Материалдар / «Ағылшын тілі пәні сабақтарында белсенді оқыту тәсілдерін қолдана отырып, оқушылардың қызығушылығын арттыру, сабаққа кіріктіру.

«Ағылшын тілі пәні сабақтарында белсенді оқыту тәсілдерін қолдана отырып, оқушылардың қызығушылығын арттыру, сабаққа кіріктіру.

Материал туралы қысқаша түсінік
«Lesson study»-ге арнайы ҚМЖ құрастырылды және жоспарда сабаққа қандай тиімді әдіс-тәсілдерді қолдануға болатыны, балалардың белсенділігі мен қызығушылығын арттыру туралы қарастырылған
ЖИ арқылы жасау
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады

Алматы қаласы Алатау ауданы №152 мектеп-гимназия


Лессон Стади зерттеу тәсілі бойынша жауапты:

Р.С. Абдикаримова – мектеп – гимназия директоры

Оқу ісі жөніндегі орынбасары: Жакыпбекова Н.А.


Зерттеу тобының мүшелері:

Баймұқышева Динара Мұратқызы

Іс әрекеттегі зерттеу: «Ағылшын тілі пәні сабақтарында белсенді оқыту тәсілдерін қолдана отырып, оқушылардың қызығушылығын арттыру, сабаққа кіріктіру.

Заманауи ағымға байланысты  әр педагог баламен жұмыс жасауда әр түрлі әдіс-тәсілдерді пайдалану арқылы  өзінің кәсіби шеберлігін арттырып, «smart»мақсаты арқылы оны шығармашылықпен дамыта отыра жұмыс жасайды.

Сол мақсатпен 2024 жылдың 8 ақпан күні «Lesson study» жұмысын ұйымдастыру бойынша мектебіміздің оқу ісі жөніндегі орынбасары, бірлестік жетекшісі, ағылшын тілі пәні мұғалімі сабаққа қатысты. Зерттеуге 5«З» сыныбы таңдалды. Сыныпта барлығы 13 оқушы бар. Ұл бала –7, қыз бала -6 .

    «Lesson study»-ге арнайы ҚМЖ құрастырылды және жоспарда сабаққа қандай тиімді әдіс-тәсілдерді қолдануға болатыны, балалардың белсенділігі мен қызығушылығын арттыру туралы қарастырылған. «Сабақ барысында оқушылардың белсенділігін арттыра отырып, оқылым, жазылым, айтылым,тыңдалым дағдысын қалыптастыру» міндеттері маңызға алынды.

Сабақты зерттеу мынадай кезеңдерден тұрды:

  І.Жоспарлау

-Сергіту сәті,

- Топқа бөлу;

-Үй тапсырмасын тексеру;

-Жаңа сабақ түсіндіру;

-Тапсырма орындау

-Сабақтан кейінгі кері байланыс

ІІ.Сыныпты педагогикалық-психологиялық тұрғыда бақылау

-Сыныпты бақылау жоспары;

-Анализ жасау;

ІІІ. Сабақты зерттеу

-Сабақ кестесін құру;

-ҚМЖ құрастыруда білім сапасын арттыруға байланысты тиімді әдіс-тәсілдерді іріктеу,тәжірибеде қолдану;

-LS өткізу ,талдау;

-Келесі   LS -ды жоспарлау;

ІY.Нәтиже

-Зерттеу жұмысы бойынша шешім шығару;

- БАҚ-қа жариялау;


23.11.2023 жылы Lesson study зерттеу сабағы ағылшын тілі пәнінен өтті. Сабақтың тақырыбы: «The fisherman and the fish».  Сабақта «PPP» әдісінің тиімділігін анықтау басты мақсат етіп қойылды. Бұл әдіс бойынша Presentation кезеңінде Noticing тәсілі арқылы мәтіндегі сөздерді көрсету , ол сөздің формасын, мағынасын қолданылды. Осы кезеңнің ішінде Contextualization, яғни сөздерді суреттермен сәйкестендіру арқылы балаға сөздердің контексті көрсетілді. Балаларға сөздерді сөйлемге қалай қолданылатыны көрсетілу үшін «Meaning illustration» болу керек. Мәтіндегі лексиканы бекіту Concept checking question тәсілін ауадай қажеттігі көрсетіледі. Шет тілі болғандықтан сөздердің дұрыс оқылуы маңызды, сондықтан Pronunciation checking  және Form checking міндетті түрде жүргізілді. Екінші  Practice әдісінде жаттығулар орындау барысында restricted and freer practice  тапсырмалары берілді. Үшінші Production әдісінде Role play диалог арқылы мәтіннің негізгі түйінін диалог немесе интервью ретінде ұсындым. Балалар мәтін ішіндегі жаңа сөздерді қолдану арқылы диалог жасап, мәтінді қысқаша мазмұндау арқылы бір-біріне хабарлады. 

        Lesson Study тәжірибелі мұғалімдермен қатар, еңбек жолын жаңа бастаған мамандарға да кәсіби жетілуге көмектеседі. Зерттеу сабағының тиімділігі туралы айтатын болсам:

-кәсіби педагогикалық білімі көтеріледі;

-сабақты бақылауда кері байланыс беру дағдылары дамиды;

-оқушылардың оқуы жақсарады;

-оқушылардың функционалдық сауаттылығы дамиды;

-білім сапасына оң әсерін тигізеді;

 Осылайша Lesson Study мұғалімдердің кәсіби біліктілігін дамытудың,

білімін жетілдірудің, тәжірибе алмасудың бірден бір тәсілі екеніне, бірге жоспарлау, бірге қадағалау, бірге талдау арқылы біз оқыту туралы бірлескен пікір қалыптастыратынымызға, өз біліктілігімізді көтере отырып, ортақ мақсатымызға оңай қол жеткізе алатынымызға көз жеткіздім. Мен үшін Lesson Study  үлкен тәжірибе алаңы болды.

 

 



ЖИ арқылы жасау
02 Маусым 2024
130
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі