Әділдік - ізгіліктің іргетасы

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Әділдік - ізгіліктің іргетасы

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақалада мектебімізде өткен сеинар туралы айтылды
Материалдың қысқаша нұсқасы

Әділдік - ізгіліктің іргетасы

Тұғыл ауылы Т.Рысқұлов атындағы орта мектебінде қараша айының 15-і күні «Әділдік – ізгіліктің іргетасы» атты аудандық семинар болып өтті. Семинарға аудан мектептерінен 50 шақты директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары мен сынып жетекшілері қатысты. Сыбайлас жемқорлықтың алдын алудың тиімділігін арттыру, сыбайлас жемқорлық ұғымын және осы құбылысқа қарсы күрестің негізгі бағыттарын талқылау мақсатында өткізілген семинарда сынып жетекшілер өз іс-тәжірибелерімен бөлісті.

Семинардың ашылу салтанатында, бұл шараның өтуіне ұйтқы болып отырған аудандық білім бөлімінің әдіскері Г.Шектібаева сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тіледі. Ашылу салтанатынан соң қонақтар мектепті аралап, мектеп ішінен құрылған «Даналық мектебінің» жұмысымен танысты. «Айнамкөз» жеңгелер клубы, «Әжелер клубы», «Аталар клубы» және «Ағалар клубтары» өз жұмыстарының барыстарын көрсетті. Келген қонақтар «Әжелер клубындағы» ақ жаулықты әжелеріміздің ұйымдастырған ақ дастарханынан дәм татты, ал «Аталар клубының» мүшелерінің бірі, ақсақал атамыз қонақтарға өз батасын берді. Әсерлі сәттен соң семинар қатысушылары ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының кабинетін тамашалады.

Аудандық семинардың бастамасы мектебіміздегі директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары - Г.Окенова «Міндетіміз ортақ-жемқорлықсыз болашақ атты» дөңгелек үстел жиынымен басталды. Жемқорлыққа қарсы күресті ұйымдастыру мақсатында мектебіміздегі жүргізіліп жатқан жұмыстарды іс-тәжірибе ретінде көрсете отырып, заман талабына сай қолданылған жасанды интеллект әдісі дөңгелек үстелдегі пікірталастардың жандана түсуіне себепкер болды. Мектебіміздегі 9-сынып оқушыларының жетекшісі Л.Қыдырханова «Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу жұмыстарының тиімді формалары мен әдістері» тақырыбында тәрбие сағатын өткізді. Сабақта көптеген заманауи әдіс-әсілдер қолданылып, оқушылар пікір таластырып, сабақ тартысты өтті. Мектеп тәлімгері Н.Саханова мектебіміздегі «Адал ұрпақ» ұйымының жұмысын таныстыру мақсатында «Әділетті Қазақстан – адал азамат» тақырыбында презентация қорғады. Әріптестеріміздің өткізген әрбір жұмыстары мектебіміздегі күнделікті жүргізіліп жатқан тәрбие жұмыстардың дәлелі ретінде көрініс тапты.

Шара барысында Абай атындағы орта мектебінен М.Кенжебаева «Буллингке жол жоқ!», Ш.Уалиханов атындағы орта мектебінен А.Амренова «Вандализм - көше қасіреті», С.Көбеев атындағы орта мектебінен «Лудомания - құмар ойындардың зияны», Д.Қонаев атындағы орта мектебінен «Вейп және нашақорлық – қоғам дерті» тақырыптарында тәрбие сағаттарын көрсетіп, өз тәжірибелерімен бөлісті.

Балаларымыздың болашағы үшін алаңдап, жемқорлықсыз болашақты қалап отырған ата-аналар үшін, осындай аудан көлемінде өткізіліп отырған шараның маңызы зор екенін білеміз. Сондықтан да осындай іс-тәжірибе алмасу семинарларының саны арта берсін демекпіз.



Ақмарал Жанымханқызы

Тұғыл ауылы

Т.Рысқұлов атындағы орта мектебі

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
25.11.2024
155
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі