Әділетті Қазақстан

Тақырып бойынша 31 материал табылды

Әділетті Қазақстан

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақалада ұлт болашағының кепілі жас ұрпақты мәдениеттілікке тәрбиелеудің қарапайым қағидаттары қарастырылған. Әділетті қоғамның әр мүшесі мәдениеттілікті өзінен бастаса, ізгі қоғам орнатуға септігін тигізетіні туралы да сөз етіледі.
Материалдың қысқаша нұсқасы


Аңдатпа. Мақалада ұлт болашағының кепілі жас ұрпақты мәдениеттілікке тәрбиелеудің қарапайым қағидаттары қарастырылған. Әділетті қоғамның әр мүшесі мәдениеттілікті өзінен бастаса, ізгі қоғам орнатуға септігін тигізетіні туралы да сөз етіледі.


Аннотация. В статье рассматриваются простые принципы культурного воспитания молодого поколения, которое является залогом будущего нации. Говорят также, если каждый член справедливого общества начнет вежливость с самого себя, он будет способствовать созданию хорошего общества.


Annotation. The article deals with the simple principles of culture education of the young generation, which is the guarantee of the nation's future. It is also said that if each member of a just society starts civility from himself, it will contribute to the establishment of a good society.


Кiлт cөздер: табысты ұлт, мәдениеттілік, ел болашағы, жас ұрпақ, ізгі қоғам, тәрбие.






Ұрпақты мәдениеттілікке тәрбиелеу– табысты ұлт болудың кепілі


«Адамның адамшылығы – ақыл, ғылым,

жақсы ана, жақсы ата,

жақсы құрбы, жақсы ұстаздан болады»

Абай Құнанбайұлы.

«Әділетті Қазақстан: сапалы білім, адал ұрпақ, табысты ұлт» деген тақырыппен еліміздің барлық білім ордалары биылғы оқу жылының жаңа парағын ашты. Жаңа Қазақстанды қалыптастыру жолында жасалып жатқан өзгерістер мен игі бастамалардың іс жүзінде жүзеге асуына тікелей атсалысып, өскелең ұрпақтың бойына сапалы білім мен адалдықты сіңіріп жатқан әр ұстаздың еңбегі теңізге құйған тамшыменен тең. Әлемде, жалпы білім сферасында ғылым мен техниканың қарыштап дамып жатырған сәтте әрбір мұғалім де білім жетілдіріп, ізденіс жолында жан-жақты еңбектенуі өте маңызды. Өйткені, қай кезеңде болмасын ел болашағын табыстайтын, тізгінін аманаттайтын ұрпақтың білімді, саналы, ұлттың қамын жейтін жанашыр тұлға етіп тәрбиелеу – ұлы іс.

Әр халықтың ерекшілігін халқына, әдебиеті мен мәдениетіне, тілі мен діліне, дініне қарап білуге, тарихтағы қолтаңбасын артында мұрасынан тануға болады. Әр алдыңда кезіккен адамды да сөйлеген сөзі мен ісіне, киімі кию мәдениетіне қарап ажыратуға болады. Мәдениеттің түп негізі – адамның адамгершілігінде. Сөз зергері Ғабит Мүсіреповтің: «Шала білім, шалағай мәдениет бір құлатпай қоймайды» деген тәмсілі ойға оралады.

Қазіргі заман бала тәрбиесіне ерекше мән беруді қажет етеді. Себебі, ұрпақ тәрбиесі – ұлт болашағы. «Ұлтыңды сақтаймын десең – қызыңды тәрбиеле, рухыңды сақтаймын десең - ұлыңды тәрбиеле» деген екен орыс ғалымы Платон. Бұрынғы ата-бабаларымызда қазіргідей техника мен ақпарат көздері болмаса да, көрегенділік пен даналыққа бай болғандығына сол кезден шыққан ғасырда біртуар ғалымдарымен, даналарының өмірлері мен қалдырған еңбектері, өшпес іздері куә.

Өзімізден бастап жастарды ауызбіршілікке, бауырмалдыққа тәрбиелеп, ізгіні, игілікті көп айтып, көп көрсетіп, өзі ісімен үлгі болатын көргені емес көкірегіне түйгені көп үлкендеріміз болса қуанарлық жәйт. Өнегелі дана жоқ жерде, өнегелі бала да жоқ. Ұстаз ретінде айтарым, қазіргі жастарымыздың әдеби кітап оқуға қызығушылықтары жоқ. Сабақта өткен әдеби шығармалардан үзінділерді сол сәтінде оқығанмен, ары қарай ізденіп жалғастырмайды. Білім мен тәрбие көзі әдеби кітаптарда екенін ескермей, әлеуметтік желіде пайдасыз уақыт өткізуге әуестілік жоғары.

Сондықтан да оқушылардың уақыттарын пайдалы ұйымдастыруда театр мәдениетін қалыптастырсақ пайдалы шешімдердің бірі болмақ. Театр -эстетика, тәрбие, мәдениет ошағы. Себебі, театрға барған адам өзін қалай ұстау керектігін үйренеді, түрлі тақырыптар адамға ой салады. Оны, әр тақырыптағы қойылымнан кейін, адам өзін іштей тәрбиелеп, дұрысталуға тырысатынан көруге болады. Сондықтан, театрға баруды кішкентай кезден қалыптастырған жөн.

Театр сахнасында образдар мен әрекеттерді шынайы көзбен көріп, сезінуге болады. Ал кинодағы эпизодтар экран ар жағында болғандықтан оны сезіну мүмкін емес. Бірақ қазіргі таңда жастар кино саласын таңдайды, тақырыптары заман ағымына сай, түрлі экшндар адамды қызықтырары сөзсіз. Театр қойылымы ішпыстырарлық деген ойлары да бар . Талғамда талас жоқ деп осы жерде айтқан жөн секілді.

Әркім өзіне ұнаған жанрды көріп таңдайды. Театрдағы қойылымдар көбіне тарихи, драмалық, трагедиялық болғандықтан, тілін түсіну кейде қиынға соғып жатады. Ал кино тілі нақты , түсінікті . Әрі киноны үйде отырып, интернеттен көруге де мүмкіндік мол. Яғни, уақыт жағынан үнемдеуге болады. Десе де, бәрін таразылап, мәдени құндылықтар жойылмас үшін театрға да барып , киноны да тәрбиелік мәні бар түрлерін көріп тепе-теңдік ұстауға болады деп ойлаймын. Театр адамның ішкі және сыртқы мәдениетін қалыптастырудағы рухани күшке ие.

Бұдан бөлек мәдениеттің көріністерін тағы қайдан көреміз? Әрине, қоғамнан, қоғамдық орындардан, адамдармен қарым-қатынастан көреміз. Адамгершілік мәдениетті дамыту үшін, жалпы оқушылар бойына сіңіру үшін күрделі формула емес, қарапайым қағидаттарды ұсынғым келеді.

Ең алдымен, амандасу мәдениеті. Кез келген ортада жас ерекшілігіне қарамай, бірінші болып амандасу. Халқымыздың әдеп-ғұрыптарына сай ер адаммен ерлерше, әйел адаммен сыпайы амандасу үлгісін ұстансаң ішкі мәдениеттің бір көрінісі сол болар. Тәрбие бастауы әр адамның отбасынан басталады, сондықтан үлкендердің жастармен, жастардың үлкендермен арадағы сәлемдесулері, сөйлесулері, ізеттілік әдеттері, қимыл іс-әрекет әдебі, әулеттің қалыптасқан үлігілі әдеттері мен ғұрпы, сыйластығы, бір-бірімен арадағы құрметі, мейірім-махаббаты, өз ата-анасының және үлкендердің тапсырмасын жауапкершілікпен орындауы секілді дағдылар болашақта елдің саналы азаматы болуына септігін тигізер көріністер болары анық.

Ойымызды ар қарай сабақтасақ, Жүсіп Баласағұн баланы жастан тәртіпке үйрету керектігін, оны ата-ананың ісі екендігін сөз етеді. Мысалы ол: «Баққан ұлдан сәл тойса назарың, Түбі соның тарттым дей бер азабын. Қатал ұста – бос жүрмесін сандалып, Болса тәртіп – бала өседі сомдалып», дейді. Расымен де, тәртіпке бағынған құл болмайды. Дамыған, өркениеті мен білімі, экономикасы дамыған елдердің көпшілігі ішкі тәртіптерінің мықтылығынан оқ бойы озық тұрғандығын да тілге тиек етуге болады.

Сол себепті де, келесі қағидаттардың қатарына, қоғамдық көліктерде өзін-өзі ұстау әдебі, яғни телефонмен қатты сөйлеспеу, адамдарға тым жақын қашықтықта тұрмау, жүкті, балалы, қартаң адамдарға көмек қолын созу, дауыс көтеріп айқайласпау, жүргізушіге шағым айтып, алаңдатпау сынды қарапайым ережелерді кеңес берер едім. Бұл көріністер күнделікті әр адамның көз алдында кездесіп жүргендіктен, қалыпты жағдайға айналып кетпеуі тиіс. Әйтпесе, одан да тыныш жүрейін, нем бар деген адамдардың жан тыныштығын ғана ойлайтын заманда өмір сүріп жатқанымыз ақиқат. Жақсы әдеттер әдепті, мәдениетті қалыптастырады емес пе?!. Ойланайық !

Тәрбиедегі басты бағыт деліген тәлім-тәрбие тұжырымдамасында: «Әрбір адам ең алдымен өз халқының перзенті, өз Отанының азаматы болу керек екенін, ұлттың болашағы тек өзіне байланысты болатынын есте ұстауға тиіс» делінген. Жалпы біз табиғаттың бір бөлшегіміз, бос уақыттарымызды әрқалай ұйымдастырып жатамыз, біріміз табиғат аясында, біріміз кинотетарда, біріміз жәй көшеде тамақтануымыз мүмкін. Міне, қайда жерде мейлі, қай елде, мәдениеттің, әдептің басы – өзіңде дер едім. Яғни, тазалық пен тәртіпті ұстануыңда. Түрлі тамақтанатын, театр, кино, демалыс орындарында өз артыңнан табиғатқа зиян келтіретіндей қоқыстар тастамау, түкірмеу, тазалықты ұстану. Ресми, бейресми кездесулерге кешікпей бару, яғни біреудің уақытын алмау, келісілген уақытқа барып, сый-құрметпен қарау. Жалпы, туыстар, достар арасында да біреудің уақытын алып телефонмен ұзақ сөйлеспеу, ескертусіз үйлеріне бармау, заттарын қозғамау, сіз үшін уақытын бөліп жақсылық жасаған әр адамға алғыс айта білу, ризашылық ретінде жақсы тілек пен сыйлық беру секілді кішкентай әрекеттер үлкен адамгершілік әлемге қадам басқанмен бірдей. Соңғы жолдарда айтылған қарапайым кеңестер болғанменен де, бағалы, маңызды күшке ие дер едім. Өйткені, теориялық білім мен өнегелі тәрбиемен сусындап жатсақ та, қарапайым заңдылықтар үйретілмей, ұмыт қалып немесе ескерілмей, мән берілмеген күйде қалып жүргеніне куәмін.

Әркім өзінен бастауға міндетті, сонда ғана басқаға үлгі болады, ата-ана балаға, ұстаз шәкіртке, басшы қызметкерлерге, әріптестер бір-біріне әсер етеді деп ойлаймын. Ізгі қоғам құру өз қолымызда, сондықтан кішкентай қадамдармен азаматтық мәдениеттің іргетасын бірге қалайық ізгі адам!







Пайдаланылған әдебиеттер:



1.Ж. Баласағұн. «Ақыл» кітабы.

2. Ғ.Мүсіреповтің қанатты сөздері. «Массагет» сайтынан.

3. А.Құнанбайұлы. Таңдамалы шығармалары.











Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
14.10.2023
193
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі