Алаштың тынысы мен ұлттық болмысына айналған «Қазақ газеті»

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Алаштың тынысы мен ұлттық болмысына айналған «Қазақ газеті»

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақалада ХХ ғасыр басындағы ұлттық баспасөздің қоғам өміріндегі рөлі сараланып, Қазақ газетінің қызметі жан-жақты талданады. Басылым бетінде көтерілген әлеуметтік, саяси және мәдени мәселелердің мазмұны мен тарихи маңызы айқындалады. Сондай-ақ газет редакторларының азаматтық ұстанымы, қоғамдық белсенділігі мен шығармашылық мұрасы ғылыми тұрғыда қарастырылады. Газет ұлт санасын оятуға, демократиялық бағыттағы зиялы күштердің топтасуына және ұлт-азаттық қозғалыстың жандануына ықпал еткен маңызды мінбер болғаны негізделеді. Басылым редакторлары қандай да бір қаржылық және саяси қысымдарға қарамастан, газет бетінде мақала, көркем шығарма, сын, өлең және өзге де жанрдағы туындыларды жүйелі түрде жариялап отырғаны атап көрсетіледі және басылымның тұрақты шығуын қамтамасыз еткен қайраткерлердің еңбегі талданады. Газетте ғылыми-көпшілік сипаттағы еңбектер, қазақ тілі мен әдебиеті мәселелері, оқу-ағарту, бала тәрбиесі, дін туралы, жазу реформасы және жастар тәрбиесіне қатысты материалдар кеңіне
Материалдың қысқаша нұсқасы

Алаштың тынысы мен ұлттық болмысына айналған - Қазақ газеті

Төлен Томирис Нұрымқызы

Сениор лектор - Ауезов Э.Ж

Студент, журналистика және аударма ісі кафедрасы,

Тұран университеті, ҚР,Алматы қ.

Аңдатпа.

Мақалада ХХ ғасыр басындағы ұлттық баспасөздің қоғам өміріндегі рөлі сараланып, Қазақ газетінің қызметі жан-жақты талданады. Басылым бетінде көтерілген әлеуметтік, саяси және мәдени мәселелердің мазмұны мен тарихи маңызы айқындалады. Сондай-ақ газет редакторларының азаматтық ұстанымы, қоғамдық белсенділігі мен шығармашылық мұрасы ғылыми тұрғыда қарастырылады.

Газет ұлт санасын оятуға, демократиялық бағыттағы зиялы күштердің топтасуына және ұлт-азаттық қозғалыстың жандануына ықпал еткен маңызды мінбер болғаны негізделеді. Басылым редакторлары қандай да бір қаржылық және саяси қысымдарға қарамастан, газет бетінде мақала, көркем шығарма, сын, өлең және өзге де жанрдағы туындыларды жүйелі түрде жариялап отырғаны атап көрсетіледі және басылымның тұрақты шығуын қамтамасыз еткен қайраткерлердің еңбегі талданады. Газетте ғылыми-көпшілік сипаттағы еңбектер, қазақ тілі мен әдебиеті мәселелері, оқу-ағарту, бала тәрбиесі, дін туралы, жазу реформасы және жастар тәрбиесіне қатысты материалдар кеңінен қамтылғаны талданады. Мақалада Алаш зиялыларының ұлттық баспасөзді өркендету жолындағы табанды күресі мен олардың ағартушылық, саяси бағыттағы қызметі жан-жақты қарастырылады.

Зерттеу қорытындысында «Қазақ» газетінің халыққа дұрыс бағыт-бағдар көрсеткен, ел болашағына қызмет еткен және ұлттық сананың қалыптасуына зор ықпал жасаған тарихи басылым екендігі тұжырымдалады.



Аннотация.

В статье анализируется роль национальной печати начала ХХ века в общественной жизни и всесторонне рассматривается деятельность газеты «Қазақ». Раскрываются содержание и историческое значение социальных, политических и культурных проблем, поднятых на страницах издания. Также в научном аспекте исследуются гражданская позиция редакторов, их общественная активность и творческое наследие.

Обосновывается, что газета стала важной трибуной, способствовавшей пробуждению национального сознания, консолидации демократически настроенной интеллигенции и активизации национально-освободительного движения. Отмечается, что, несмотря на финансовые и политические трудности, редакторы систематически публиковали статьи, художественные произведения, критические материалы, стихи и другие жанры, а также анализируется вклад деятелей, обеспечивших регулярный выпуск издания. Рассматривается широкий круг материалов научно-популярного характера, посвящённых вопросам казахского языка и литературы, просвещения, воспитания детей, религии, реформы письменности и воспитания молодёжи. В статье также освещается настойчивая борьба деятелей движения «Алаш» за развитие национальной прессы, их просветительская и политическая деятельность.

В заключении делается вывод о том, что газета «Қазақ» была историческим изданием, сыгравшим значительную роль в формировании национального сознания, определении верного общественного направления и служении будущему народа.



Abstract.

The article analyzes the role of the national press in the social life of the early twentieth century and comprehensively examines the activities of the newspaper “Qazaq.” It clarifies the content and historical significance of the social, political, and cultural issues raised in its pages. The civic position, public engagement, and creative legacy of the newspaper’s editors are also examined from a scholarly perspective.

The study substantiates that the newspaper served as an important platform for awakening national consciousness, consolidating democratic intellectual forces, and stimulating the national liberation movement. It is noted that despite financial and political pressures, the editors consistently published articles, literary works, critical essays, poems, and other genres, while the contribution of those who ensured the regular publication of the newspaper is analyzed. The paper also explores the wide range of popular-scientific materials published in the newspaper, including issues related to the Kazakh language and literature, education, child upbringing, religion, script reform, and youth education. Furthermore, the persistent efforts of the Alash intellectuals in developing the national press, as well as their educational and political activities, are thoroughly discussed.

The study concludes that the newspaper “Qazaq” was a historical publication that played a crucial role in shaping national consciousness, guiding society in the right direction, and serving the future of the nation.



Кілт сөздер : Ұлттық баспасөз, Алаш қозғалысы, қазақ зиялылары, саяси күрес, ұлттық сана қалыптасуы, баспасөз қызметі, әлеуметтік мәселелер, мәдени даму, «Азамат серіктігі»

Ключевые слова: национальная пресса, движение «Алаш», казахская интеллигенция, политическая борьба, формирование национального сознания, деятельность прессы, социальные проблемы, культурное развитие, товарищество «Азамат».

Keywords: national press, Alash movement, Kazakh intelligentsia, political struggle, formation of national consciousness, press activity, social issues, cultural development, “Azamat” partnership.



Өткен ғасырлардағы қарулы көтерілістердің нәтижесі халыққа ауыр зардап әкелгені тарихтан белгілі. Осы тәжірибені ескерген Алаш қайраткерлері ұлт мүддесін қорғаудың жаңа, тиімді жолын таңдады. Олар қарулы күреске емес, саяси сауаттылықты арттыруға, қоғамдық пікір қалыптастыруға және заңды, өркениетті тәсілдер арқылы күрес жүргізуге басымдық берді.Бұл тұста ұлттық ой-пікірді біріктіретін және халықтың мұң-мұқтажын ашық көтеретін «Қазақ» газеті жарық көрді. Басылым ел ішіндегі өзекті мәселелерді көтеріп, жұртшылықтың саяси көзқарасын қалыптастыруға және ұлттық сананың нығаюына ықпал етті.

Газеттің «Қазақ» аталуының мәнісі неде? Ең алдымен, басылым жалпыұлттық сипатқа ие болғандықтан, жері бөлшектеніп, халқы бытыраңқы күй кешкен елді бір ортаға біріктіруді көздеді. Сондықтан ол бүкіл халықтың ортақ атауын иемденіп, «Қазақ» деп аталды. Сонымен қатар сол кезеңде ресми құжаттар мен ғылыми-әдеби қолданыста қазақ халқы «қырғыз» атауымен аталып келгені мәлім. Осы бұрмаланған атауды түзеп, ұлттың төл есімін қалпына келтіру мақсатында қазақ зиялылары басылымға «Қазақ» деген атауды беруді жөн санады. [2, 32-б.] Бұл туралы ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынов: «Аталы жұртымыздың, ауданды ұлтымыздың аруақты аты деп, газетамыздың есімін Қазақ қойдық»,- деп атап көрсеткен.

«Газетті жұрт керек қылмаса, миллиондап капитал ол үшін жұмсамас еді. Осылардың бәрі де газет керек нәрсе екендігін көрсетеді.» [3, 11 б.]. Бұл «Қазақ» газетінің №1 санында шыққан Ахмет Байтұрсыновтың «Құрметті оқушылар» атты кіріспе мақаласындағы қазақ үшін баспасөздің айрықша қажеттілігін баса айтқан өткір ойлары мен халықтың қамы үшін бір адым ілгері басып, алға тартуды ойлаған Ахметтің өтініші еді. Адамдардың мүдделеріне қызмет етіп, халықтың қорғаушысы мен оның рухани тәлімгеріне айналған қазақ баспасөзіндегі газеттердің жариялануы - елдің әлеуметтік мәселелерді қозғаудағы басты күші болды. Газеттің бар жүгін арқалау осы үштіктің мойнына түсіп - Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, Әлихан Бөкейханов қазақтың басын біріктіріп, оның шамшырағы болған ұлттық газетті құра білді. Әлихан Бөкейханның «Қазақ» газетінің 1917 жылғы №256 санында жарияланған «Мен кадет партиясынан неге шықтым?» атты мәлімдемесі жарық көрді. Мақаланың өзектілігі қалай «Алаш» партиясын құруға бел байлағаны жөнінде айтылады. Екінші мақаласы жер мәселесінде қоныс аударуды тоқтату, жерді алдымен жергілікті халық игілігіне беру, сот ісінде билер институтын сақтай отырып, заманауи құқықтық жүйе қалыптастыру секілді тұжырымдар бойынша жүзеге асырудағы бағдарламаның 10 тармағы туралы «Қазақ газетінің 1917 жылғы 11 қарашадағы [6, 222-б.] бөлімінде басылды.Міржақып Дулатов та «Мадияр»атты бүркеншік есімімен «Алашорда»мақаласын әсерлі жеткізе білді.«Ол мақалаларының бірінде патша үкіметінің отаршыл саясатын шенесе, бірінде халықты оқытудың жолын іздейді. Озық мәдениетті елдерден үлгі алуды ұсынады. Бұл қазақ саяси ойының жүйеленген, тұжырымдамалық деңгейге көтерілгенін көрсетеді. …М.Дулатовтың «Қазақ» газетінде жариялаған мақалалары мен очерк, әңгіме, өлеңдері - зерттеушісін күтіп тұрған құнды материалдардың қайнар көзі»,- деп Ү.Субханбердина өз пікірінде бағалап өтеді. Газеттің үздіксіз шығып тұруына орай «Азамат серіктігі» атты ұйым белсене араласып, газет парағының үзіліп қалмауына жағдай жасап, жәрдемдесті. Сондай-ақ шәкірттердің оқу ақысы мен біреудің сырқатына да қаржылай көмек көрсету де халықтың назарын аударып, кімнің қанша сом бергендігін газет бетіне мақтанышпен жазып қоятын еді. Бұған дәлел, газеттің 1917 жылғы таралымында Қытай қазақтарының қазақ баспасөзіне қолын созып,ниеттерін білдіріп, «Баспахана хаттары» деген мақаласындағы «Қытай қол астындағы Күнес елінің қазақтары «Азамат серіктестігіне» 600 сом жібердік.Алаш туының астына біз де қосылдық! Егер қазақтың бір баспаханасы болса, әртүрлі газет, журнал басылып,қазақша мектеп кітаптары көбейіп көзіміз ашылып қалар еді.Мақсұт Тәжі Сасанұлы, Молда Нұрбекұлы , Қосболат Байболатұлы, Шайырбек Сасанұлы,Рақым Асылбекұлы, Жиенәлі Мейірманұлы» [3,362-б.] Осы хаттан Қытайдағы қазақ ағайындарға да жеткенін және оның тарапынан кең сұранысқа ие екендігін аңғартады.

ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басындағы ұлттық баспасөз тәжірибесінде авторлардың бүркеншік атпен немесе шынайы есімімен мақала жариялауы кең таралған құбылыс болды. Бұл үрдіс, ең алдымен, сол кезеңдегі саяси-құқықтық ахуалмен және қатаң цензуралық бақылаумен тікелей байланысты еді. Әкімшілік жүйе жағдайында, әсіресе Ресей империясы құрамындағы аймақтарда жарық көрген басылымдар үкімет тарапынан тұрақты қадағалауға алынып отырды. Сондықтан авторлар кей жағдайда өз көзқарасын ашық білдіру үшін бүркеншік есім қолдануға мәжбүр болды. Редакция алқасы әрбір мақаланы алдын ала сараптап, оның мазмұнының жариялауға сәйкестігін мұқият тексеріп отырған. Бұл басылымның жабылып қалу қаупін азайтуға бағытталған сақтық шарасы. Цензура талаптары ашық түрде сақталмаған жағдайда, газетке әкімшілік жаза қолданылып, тіпті қызметін тоқтатуы мүмкін еді. Осы себепті редакциялық саясатта материалды іріктеу, мазмұндық талдау және идеологиялық тұрғыдан сүзгіден өткізу тетіктері қалыптасты. Газет құрылымынан ішкі және сыртқы жаңалықтардың жүйелі түрде бөлінгенін байқауға болады. Ішкі жаңалықтар бөлімінде ел ішіндегі әлеуметтік ахуал, халықтың тұрмыс-тіршілігі, қоғамдық пікір, ағартушылық-насихаттық мазмұндағы материалдар, қысқа хабарлар мен көркем-танымдық әңгімелер жарияланған. Мысалы: “Базар нарығы”, ”Балуан қазақ”, ”Ай басы туралы”, ”Ақкемер”, “Бөрте болысы”, ”Қажылық”,”Қазақ жері турасындағы насихат бұйрық”, ”Жер мәселесі”, ”Жер іздеген қазақтар”, ”Атбасар”, ”Астық нарқы”,”Піспек” т.б көптеген шығармалар желісін қамтиды. Бұл материалдар ұлттық сананы ояту, білім мен мәдениетті насихаттау, қоғамдық ойды қалыптастыру қызметін атқарды. Ал сыртқы жаңалықтар бөлімінде көрші мемлекеттердегі саяси-әлеуметтік оқиғалар, халықаралық қатынастар, билік құрылымындағы өзгерістер мен ресми шешімдер баяндалды. Мұндай құрылым газеттің ақпараттық ауқымын кеңейтіп қана қоймай, оқырманның дүниетанымын кеңейтуге, әлемдік үдерістер туралы түсінігін арттыруға мүмкіндік берді. Сондай-ақ газет мазмұнының ауқымы кең әрі жүйелі сипатта болды.

Біріншіден, жер мәселесі – басылым бетінде ең көп көтерілген тақырыптардың бірі. Патша үкіметінің қоныс аудару саясаты нәтижесінде қазақ жерінің шұрайлы аймақтары переселендерге беріліп, жергілікті халықтың атақонысы тарылып бара жатты. Газет бұл жағдайдың әлеуметтік-экономикалық салдарын жан-жақты талдап, жерді жеке меншікке беру, оны сатуға жол беру сияқты ұсыныстардың қауіпті тұстарын көрсетті. Сонымен қатар жерді қауымдық негізде сақтау, заң шеңберінде қорғау, жерге байланысты құқықтық нормаларды білу қажеттігі түсіндірілді. Басылым авторлары жер мәселесін тек шаруашылық проблемасы емес, ұлттық тұтастық пен болашақ мемлекеттіліктің негізі ретінде қарастырды.

Екіншіден, оқу-ағарту ісі – газет қызметінің маңызды бағыттарының бірі болды. Қазақ қоғамының артта қалуының басты себептерінің бірі ретінде білімсіздік көрсетіліп, халықты мектеп ашуға, балаларды оқытуға, ана тіліндегі оқулықтар шығаруға шақырды. Бастауыш білімнің ана тілінде берілуі, мұғалімдер даярлау, қыз балаларын оқыту мәселелері де қозғалды. Білім арқылы ғана ұлттың өркениетті елдер қатарына қосыла алатыны жөнінде тұжырымдар жасалды. Газет ағартушылық идеяны ұлттық жаңғырудың негізгі шарты ретінде ұсынды.

Үшіншіден, саяси құқықтар мен басқару мәселелері тұрақты түрде талқыланды. Басылым бетінде Ресей империясындағы Мемлекеттік Дума қызметі, сайлау жүйесі, заң шығару үдерісі туралы мақалалар жарияланып, олардың мәні қарапайым халыққа түсіндірілді. Қазақтардың сайлауға қатысуы, өз өкілдерін ұсынуы, жергілікті басқару ісіне араласуы қажеттігі атап көрсетілді. Бұл материалдар халықтың саяси мәдениетін қалыптастыруға бағытталды. Газет саяси сауаттылықты арттыру арқылы құқықтық талап қою мәдениетін орнықтыруды көздеді.

Төртіншіден, әлеуметтік-мәдени мәселелер де назардан тыс қалмады. Әдебиет пен тіл тағдыры, ұлттық салт-дәстүр, дін мәселелері жөнінде пікірталастар жүргізілді. Қазақ тілінің мәртебесін сақтау, оны оқу-ағарту мен ресми қолданыс тіліне айналдыру қажеттігі айтылды. Сонымен бірге қоғамдағы әлеуметтік теңсіздік, әйелдердің жағдайы, тұрмыстық мәселелер де қозғалып отырды. Бұл бағыттағы жарияланымдар ұлттық құндылықтарды сақтай отырып, қоғамды жаңғырту идеясын ұсынды.Осылайша, қарастырылып отырған баспасөз тәжірибесі сол кезеңдегі қоғамдық-саяси жағдайдың ықпалында қалыптасқан күрделі редакциялық саясат пен ақпараттық құрылымды көрсетеді. Газеттің мазмұндық жүйесі мен авторлық стратегиясы ұлттық баспасөздің тарихи даму кезеңіндегі өзіндік ерекшеліктерін айқындайды.

Қорытындылай келе, «Қазақ» газеті - ХХ ғасыр басындағы ұлттық сананы оятқан, елді бірлікке үндеген тарихи басылым. Алаш қайраткерлері қарулы күрес жолын емес, саяси сауаттылықты арттыру, заңды әрі өркениетті тәсілдер арқылы ұлт мүддесін қорғау бағытын таңдады. Газеттің «Қазақ» деп аталуы да халықтың төл атауын қайтарып, бытыраңқы жұртты бір ортаға топтастыру мақсатын көздеді.Басылым бетінде жер мәселесі, оқу-ағарту ісі, саяси құқықтар, тіл мен мәдениет тағдыры сияқты өзекті тақырыптар көтеріліп, халықтың саяси көзқарасы қалыптасты. Қатаң цензура жағдайында да редакция ұлттық мүддені қорғап, қоғамдық пікірдің ұйытқысына айналды.«Қазақ» газеті тек ақпарат құралы емес, сонымен қатар ұлттық бірлік пен қоғамдық сана қалыптастырудың күрделі, жүйелі институты ретінде тарихи ғылыми мәнге ие болды. Оның қызметі қазақ қоғамының саяси-әлеуметтік жаңғыруын зерттеу үшін маңызды дерек көзі болып, ұлттық ойдың даму кезеңін жан-жақты түсінуге мүмкіндік берді.



Пайдаланылған әдебиеттер тізімі :

"Дулатов М. Ахмет Байтурсынович Байтурсынов // Труды Общества изучения Киргизско-го края. Вып. III. Оренбург, 1922. С. 21-22.

" Субханбердина Ү. «ҚазаҚ», «Алаш», «Сарыарқа», Алматы: Ғылым, 1993. 11-12-66.

«ҚАЗАҚ» ГАЗЕТІ. 1913 жыл / Құраст. : С.О.Смағұлова, Ғ.Қ.Әнес , Т.А.Замзаева. - Алматы: «Арыс» баспасы, 2009. - 480 бет

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
03.03.2026
0
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі