Ахмет Байтұрсынов-қазақ халқының рухани көсемі

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ахмет Байтұрсынов-қазақ халқының рухани көсемі

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақала .Ғалымның өмірі мен шығармашылығы туралы тың деректер мен мәліметтер жазылған.Ғұлама ғалымның табандылық қасиеттері мен рухани мұраларын насихаттау мақсаты көзделді
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ахмет Байтұрсынов-қазақ халқының рухани көсемі

А.Байтұрсынов атын қазақ баласының естімегені жоқ шығар,бірақ Ахметтей арысты туғызған елі оның өмірбаяндық деректерін әлі толық біліп болған жоқ секілді.Ғалымның кейінгі ұрпаққа қалдырып кеткен жазбаларын бойға сіңіру үшін де біраз уақыт керек-ау! Ғұламаның туған заманында өскен,әліпбиі мен оқу құралдарын оқып,сол ғылыми еңбектерінің арқасында көздерін ашқан кісілердің бәрі Ахаңның атын,халқы үшін жасаған еңбегін ұмытқан жоқ.

А.Байтұрсыновты неге кеш таныдық?деген сауал туындайды.Ахмет ағаның ата-бабалары,әкесі өз ортасында беделді,сөзі өткір жандар болған деседі. ХХ ғ 80 ж Торғай уезін басқарған Яковлевтің заңсыз әрекетіне наразылық білдірген Байтұрсынды сол жерде тұтқындаған.Сонда қоштасып тұрып баласына: «Балам,міне біз 25ж кесіліп,Сібірге айдалып кетіп бара жатырмыз.Қандай қиын шылық көрсең де,аш болсаң да,қанша қорлық көрсең де – оқы,айтатын тілегім осы» Бұл сұмдық оқиға кезінде Ахмет 12 жаста ғана болатын.Ақын әке тілегін орындап,білім-ғылым жолында өмірін сарп еткен дара тұлға.Өмірдің ащы кер- мегін ерте тартса да табандылықтың арқасында бар қиындықтарды еңсере біл- ген кесек тұлғаның өмір жолы мен ерен еңбегі барша халыққа үлкен өнеге.

Тарихи деректерге жүгінсек Ахмет аға саналы ғұмырында 5рет абақтыға қамалған.Алғашында патшаға қарсы теріс пікір таратып жүр деген жаламен ұсталған.Онан кейін саясаткер Ә.Бөкейхановпен бірігіп,үкіметке қарсы жасы- рын ұйым құрып,қарсы үгіт өрбітіп жүр делінген.Тағы бір айып-ол тек қазақ балаларын оқыту керек деп есептейді,-деген сан-сақты жалған айыптармен қудаланған.Сөйтіп едені сыз,терезесі жоқ абақты қаратүнек үйірген қараңғы үйге айналды.Осынау ауыртпалықтың бәрін ақын ағаның басына үйіп-төгіп берсе де ол өнерден,білім-ғылымнан келте қалмай,қараңғы халқына күндей жарық бола білді емес пе?! С.Кәкішов «Ахаң туралы ақиқат» кітабының 69-бе- тінде былай деп жазады: «Көп отырып шаршаған кезде Ахаң домбырасын алып,ән айтқанды жақсы көретін.Күйлерді де көп тартатын.Ұлттық музыканы ғана емес,операны да жақсы көретін Ахаң мені Падрес апаммен бірге бірнеше рет операға да апарды»Міне,осы естеліктерден-ақ ақын ағаның тағы бір жаңа қырын тани түсесің.Ақынның өз ұрпағы болмағанмен,ақиқатқа толы деректер- мен бөлісіп қалам тербеген інісі Кәкіштің баласы Самырат Кәкішовті бауырына басып,өз баласындай тәрбиелеген.Осындай бауырға деген қамқорлықты,кең- пейілділік пен ақжүректілікті ел ағасының бойынан зерттеген сайын көргеніме қайранмын.Өмірі жоқшылықта,қуғыншылықта өтсе-дағы мақсатына қол жеткіз ген ғибратты ғұмырының өзі-халқының рухани көсемі бола білгендігінің дәлелі

«...қан жылаған қазақ баласына істеген еңбегі,өнер-білім,саясат жолындағы қа- жымаған қайратын біз ұмытсақ та,тарих ұмытпайтын істер болатын» М.Әуезов

Ақтөбе №50 ОМ.КММ Қазақ тілі пәні мұғалімі Абдикалыкова Райхан Аяпбергеновна





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
05.02.2022
999
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі