Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Әдебиет сабағында оқытудың инновациялық технологияларын қолдану арқылы оқушылардың шығармашылық қабілеттерін жетілдіру
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Әдебиет сабағында оқытудың жаңа технологияларын қолдану арқылы оқушылардың шығармашылық қабілеттерін жетілдіру
Бүгінгі жас ұрпаққа жан-жақты
білім беру, тәрбиелеу әрбір ұстаздың басты міндеті. Білім негізі
мектепте қаланатын болғандықтан, оқушының жеке тұлғалық күшін
дамыту, оның шығармашылық мүмкіндігінің дамуы басты рөл атқарып
отыр. Олай болса, қазіргі ұстаздар қауымының алдындағы үлкен
мақсат: өмірдің барлық саласындағы белсенді, шығармашылық
іс-әрекетіне қабілетті, еркін және жан-жақты жетілген тұлға
тәрбиелеу.
Бұл мақсатқа жетуде ұстаздар терең білімді, әдістемелік жағынан
толық қаруланған және жоғары мәдени деңгейі болуы тиіс. Себебі,
қазақ тілі пәні мұғалімі оқушылардың оқуға ынтасын оятып, олардың
қабілеттерінің дамуына жол ашады. Мұғалім алғашқы сабақтан бастап
әрбір оқушының жеке ерекшеліктерін, ынтасы мен бейімділігін, оқу
мен еңбекке ұқыптылығын ескере отырып оқу үрдісін жүргізуі
керек.
Ертеңіне лайық ұрпақ тәрбиелемеген елдің келешегі жоқ десек, сол
ұрпақты тәрбиелеудегі ұстаз еңбегі – ұлы еңбек. «Ұстазын сыйламаған
елдің ұрпағы азады», — дейді халық даналығы. Осыған байланысты
шығармашылық, ізденіс деген әр ұстаздың алдында тұрған үлкен міндет
деп ойлаймын.
Шығармашылық – бұл адамның өмір шындығында өзін-өзі тануға ұмтылу,
іздену. Өмірде дұрыс жол табу үшін адам дұрыс ой түйіп, өздігінен
сапалы, дәлелді шешімдерқабылдай білуге үйренуі қажет. Адам
бойындағы қабілеттерін дамытып, олардың өмірден өз орнын табуға
көмектеседі.
«Шығармашылық» ұғымының жалпы теориясын зерттеген С.Л.Рубинштейн
«оқушы шығармашылығының ерекшелігі оның сапалы түрде мақсатты
әрекет жасауымен анықталады» — дей келе, «шығармашылық, шешімінің
нәтижесі баланың өзі үшін жаңалық болса жеткілікті» екендігін
айтады, яғни баланың шығармашылық өнімді еңбегі оның жеке
тәжірибесімен салыстырылады.
Шығармашылық жұмыста, әсіресе, бала қиялының орны ерекше. Бұл
жөнінде М.Жұмабаевтың айтқан тамаша пікірі бар: «Жаратылыстың
құшағында, меруерт себіл ген көк шатырдың астында, хош иісті жасыл
кілем үстінде, күнмен бірге күліп, түнмен бірге түнеріп, желмен
бірге жүгіріп, алдындағы малымен бірге өріп, сары сайран далада
тұрып өсетін қазақ баласының қиялы жүйрік, өткір, терең болуға
тиісті». «… Баланың атаға тартуы рас болса, сиқырлы даланың баласы
– қазақ баласы қиялқұмар болуға тисті». Педагог ғалымның айтқанының
сөз өнері — әдебиетке тікелей қатысы бар. Өйткені М.Жұмабаевтың
сөзімен айтқанда, «қазақ баласының жаратылысы соны тілейді».
Сабақтарды түрлендіріп өткізудің маңызы ерекше. Мұндай сабақтардың
тиімділігін атап өтсек: сабақ құрлымының ұйымдастырылуы, сыныптағы
оқушылардың іс-әрекетін бақылауға қолайлылық, оқу-танымдық
тапсырмаларды орындаудағы ұжымдық бірлескен әрекеттің жүзеге асуы,
оқу уақытының үнемделуі.
Шығармашылық сипаттағы сабақтар түрлерін жүйелі ұйымдастыру арқылы
оқушылардың танымдық белсенділігі қалыптасып, ұстазы берген
ақпаратты, іс-әрекет тәсілдерімен бағалау өлшемдерін қамтитын
қоғамдық және ұжымдық тәжірибе тағылымдарын игеріп қана қоймай,
оқушы барлық іс-әрекетте шығармашылық бағыт ұстанады, қабілет
білігін ұштай түседі.
Оқушыларды шығармашылыққа баулудың, өзіндік іс-әрекетін
ұйымдастырудың түрлері өте көп.
Ұрпақ тәрбиесі ең басты мақсат десек, мұғалімдер алдында зор жауапкершілік тұрғанын танытады. Мұғалімнің әр сабақты қызықты етіп құруы, оқушыларға қойылатын талабы күннен – күнге арта түсіп, сабақтың әр кезеңін әдістемелік талапқа сай оқытудың жаңа технологияларымен жүргізілуі шарт. Сондай жаңа технологиялардың бірі – «Сыни тұрғысынан ойлауды оқу мен жазу арқылы дамыту». Бұл технология құрылымы үш кезең бойынша қолданылады.
1. Қызығушылықты ояту.
2. Мағынаны тани білу.
3. Ой толғаныс.
Осы кезеңдердің ұтымды өткізілуі мынадай нәтижелерге қол жеткізеді.
- оқушылар басқалармен қарым-қатынас жасай береді.
- басқаларды тыңдай білуге, кез келген жауапқа сыйластықпен және түсіністікпен қарауға үйренеді.
- өз ойын топ алдында ашық айтуға, қорғай білуге баулиды.
- өз бетінше ізденуге ұмтылдырады.
- сабаққа қызығушылығы артып, белсенділігі өте жоғары болады.
- шығармашылық қабілеттерін дамытады.
Оқушы қабілетін арттырып шығармашылық ізденіске жетелейтін технологиялардың бірі – деңгейлеп оқыту технологиясы. Бұл технологияның басты мақсаты – әрбір оқушының даму деңгейінде оқу материалын меңгеруін қамтамасыз етеді. Оқушыларға деңгейлік тапсырмалар беру арқылы сан түрлі жұмыс түрі жүргізіледі. Бұл технология оқушының білім деңгейіне сәйкес жеңілден қиынға қарай оқытылады. Деңгейлеп оқыту төрт бөліктен тұрады.
1. Оқушылық деңгей. Бұл міндетті деңгей болғандықтан тапсырманы барлық оқушы орындайды.
2. Алгоритмдік деңгей. Бұл деңгейде өткен материалды оқушы талдап, бұрынғы тапсырмаларға сәйкес білімдерін түрлендіріп пайдалану керек.
3. Эвристикалық деңгей. Оқушылар жаңа тақырып бойынша меңгерген білім дағдыларын жетілдіріп тереңдетеді. Ребус, сөзжұмбақтар шешіп, зертханалық жұмыстар жүргізеді, эвристикалық сұрақтар болуы қажет.
4. Шығармашылық дейгей. Бұл деңгей оқушыны шығармашылық ізденістерге жетелейді. Оқушы күрделі тапсырмаларды орындайды. Шығарма, эссе жазу, өлең құрастыру, күрделі есептер шығару т.б.
Соңғы жылдары «Әдебиет» пәнінің орны ерекшеленіп келеді. Бұл пән арқылы баланы Отанын сүюге, өз ана тілін құрметтеуге, ақын-жазушылардың өмір тарихымен, шығармашылығымен таныстыра отырып, олардың сөйлеу, ойлау қабілеттерінің артуына көп ықпал жасаймыз.
