Алаш азаматтарының арманы

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Алаш азаматтарының арманы

Материал туралы қысқаша түсінік
мұғалім рейтингі үшін
Материалдың қысқаша нұсқасы

Алаш азаматтарының арманы

Өз қамыңды ойлан өзің ел болсаң,

Ел боламын,тең боламын дер болсаң.

Көктен теңдік келмес өзің кем болса

Мең-зең болмай,талпын,оян,алашым

М.Дулатұлы

Қазақтың жері кең,оған кім сыймады, мұнда кім болмады, бұдан кім өтпеді?”Қобызын арқалап,адам баласына мәңгілік өмір сыйлайтын Жерұйықты іздеген Қорқыт та, көз жасымен қара тасты жібіткен Асан қайғы да, Қозы Көрпештен қорқып малын айдап қашқан қаныпезер Қарабай да, елін қорғауда қалың қолын ерткен Қобыланды да, тауып айтқан Төле би, қазып айтқан Қазыбек,Жарып айтқан Әйтеке де,қым-қуыт тарихи оқиғалар сапырылысқан XX ғасырдың басында ұлттық бірлікті жандандыру мақсатын көздеген Алаш азаматтары да - бәрі де өткен бұл арадан.Біреулерін халық сүйіп,мадақтап айтады,енді біреулерін қарғыс, ашумен әңгіме етеді. Ал мен әңгіме еткелі отырған Алаш азаматтары кімдер? Ел оларды қалай әңгіме етеді?

Өздерінің аумалы-төкпелі замандары секілді,бұлардың тарихтағы орындары туралы әңгімелер де аумалы-төкпелі болды,кейінгі ұрпақ бірде оларды қаралап даттаса,енді бірде тазалар ақтады.Міне, осындай пікір қайшылықлықтарында адаспас үшін сарғайған тарих беттеріне үңілсек...

Бұл кездегі империя көлемін қамтыған саяси тұрақсыздық жағдайында Орынбор қаласында шоғырланған қазақ оқығандары өзара кеңесіп,кезек күттірмейтін ұлттық мәселелерге байланысты бір тұжырымға келу үшін жалпы қазақ съезін шақыру туралы шешім қабылдады. “Қазақ” газеті арқылы қазақ және қырғыз халықтарына арнайы үндеу жариялады. 1917жылы 21-26 шілдеде Орынборда болған “Бүкіл қырғыздық” съезде “Алаш” партиясы қалыптасып басшы органдарын сайлады. Оған Ә.Бөкейханов,А.Байтұрсынов,М.Дулатов

,Е.Омаров,М.Шоқай,М.Тынышбаев,Х.Досмұхамедов және басқалар кірді”,-деп жазды ұлы дала тарихының тарихшылары. Дәл осы еңбекте Алаш азаматтарының мақсатын былай көрсетеді: “Бұл үкіметтің негізгі мақсаты ұлттық бірлікті жандандыру саясаты болған еді. Осы қозғалыстың өмірге келуі отаршылдық езгідегі халқымыздың ғасырлардан бергі қордаланып келген және әбден пісіп жетілген наразылығының айқын көрінісі болды”.

Алаштың ардақты азаматы Міржақып:

Кір жуып, кіндік кескен қайран жерлер,

Мұжыққа,қош,аман бол,барасың да

Қасиетті бабамыздың зияраты

Қалды ғой көшесінің арасында,-деп,қазақ халқының атамекенінен жасыл жайлау, жайлы қонысынан айырылғанына жүрегі қоса жыласа, Абайдан кейінгі дәуірдің ең атақты ақыны,Алаштың сыршыл азаматы Мағжан:

Ерлік, елдік,бірлік,қайрат,бақ,ардың,

Жауыз тағдыр жойды бәрін не бардың.

Алтын күннен бағасыз бір белгі боп

Нұрлы жұлдыз-бабам тілі,сен қалдың!-деп,ана тіліміздің талайлы тағдырына тебірене қалам толғаса ,Алаштың айбынды азаматы Ахмет:

Жігіттер мұнан ғибрат алмай болмас,

Әуелді бірлік керек болсаң жолдас

Біріңнің айтқаныңа бірің көнбей,

Істеген ымырасыз ісің оңбас,-деп, қазақты біртұтас ел етіп келген тамаша салт-дәстүрінің бірі бірлікті насихаттайды.

Иә,Алаштың үш абзал азаматы халқымыздың үш тағанындай болған өзекті мәселеге, яғни туған жерге, туған тілге, халықтың бірлігі-тамаша салт-дәстүріне осыдан дәл бір ғасырдай бұрын жүректері қан жылап тұрып қалам тербеген екен ғой.Қазақ қазақ болғалы ауыздан түспей келе жатқан,халықтың халықтығын,ұлттың ұлылығын сақтап келе жатқан,әрбір халық үшін қасиетті үш нәрсе бар. Олар:туған жер мен ел, туған тіл және халқыңның киелі салт-дәстүрі мен жан байлығы.Осы үш қасиетті сақтаңдар. Осы үш қасиетті сақтаған ел қашан да тәуелсіздік тұғырынан көрінері анық.

Бір кездері атқа қонып тәуелсіздігі үшін күреске шақырған алты Алашымыз - бүгінде тәуелсіз,кең байтақ жері бар,еңсесі асқақ,дамудың даңғыл жолына түскен, әлемдік қоғамдастық алдында абыройлы,келешегі кемел мемлекет” дегенді айтқым келеді. Менің осы сөздерім алаш үшін атқа мінген бабалар рухына жететініне кәміл сенмін.

Бір ауыз сөзімен бабалар аманатын,алаш азаматтарының арманын арқалап келген азамат ақын ағамыз М.Шахановтың мына өлең жолдары еріксіз орала берді:

Әр адамда өз анасынан басқа да,

Ғұмырына етер мәңгi астана,

Демеп жүрер, жебеп жүрер арқада,

Болу керек құдiреттi төрт ана:

Туған жері – түп қазығы, айбыны,

Туған тілі – мәңгi өнеге айдыны,

Жан байлығы, салт –дәстүрі - тiрегi,

Қадамына шуақ шашар үнемi,

Және туған тарихы

Осылайша көз алдыма өз ойымен ғасырлар қойнауынан сарғайып жеткен Алаштың ардақты азаматтарының армандарымен ойша кеңесе отырып,таңның атқанын да байқамай қалыппын. Аспанға қарасам, таң жұлдызы-Шолпан жарқырап тұр екен. “Барымыздан жоғымыз көптеу мына заманда біздерге,яғни,жас ұрпаққа бабалар аманатына адал болуды айтып адаспас сара жолды көрсетіп тұрғандай ма, қалай өзі?”Армандар қиялға қанат бітіріп, биік белестерге самғаған әр қазақтың мақсатына жетуге мол мүмкіндіктер туғызып келеді деп ойлаймын.





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
25.12.2018
471
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі