Материалдар / Акробатикалық жаттығулар орындау 5 сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Акробатикалық жаттығулар орындау 5 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Жаңартылған білім мазмұны бойынша құрылған сабақ
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
10 Маусым 2019
1683
6 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қысқа мерзімді сабақ жоспары

САБАҚ: 2 бөлім. Гимнастика арқылы денсаулықты нығайту.

Мектеп: «ЖББ Ұзынкөл орта мектебі» КММ

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Кауенов С.М.

СЫНЫП: 5

Қатысқандар:

Қатыспағандар:

САБАҚ ТАҚЫРЫБЫ :

Акробатикалық жаттығулар орындау.

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

5.1.2.2 қимыл-қозғалыс комбинацияларын және олардың кейбір жаттығуларды, реттілігін білу және орындау.









Сабақ мақсаттары




Барлық оқушылар орындай алады:

Акробатикалық жаттығулар орындау.қимыл-қозғалыс комбинацияларын және олардың кейбір жаттығуларды, реттілігін біледі және орындай алады.

Оқушылардың көпшілігі орындай алады: қимыл-қозғалыс комбинацияларын біледі және акробатикалық жаттығуларын орындау ретін түсіндіре алады.

Кейбір оқушылар орындай алады: Акробатикалық жаттығулар орындау кезінде қимыл-қозғалыс комбинацияларын және олардың кейбір жаттығуларды, реттілігін біледі, орындайды және басқаларына көрсетіп үйрете алады.

Жетістік критерийлер

Акробатикалық жаттығулардың қимыл-қозғалыс комбинацияларын және олардың кейбір жаттығуларын біледі, реттілігін орындайды

Тілдік мақсат

Пәнге қатысты сөздікқор мен терминдер:

тепе-теңдік,комбинация,

алға аударылып түсу, топ қалыптастыру, жауырынға тұру жаттығулар жиынтығы.

Пән аралық байланыс:

Ана тілі,математика, жаратылыстану, ағылшын тілі

Алдыңғы оқу:

5.3.4.4.Денсаулықты нығайту жаттығулары барысында қауіпсіздік техникасынан хабарлар білу

Дескрипторлар:






Білім алушы:

-қарлығаш жасай алады;

- алға домалай алады;

-бұрыш жасай алады;

- жауырынға тұруды біледі;

- «көпір» жасау біледі;

-жаттығуладың реттілігін сақтайды.

Сабақ барысы

Жоспарланған

уақыт


Жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар


Басы

10 мин.

-Сәлемдесу, оқушылардың сабаққа дайындықтарын тексеру

-Жаңа сабақтың тақырыбымен, мақсатымен, жетістік критерилермен таныстыру;

-Оқушылардың дене қыздыруын көтеру үшін, жалпы жарақаттардан сақтандыру үшін жаттығуларын орындайды:

- Саптық жаттығулар

- Жүру жаттығулары

- Жүгіру жаттығулары

- Жалпы дамыту жаттығулары:








  • - Бір орнында және гимнастикалық қабырғада орындалатын жаттығулар.Арнайы дәрігерлік топқа жататын және уақытша босатылған оқушылар мұғалімге көмектеседі (көшбасшы міндетін атқарады):

1. Оқушылар жүгіру жаттығуларын орындаған кезде дұрыс орындалуына, парақшаға оқушылардың аттарын жазып жаттығу орындау барысында қысқаша орташа (О), жақсы (Ж), үздік (Ү) деп әріптермен белгілеп отырады.

2. Қыздырыну жаттығуларын орындаған кезде әрбір оқушыны босатылған оқушылар 5 баллдық жүйемен бағалайды.

3. Акробатикалық жаттығулар орындау кезінде мұғалімге және оқушыларға спорттық құралдарды үйлестіруге, жинауға көмектеседі

1.Әр жаттығу үшін кең, таза кеңістік, ысқырық.



2.Аудио-жазба

Ортасы

25 мин.

1.Оқушылар үй тапсырмасын көрсетеді:Алия Юсупова туралы қысқаша мәлімет.

Алия Юсупова  (15 мамыр 1984 жыл, Шымкент Оңтүстік Қазақстан облысы) - Көркем гимнастика спорт шебері. Осы спорттан Олимпиадаға Қазақстаннан жалғыз жолдаманың иегері.

2010 жылдан бері - көркем гимнастикадан ҚР құрама командасының аға жаттықтырушысы. Дүниежүзілік дәрежедегі төреші.

