Тақырып бойынша 11 материал табылды

Агрессиядан шығу жолдары

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұстаздар мен оқушыларға
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мазмұны


Кіріспе.............................................................................................2


Түсінік хат......................................................................................3


Сабақ құрылымы......................................................................4-5


Бағдарламаның мазмұны...........................................................6


Тақырыптық жоспар...............................................................7-8


I бөлім. «Диагностика» жеткіншектер агрессиясын анықтау...................................................................................9-11


II бөлім. Агрессияның алдын алуда «Психологиялық кеңес».......................................................................................12-16


IIIбөлім. Агрессияның алдын алуда«Психологиялық

тренингтер»...........................................................................17-19


Ұсыныс болжам.........................................................................20


Қорытынды................................................................................21


Пайдаланған әдебиеттер..........................................................22










Кіріспе


Агрессия – «шабуыл» деген мағынаны білдіреді. Адамның мінез-құлқында бұл қасиет пайда болған кезде ол басқа біреуге физикалық, моральдық тұрғыдан шабуылдап, зиян келтіруге тырысады.

Бүгінгі таңда агрессия соның ішінде жеткіншектердің агрессиялық мінез-құлық мәселесiне психологиялық зерттеулерге үлкен орын берiлiп, белсендi ғылыми-практикалық тұрғыдан iзденiстер талап етілуде.Жеткiншектер әлемiнде жиі жағдайда қарым-қатынастағы шиеленістер, мазасыздану, тұлғалық даму мен мiнез-құлықтағы ауытқулар, агрессия мiндеттi түрде кездесетiнi баршамызға мәлім. Психологиялық-педагогикалық мiндеттердiң бiрi жеткiншектердiң психикалық дамуындағы өзгерiстердiң себептерiн тауып қана қоймай, оны түзету мен алдын алу жұмыстарын жүргiзу де өте маңызды.

Агрессивті жеткіншектер-бұл көмекке мұқтаж және үлкендердің қабылдамауына ұшараған балалар тобы. Агрессивті мінез-құлықтың себептерін білместік, түсінбеушілік агрессивті жеткіншетердің ересектер және құрдастар тарапынан оларды ашық түрде жақтырмай, қабылдамауына алып келеді.

Жеткіншектің агрессивтілігінің алдын алу дегеніміз-бұл баланың агрессивті мінез-құлқын туындататын әлеуметтік-психологиялық факторларға жол бермеуге бағытталған іс-шаралар. Тұлғаны түзету оның ауытқыған мінез-құлығындағы жағымды тұлғалық өзгерістерге жағдай жасау.

Жеткіншектің агрессивті мінез-құлқын түзету - бұл жеткіншек тұлғасының толыққанды дамуы және қызмет етуін қамтамасыз ету мақсатында агрессивті әрекеттерді анықтауға бағытталған психологиялық әсер ету.




Түсінік хат


Қазіргі таңда жеткіншектер арасында агрессивті мінез-құлық басым болып келеді. Ол көбіне оқушылардың өтпелі кезеңінде болатын мінез-құлқындағы өзгерістерге байланысты. Агрессивті бала ішкі жағымсыз эмоциясымен тек өзіне ғана емес сыртқы қоршаған ортаға да кері әсерін тигізіп отырады. Агрессивті баланың - өмірге құштарлығы төмен, ортасымен қарым-қатынаста алшақ, үнемі өзінің ішкі мәселесімен жүреді. Бұл тақырыпты таңдаған себебім, осы мәселенің алдын алу мақсатында жан-жақты психокоррекциялық жұмыстар жүргізіп, баланың ашу-ызасын тежеу, негативтен арылып, позитивті ойлауға дағдылау, өмірге құштарлығын арттыратын мотивациялық тренингтер арқылы агрессиялық мінез-құлықтан арылту.

Жеткіншектік шақ - болашақ туралы балалық армандардың орнына өзінің мүмкіндіктері мен өмір жағдайларын ескере отырып, ол туралы ойлану басталатын, өз ниеті, іс-әрекетін жүзеге асыруға ұмтылатын кезең екендігін үнемі қаперде ұстауымыз қажет. Бұл - ең тынымсыз, ең қиын, ең қызба жас. Жеткіншектің жеке басы дамуының аса маңызды факторы - оның өзінің ауқымды әлеуметтік белсенділігі, ол белгілі бір үлгілер мен игіліктерді игеруге, үлкендермен, жолдастарымен қарым-қатынас орнатуға бағытталады.

Осы бағытта оқушылармен агрессивті мінез-құлықты аныктау мақсатында психодиагностикалық әдістемелер, сауалнамалар, тесттер жыл бойы жүргізілді. Оқушылармен агрессивті мінез-құлықтың алдын алу мақсатында психологиялық кеңестер берілді, және тузету-дамыту мақсатында психологиялық тренингтер жүргізілді.



Бағдарлама мақсаты:

  • оқушылардың агрессиялы мінез-құлқын анықтау;

  • агрессиялық мінез-құлықтың алдын алу



Бағдарлама міндеттері:

  • Психодиагностикалық әдістемелер арқылы оқушылардың агрессиялы мінез-құлқын анықтау

  • агрессиялы мінез-құлықтыңалдын алу бойынша оқушылармен, ата-аналарға, мұғалімдерге психологиялық кеңестер беру

  • Оқушыларға, ата-аналарға, мұғалімдерге түзету –дамыту жұмыстарын, психологиялық тренинг-жаттығулар, семинарлар жүргізу



Күтілетін нәтиже:

әртүрлі психодиагностикалық әдістемелер, психокоррекциялық жұмыстар, мотивациялық тренингтер натижесінде окушылардың өмірге көзкарасы, құлшынысы, позитивті ойлауы артып, агрессиялы мінез-құлықтан арылады.















Зерттеу әдістері:

Оқушылардың өмірге қызығушылығын, позитивті ойлауын, өмірге құлшынысын мотивациясын арттыру мақсатында, мен жаңа технологиялармен, мотивациялық, инновациялық әдістерді қолдандым:



  • «Арман тақта» (коллаж)

  • «Мен өмірді сүйемін»

  • «Өмірім қымбатсың маған»

  • Ертегі терапиясы

  • Музыка терапия

  • Арт терапия



Проективті әдістемелер:

  • «Үй. Адам. Ағаш»

  • «Өмірде жоқ жануар»

  • «Жанбыр астындағы адам»





- Айзенктің «Темпераментті анықтау» тесті

-К.Хек және Х.Хесстің неврозды жедел анықтау әдістемесі

- Басса-Даркидің Агрессияны анықтау әдістемесі





Сабақтың негізгі формасы:әдістеме, тест, тренинг, психологиялық кеңес.









Бағдарламаның жалпы мазмұны 3 бөлімнен тұрады.



Бірінші бөлім «Психодиагностика»деп аталады. Бұл бөлімде оқушылардың агрессиялы мінез-құлқын анықтауға арналғансауалнама, тесттермен әдістемелер жүргізіліп, оқушылардың оқушылардың бойындағы агрессиясы жан-жақты анықталады.



Екінші бөлім «Психологиялық кеңес»деп аталады.Бұл бөлімде оқушыларға стресстен және мазасыздықтан, негативтен арылып, позитивті болуға, оқушылардың өзіне сенімділігін арттыруға арналған психологиялық кеңестер беріледі. Бұл бөлімде тек оқушыға ғана емес, сонымен қатар, мұғалімдерге және ата-аналарға оқушының жас және психологиялық мінез ерекшеліктері туралы психологиялық кеңестер жан-жақты беріледі.



Үшінші бөлім «Психологиялық тренинг» деп аталады. Бұл бөлімде оқушылардың өмірге қызығушылығын, өзіне сенімділігін, болашаққа деген мотивациясын арттыру мақсатында тренингтер жүргізіледі. Сонымен қатар ата-аналарға және мұғалімдерге ата-ана мен бала, мұғалім мен оқушы арасындағы жағымды қарым-қатынасты дамытуға арналған психологиялық тренингтер жүргізіледі.













Тақырыптық жоспары

8-сынып. Аптасына 1 сағат. Жалпы сағат саны – 34

Сабақтың тақырыбы

Сағ саны

Психодиагностика (10 сағат)

1

Оқушылардың агрессиялы мінез-құлқын анықтау

1

2

Темпераментті анықтау Айзенк тесті.

1

3

Жеткіншектер агрессиясын диагностикалауБасса -Дарки әдістемесі

1

4

Неврозды анықтау К.Хек тесті

1

5

Стресске бейімділікті анықтау Е.Литвак тесті

1

6

«Жаңбыр астындағы адам» әдістемесі

1

7

«Отбасылықсоциограмма» тесті.

1

8

Мазасыздықты анықтау Филлипс тесті.

1

9

«Өмірде жоқ жануар»

1

10

Телімелі суретті тесті «Отбасының кинетикалық суреті»

1

Психологиялық кеңес (6 сағат)

11

Стресс және одан арылу жолдары

1

12

Ата-анаға баламен қарым –қатынас жасауда кеңес

1

13

«Оқушының жас және психологиялық мінез ерекшеліктері» мұғалімдермен семинар

1

14

Агрессивті мінез-құлықтыңалдыналутуралыата-аналарғаарналғанкеңес

1

15

«Ата-ана махаббаты» ата-аналарға психологиялық кеңес

1

16

«Қиындыққа тап болғанда не істеу керек?» оқушыларға психологиялық кеңес

1

Психологиялық тренинг (16 сағат)

17

«Молекула», «Домик и гномик»

1

18

«Голивуд»

1

19

«Мен лидермін, сен лидерсің»

1

20

Ертегі терапиясы

1

21

«Мен өмірді сүйемін»

1

22

«Өмірім қымбатсың маған»

1

23-24

«Менің арманым» коллаж

2

25

«Сегіз шеңбер»

1

26

«Аквариум» стресстен арылу жолдары

1

27

«ХА» жаттығу,

1

28-29

Позитивті ойды дамыту тренингі

2

30

Сенімділікті арттыру тренингі

1

31

«Арман тақта» мотивациялық тренинг

1

32

«Сенімді құлау» тренингі

1

33

«Үрілген шар» тренингі

1

34

«Біз біргеміз, берік іргеміз» тренинг

1





























1-Бөлім.Психодиагностика



Темпераментті анықтау Айзенк тесті.

Мақсаты: баланың темпераментін және эмоционалдық тұрақтылығын (невротизмнің көрінісін) анықтау.

Нұсқау: оқушылардың темпераментінанықтау мақсатында 57 сұрақтан тұратын сауалнама алынады.

Қорытынды: нәтижесінде 24 оқушының темпераменті анықталды.



Бағаланатын көрсеткіштер

Зерттелінушілер саны

1. Сангвиник

3

2. Холерик

1

3. Флегматик

11

4. меланхолик

9



Жеткіншектер агрессиясын диагностикалау (Басса-Дарки әдістемесі).

Мақсаты: бала агрессиясының түрін және оның көрініс беру ерекшелігін анықтау.

Орындау ережесі: тест сауалнамасында 75 тұжырымдама берілген. Оларға «ия» немесе «жоқ» деп жауап беріңіз



Басса-Дарки әдістемесі бойынша

жеткіншектердің мазасыздану деңгейін бағалау кестесі


Вербалды агрессия 6

Дене агрессиясы 3

Негативизм 6

Жанама агрессия 8

Куанышева Г

Баймурзаева Г

Сабыр А

Турлыбай А

Кендирбаев Ш

Кушерова А



Аманбаева Ж

Әбді Ақбота

Клычева А

Молдағазиев С

Турегелдиев Ж

Жумабаева Г Сейдахмет С

Таңатаров Е

Нысанова А

Жалғасова А

Епагенов А

Жайнова Д

Таукелов Т

Жумабаева Н

Куандыков Н

Тулебек Р

Бегдулла А






К. Хектің және Х.Хесстің неврозды жедел диагностикалау әдістемесі

Мақсаты: жүйке күйзелісін анықтау

Орындау ережесі: 40 сұрақтан тұратын сауалнама, “ия”, “жоқ” деген жауап береді.

Қорытынды: “ия” жауабының қосындысы 24 –тен көп болса, оқушыда невроз бар деген сөз.

Оқушының аты-жөні

Ұпайы

Бердіқұл А

31

Елеусін Г

24

Байназарова А

28















2- бөлім. Психологиялық кеңес.

Оқушыларға арналған кеңестер

«Стресс және одан арылу жолдары»

Мақсаты: стресстің алдын алу

«Стресстен қалай арылуға болады?»

  • Сені түсінуге тырысатын достарыңның арасында сырыңды айтуға болады.

  • Егер сен жалғыз болсаң, көпшікті не су орамалды қысып сығып таратуа болады. Өйткені барлық қысым қолдың, саусақтың иықтың бұлшық еттерінде сақталып қалады.

  • Кеттен дыбыстар шығар, қысым тамақта да қалып қоюы мүмкін.

  • Спорттың қандай да бір түрімен айналысу да көмек береді.

  • Табиғат бізге күлкі мен жылауды психикалық ауыртпалықтан қорғаныс ретінде жаратқан.

«Қиындыққа тап болғанда не істеу керек?» оқушыларға психологиялық кеңес

  • Әлемде ешбір адам мәселесіз емес, барлығында өзіне тән қиындығы бар.

  • Сабырлы болыңыз

  • Өзіңе жақын адамнан көмек сұраңыз

  • Сіз жалғыз емессіз

  • Мәселенің оңай шешілу жағын қараңыз

Мазасыздықты қалай жоюға болатыны туралы мұғалімдерге ақыл-кеңес

  1. Өз өміріңізде мазасыздықты мүлде болдырмау үшін үнемі бір нәрсемен айналысу керек. Жұмыс бастылық – жабырқаудың бірден бір емі.

  2. Шарасыздықты қабылдаңыз. Егер сіздің жағдайды өзгертуге мүмкіндігіңіз болмаса, онда өзіңізге: «Бұл солай болды, басқаша болуы мүмкін емес» деңіз.

  3. Ешқашан қас-жауларыңыздан кек алуға тырыспаңыз, олай болатын болса, сіз өзіңізге одан бетер зиян келтіресіз. Одан да мына ережені ұстаныңыз: өзіңізге ұнамсыз адамдар жайлы ешқашан ойламау.

  4. Жан тыныштығы, жау жүректік, денсаулық пен үміт жайлы ойлаңыз. «Біздің өміріміз – біз нені ойласақ, сол». Осыны естен шығармаңыз!

5. Үрей мазасыздықты тудырады. Егер өз үрейлері мен мазасыздықтарын жоя білетін болса, дәрігерлерге жүгінетін пациенттердің 70%-ының өздігінен емделіп кетулеріне мүмкіндіктері бар.

6. Қатал ақиқатты өмірге бейімделуге күйі жоқ, мазасы кеткен және әбден титығына жеткен адам өзін қоршаған ортамен барлық байланысты үзіп, өзі ойдан шығарған әлемге еніп кетеді.

7. Егер қырсық сіздің соңыңызға түсіп, тығырыққа тірейтін болса, онда: «Егер мен өз мәселемді өзім шеше алмайтын болсам, одан өткен жаман бар ма?» деп өз-өзіңізге сұрақ қойыңыз. Өз ойыңызда шарасыз жағдайға бойұсынған болсаңыз,онда сол тығырықтан шығудың жолын ойша ойластырыңыз.

8. Мазасыздық, өз-өзіне сенбеушілік біздің өз-өзімізді бағалаумен тығыз байланысты.

9. Адам ең алдымен өзін-өзі сыйлап, өзін-өзі жақсы көруі керек, содан кейін барып басқаларды сыйлап, жақсы көруі керек.





Ата-аналарға арналған кеңес

Есіңізде болсын:

1. отбасында қажетті өзгеріс болмай, балаңыздың бойындағы агрессияны түзету мүмкін емес.

2. Бала әрбір сәтте өзін ата-анасының сүйетінін, бағалайтынын, қажет екендігін, қабылдайтынын сезінуі қажет. Оны сүюден және аяудан ұялмаңыз.

3. Басқа адамдар туралы жаман сөздер айтпаңыз, ашуға бой алдырмаңыз, тиімді мінез-құлық ерекшелігін көрсетіңіз.

4. Дауыс көтеру және тыйым салу агрессивтілікті жеңуде тиімді нәтиже бермейді. Осындай мінез-құлықтың себебін түсінгеннен кейін ғана, жақсы нәтижеге қол жеткіземіз.

5. Эмпатияны дағды ретінде қалыптастырыңыз.

6. Балаңызға өз агрессиясын шығаруға мүмкіндік беріп, басқа нәрсеге көңіл аудартыңыз (мысалы, жастықты ұру).

7. Баланың өзін-өзі көрсетуге ұмтылуын басуға тырыспаңыз, түсінушілікпен қарап, ортақ бір шешімге келіңіз. Балаларыңызды спорт мектептеріне беріп, гантел, эспандермен күнделікті гимнастикалық жаттығу жасауға үйретіп, гір көтертіп, қолына былғары қолғап беріп, боксерлік өнермен айналысуға жетелеңіз. Бала өз агрессиясын бейбіт айқасқа жұмсасын. Өйткені агрессия ауру тудыратын зарядтармен қуатталған, жарылыс қаупі бар нәрсе.



Жеткіншектердің агрессиялы мінез –құлқының алдын алуға арналған ата-аналарға арналған

кеңес

Баланы үнемі сынап отырса, ол жек көріп өседі, егер кінәлап отырса, ол өзін кінәлі сезініп өседі, мысқылдап отырса, тұйықталады. Еш уақытта баланы басқамен салыстырмаңыз. Бұл жердегі ең басты нәрсе нәтижелі жетістік емес, сезім, сәттілік, ішкі сезім бостандығы, ой бостандығы, сыртқы қимыл бостандығы қимылдан, мимикадан білінеді. Егер бала агрессиясыз өссін десеңіз:

  • өз проблемаңызды балаға айтпаңыз;

  • егер ашулы болсаңыз, онымен қарым-қатынастан аулақ болыңыз;

  • егер бала сіз айтқан ережеге көнгісі келмесе, күштемеңіз;

  • күш көрсету түзеу орнына, бала қарсылығын арттыра түседі;

  • мәселелерді өзіңіз жеке емес, баламен бірігіп шешіңіз;

  • егер бала сізбен араласуды қош көрмесе, күшпен көндірмеңіз;

  • егер қиын жағдай кезінде не істеріңізді білмесеңіз, оны тезірек шешуге тырыспаңыз, асықпай ойланып кірісіңіз.

Балаңыз байсалды, сабырлы болып өссін десеңіз, оған ылғи көңіл бөліңіз, жақсы қылығы үшін мақтап, қиын жағдай кезінде сөзсіз көмек көрсетіп, әр табысын көрсетіп, мадақтаңыз. Баланы жиі мақтаса, ол өмірде әділ, текті болуға үйренеді, қауіпсіз жағдайда өссе, адамдарға сенгіш болып өседі, оны үнемі қолдап отырсақ, ол өзін бағалауға үйренеді, түсінушілік пен достық жағдайда өмір сүруге үйренеді. «Өмір сабағын» өз тәжірибесінен алуға баланың құқығы бар. Бала дұрыс өсу үшін, оған сүйіспеншілік, өз күшіне сенушілік керек, біз үшін, үлкендер үшін өзінің қажетті, бағалы екенін сезінуі керек. Оған деген бақылау мен қамқорлық өз мәнінде болуы керек, тәрбие қарама-қарсылықсыз қалыпты, жалғасып отыруы керек, балаға, оның күшіне сену керек, оны қатыгездікпен жазалау баланың тұлғалық даралығын жояды.



3-бөлім. Психологиялық тренингтер

Жеткіншектердің агрессиялық мінез-құлқын түзету мақсатында жүргізілетін тренингтер:

Жаттығу № 1 «Өз есіміңмен таныстыру»

Мақсаты:Бір-бірімен таныстыру.

Барысы. Сен дауыссыз киноның актерісің. Сенің мақсатың мимикамен, қимылмен есте қалардай қимыл көрсту. Содаң соң дыбыс арқылы есіміңді айту.

Жаттығу № 2 «Ашу ситуациясы»

Мақсаты: ашумен жұмыс істеуге бағыттау.

Барысы. Қатысушыларға ұсынады: «Қатты ренжіп, ашуланған кезді еске түсіру. Сол сәттегі көңілі туралы айтып береді. Содаң соң сол сәтті ойнатып, талдау»

Жаттығу № 3. «Итерісу»

Мақсаты:достық қарым-қатынасты орнату.

Барысы: Жалпы оқушыларды екіге бөлу. Екі қатарға тұрып, алақандарымен бірін-бірі итереді. Содаң соң орындарымен ауысып арқаларымен бірін-бірі итеру.

Жаттығу № 4. «Метродағы оқиға»

Мақсаты:Өтіну, сұрау, бұйыруайырмашылықтарынсезіну. Барысы: метродаболғаноқиғаныойнапкелтірудіұсынады. Қиынжасөспірімдеротырекен, ал қастарындазейнеткерәже. Отыруғаорынсұрауқажет. Орынсұраушыбірнешеадам бола алады. Жасөспірімдерөздерінсәйкесұстайды. Әрқалайпікіралмасу, кімқалайорынсұрады. Шынайыданқандайайырмашылығы бар. Жүргізушіоқушыларменбірге «өтіну», «сұрау», «бұйыру» дегентүсініктердіажыратады.

Жаттығу № 7. «Күншуақ»

Мақсаты:жақсыкөңіл-күйсыйлау, балағаөзкөңіл-күйінтүсінуді, оғанбағаберудіүйрету.

Барысы:Денелеріңді бос ұстап, ыңғайланыпотырып, көздеріңдіжұмыңдар. Өздеріңдіжағажайдамыздепсезініңдер. Күнжарқырапсәулесінтөгіптұр. Күншуағыныңжылуынсезініңдер. Талдау.

Жаттығу № 8 «Қоштасу»

Мақсаты:алғансезімдерін, анықтап, түйіндеу.

Барысы:Дөңгеленеотырып, бір-бірініңқолдарынанұстап, көршісініңжүзінеүндемейқарап, мейірімді де әсемкүлкісінсыйлайды. Содансоңкөршісініңжақсықасиеттерінайтады, кезекпененосылайжалғасабереді.



«Мен өмірді сүйемін» тренинг-ойыны

Тренинг мақсаты: оқушылардың өмір туралы көзқарастарын анықтау және өмірді қалай сүйетіндерін байқау; өмірдегі орны қандай деңгейде бағаланып жатқанын қаншалықты білетіндерін анықтау.

Міндеті:

- Оқушылардың эмоционалдық көңіл-күйін жақсарту;

- оқушыларды өз өмірінің мәнін түсіне білуге,рухани өсуге және жақсы мен жаманның аражігін ажырата отырып,өмірлік айқындамасын белгілей білуге үйрету;

- Оқушыларды өз өміріне, өз сөзі, ойы және әрекетіне мұқият болуға тәрбиелеу;

- Оқушылардың ойын ашу, өмірге деген жағымды көзқарасын қалыптастыру.


Нәтижесінде: оқушылардың өмірге деген сүйіспеншілігі артады.

«Арман тақта» коллаж жасау

Мақсаты: оқушылардың өмірге деген құлшынысын арттыру, болашақ арман-мақсатқа деген сенімділігін күшейту.

Орындалуы: оқушыларға ватман қағаз, түрлі –түсті суреті бар газет-журналдар беріледі. Соның ішінен өздеріне керек дүниені қиып жабыстырады.

Мінез-құлықтағы агрессияны жою барысында, түзету жолында төмендегідей ойындарды өткізуге ұсынамыз:

«Өзіңді ұстауды үйрену».

Мақсаты: Қиын балалардың бейімделуіне бөгеттерді азайту, олардың эмоциональды жағдайын және дене мүмкіндіктерін нығайту: теріс эмоциялардан құтылуға көмектесу эмоциональдық сферасын, қатынас: еріктік сферасын, т.с.с. дамыту. Жатығуларды күн тәртібінің сәттерінде, сергіту минуттарында және т.с.с. жағдайларда қолдану ұсынылады.


«Шеңберді бұзып кір».

Мақсаты: өзіне-өзі сенуге, жасқаншақтықты жеңе білуге, құрбыларының ұжымына кіруге көмектесу. Құрбыларымен қарым-қатынас жасауда қиындық көретін балаларды жеке алып қалады. Қалғандары бір-бірінің қолынан қатты ұстап, шеңбер жасап тұрады. Бала қатты жүгіріп келіп, шеңберді бұзып кіруі керек.


«Айна».

Мақсаты: басқалардың сезімін түсінуге және сезінуді тәрбиелеу. Балалар екіден бөлініп, бір-біріне қарама-қарсы тұрады да, бір-бірінің көзіне қарайды. Біреуі бір қимыл жасай бастаса, екіншісі оны қайталайды. Нұсқаушы жест және мимика арқылы әртүрлі эмоциональды жағдайларды ұсынады (мұң, қуаныш, қорқыныш, ауыру, жек көру, т.с.с.).


Стресстен арылу жаттығулары

«Аквариум» - өзіңіздің көңіл күйіңізді түсіретін, сізге стресс алып келетін адамды аквариум ішіндегі балық деп ойланыз. Аквариумдағы балық- сөйлемейді, тек қана өз шеңберінде жүреді. Сізге зияны тимейді. Оның айтқан сөздерін сіз естімейсіз, осылайша стресс алмайсыз

«Ха» жаттығуы

Шеңбер бойымен оқушылар дөңгеленіп тұрады. Демін ішке алып, 10- дейін санап тұрады, сосын сыртқа демін «Ха» деп бар даусымен айқайлап шығарады. Бұл жаттығу адам бойындағы стрессті шығарады.



Ата-аналарға арналған «агрессивті мінез-құлықтың алдын алудағы ата-ана мен бала қарым-қатынасы» семинар-тренингі



Мұғалімдерге арналған «Стресс және одан арылудың жолдары» тренингіҰжымға арналған «Оқушының темпераментіне қарап, қарым-қатынас жасау» тренингі







Ұсыныс:

Баланың өмірін, ішкі жан дүниесін терең зерттемей тұрып, қорытынды шығаруға болмайды, ол қателікке алып келеді.



Болжам:

Балаға жан-жақты психологиялық қолдау жұмыстарын жүргізу, позитивті ойлауын дамыту, өмірге мотивациясын арттыру арқылы кез-келген баланы агрессиялы мінез-құлықтан арылтуға болады.















Қорытынды:

Оқушылардың агрессиялы мінез-құлқын анықтауда оқушылардың мінез және темперамент ерешеліктері, мазасыздығы, стресске бейімділігі, ашу –ызасын, жүйке күйзелісін, отбасымен және ата-анасымен қарым-қатынасы жан жақты анықталды.

Оқушыларды жан-жақты психологиялық зерттеу нәтижесінде агрессиялы мінез-құлқы анықталып, оқушылардың өмірге қызығушылығын, позитивті ойлауын, оқуға мотивациясын арттыруда психологиялық тренингтер жүргізілді.

Ата-аналарға, мұғалімдерге жан-жақты психологиялық жұмыстар жүргізу нәтижесінде агрессиялы мінез-құлықты оқушылар арасында ата-ана мен бала арасы, оқушы мен мұғалім арасындағы дистанция жойылып, жүргізілген психологиялық тренингтер нәтижесінде оқушылардың басым бөлігін агрессиялы мінез-құлықтан арылды.



















Пайдаланған әдебиеттер тізімі:



  1. «Мектептегі психология» журналы № 8. 2015ж

  2. М. А. Кусайнова; П. Е. Жарылғасова; М. Г. Ишенгельдиева

«Психологиялық әдістемелер мен жаттығулар, тренингтер»

  1. Нұрмағанбетова Т. Р. «Тәжірибелік психология»

  2. «Қызықты психология» журналы №10. 2016ж

  3. Ахметтаева С.С., Ережепова Ж.К., Сембина Ж.Ж., . Возняк О.А., Пен С.Г «Зорлық-зомбылық және қаталдық белгілерінің көрінуі мен балалар агрессивтілігі деңгейін анықтау бойынша әдістемелік нұсқаулықтар» Психологтарға, педагогтарға және ата-аналарға арналған әдістемелік құрал-Астана 2013ж

  4. Тархова Л. «Как уберечь ребёнка от тюрьмы и панели», Москва, 1997,

  5. 3. Рудестам К. Групповая психотерапия. Психокорекционные группы: теория и практика. – М.: Прогресс, 1990.















17


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
13.12.2018
1956
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі