаттан зиялылықты талап етеді. Ұлттық мүдде, халық игілігі жолында жүрген адам көкірегі ояу, мінезі дұрыс, шыдамды, қайратты, батыл болуы қажет. Нағыз зиялы адам өзін ұлтының қызметшісі санайды. Кемеңгер бабаларымыз айтып кеткендей, ұрпақтың қашанда өзін, өмірін қор қылатын нәрселерден аулақ болғаны жөн. Адамның шынайы, әрі дұрыс білімі оның танымын сақтап тұрады. Егерде надандық болса, қоғамдағы барлық кемшілік сауатсыздықтан, әділетсіздіктен, әдепсіздіктен шығар болса ұрпақ өзінің, мемлекетінің болашағына қажетті көптеген мүмкіндіктерден қолы үзуі мүмкін. Қашанда адамның дініне, діліне күш беретін білім, көркем мінез.

«Қайырымды қала тұрғындарын алатын болсақ, - деген Әл-Фараби, - ата-бабаларының көзқарастарына сәйкес олардың бойында қалыптасқан рухани жағдай олардың жандарын матерядан азат етеді». Адам өзін қоршаған ортамен, табиғатпен, қоғаммен интеллектуалдық байланыста болуы тиіс. Интеллектуалдық байланыстың биік көрінісі парасаттылық. Ата бабаларымыз ата мекенменен парасатты негізде байланысу нәтжесінде мәдениетті, ұрпақтың мүддесіне қызмет ететін тарихты қалыптастырған.

Әл-Фарабидің идеяларынан түсінетініміз мемлекет халықтың, жеке адамның рухани болмысының толыққандылығымен, тереңдігімен нығаяды. Ел болмысының негізін құрайтын ұрпақтың болмысы болса, жаңа айтып өткеніміздей дұрыс сенім, дұрыс таным, дұрыс білім, денсаулық, табиғи ортаның тазалығы, қоғамдық ортадағы қайырымдылық, адамдардың бір-біріне деген адамгершілігі, жауаптылық мемлекетті көркейтеді. Ұрпағын дұрыс тәрбиелеп, қорғай білген елдің ұрпағы елін қорғайды.

Қай жағынан болмасын адам болмысындағы, қоғам өміріндегі жасандылық қайырымды ортаның болмысына жат. Ойшылдың өзі жазғандай, «көзсіз батырлық ерлікке ұқсас, ысырапшылық жомарыттыққа ұқсас, әзілқойлық өткір тілділікке ұқсас, жарамсақтық доскерлікке ұқсас, өзін-өзі кемсіту кішіпейілділікке ұқсас, көлгірсу адамдағы адалдыққа ұқсас. Осы шеткерліктердің ішінде жаратылысымыз бойынша өзіміздің бейімдірек тұратындарымыз бар болғандықтан, біз бұлардан cақтануымыз қажет. Қатерлі істің тұсында батылдығымыз жетпей қалушылық, жаратылысымызда өзіміз бейім тұратын сараңдық бұған мысал бола алады». Қоғамдық ортадағы адамдардың бір-біріне деген қарым-қатынасының негізіндегі шынайылық ел болмысының деңгейін арттырады. Жалған нәрселермен ел мүддесіне қатысты мәселелер шешілмейді. Шынайылық, дұрыс мінез өсіп келе жатқан буынның болашаққа дұрыс бағдар (тәрбие) алуына ықпал етері сөзсіз. Себебі шынайлық пен дұрыс мінезді талап ететін қашанда уақыт.

Әл-Фарабдің ұғымынша кез келген нәрсенің шегі болады, ол шектен еш нәрсе де шығып, асып кете алмайды. Мәселен батырлықтың шегі тарих, кез-келген батырлық тарихтан асып, немесе озып кетпейді, оның ұясы тарих. Сол сияқты жалған әдетте қоғамнан, уақыттан асып кетпейді, қоғам қажеттіктері, уақыт, заман талабы шынайы мінезді талап етеді, уақыты келгенде ол айқындалып отырады.

Әл-Фарабидің айтуы бойынша, адамды табиғатынан адамға жау деп ұғу да қате. Қайырымдылық адамның табиғатында бар нәрсе. Адам баласынан рухани өмірдің шегі қайырымдылықты, ізгілікті талап етеді. Бұны ХХ ғасырдың басында өмір сүрген батыс ғалымдары «шекаралық жағдай» деп түсіндірген. Қазақ философиясында «жалған дүние» деген ұғым бар. Бұның мағынасы адам өмірінің мәні де, сәні де жиған дүниесімен емес, ұрпаққа, елге жасаған ісімен өлшенеді дегенді білдіреді. Сол сияқты Әл-Фараби философиясында зерделенген қайырымдылық, ізгілік мәселелері адамзат баласына ортақ, оның табиғатының мәнін ашатын, адамның тұлғалық қасиеттерін тарих қатпарынан аршып алатын құндылық.

Адамды қадірлейтін, өзінің төл құндылықтарын дәріптейтін, сақтай алатын, кейінгі ұрпаққа дінді, адамды, табиғатты құрметтеуді үйрете білетін, құндылықтарын табыстай алатын ел ғана қайырымды мемлекетті құра алады.

