Материалдар / Адамзаттың табиғатсыз күні жоқ
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Адамзаттың табиғатсыз күні жоқ

Материал туралы қысқаша түсінік
Білімділік:оқушылардың өсімдіктер,құстар жайындағы білімін кеңейту; Дамытушылық:өсімдіктердің қадір қасиеті, пайдасы туралы логикалық ойлау қабілеттерін,шапшаңдығын дамыту,белсенділіктерін арттыру; Тәрбиелік:өзі тұрған өлкенің өсімдіктерін күтіп баптауға,құстарын қорғауға тәрбиелеу,талаптануын арттыру;
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
25 Желтоқсан 2018
1748
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Солтүстік Қазақстан облысы

Тайынша ауданы

Амандық ауылы

Амандық орта мектебінің

химия, биология пәнінің мұғалімі

Хожа Ақбота


Адамзаттың табиғатсыз күні жоқ,

Табиғаттың оны айтуға тілі жоқ.

Табиғат жанымды алсаң алшы менің
Бір түйір жерге түскен тамшым едің

Кім білсін қаншама әлі шырқарымды

Кім білсін қай күні сені қырқарыңды


Мақсаты:

Білімділік:оқушылардың өсімдіктер,құстар жайындағы білімін кеңейту;

Дамытушылық:өсімдіктердің қадір қасиеті, пайдасы туралы логикалық ойлау қабілеттерін,шапшаңдығын дамыту,белсенділіктерін арттыру;

Тәрбиелік:өзі тұрған өлкенің өсімдіктерін күтіп баптауға,құстарын қорғауға тәрбиелеу,талаптануын арттыру;

Сабақ барысы.

I.Топты таныстыру

II.Капитандар жарысы

III.Топтың атын қорғау

IV.Музыкалық үзіліс

V.Қызықты жұмбақ шешу

VI.Зоовикторина

Тақпақтар

Аймара(Табиғат тойы)

Алішер(Табиғат тазалығы)

Жанар(Қызыл кітап)

Әсет(Қызыл кітап)

Мұғалім: Құрметті көрермендер,қонақтар.Ежелден қаймана қазағымыз білім, ғылымды қуып :

Қына жастан

Ақыл тастан-деп ұрпағын

ақылдылыққа,білімділікке баулыған.Ендеше ақыл-білім ұшқырлықпен ойлылықты қажет ететін бүгінгі сайысымызға қош келдіңіздер.

Бүгінгі біздің білім додасының тақырыбы табиғатқа арналады.

Адамзаттың табиғатсыз күні жоқ

Табиғаттың оны айтуға тілі жоқ-демекші табиғатты аялау,қастерлеу әр адамзаттың парасаты,парызы.Ал бүгін біздің оқушыларымыз раушан және қыран тобына бөлініп пікірсайыс өткізеді,өз ойларын, өнерлерін,білімдерін ортаға салады.Ендеше осы пікірсайысқа төрелік ету үшін сараптамашыларымызды сайлап алайық.Пікірсайысқа түсуші топтарды ортаға шақырамыз.

I-топ:Раушан тобы.

II-топ:Қыран тобы.

I.Топты таныстыру

Раушан тобының таныстыруы:

Топтың аты -Раушан гүл жайнаған,

Құлпырып тұр сол гүлдермен айналаң.

Қарай бергім -қарай бергім келеді,

Шіркіндерге қараса көз тоймаған.

Бағбан атам гүлін күтер күн ара,

Олар Назгүл,Айзат,Жанар,Динара.

Күткендіктен жайнап өсіп келеді,

Гүлназ,Маша,Аймара мен Айсара.

Туған өлкем гүлге толсын құлпырып,

Көбелектер құмарланып ұмтылсын.

Гүл туралы әсем әндер шырқалып,

Гүлім деген жүректерге жыр тұнсын.

Біз гүлдерміз қызыл,көкпіз,сарымыз,

Суармаса ауырады жанымыз.

Бөлмең сенің түрленеді гүлменен,

Үйіңізге баптап күтіп алыңыз.

Қыран тобының таныстыруы:

Азамат боп қырандаймыз самғаймыз

Ағалардың салған ізін жалғаймыз

Ашық болсын туған елдің аспаны

Көз ілместен шекараны қорғаймыз

Қыран құстың сенетіні қос қанат

Олар Әсет,Әлішер,Мади,Азамат

Үміт күтер ұландарың тұр міне

Наурызбек,Данияр және тұр Манат

Ел туында қыран бүркіт қалқыған

Біз де ұшармыз сол қыранның артынан

Тәрбиелі азамат боп өсеміз

Тәлім алып ата-баба салтынан

II.Капитандар жарысы

Қыран тобының капитаны бір құстың атын айтып бір қадам алға басу керек , ал Раушан тобының капитаны бір өсімдіктің атын айта отырып алға қарай қадам жасау керек.Кім қз сқзінен жаңылады сол топ жеңіліске ұшырайды.

III.Топтың атын қорғау

Қыран тобының атын қорғауы:

Қыран құс қисық ұшып түзу ілер.Қазақ халқы түзу мылтық жүйрік ат, қыран бүркіт ер жігіттің жігерін ұстап отырады деп бағалап,құсбегін қадірлеп халқымыз өр рухты ер жүрек ұлдарын қыран құсқа теңеген.Қазақтың саятшылыққа әуелден ақ жаны құмар екені мына бір аңыздан аңғарылады.

«Ертеде бір атақты саятшының әкесі алғаш қар жауған күні қайтыс болыпты.Сонда әлгі саятшы жігіт

Атам өлсе қойылар

Атан өлсе сойылар

Дәл осылай қан сонар

Іздесем қайдан табылар-деп аңға шығып кетіпті”- дейді.

Қыран-батылда ұшқыр,тұмсығы өткір ,ірі денелі жыртқыш құс.Еліміздің таулы аймақтарында ұя салады.Алтай тарбағатай тауларында кездеседі.Ол жайлы білмейтін қазақ жоқ шығар.Қыран құсты аң аулауға көп пайдаланғандықтан азайып барады.Қазақ халқы атақты,әйгілі адамдарды қыран құсқа теңеген.Қазақтың батыр қыздары Әлия мен Мәншүкті қыран құсқа теңеуге болады.Қыран құс аспанда қалықтап ұшып жүріп 300-400м жердегі шөптің арасындағы тышқанды көріп қояды екен.Міне қыранның қырағылығы.Бізде дәл осылай қырағы,алысқа ұшатын алғыр,қазақ халқының болашағы,бетке ұстар азаматы боламыз.

Раушан тобының атын қорғауы:

Біз табиғаттың өзін қайта түтүлететін ұрпақпыз.Жер,су ауа адам баласының ұрпағына мұра болып келе жатқан мол қазына.Әр-бір бұлақты,жалғыз дәнді де ждағаттық пен сақтау,қамқор болу басты міндеттеріміздің бірі.Судың,ауаның ластануына кім кінәлі,ормандардың ,аңдардың азаюына кім кінәлі,бәріне кінәлі өзіміз яғни адамдар.Бұрын

Адамзаттың табиғатсыз күні жоқ,

Оны айтуға табиғаттың тілі жоқ –деуші едік,енді табиғаттың тілі шыққан сияқты.Оның жауабын алып жатырмыз.Өзіміз ойланбай жасаған әрекеттерімізден өзіміз зардап шегеміз.Оған күнде-күнде жұмыр жердің әр тұсында болып жатқан табиғат апаты куә.

Ағылшын халқында :Жер бетінде жалғыз ағаш,жалғыз көл,жалғыз өзен қалғанда ғана өміріміздің қаншалықты қажет екендігін түсінеміз-деген нақыл сөз бар екен.Олай болса табиғатсыз адамның күні жоқ.Жарқын болашаққа мықты денсаулық пен аяқ басу үшін жер ана алдындағы борышымызды өтейік,кешірім ретінде жанашырлық үлесімізді қосайық,тал егейік,гүл егейік,бұлақ көзін ашайық,көше, өзен бойы арналарын қыс бойғы қоқыстан арылтайық жас достар.Атадан мал қалғанша,тал қалсыдеген сөз бар.Міне осы сөздің арқауында Республикамызда “Жасыл ел”бағдарламасы жүріп жатқанын бәрімізде білеміз.Бұл бағдарламаның,іс-шараның басты мақсаты елімізді көгалдандыру.Көгалдандыру арқылы құрып бара жатқан орманымызды қалпына келтіру,ластанған ауаны қолымыздан келгенше тазарту болып табылады.Табиғат халақ қазынасы.Оны қастеллеп,мәпелеу-біздің абыройлы борышымыз.

Қызықты жұмбақ шешу:

Қайталап атымды

Ән салып аламын

Кез-келген ұяға

Жұмыртқа саламын

көкек

Көк шалғынды аралайды

Көк орамға қонады

Қанаттарын қағады

Көлден рахат табады

Топ басында ағаш үй,

Терезесі тамаша үй.

Соны мекен етеді,

Қыста алысқа кетеді.

Өзі сақ,өзі ұсақ

Шықылықтап тұрмайды

Өсекшіге ұқсап

Құйрығы ұзын ала,

Бұл қандай құс бала?

сауысқан

Дала тау-тас тұрағы

Көзі өткір қырағы.

Қасқыр,түлкі,бұғыға

Шабуылға шығады.

Өзі күндіз жүреді

Елік қоян бүреді.

Қияға салар ұясын

Бұл құсты кім біледі?

бүркіт

Жар басында жарбиған,

Құлақтары қалқиған.

Қорегін жеп тауысып,

Мекенін артта қалдырған.

Тышқан,құс аңдып жүреді,

Жеке өмір сүреді.

Тиын мен құрға сұқтанып,

Зияны кейде тиеді.

Айтыңдаршы,балалар,

Бұл құсты кім біледі?


Музыкалық үзіліс:

Раушан тобы:

Ертегілер әлемі (ән) Айсара.

Жылайды жапырақ (ән) Динара.

Айзат,Назгүл,Гүлназ (би).

Қыран тобы:

Қос қарлығаш (ән) Манат.

Гүлімсің(ән) Данияр.

Азамат,Наурызбек(би).

Зоовикторина

1.Ителгі немен қоректенеді?

(Зиянкестермен қоректенеді.)

2.Оңтүстіктен ең бірінші ұшып келетін қай құс?

(Қараторғай.)

3.Дүние жүзіндегі ең кішкентай құсты атаңдар.

(Колибри.)

4.Екі ғана саусағы бар құсты атаңдар.

(Түйеқұс.)

5.Өте сәнді құсты атаңдар.

(Тауыс.)

6.Қай құс өзінің атын қайталайды.

(Көкек.)

Қызыл кітап.

Мына қыры қазақтың , Іздеймін мен әр бұта,

Ана қыры Әр талымды.

Қызыл қырман бүгінде, Момынымды,тентегім, арқалымды.

Қала бірі. Кім қайырып береді кваганы?

Қайда кетті , Кім қайырып береді тарпаңымды?!

Кім маған айтады енді Нысанаға мықтап бір ілінгенге

Атыраудың құланы- Тіршілік жоқ...

Онагры?! Дүние бүлінген бе?!

Жер айтады осылай, Құмырсқалар құрыса,оның орнын

Күн айтады, Толтыруға болмайды піліңмен де!

Күн айтады, Қуанышын,қайғысын,

Көңілді мұңайтады. Мұңын көріп,

Ақтөбеде бір кезде піл болғанын Жылжып жатыр осылай күн ілгері.

Кім біледі бүгінде? Мамонт қана емес қой

Кім айтады? Опат болған

Айла көп-ті адамда, Жетіп жатыр мамонттың інілері!

Айла көпті. Жарқырап-ақ тұрғанда көктем нұры,

Айласына талайды айғақ етті. Қасірет пен қайғының жеткен бірі.

Қылыш тісті жолбарыс- Хайуанаттар ғана ма зәбір көрген,

Жерлес біздің Хайуанаттар ғана ма кеткен құрып?!

Айтыңдаршы,ағайын ,

Қайда кетті?!

Жатыр дейсің жаратқан кімді ескеріп,

Құртты ма әлде өзара күндес бөрі?!

Ажары еді Даланың,

Қайда кетті,

Қайда кетті қазақы жүндес керік?!


Табиғат тойы.

Тағы келді,

Тағы келді бір көктем.

Сәби сәуір көтерілді жөргөктен.

Ертеменен безілдеді,сайрады,

Қараторғай орын таппай жер-көктен.

Дүние бір таңғажайып күйге еніп,

Көк көбелек қонды гүлге именіп,

Қуанышын сыйғыза алмай,

Көл үстінде ұзақ ұшты инелік.

Біз өкшелер тық-тық етіпбасқанда,

Тебіреніс байқалады тастан да.

Самғай-самғай,

Суға сіңген нілдей боп,

Сұңқарларың жоқ боп кетті аспанда!

Қара көздер қарсы алдынан өткенде,

Қайран жігіт қалай шыдар от-демге!

Көңіл көкте ,

Өзің бірақ төменде,

Қанатсызға қандай қиын көктемде!

Табиғат тазалығы

Таза ауаға кешегі кім шанады?!

Түтін,тұман аспанды тұмшалады.

Кір шалады қанатын аққулардың,

Соны ойласаң көңілді кір шалады.

Сексеуілдіңорнында көмір қалып,

Аман ба өзі тұрғаннан өңір налып?!

Ақ мамықтай ақша қар

Шаһарларға

Енді жауса жауады қоңырланып.

Көлдер қайда жататын сұқсыр қонып?!

Қайда барсаң бір түтін бықсыр келіп...

Ақ көжек боп өкпеңе кірген самал

Шығарында шығады сұп-сұр болып!

Мұзды мұхит сол,мүмкін,қалпында әлі.

Мән берген жоқ әлі оған жарқын халық.

Мазут жұтып,

Ауырған бидауамен

Көріебейді бүгінде алтын балық.

Шуда түтін

Шалқыған от төсінде

Шұбап тұрып алады көкке сіңбей.

Айналасы қызарған кейбір бұлттар

Ауру малдың қабарған өкпесіндей.

Бар дейсің бе –өмірде азап ондай!

Дүние азса ол енді азады оңбай!

Адам таза болмайды ешқашанда

Айналайын табиғат таза болмай!

Қызыл кітап

Қам көңілдің көк тұманы,тез айық!

Өмір үшін күреспеудің өзі айып.

Динозавр құрып кетсе бір кезде,

Енді,міне,қалды пілде азайып.

Ауру қазір табиғаттың бүйрегі.

Мықтыларың мықтылықтан күйреді.

Жунглиде жүргізбейтін жау жүрек

Жолбарыстың өзі де әбден сиреді.

Қайран күндер!..

Көңілсіз көл қоғалы.

Қайда олардың киесі мен обалы?

Алыптардың алыбына жататын

Киттерің де барады тез жоғалып.

Сирей-сирей

Құстар менен балықтар,

Жер анаға ұятты боп қалыпты ар...

Жолбарысты,пілді,китті ойласам,

Түседі еске опат болған мамонттар.

Табиғаттың бір перзенті,

Бір ұлы-

Мамонт қайтып келмейді енді тіріліп,

Дүниеге сыймайтын не жының бар.

Айналайын ірілік-ай,ірілік!

Қорытынды:Балалар біз бүгін табиғатты аялаудың, қадірлеудің қамқорлыққа алудың қажеттігін түсіндік. «Адамзаттың табиғатсыз күні жоқ,Табиғаттың оны айтуға тілі жоқ» -деп халқымыз бекер айтпаған. Сол себептітабиғатты, қоршаған ортаны қорғап, қамқорлық көрсетіп, аяласақ, ол біздің Отанды, елімізді, туған жерімізді қорғағанымыз екен.





Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!