Тақырыбы: Қазақтың рухын оятқан тұлға
Мақсаты: Оқушыларды тәуелсіздік алудағы есіл азамат - М.Дулатовтың өмірімен, шығармашылығымен таныстыру.Елінің патриоты болуға, халқын сүюге тәрбиелеу. Оқушылардың ойлау қабілеттерін арттыру, сөздік қорларын молайту.
1-жүргізуші
Алыстан Алаш десе аттанамын,
Қазақты қазақ десе
мақтанамын.
Болғанда әкем қазақ, шешем қазақ -
Мен неге, қазақтықтан сақтанамын?!- деп жырлаған «Алаш» қозғалысының көсемдерінің бірі, көрнекті қоғам қайраткері, жалынды ақын, жазушы Міржақып Дулатовтың ұлты үшін жасаған қызметтері, шығармашылығы бүгінгі қазақ әлеміне жақсы аян.
2-жүргізуші
2-жүргізуші Міржақып Дулатовтың өмірі шынайы патриот болуға, өз халқына адал және әділ қызмет етуге үйретеді.Міржақып өмірінен бейне роликті тамашалаңыздар
Бейне ролик көрсетіледі
1-жүргізуші Міржақыптың өлеңдеріне берейік
Шоқан Көзіңді
аш, оян қазақ, көтер басты,
Өткізбей қараңғыда бекер
жасты.
Жер кетті,
дін нашарлап, хал арам боп,
Қарағым, енді жату жарамас-ты.
Найзаменен түртсе де,
Жатырсын,қазақ,оянбай.
Мұнша қалың ұйқыны
Бердің бізге,ой,Алла-ай!
Бар ма екен біздей ғафыл жұрт,
Атырафқа көз салсақ.
Көзі іскенше ұйқыға
Келе жатқан тоя алмай?
Етемін үміт жастардан,
Жаңа гүл шашқан бақшадай.
Мұрадын оңай кім табар,
Жар салып жұртқа қақсамай?
Халыққа,жастар,басшы бол!
Қараңғыда жетектеп.
Терең судан өтер ме,
Мың қойды серке
бастамай?
Айқын
Көк майса бетегелі жерің
қайда?
Күмістей толқындаған
көлің қайда?
Ың-жың боп жер қайысқан
төрт
түлікпен,
Жөңкіліп, көшіп қонған
елің қайда?
Көтерген ақ киізге ханың
қайда?
Қиғаш қас, бидай өңді
ханым қайда?
Түнерген сыртқа айбынды
іргең бүтін,
Бір кезде басқа қонған
бағың қайда?
Қақ жарған қара қылды
биің
қайда?
Сапи
Рамазан Жатпалық, жастар,
жатпалық,
Жасқанба, жолың
ашылсын.
Бақшасында
халықтың,
Бұлбұл боп тілің
сайрасын.
Садақа басың жан
пида,
Ең жаманы
айдалсын.
Әр қамалға - бір
зауал,
Болып бір заман
айналсын.
Кешегі дұшман
қаһарлы,
Ертең қор боп жай
қалсын.
Ұраныңды
шығармай,
Жас қазақтар,
қайдасың?
1-жүргізуші Я, алла! Ғаламыңды
жаратқаның,
Жүзіне махлұқтарды таратқаның,
Өндіріп бір адамнан мұнша халық,
Әлсізді күштілерге қаратқаның.
-М. Дулатұлы туралы 3 қызықты дерек
Гулназира Міржақып Дулатұлы өткір тақырыптарға өте жылдам жазған. Елдің сұранысын жақсы білетін журналист болды. "Қазақ" газетінің сондай сапада, сондай мазмұнда, сондай биіктен көрінгені де содан;
Іңкәр Міржақып Дулатұлы - I Дүниежүзілік соғыста қырғынға ұшырап, босқынға айналған елге көмектесу мақсатында қазақ тарихындағы ең алғашқы "Жанар" жәрдем қорын ұйымдастырғандардың бірі;
Кәусар Міржақып Дулатұлы 1921-1922 жылғы ашаршылық кезінде Алаш зиялылары аштыққа ұшырағандарға жылу жинап беруді қолға алғанда осы іске Жүсіпбек Аймауытовпен бірге бірнеше айда 15 мың бас ірі қара жинап, ашыққан елге үлестірген;
1 –жүргізуші М.Дулатовтың бойындағы әрі ақындық, әрі жазушылық, әрі аудармашылық , әрі журналистік қабілеттер жайында ашу бір сағатта мүмкін емес, сондықтан біз бүгін ақындық, қоғам қайраткері ретінде бір қырынан көрсекм, шағын қойылымды қабыл алыңыздар!
Міржақып Дулатов кабинетінде телефонмен сөйлесіп отыр:
- Алло, сәлеметсіз бе? Ия, бұл мен – Міржақып Дулатов – «Қазақ» газетінің бас редакторының орынбасары, жауапты хатшы. Жарайды, күтемін, келсін.
Қызы Гүлнар мен досы Ахмет Байтұрсынұлы келеді. Қызы:
- Әке, кіруге бола ма?
- Кел, кел қызым! Неге кіруге болмасын? Оу, сен жалғыз емес екенсің ғой, Ахмет аға қош келдіңіз.
Ә, Міржақып, аманбысың? Қуанышыңа ортақпын. Уфа қаласында «Шарқ» баспасында «Оян, қазақ!» деген кітабың шығыпты. Сенің жалынды үнің, жігерлі сөзің мына халықты бір серпілтіп тастайтынына сенімдімін.
- Ниетіңізге рахмет, аға бірақ мені толғандырып жүрген ойлармен өзіңізбен бөліссем деймін.
- Айта бер, Міржақып.
- Дүниеге қатынасып жүрген оқыған азаматтарымыз болмаса ,біздің қазақ
халқы пайдалы мәселелерден бейхабар еді Себебі: дария қасында тамшы секілді оқығандарымыз аздықтан ,халқымыз бытырап жүргендіктен, заман ахуалынан хабар білерлік оқуға өз тілімізде газет жоқтықтан біздің халық дүние сарайының бір қараңғы түкпірінде ұйықтап ,ұмыт қалған секілді болып тұр,
- Ойыңды түсіндім, Міржақып. «Оян, қазақ!» бұл сенің бастамаң, сенің алдыңда үлкен асулар бар, әлі. Барлығы сені көріп, құттықтағысы келіп, шуласып жүр. Әне, көрмеймісің сенің болашағың, жастар келе жатыр.
- Әке мен де оқиыншы. (Бір өлең оқиды)
- Жарайсыңдар, айналайындар. Сендер тұрғанда қазағымның болашағының баянды болатынына сенемін.
Кабинетке 3 адам кіріп келеді:
- Бұл не той, не тойлап жатырмыз, құжаттарыңды көрсетіңдер, М.Дулатов, А.Байтұрсынов сендер ме?
- Біз.
- Екеуіңнің саяси көзқарастарың халықтың көзқарасына қарама-қайшы келеді. Сол себепті, ОГПУ коллегиясының үкімі бойынша тұтқындалдыңдар.
- Жібер, жіберіңдер, ағаны , оның не жазығы бар?
Міржақып:
«Көзіңді аш, оян қазақ, көтер басты,
өткізбей қараңғыда бекер жасты!
Жер кетті, дін нашарлап, хал һәрам боп,
Қазағым, енді жату жарамас-ты».
- Жап аузыңды. (Алып кетеді).
Атылған оқтың дауысы естіледі.
- Жастар, қара хабар жетті, естідіңдер ме, Міржақып аға қайтыс болыпты.
- Не дейді?
Бәрі:
«Алаш» туы астында
Күн сөнгенше сөнбейміз,
Енді Алашты ешкімнің
Қорлығына бермейміз.
Өлер жерден кеттік біз.
Бұл заманға жеттік біз.
Жасайды Алаш, өлмейміз
Жасасын «Алаш», жасасын!
1-жүргізуші .Алаштың осы - біртуар ұлдарының бұратана халық болмаймыз, өз алдымызға тәуелсіз ел боламыз деп қазақ елі, қазақ жастарына қалдырған өсиеттері өз иесіне енді-енді ғана жетіп жатыр.
1
Оян, қазақ!
Ойлан, қазақ!
Бол, қазақ!
Шын бақытқа жеткізетін жол да ұзақ.
Алашағың аз ба мына дүниеден,
Болашағың емес пе еді зор, ғажап?!
2
Оян, қазақ!
Ойлан, қазақ!
Бол, қазақ!
Сілкінші бір қанатыңды қомдап ап!
Ауырыңды арқала да, алға бас,
Бауырыңмен не көрінді жорғалап?!
3.Мен қазақпын,
сен қазақсың,
ол қазақ,
Ер мінезбен өр рухқа болма жат.
Ортасына жалғыз орыс кіргенде,
Орыс тілде шүлдірлейді он қазақ.
4.Ақылымыз ашып бітті айран боп.
Қамқор Алла сақтамаса біздерді,
Қайран жұртта өзін қорғар қайран жоқ.
Оян, қазақ!
Ойлан, қазақ!…
Күй
2-жүргізуші «Қыз байғұс қолға түске сандуғаштай,
Торында өмірі өтер кілтін ашпай.
Сатады мал көп берген кісі болса,
Кетеді жылап сорлы қарсыласпай..
Бас бостандығы жолында белсенiп әрекетке шыққан қыздың тағдыры
көрсетіледі. «Бақытсыз Жамал» романы туралы монолог
Гүлсезім Мен қайран атам малға сатқанына,
Бір тазды жалпақ елден тапқанына.
Аты өшіп, тумай кеткір Жұман деген
Мал беріп мені өзімсіп жатқанына, -
деп көздің жасын көлдетіп жүргенінде
Сөйле, тілім, шешіліп осындайда,
Құрбыларымен бір жерге қосылғанда.
Отырмассың үнемі төрде бүйтіп,
Еріксіз-ақ қоярсың тосылғанда
Бір сенсің ғашық отын сөндіретін,
Кім бізді ықтиярсыз көндіретін.
Өлсек шұқыр бір болсын, шықсақ төбе,
Айырмалық болса да өлтіретін.
Бір алла жалғыз өзі болсын айғақ,
Тұралық уағданы бекем байлап,
Сен үшін бір басымды еттім құрбан,
Шынжырлап жіберсе де Сібірге айдап-деп Жамал жерге бүрісе жатады
1-жүргізуші Қаз едік қатар ұшып
қаңқылдаған,
Сахара көлге қонып салқындаған.
Бір өртке қаудан шыққан душар болып,
Не қалды тәнімізде шарпылмаған?!
ән. Оян
қазақ
«Арғы атам ер түрік,
Біз қазақ еліміз.
Ат мінсек ерленіп,
Дуылдап шабамыз.
Лап десек, ерленіп,
Лапылдап жанамыз!...»дей келе бүгінгі әдеби кешімізді аяқтаймыз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Әдеби кеш: Қазақтың рухын оятқан тұлға М. Дулатов

шағым қалдыра аласыз