Жетістіктері

ҚР 10 мәрте чемпионы және көркем гимнастика бойынша халықаралық турнирлердің қатысушысы;

  • Әлем кубогының, XIV Азия ойындарының күміс жүлдегері;

  • Азия (2006, 2009) және Азия ойындарының (2006) абсолютты чемпионы;

  • Сиднейдегі (2000), Афиндағы - 4-орын (2004), Пекиндегі - 5-орын - Олимпиада ойындарына қатысқан.

  • ҚР үздік спортшысы (2004).

  • ҚР Еңбек сіңірген спорт шебері (2006).

  • Дүниежүзілік кластағы гимнаст (2008).

  • Оңтүстік Қазақстан облысының Құрметті азаматы (2004).

  • «Құрмет» орденімен (2004);

  • «Ерен еңбегі үшін» медалімен (2004) марапатталған.

3.Оқушылар бөлінген екі топпен арнайы залдың дайындалып қойған жерінде жұмыстанады.

Топттық комбинациялық жұмыс

Жаттығулар реті:


- Толқын

- «Қарлығаш» жасау

- Алға аударылып түсу


-. «Бұрыш» жасау

- Жауырынға тұру

.

-«Көпір»жасау

- «Галоп» адымдары

- Шалқая секіріп аяқтау

4. Оқушылар әр топта бір-бірін бағалайды: Екі жұлдыз.бір ұсыныс арқылы. Oқушы сабақ кезінде акробатикалық жаттығуды орындап болған соң, басқа оқушылар ол оқушыға 2 жулдыз беріп, қателігі болса, мына жерде қателестің деп, қатесін түзеп ұсыныс айтады.

5.Сыныпты сапқа тұрғызып, екі топқа бөліп, этафеталық жарыс өткіземін.

1.Тапсырма. Оқушылар жүгіріп барып гимнастикалық матаның үстінде тепе- теңдік жаттығуын орындайды.

2. Тапсырма. Оқушылар жүгіріп барып гимн.матаның үстінде алға домалайды.

3. Тапсырма. Оқушылар жүгіріп барып гимн.матаның үстінде артқа домалайды.

Бірінші келген командаға 5 балл, екінші келген командаға 3 балл беріледі. Көп балл жинаған команда жеңіске жетеді.
























АКТ пайдала

нып слайд арқылы жаттығулардың дұрыс орында

луы көрсетіліп тұрады























































Мұғалімге арналған ысқырық. Гимнастикалық төсеніштер, кеглилер,

Соңы

5 мин.


Тынысын қалпына келтіру жаттығулары.

Үй тапсырмалары беріледі;

Соңында оқушылар рефлексия жүргізеді:

Мұғалім тарапынан кері байланыс жүргізіледі (сабақ барысында кеткен қателіктер мен артықшылықтар ауызша айтылады).

Оқушылар стикерлерге өз ойын жазып ,тақтаға іледы Бүгінгі сабақта болған көңіл – күйді бас бармақ арқылы бағалау.

.

Дифференциалды оқыту


Физиологиялық ерекшіліктеріне қарап тапсырма беру

Арнайы дәрігерлік топтағы оқушылар және сабақтан уақытша босатылған оқушылар көшбасшылық міндетін атқарады.


Қабілеті төмен оқушыларға жаттығулардың комбинацияларының орындалу ретін біледі.


Қабілеті орташа оқушыларға берілген жаттығулар комбинацияларын дұрыс орындайды.

Қабілеті жоғары оқушылар жаттығуларды әдемі және дұрыс
орындайды

Б ағалау




Гимнастика сабағына арналған қауіпсіздік ережелерін сақтауын қадағалаймын.

Сабақ бойынша рефлексия:

Оқу міндеттрі мен сабақ мақсаттары оқушыларға қолжетімді болдыма?

Оқушыларға қойылатын сұрақтар:

- нені білдім, нені үйрендім?

- нені толық түсінбедім?

- игеру үшін не қажет? деген сұрақтарға жауап іздейтін болады.

Өзіме қойылатын сұрақтар:

-уақытты қалай пайдаландым ?

-сабақтың тығыздылығы қандай болды?

- сабақтың құрылымы сақталдыма?



Қорытынды:


Сабақтың жақсы екі аспектісін көрсетіңіз (оқытуға, үйренуге қатысты.)

1

2

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту және үйрену.)

1

2

Сыныппен жеке тұлғалар туралы не білдім және келесі сабағымды өткізуіме қалай әсер етеді?

1




Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!