Әдебиет пәні бойынша көбіне мәтінмен, көркем шығармамен жұмыс жүргізуді дейгейлік тапсырмалар арқылы береміз.
1-деңгейде мәтінді мәнерлеп оқиды, мазмұнын түсінеді.
2-деңгейде кейіпкерлерге мінездеме береді, табиғат суреттерін тауып оқиды.
3- деңгейде мәтінді өз ойымен аяқтау, оны талдау жұмыстары жүргізіледі.
4-деңгейде нағыз шығармашылық жұмыстар жүргізіледі. Егер өлеңмен таныссақ, осы өлең ұйқасына салып, өлең құрау, шығарма жазу т.б. орындайды.
Мақсатқа жету оқушының өзі
арқылы іске асады.Мұғалім -ұйымдастырушы,бағыт беруші.Американ
ғалымдары Джинни Стилл,Куртис Мередит,Чарлз Темпл жасаған «Оқу мен
жазу арқылы сыни тұрғыдан ойлауды дамыту» жобасының оқушы
құзыреттілігін дамытуда маңызы зор.Бұл жоба кез келген ұстазға
сапалы білім беруге мүмкіндік береді.Менің мақсатым қазақ әдебиеті
сабағында СТО жобасын қолданудың тиімді жолдарын анықтау.Ең
бастысы,қазақ әдебиеті сабағында СТО жобасын қолдануда
әдіс-тәсілдерін таңдап алдым.Қазақ әдебиеті сабағында қолдану
әдіс-тәсілдері:»Болжау» , «Венн диаграммасы», «Топтастыру» ,
«Аялдамамен оқу», «Жигсо», «Академиялық даудамай», «Инсерт
кестесі», «ББҮ», «Аквариум», «Эссе», «Ойтолғау».
Осы тәсілдерді қолданып сабағымды жүргізе бастадым.Әрине,маған
бүкіл жобаны қолнану жеңілге тиген жоқ.Басты кезде уақытымның
жетпей қалуы мені көп қобалжытты. Бұған себеп:оқушының баяу
қозғалуы;ойын еркін жеткізе алмауы өз ойын қағазға тез,жүйелі
түсіре алмауы.
Уақыт өте келе,оқушылардан бір өзгеріс байқадым.Ол-оқушылардың
бір-бірінен қысылмай ойын еркін жеткізуі.Ең бастысы,біреудің пікірі
құнды екенін түсіне бастауы мені таңқалдырды.Бұған басты себеп-СТО
жобасы.
Әр сабақ сайын сыныпта «Біреудің сөзін бөлме», «Талқылауды мұхият
тыңда» т.б қағидалар тақтада,қабырғада ілулі тұрды.Бұл қағидалардың
үлесі көп болды.
Оқушылардың сабаққа
қызығушылығын оятқан,әсіресе, «Ой қозғау», «Болжау», «Венн
диаграммасы», «Топтастыру» әдістері болады. Осы әдістер арқылы
оқушылардың өз ойларын топта,ұжымда талдай бастады. Мысалы,
С.Аронұлының «Жақсы мен жаман адамның қасиеті»өлеңін болжай отырып,
аялдамамен оқыды.
1топ- «Біздің ойымызша С.Аронұлы жақсы адам мен жаман адамды толық
сипаттап берді».
2 топ- «С.Аронұлы жалпы «Қасиет» деген сөздің мағынасын ашып, жақсы
адамға тән қасиетті бөлек саралап берді»,-деп ойлаймыз.
Тағы басқа топтарда сол сияқты өз ойларын өзінше ортаға салып
жатты.Өз болжауынан кейін оқушы ойында «Бұл өлең не туралы
екен?»деген сұрақ туындап,өлеңге деген қызығушылығы артты. Өлеңді
жасаған болжауларымен салыстыра отырып,аялдамамен оқыды. Бұл
тұрғыда оқушының шығармашылығы дамыды. Ой толғауда «Венн
диаграммасын»қолдануды тиімді көрдім.
|
|
|
|
|
|
Бұл
диаграмманың тиімділігі оқушы адам бойындағы қасиеттерді айыра
біледі, саралай біледі. Сабақ барысында және соңында
«Бүгінгі сабақтың тақырыбы сендерді қызықтырды ма?», «Достарыңның
пікірін қалай бағалайсың?» т.б сұрақтар беріп отырдым. Сәтті шыққан
сабақтардан кейін мақсатыма жеткен жетпегенімді зерттеп,анализ
жасап отырдым. Сол анализ арқылы жалпы сыныптың ынтасын жоғалтып
алмауға тырыстым. Әр сабақта өтілетін стратегияларды түрлендіріп
отыруды жөн көрдім.
Әрбір стратегияны қолданудың өзінің тиімділігі бар. Оқулықта әр
ақын,
жазушының өмірі туралы қысқаша мәлімет беріліп тұрады. Жалпы
ақын-жазушының өміріне түсініктеме беру үшін2-3 минут уақыт
беріледі. Мен бұл кезде «Ассоциация» стратегиясын қолдандым.
Мысалы: А.Құнанбаевтың «Шоқпардай кекілі бар қамыс құлақ» өлеңін
өткен кезде оқушыға «Абай кім?» деген сұраққа ассоциация жасаттым.
Әр бала өзінше өз бетімен жазды, топта, ұжымда талқылады. Сабақ
соңында үй тапсырмасына қосымша ретінде осы ассоциацияны
толықтыруға бердім. Бұл мен үшін тиімді болды, уақытты үнемдедім,
бірінің білмегенін бірі айтты.
Осы ассоцияны толықтыру үшін оқушы кітапханаға барып,келесі сабақта
толықтырып әкеледі,яғни ізденімпаздығы артты.
Ой толғау, эссе стратегиясын көбіне сабақты қортындылау кезінде
немесе үй тапсырмасы ретінде қолданған тиімді.Ш.Құдайбердіұлының
«Адамдық борышын» атты өлеңін өткен кезде ,үй тапсырмасына «Менің
борышым» атты ойтолғауберілді.Мысал ретінде 2 оқушының эссесін
ұсынам:
Әр адам елім,жерім деп өсуі тиіс.Оны қорғау,қастерлеу,дамыту-әр
адамның парызы. Сол үшін сабағымды жақсы оқу керек. Өйткені ел
болашағы-біздерміз!
Менің бірінші борышым- ата-анамның ақ сүтін ақтау. Ертең ер
жетіп,азамат болғанда, осы жағдайға жеткізген ата-анамның алдында
қарызымды өтеу. Дәл қазіргі борышым-сабағыма уақытында барып, жақсы
оқу.
Осы эсселер арқылы ең бірінші баланың ойы дамиды. Бала өз ойын
қағаз бетіне еркін түсіреді. Жалпы өлең мазмұнын түсінгенін
байқаймыз.
СТО жобасының әдіс-тәсілдерін әдебиет сабағында қолдану арқылы
байқағаным:қандай шығарма болса да, бұрынғыдай еріксіз емес,өз
еріктерімен қажеттілік ретінде қызығып оқиды. Өткен сабақпен
жеңіл,әрі толық байланыс болады. Кез-келген оқиғаның астарына ой
жүгірту керек екендігін сезіне бастады. Оқытудың бұл түрінде оқушы
рөлі ерекше. Себебі,оқушылардың жеткен нәтижесі. Оқушы ұжыммен
бірігіп жұмыс жасауды үйренеді.
Мұғалімнің ғана емес,бір-бірінің пікірлерін таңдап,бағалауға
дағдыланады. Еркін сөйлеулері байқалады. Орташа оқитын оқушыларда
ортаға тартылып,өз қырларын таныта бастады. Жазу сабақтарына
көзқарастары өзгерген.
Сабақтың үш кезеңінде оқушылардың проблема шешу құзыреттілігі,
ақпараттық құзыреттілігі және коммуникативтік құзыреттіліктерін
дамыту мақсатында әр түрлі стратегиялардың тиімді қолдануына ерекше
мән бердім. Проблема шешу құзыреттілігін қалыптастыру барысында:
торлы талқылау, Венн диаграммасы, дәлелді эссе.
Ақпараттық құзыреттіліктерді дамытуда: Инсерт кестесі, үш қадамды
сұхбат, алма-кезек сұрақ қою, ББҮ кестесі, жолаушының қойын
дәптері, кластер, қос жазба күнделік.
Коммуникативтік құзыреттілік қалыптастыруда: ЖИГСО, аквариум,
бірлесе оқу, үш қадамды сұхбат, эссе, еркін жазу, дөңгелек стол,
болжау, оқырман жауабы, жазба конференция, бірлесе жазған әңгіме,
сауалнама т.б стратегияларды қолданудың тиімділігі анықталды. Оқушы
құзыреттілігін дамытуда СТО технологиясының тиімді екенін түсіндім.
Бұл жоба қоғам талабына сай құзыретті тұлға қалыптастыруда үлесі
өте зор.
Болашақта әлі талай жетістіктерге, нәтижеге қол жеткіссем деген
үміттемін.
Әдебиет
пәні – баланың интеллектісі мен шығармашылығын дамытудың
арнасы. Әдебиет сабақтарында баланың тапқырлығын, зерделігін
дамытатын шығармашылық тапсырмалар орындату баланың ой-өрісін,
қиялын, есте сақтау қабілеттерін дамытады. Әр сабақта жақсы
материалды талдауға көңіл бөлемін.
Талдау дегеніміз- бірлескен ізденіс. Ізденіс оқушыны шығармашылық іс-әрекетке жетелейді. Жаңа инновациялық технологияларды пайдалану арқылы біз оқушы қиялын, ойын дамытамыз. Ойы дамыған шәкіртіміздің танымдық қызығушылығы арта түсіп, шығармашылық әрекеті жоғары деңгейге көтеріледі.
Үздіксіз бір ізді жүргізілген шығармашылық әрекет оқушыны білім шыңына шығарады.
Оқушыларға терең білім беру үшін жаңа технологияларды қолдана отырып төмендегідей қағидаларды есте сақтаған жөн:
* мұғалім пәнді өзі жетік
терең біліп, оны балаларға жай, қарапайым тілмен, өмірмен
байланыстыра отырып беруі қажет.
* мұғалім оқушылардың жеке басының психологиясын (жан дүниесін)
жете біліп, әр оқушының жүрегіне жол таба білуі қажет.
* мұғалім әр оқушыға, бүкіл сыныпқа талап қоя білуі керек.
* мұғалім әр сабақта ғылым мен техника жаңалықтарын дұрыс қолдана
білуі.
* мүмкіндігінше, кейбір үлкен тақырыптарды топтап, жеке блоктар
түрінде топтай білуі.
* балалардың есте сақтау қабілеттерін арттыру үшін жаңа сабақты
тірек конспектілері мен жеке тірек белгілері бойынша беру.
* сабақта балалардың пәнге деген қызығушылығын арттыру үшін әртүрлі
қызықты элементтерді пайдалану.
* әрбір сабақ өз дәрежесінде өтуі қажет.
Қорытынды
Заман талабына сай білім бере отырып, оқушы бойында танымдық қабілетін дамыту бүгінгі таңда ұстаз үшін үлкен жауапкершілік іс болып табылады.
Бұл туралы Елбасы
Н.Ә.Назарбаев: «Ғасырлар мақсаты – қоғамның нарықтық
қарым-қатынасқа көшу кезінде саяси-экономикалық және рухани
дағдарыстарды жеңіп шыға алатын, ізгіленген ХХІ ғасырды құрушы,
іскер, өмірге икемделген, жан-жақты мәдениетті жеке тұлғаны
қалыптастыру», – деген тұжырымдамасында ашып көрсеткен.
Қоғамның осындай дарынды адамдарға деген қажеттілігін
қанағаттандыру талабы білім беру жүйесінің алдына баланың жеке
қабілеті мен әлеуметтік белсенділігінің дамуына жол ашу,
шығармашылық қабілеті зор жеке тұлғаны қалыптастыру міндетін қойып
отыр. Бұл жердегі мұғалімнің міндеті: әр оқушының бойындағы
бейімділікті дер кезінде көре біліп, оны дамыту.
Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытудың өзектілігі төменде
көрсетілгендей:
1. Өз бетімен оқуға, жұмыстануға дағдыланады.
2. Шығармашылық ізденіске жетелейді.
3. Өз ісіне деген сенім пайда болады.
4. Әр нәрсеге сын көзбен қарауға үйренеді.
5. Салыстыруға, қорытынды жасауға үйренеді.
6. Шығармашылдық белсенділік артады.
Осылардың нәтижесінде дарынды, қабілетті жеке тұлға
қалыптасады.
Мен істеймін – өзінің пәнге деген қызығушылық тетігін табуы.
Мен үшін керек – пәннің өз өміріне деген қажеттілігін сезінуі,
талаптануы, оқуы, ізденуі.
Мен істей аламын – өз біліміне деген сенімділігі.
Сондықтан ұстаз ретінде менің алдыма қойған мәселенің өзектілігі:
жеке тұлғаны табу, оған жетекшілік ету, әр оқушының шығармашылық
қабілетін танып, біліп дамыту.
Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту кезінде оған кері әсер
ететін кедергілердің де бар екенін әр уақытта есімізде
ұстаймыз.
Ондай кедергілер:
1. Оқушының әлеуметтік жағдайының болмауы.
2. Психологиялық жағынан ойлау, қиялдың төмен болуы. Өз күшіне
сенбеуі, жалқаулығы.
3. Денсаулығының нашарлығы.
Сондықтан мұғалім өз пәнін үйрету барысында әр оқушыны зерттеп,
олардың өміріндегі осындай кемшіліктері болса, оны алдын-ала
анықтау керек.
Мен ұстаз ретінде әр оқушыны болашақ азамат ретінде бағалап, осы
тұжырымдаманы өз қызметіме басшылыққа аламын. Қазіргі
компьютерленген жаңа заманда әр оқушының заман талабына сай әлемдік
дәрежеде білімді меңгеруі үшін қазақ тілі пәні бойынша шығармашылық
қабілетін дамыту – ең басты міндетім.
Осыған орай оқушының пәнге, ғылымға деген қызығушылығын арттыру
мақсатында, оқушым Жолдасбек Маржанға және басқа да дарынды
оқушыларға өзіндік жұмыстар жасауды, өлең жазуды, реферат
дайындауды тапсырма етіп бердім. Осындай сабақтан тыс тапсырмаларды
орындауда олар тыңғылықты деректерді жинап, өлеңдер шығарып,өз
бетінше ізденіп, зерттей білді.
Бүгінгі күні ХХІ ғасырдың ақпараттанған, жан-жақты мәдениетті,
іскер, өмірге икемделген, бәсекеге қабілетті дарынды шәкірт
тәрбиелеу барша ұстаздың міндеті.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1.ҚР Білім туралы Заңы. Астана. 2004 жыл.
2.Н.Назарбаев “Біздің халқымыз жаңа өмірге бейімделуі керек”.//”Егемен Қазақстан”. 31 мамыр. 2000 ж.
3.Бабаева Ю.Д. Динамическая теория одаренности. Основные современные концепции творчества и одаренности. М. 1997г.
4.Хмель Н.Д. Теоретические основы профессиональной подготовки учителя. – Алматы. “Ғылым”. 1988г
5.Дамыта оқыту технологиялары.Алматы 2000.Б.А.Тұрғынбаева
6.Ұстаздық шығармашылық.Алматы 2007. Б.А.Тұрғынбаева