Қ.ЖҰБАНОВ АТЫНДАҒЫ АҚТӨБЕ ӨҢІРЛІК МЕМЛЕКТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
ФИЛОЛОГИЯ ФАКУЛЬТЕТІ
АҒЫЛШЫН ЖӘНЕ НЕМІС ТІЛДЕРІ КАФЕДРАСЫ
«АҒЫЛШЫН ТІЛІНДЕГІ МАҚАЛ – МӘТЕЛДЕРДІҢ ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ АНАЛОГИЯСЫ»
СӘРСЕНОВА АЙСАУЛЕ АЙСАҚЫЗЫ, 2 КУРС
АҚТӨБЕ ҚАЛАСЫ
2020
МАЗМҰНЫ
-
Кіріспе
«Тіл үйренуде мақал-мәтелдердің маңызы»… … … … … … … …... …3
-
Негізгі бөлім
Теориялық бөлім.
-
«Мақал-мәтел туралы түсінік» … … … … … … … … … … …..... 4
Зерттеу бөлімі.
-
Грамматикалық сабақтардан… … … … … … … ....… … … … …5
-
Тақырыптық сабақтардан… … … … … … … … … ….... … … … 6
-
Жалпы мақал-мәтелдер… … … … … … … … … … ….... … … …7
-
Қорытынды … … … … … … … … … … … … … … … ….. … … … 7
-
Пайдаланылған әдебиеттер … … … … … … … … … … ..… … … 8
КІРІСПЕ
Тіл үйренуде мақал-мәтелдердің маңызы.
Тіл – қандай тілде сөйлемесін адам үшін құдірет, байлық, халық даналығы, мәдениеті, тарихы. Тіл үйрену арқылы адам өзге ұлттың мәдениетін, тарихын, салт – дәстүрі мен әдет – ғұрпын танып біледі. Меніңше ағылшын тілін меңгеруге тек сол тілдің лексикасы, грамматикасы, фонетикасын білу жеткіліксіз. Шынайы тіл білімі сол тілдің халқымен, салт – дәстүрімен танысу, өз тіліндегі мақал – мәтелдермен салыстыра отырып, айырмашылықтары мен ұқсастықтарын табу, оларды өмірлік жағдайларды қолдана білу.
Бүгінгі таңда ғасырлар қойнауында қалыптасқан ұлттық тәрбиенің озық өнегелі дәстүрлерін, асыл қасиеттерді жеткіншек ұрпақтардың бойында қалыптастыру, халықтық педагогика материалдарын тиімді пайдалану аса маңызды міндеттердің біріне айналып отырғаны даусыз. Осындай мақал – мәтелдердің тіл үйренуге қандай үлесі мен маңыздылығы бар? Осы сұраққа жауап қарастырайық.
Ағылшын тілі сабағында мақал-мәтелдердің алатын орны ерекше. Мақал-мәтелдерді қолдану арқылы оқушылардың сөздік қорын,грамматикалық құрылымын білуін жетілдіруге болады.
Мақал-мәтелдердің тәрбиелік маңызы зор. Адамдардың ойлау қабілетін де жетілдіреді. Мақал-мәтелдер ғасырлар бойы халық даналығынан туындаған. Адамдар мақалды неғұрлым көп білсе, соғұрлым сөздік қоры баий түседі. Ал,мақал-мәтелдердің оқушылардың жан-жақты және адамгершілігі мол азамат болуына ықпалы зор. Ғасырлар бойы ауыз әдебиетінің озық үлгілерінің бірі болып келген мақал-мәтелдер қазіргі нарық заманында да өзінің өзектілігін жоя қойған жоқ. Мақал-мәтелдер тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін өзінің ықшамдығымен, әрі түсінікті даналық сөзімен түсіндіріп бере алады. Сол себепті де ағылшын тілі сабағында біз мақалдардың қазақша баламасын, екі тілде жаттап үйренеміз. Ағылшын мақал-мәтелдері мен қазақ мақал-мәтелдерін салыстыра отырып, мазмұнын ұғындыру оқушылардың ой-өрісін кеңейтеді.