Мемлекеттің қайырымдылығы адамының рухани байлығында, барлық қоғамдық сана түрлерін (дін, білім, тарих, мәдениет, өнер, ғылым, заң және т.б.) сақтай алған, оның қызметін ұқыпты пайдалана білген қоғам өзінің өкілі жеке адамның бойындағы қайырымдылықты оята біледі, адамының кісілігі арқылы мемлекетті қайырымды мемлекет (қала) деңгейіне шығарады. Әл-Фараби былай деген: «Діни сенімдері кейбір ескі теріс көзқарастарға негізделген реттерде қала надан немесе адасқан қала болып шығады». Шыныменде қоғамдық ортадан оқшауланбайтын, білімі, сенімі, көзқарасы арқылы өгейленбейтін, мемлекетінің болашағын өз болашағымен ұштастыра білген елінің өмірін, дінін, тарихы мен дәстүрін, құндылықтарын сақтаудағы ата бабасының, яғни елдің тәжірибесін құрметтеп, рухани өміріне, болашағына пайдалана білетін адам қайырымды адам, қазіргі сөзбен айтқанда заманынан қалмайтын өркениетті адам.

Қайырымдылықтың тарихта қалатын, кейінгі уақыттың құрметіне бөленетін алып бейнесі мемлекетке қол ұшын беру. Ел, халық, ұрпақ үшін ақылды, білікті, сауатты, төзімді болу. Байлығы мен күшіне сенген мемлекет жөнінде Әл-Фараби, «...олар былай деп ұйғарған: қала біткен бір-бірімен күресіп, жауласуға тиіс, бұл қалалардың ешқандай дәрежесі жоқ, бұларда еш бір тәртіпте жоқ және бұл жерде басқаларға қарағанда сый-құрметке немесе тағы бір артықшылыққа жалғыз өзі лайық келетін ешкім де жоқ. Олардың ұйғаруынша, әрбір өз қолындағы игіліктің бәрін емін-еркін пайдаланып, өзіне пайдалы нәрсе үшін басқаға қарсы күресуге тиіс, сөйтіп өз дұшпанының бәрін жеңіп шыққан адам-ең бақытты адам.

Осының бәрі қалада надан қалаларға тән көптеген көзқарастың тууына себепкер болады» - деп жазып кеткен . Қазақ руханиятында несібе, ырыс, адал еңбек, ар- ұят, обал, сауап деген ұғымдар бар. Бұның түпкілікті мәні біреудің тағдырына нұқсан келтірмеуде, біреудің ырысына, несібесіне қол созбауда жатыр. Надандық әлеуметтік ортада күш алса қоғамда тұрақсыздық болады. Өткенге зер салмайтын, бірін-бірі қолдамайтын, дұрыс сөзге тоқтамайтын, Абай айтқандай бас басына би болып шыға келетіндер надандықтың көсеуін көсейтіндер. Бұны Әл-Фараби еңбегінде былай деп түсіндірген: «Мәселен, кейбіреулердің ойынша, адамдар арасында ешбір байланыс деген жоқ, табиғи байланыс та, жасанды байланыс та болмайды, сондықтан әркім басқа біреудің мүддесіне нұқсан келтіруге тиіс, әркім өзгені жат санауға тиіс, екі адам тек зәру болғанда ғана бірігіп, тек лажсыздан ғана келісімге келмек, ал осылай біріккен күнде біреуі әрқашан да жеңуші, екіншісі жеңілуші жақ болады. Егер әйтеуір бір сыртқы жағдай бұларды бірігіп, келісімге келуге итермелейтін болса, бұлар мұны қалайда зәру болғандықтан ғана, сыртқы жағдай бұларды осыған мәжібүр еткендіктен ғана істейді. Ал осы сыртқы жағдай жоғалды дегенше-ақ бұлар сөзсіз суысып кетеді де, айрылысуға тиіс болады. адамзатқа тән көзқарастардың ішіндегі хайуандық көзқарас міне осындай».

Әл-Фараби орта ғасыр мен жаңа заманның, шығыс пен батыс мәдениетінің ортасында, екі уақыттың, екі аймақтың ерекшеліктерін, ілімін зерттеп, адамзат өркениетінің болашағын тереңнен тани білген ойшыл. Адамзат баласына өскен ортасынан, жүрген жерлерінен жиған білімін, дін ілімінен үйренген ғылымын ұсынып, сол арқылы болашақта ғылымның, технологияның күшімен қалыптасқан адамзаттың жаңа өркениетіне үлгі болатын, жаһандану заманында адамның болашағына қамқор болатын қайырымдылықтың үлгісін жасап кеткен.

Әл-Фараби ілімінде өз заманының ғана емес, бүгінгі уақыттағы адамзат қоғамының да картинасы бар. Қоғамда Бірінші Тұлға, яғни жаратылыс иесі туралы дұрыс діни білімнің болуы, мен меншілдік, эгоизм, бұның барлығын ойшыл өз заманында кеңінен талдаған. Адамзаттың екінші ұстазы атанған Әл-Фарабидің пайымдауынша мәдениеттіліктің күші мәмілеге келу. Мемлекет пен халықтың бір бағытта бір-бірін қолдап отыруы. Мәмілеге келудің басты белгісі түсінік, түсіну, халық мемлекетті, мемлекеттің халықтың жағдайын түсінуі.


Әдебиеттер:

  1. Аймауытов Ж. Бес томдық шығ. жинағы. 5-т., А.: Ғылым, 1999.-304 б.

  2. ӘБУ НАСЫР ӘЛ-ФАРАБИ. «ҚАЙЫРЫМДЫ ҚАЛА» - Алматы, RS: Халықаралық Абай клубы, 2015. – 284 б.

  3. Абай. Қара сөз. – Алматы, 1993 ж.





















Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!