Материалдар / Әйел бақыты
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Әйел бақыты

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушы қыз балаларға болашақ аналар туралы мәлімет беру
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
05 Қазан 2018
537
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

ҚАҚАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ


Ақтау колледжі













Дөңгелек үстел


Тақырыбы:«Анасы бар адамдар қартаймайды»






















Дайындаған:Т.Э. Бекбердиева








Тақырыбы:«Анасы бар адамдар қартаймайды»

Мақсаты: Студенттерге дүниедегі жақсылық атаулының бәрі күннің нұрынан, ананың мейірімінен таралатынын ұғындыру. Анасын сүю арқылы еліне, жеріне деген сүйіспеншіліктерін арттыру. Ғасырлар бойы жалғасын тауып келе жатқан, тот баспайтын,отбасы тәрбиенің қайнар көзі екендігін санамызда жаңғырту.
Өту формасы: дөңгелек үстел
Көрнекілігі: ұлағатты сөздер, ой толғау сұрақтары
Барысы:
І. Жүргізушінің кіріспе сөзі.
ІІ. Қонақтарды қарсы алу.
IІІ. Тақырыпқа байланысты ой бөлісу.
ІV. Құттықтаулар, қорытынды сөз.
Жүргізуші:
Армысыздар құрметті аналар, аяулы ұстаздар, көктемгі жауқазындай құлпырған әсем де сұлу қыздар!
Сіздерді «Анасы бар адамдар қартаймайды» атты дөңгелек үстелге қош келдіңіздер дейміз.
Жүргізуші: «Қазақстан-2050» стратегиясы –қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты атты Қазақстан халқына Жолдауында әйел отбасының, мемлекеттің тірегі ретінде танылған.
Жүргізуші: Сонымен бірге “Әйелдердің саяси құқы туралы” және “Тұрмыстағы әйелдердің азаматтығы туралы” конвенцияларды, Халықаралық Еңбек ұйымының “Әйелдер мен еркектерді бірдей бағадағы еңбекте тең марапаттау туралы” конвенциясын да бекітті.
Жүргізуші: Яғни елімізде әйелдер мәселесіне байланысты құқықтық негіз жасалған.
Ұлттық жоспарды іске асыру нәтижесінде әйелдердің қоғамдық белсенділігі артып, саяси мәдениеті өсті.

Жүргізуші: Әйел бір қолымен бесік тербетсе, екінші қолымен әлемді тербетеді деген екен бір ғұлама. Қандай нақты айтылған ой десеңізші! Расында бар әйел қауымынсыз мына әлемді елестету мүмкін емес!
Жүргізуші: Иә, Құдайдан кейін құдірет иесі – ана. Мына жарық дүниеге әкелген Ана алдында бәріміздің де бас иетініміз сондықтан десек, бүгінде ұрпақ өсірумен қатар, ел еңсесін көтеріле түсуіне өз үлесін қосып келе жатқан қазақ әйелдері қандайда болмасын құрметке лайық.
Жүргізуші: Бүгінде қоғам өмірінің әйелдер араласпайтын саласы жоқ десе болады. Бірі ғалым , бірі саясаткер, енді біреулері дәрігер, кәсіпкер тізе берсең жалғаса береді. Солардың бірі аяулы ұстаздар. Аналар өмірдің барлық саласын меңгергеніне сөз жоқ, бас иеміз.
Жүргізуші: Енді, бүгінгі кештің көркін кіргізетін, тақырыпты танымды толғаныстарымен талқылайтын, салиқалы ақылдарын, тұжырымды ойларын ортаға салып,
қыздарымызбен еркін сырласып отырайық.
Жүргізуші: Енді әсерлі әңгімемізді бастасақ. 8 наурыз халықаралық деңгейде аталып өтілетін мерекелердің бірі ғой.
Жүргізуші:
1. Ана – барлық өмірдің бастауы. Ол адамды өмірге әкеледі, оны тәрбиелейді, өсіреді. Адам бойындағы барлық асыл қасиет күннің нұрынан, ананың ақ сүтінен дариды. Ана – ұлы адам, Ана – құдіретті жан.
«Анасы бар адамдар, ешқашан қартаймайды» дегендей, сіз бақытты жансыз. Анаңызды әрдайым аялап, қуанышқа бөлеп жүрсіз, себебі арқашан жылы әрі көркем жүзіңізді көреміз үнемі.
-Сіздің анаңыз туралы, сол кісінің тәлімі жайлы аз - кем әңгімелеп кетсеңіз.
-Осы мейрам сіздердің жанұяларыңызда қандай ерекшелікпен өтеді?
Жүргізуші:
2. Ақыл парасатымен бір әулетті айрандай ұйытып, аузына қаратқан ару аналарымыз бірі
- «Қызым саған айтам, келінім сен тыңда» дейді халық. Өз келіндеріңіздің басқан қадамын қаншалықты бақылауда ұстайсыз?
- Қыз баланы қонақ, жатжұрттық санап, оның бетінен қақпай, мейлінше еркін жіберіп, не кием, не ішем дегізбей өсіріп жатқан жанұялар бар.
Бүгінгі келін ертеңгі ене екенін ескерсек, енелермен келіндер тату болса, ел аман, жұрт тыныш болады. Рахмет сізге.
Жүргізуші:
3. Біздің сөздік қорымызда «әйел бақыты, ана бақыты» деген тіркестер бар. Осы райда, бүгінгі кешіміздің қадірлі қонағы, 70 пайыз әйелдер қоғамынан тұратын сіз осы ана бақыты туралы әңгімені жалғастырып жіберсеңіз.
Жүргізуші:
4. Данагөй халқымыз «Аяғын көріп асын іш, анасын көріп қызын ал» дегенді тегін айтпаса керек.
Жүргізуші:
5. Қазіргі уақытта бала тәрбиесінде кездесіп қалатын қиындықтарға бірден заманды, қоғамды кінәлай саламыз.
Барлықтарыңыз бір - бір жанұяның әлпештеп өсірген қыздары болдыңыздар. Бүгін салыстырмалы түрде осы күнгі баланың тәрбиелену процесіне көзқарастарыңызды білсек?
Жүргізуші:
6. Психологияда «байқатпай тәрбиелеу» деген бар. Бұл әдістің бала тәрбиесіне күшті әсер ететіні анықталған. Психологтар: «Құрғақ сөз тәрбие болмайды. Бала ата - анасының істегенін жасайды» деседі. Демек, балаларға қалай өмір сүруді айту емес, көрсету керек шығар?
Жүргізуші:
Әйел - Ана! Тарих! Өмір! Ұлылық!
Әйел - Ана! Күн шапағы жылылық.
Әйел - Ана! Өмірдің күре тамыры,
Әйел Ана! Пәк махаббат, сұлулық!- деген жыр шумақтарымен сырласу кешімізді аяқтаймыз.
Жүргізуші:
Құрметті аналар, аяулы ұстаздар, әсем де сұлу қыздар! Біздің ұйымдастырылып отырған дөңгелек
үстелімізге келіп салиқалы да саналы ақыл - кеңестеріңізбен, ой - пікірлеріңізбен бөліскендеріңізге көп рахмет.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!