2.1. Мақал-мәтел туралы түсінік
Қазіргі таңдағы басты проблемалардың бірі - тіл мәселесі. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев өз жолдауының «Тілдердің үш тұғырлығы» стратегиясында тіл мәселесіне қатты назар аударған болатын. Еліміз тәуелсіздік алып заман талабына сай дамуы үшін әрбір азамат ағылшын тілін жақсы меңгергені жөн.
Ағылшын тілі де қазақ тілі сияқты көркем де шебер, мағыналы да мазмұнды, қысқа да нұсқа қанатты сөздерге өте бай. Сол қанатты сөздердің бірі – мақал - мәтелдер.
Мақал – мәтелдер – халық даналығының қазына байлығы. Олар ғасырлар бойы қалыптасып, сол халықпен мәңгі бақи бірге жасап, біте қайнасып кеткен дүние. Сондықтан да оны жұртшылық жадына сақтап, өзінің күнделікті өмірінде, өзара қарым – қатынасында пайдаланады. Мақал - мәтелдерде халық тарихы, оның әлеуметтік тіршілігі, ақыл - өнегесі, даналығы көрініс тапқан. Мақалда айтылатын ой тура, не астарлы түрде беріледі және көп жағдайда үлгі өнеге, өсиет айтуға негізделген. Ал мәтел - орамды сөз тіркесі, ойды емеурін арқылы жеткізеді де, нақты тұжырым қорытынды пікір жасалмайды. Сөздік қорымыздың кең әрі мазмұнды болуы үшін мақал - мәтелдердің алатын орны ерекше. Сондай-ақ Қазақ елінің мағыналы ой берер қаншама мақал-мәтелдері барын бәріміз де жақсы білеміз. Мақал-мәтелдер — сөздік құрамның халық өміріндегі әрқилы кезеңдерді, қарым-қатынас пен қоғамдық құбылыстарды бейнелей сипаттайтын, көңілдегі ойды шебер де ұғымды жеткізетін, қысқа да нұсқа тұжырым жасайтын, мән-мазмұнға бай бөлігі. Демек, халық өмір шындығын, көңілге түйгенін мақал-мәтел ретінде өз ұрпағына үлгі-өнеге етіп қалдырып отырған. Аталмыш тілдік бірліктер арқылы жас ұрпақты елін-жерін сүюге, ерінбей еңбек етуге, білім алуға, адал, кішіпейіл болуға үндеп, жалқаулық, өсек-өтірік, мақтаншақтық тәрізді қасиеттерден бойын аулақ салуға тәрбиелей білген. Дегенмен, екі тілде де мақал-мәтел халықтың әлеуметтік шаруашылық, рухани өмірінің бар саласын қамтиды.
Ағылшын тіліндегі мақал–мәтелдердің қазақ тіліндегі аналогиясына шолу.
Мақал – мәтелдер халық ауыз әдебиетін сүйіп құрметтеуге, сөз өнерінің асыл қазынасын меңгеруге, тапқыр сөйлеуге, ретті жерлерде қолдана білуге, үлкен ойды аядай қалыпқа сыйғызып, айта білуге тәрбиелейді. Ағылшын тілі сабағында мұғалімнің тапсырмаларын орындаубарысында мақал – мәтелдерді аударып, оны өз ана тіліміздегі аналогиясын жазу әр оқушы үшін қызықты, өйткені, әр оқушы мақал – мәтелдерді туған тіліміздеаналогисының көп екенін дәлелдеуге тырысып, бір – бірінен асып түсуге тырысады, сондай – ақ үш тілді меңгеруге деген ынтасын арттырады.
Мысалы белгілі бір грамматикалық тақырыпты өткен кезде жаттығулармен қатар үй тапсырмасы ретінде мақал – мәтелдерді беріп, одан бүгінгі өткен грамматикалық тақырыпты тауып қолдануын түсіндіріп, орысша, қазақша аударып келуге берілсе, бұл әрі түсіндірілген грамматикалық тақырыпты пысықтайды, әрі іздендіреді және тәрбиелік құндылығы болады. Шет тілі оқыту үрдісін жандандыру, тіл дамыту жаттығуларын дамыту, жаңа әдіс – тәсілдерді енгізу бүгінгі күннің басты талабы.
Ағылшын тілінде мақал - мәтелдердің ара - жігі ажыратылмай тұрақты тіркес ретінде қалыптасқан. Бірқатар қазақ және ағылшын мақал - мәтелдердің құрамы мен құрылысы және мағынасы жағынан өзара сәйкестіктер байқалады, сонымен қатар сөзбе-сөз аудармасы, баламалары көп кездеседі. Қазақ және ағылшын мақал-мәтелдерінің айырмашылықтары қазақ мақал - мәтелдерінің басым көпшілігі ауызша сөз үлгілері негізінде қалыптасса ,ағылшын мақал-мәтелдерінің көлемді бөлігі қасиетті кітаптан тараған ұлағатты сөздер болып табылады. Сондай - ақ ағылшын мақал - мәтелдерінің құрамында елді мекендердің атаулары мен кісі есімдері жиі кездеседі. Туыс емес тілдердегі бірқатар мақал - мәтелдердің өзара мағыналас болып келуі қазақ және ағылшын халықтарының өмір тәжірибесінің, көзі жетіп, көкейіне түйген ой тұжырымдарының ұқсастығымен, астарлылығымен байланысты.
Қазақ тіліндегі мақал - мәтелдер бір, екі кейде төрт сөйлемнен құралады. Мысалы: «Ағаш кессең ұзын кес, қысқартуы оңай, темір кессең қысқа кес, ұзартуы оңай».
Ал ағылшын тілінде мақал - мәтелдердің көпшілігі бір ғана сөйлемнен тұрады, төрт тармақты мақалдар өте сирек кездеседі. Мысалы: «Knowledge is power» (Оқу –білім бұлағы, білім – өмір шырағы), немесе «So many countries, so many customs» аудармасы «Әр елдің салты басқа». Ал қазақ тілінде де мақал - мәтелдер көбіне бір, екі, төрт сөйлемнен тұрады да, қос тармақты түрі көп қолданылады. Мысалы: «Ерегескен ел болмайды, есептескен дос болмайды» аудармасы Between friends all is common. «Екі жүзді досыңнан ежелгі дұшпан артық» аудармасы « False friends are worse than open enemies» т.с.с
Ағылшын тіліндегі бір ғана мақалдың қазақ тілінде бірнеше баламасын кездестіруге болады. Мысалы: «East or West, home is best»
а) «Әркімнің өз үйі Мысыр шаһары»
ә) «Қайран менің өз үйім, кең сарайдай боз үйім»
б) «Туған жердей жер болмас, туған елдей ел болмас»
в) «Өз үйім - өлең төсегім»
г) «Тек жүрсең тоқ жүресің, домаланып көп жүресің»
2.2.Грамматикалық сабақтардан
The plural nouns. 1. So many countries, so many customs – Әр елдің салты басқа, иттері қара қасқа. 2. Many words cut more than words – Сөз сүйектен өтеді, таяқ еттен өтеді. 3. Men may meet, but mountains never meet – Тау таумен кездеспейді, адам адаммен кездеседі. 4. A cat in gloves саtches no mice – Еңбексіз іс бітпейді, еріншектің қолы жетпейді. Жан қиналмай жұмыс бітпес, талап қоймай мұратқа жетпес. Екпей егін шықпас,үйренбей білім жұқпас.
The degrees of comparison of adjectives. 1. A good name is better than riches – Жақсы сөз – жарым ырыс. 2. Two heads are better than one – Екі кісі бір кісінің тәңірісі. Кеңксіп пішкен тон келте болмас. 3. East or west home is the best. – Өз үйім – өлең төсегім. Өз үйім кең сарайдай боз үйім. Әркім туған жері – Мысыр шаhары. 4. Better an open enemy than a false friend – Жауыққан дос жаудан бетер. 5. Better late than never – Ештен кеш жақсы.
The constructions: There is, there are. 1.There is no place like home – Өз үйім, кең сарайдай бөз үйім. Өз үйім өлең төсегім. 2. There is no smoke without fire – Жел тұрмаса шөптің басы қимылдамайды. 3. There are sports even on the sun – Төрт аяқты мал да сүрінеді.
The Present Indefinite. 1. Tastes differ – Әркімнің өз талғамы бар. Талғамға талас жоқ. 2.All is not that glitters – Жылтырағанның бәрі алтын емес. 3.All is well that ends well – Басы қатты болса, аяғы тәтті болар. Бітер істің басына, жақсына келер қасына. 4. Bad news flies fast; Bad news travels fast – Жаманат жерде жатпайды.
The Future Indefinite. 1.We shall see what we shall see – Көргеннен көрмегенің көп. Жүре бара көреміз. Білгенім тоғыз, білмегенім тоқсан тоғыз. 2.Who keeps company with the wolves will learn to howl – Жолдасына қарап кісіні танырсың. 3.If you run after two hares, you will catch neither – Екі қайықтың басын ұстаған суға кетеді.
The Present Perfect. 1. As you made your bed, so you must lie on it – Не ексең, соны орасың. 2. Who has never tasted bitter, knows not what is sweet – Ащының дәмін татпай, тәттінің дәмін сезе алмайсың. 3. A lot of water has flown under the bridge since that time – Содан бері көп жыл өтті.
The Passive Voice. 1. Rome was not built in a day – Еңбегіне қарай өнбегі. 2. Don`t count your chickens before they are hatched – Блапанды күзде санайды. 3.Health is not valued till sickness comes – Денсаулықтың қадірін ауырғанда білерсің.
The Gerund. 1. Talking mends no holes – Көп жауын жерді бүлдірер, көп сөз елді бүлдірер. Көп сөз күміс, аз сөз алтын. 2. A clean hand wants no washing – Аққа құдай жақ. 3. Learning is the eye of mind – Білімдінің күні жарық, білімсіздің күні кәріп.
Modal verbs. 1. Never put off till tomorrow what you can do today – Еріншектің ертеңі бітпес. 2. Love cannot be forced – Жақсы жақсы емес, жаарсқаны жақсы. 3. What must be must be – Болар іс болды, өткен іске өкінбе. Болған іс болды, бояуы сіңді. 4. He that is afraid of wounds must not come near a battle. He that fears every bush must never go a birding. He that fears lives not – Батыр бір өледі, қорқақ мың өледі.
2.3. Тақырыптық сабақтардан
My house is my castle. My house is my castle – Отбасың аман болса, отырған үйің қамал болады.
House is orphan without its host – Иесі жоқ үй жетім.
In the house with children there are no secrets – Балалы үйдің ұрлығы жатпас.
Visitor comes – happiness will enter the house – Қонақпен еріп құт келер. Үй иесі мейірлі отырса, қонақ көңілді отырады. Қырықтың бірі Қыдыр.
For each man his native land is paradise – Әркімнің туған жері Мысыр шахары.
To betray one`s Motherland is to bury oneself alive – Отанға опасыздық еткенің, өз түбіңе жеткенің.
Person without Motherland is a nightingale without forest – Отансыз адам ормансыз бұлбылмен тең.
Business before pleasure – Бейнет түбі зейнет. All things are difficult before they are easy – Көз қорқақ, қол батыр.
Doing nothing is doing ill – Еңбек еткеннің жаны сауығады.
Doing is better than saying – Бос сөзден берекетті іс артық. Көп сөз – күміс, аз сөз – алтын.
Actions speak louder than words – Сөзі судың, ісі саз.
Everything is easy after it has been done – Біткен іске сынis көп.
Life, knowledge, health. Live and learn – Ғасыр өмір сүрсең, ғасыр үйрен. Оқусыз білім жоқ, білімсіз күнің жоқ. Оқуға кәрілік жоқ.
Knowledge is a great power – Оқу инемен құдық қазғандай. Білекті бірді бірді жығар, білімді мыңды жығар.
Power is in knowledge, knowledge is in the book – Күш білімде, білім көзі кітапта.
He who makes no mistakes makes nothing – Өз білмегеніңді кісіден сұра, үлкен болмаса кішіден сұра.
The more you live, the more you see. The more you see, the more you know – Өмірің ұзақ болса көп көресің, көп көрсең көп білесің. Ғалыммен жақын болсаң, қолың жетер, жалыммен жақын болсаң – басың кетер
Who knows most says least – Ақылды ойлап, түйгенін айтады,ақылсыз шала-пұла білгенін айтады. Ақылсыз адам айқай келеді, жан-жағын жайпай келеді. Ақылды адам жәй-жәй сөйлейді, жан-жағын байқай келеді.
Health is above wealth – Денсаулық зор байлық.
Health is better than riches – Жарлының байлығы-денінің саулығы. Денің сау болса, жарлымын деме.
Friendship is a great power. A friend in need is friend indeed – Досты басыңа іс түскенле танырсың. Ерді кебенек ішінде таны.
A good friend is as the sun in winter – Доссыз адам тұссыз ас. Досы көпті жау алмайды, ақылы көпті дау алмайды.
A man is known by his friend – Адамды досына қарап таны.
He is good friend that speaks well of us behind our backs – Дос жылатып айтады, дұшпан күлдіріп айтады.
2.4. Жалпы мақал – мәтелдер
A good beginning makes a good ending – Бітер істің басына, жақсы келер қасына.
Appetite comes with eating – Аштық ас талғатпайды.
Neck or nothing – Шешінген судан тайынбас.
A stitch in time saves nine – Өнімді іс-ырыс.
Custom is a second nature – Ауру қалсада әдет қалмайды.
First think, then speak – Ойнап сөйлесеңде, ойлап сөйле. Аңдамай сөйлеген, ауырмай өлер.
Every dog has its day – Дүние кезек, терме тезек.
Half a loaf is a better than no bread – Қанағат қарын тойғызар.
Where is a will, , there is a way – Ізденген жетер мұратқа.
Second thoughts are – Сабыр түбі сары алтын.
No pains, no gains – Еңбексіз өнбек жоқ.
Сондай – ақ, оқулықтардағы мақал-мәтелдер тек ағылшын тілінде берілген. Мәселен, «If you agree to carry the calf, they will make you the cow» деген мақалдың қазақша баламасы «Жұртқа күле қарасаң,көйлегіне жамау сұрайды» дегенді меңзейді. Ал, осы мақалды қазақшала десең оқушылар «Егерде бұзауды көтеруге келіссең, сиырды көтеруге мәжбүр етеді» деп сөзбе сөз аударады. Сондай-ақ, ағылшын тілін меңгеруде, халқымыздың ақыл-ой даналығын үйрететін мақал-мәтелдер біздің ойымызды ширатып, ойлау белсенділігімізді арттыратыны сөзсіз. Негізінде мақал-мәтелдерді белгілі бір тақырып бойынша жазып отыру керек.
Мақал көптеген жағдайларда тиянақталған ой ретінде сөйлем түрінде келеді және олар нақыл, өсиет түрінде айтылатын пәлсапалық ой қорытындылары болады. Ал, мәтел сипатты жағынан бейналеп сөйлеудің элементі тәрізді. Ағылшын тілінде мақал – мәтелдер тест кітапшаларының ішінде де «Мақалды жалғастыр», «Аудармасын тап» деген секілді тапсырмаларда көптеп кездеседі. Барлық тілдер секілді ағылшын тілі де мақал – мәтелдерге, сөз тіркестеріне бай, олардың көбісі әдебиетте, газет мақалаларында жиі қолданылады. Мақал – мәтелдерде ұлттық мәдениетке және еңбекке қатысты тарихи тәжірибесі көрсетіледі және олар тілге қайталанбас көркемдік береді.
Әр түрлі елдердің мақал – мәтелдерде салыстыру – салыстырылып отырған елдердің арасында едәуір ұқсастықтың бар екенін білдірсе, салыстыру арқылы тілдер бір – біріне аздап болса да жақындай түседі. Айта кететін бір жайт қазақ, орыс және ағылшын тілдеріндегі мақал – мәтелдер көп мағыналы және әр салалы болғандықтан, тура мағынасында салыстыру қиындық туғызады. Мысалы ағылшын тіліндегі мақал «A penny saved is a penny earned». Қазақ тілінде сөзбе сөз аударса
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ағылшын тіліндегі мақал-мәтелдердің қазақ тіліндегі аналогиясы

шағым қалдыра аласыз